Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 08:55, дипломная работа

Описание работы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні. Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі...........................................................6
Бюджеттік құрылым және бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі............................................................................................................................14
Бюджет түсімдері мен шығыстарын жіктеу және бюджетаралық қатынастар..................................................................................................................19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасының бюджеттік жағдайы және Атырау облыстық бюджетін талдау........................................................................................................27
Бюджеттік несиелеу, мемлекеттік борыш және инвестициялар......................56
Мемлекеттік қаржылық бақылау........................................................................63

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері.............................................................................................................69
Қазақстанның салық жүйесінің стратегиялық даму жоспары........................74
ҚР бюджеттік жүйесін болжамдау (2010 – 2012 ж.ж.)....................................82

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................87

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................

Файлы: 1 файл

Догаманов Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қалыптасуы және даму проблемалары.doc

— 1.57 Мб (Скачать файл)
  1. Бюджет жобасын құрастыру;
  2. Бюджетті қарау және бекіту;
  3. Бюджетті атқару;
  4. Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.

Бюджет қалыптастырудың  бірінші кезеңінде мемлекеттің  биліктің орталық және жергілікті органдар өз функцияларын орындауға қажетті  ақша құралдарының көлемін анықтау  мақсатпен әр деңгейдегі бюджеттердің жобасы құрастырылады. Бұл процеске дейін елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттары анықталады, жалпы экономика мен оның салалары және аймақтар дамуының болжамдық параметрлері жасалады, қаржы баланстар дайындалады. Бюджетті жасау үшін бастапқы көрсеткіштер ретінде алдымыздағы жылғы жалпы ішкі өнім көлемі мен оның өсу қарқыны, инфляциялық процестер  мен ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты орта жылдық курсы сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер пайдаланады.

Бюджет жобасы атқарушы биліктің органдарымен жасалады, яғни республикалық бюджетті – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган, ал жергілікті бюджеттерді – тиісті жергілікті органдар. Бюджет құрастыру барысында – ол елдің экономикасына әсері, қаржы ресурстардың әлеуметтік – экономикалық бағдарламалармен келістілігін қамтамасыз ету, бюджеттік құралдар бөлудің қажетті пропорциялары мен басымдылықтарын және бюджет тапшылығын өтеу қайнар көздерін белгілеу сияқты сауалдар шешіледі. Бюджет жобасын жасауда мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының бірізділік және ауыспалық принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.

Бюджет жобаларын құрастыру  толығымен Республика Үкіметі мен  жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық  және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.

Келесі кезеңде жоғары және жергілікті атқарушы органдармен (Үкімет және тиісті әкімшілік) мақұлданған  бюджет жобасы қарастыру мен бекітуге өкілдік органдарға (Парламент және тиісті маслихат) келіп түседі. Мұнда  бюджет жобасы арнайы комитеттер мен комиссияларда қаралады, яғни бюджет баптары анықтап талданады, нәтижесінде тұжырым беріледі. Содан кейін бюджет жобасы Парламент палаталарында – Мәжіліс пен Сенатқа бюджет талқылауға түседі. Республикалық бюджет Парламент палаталарының бірге отырысында, ал жергілікті бюджеттер маслихаттар отырысында бекітіледі. Бюджеттік процестің осы кезеңінде алдыңғы қаржы жылғы республикалық бюджет жөнінде заң қабылданады.

Бюджет жүйесінің қызмет етуі заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен  әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдарыныңбюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқару Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.

Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік  органдар құрылымына ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, ҚР Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді.

Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыртқы бақылау жүргізуінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру, мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына мониторинг жүргізу және заңнамалы – нормативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді.  

Бюджеттік кодекске сәйкес ҚР Үкіметінің бюджеттік қатынастар аумағындағы құзыретіне келесі қызметтер  кіреді:

  • әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдісін анықтау;
  • бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ете<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439_0020_0028_0432_0435_0431_0029_00

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі