Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 15:10, курсовая работа
Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
қаржылық бақылаудың мәнін анықтау;
Қазақстан республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктерімен қарастыру;
Қаржылық бақылаудың шетелдің тәжірибесін зерттеу.
КІРІСПЕ
Қаржылық бақылау жалпы
қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша
және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес
пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және
атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің
және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық
субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау
жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде
қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру
және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Нарық экономикасы жағдайында қаржылық
бақылаудың дамуы шаруашылық субьектідерінің
бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі
қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты
пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасында
мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке
салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық
бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше
нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.
"Қаржылық бақылау және
басқарушылық аудит”
Нарықты экономикасының нақтылығында жүйелі сараптама негізінде қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудиттің қажеттілігі мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды. Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне, түрлене жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, обьектілері,функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген.
Онда әр түрлі жекеменшік кәсіпорындардың,
мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептемелері мен
Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субьектілерге ықпалды қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келеді, осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу,Кендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді.
Аталған оқу құралы қаржылық- несиелік, инвестициялық,тексеру – бақылау, мемлекеттік құқықты қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға мамандар даярлауды жүзеге асыратын заң және экономикалық жоғары оқу органдары мен колледждерге, бизнес-мектептерге арналған.
Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – ол ақша түрінде іске асырылады.Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады.Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын қамтиды.Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз байланысты.Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: -- жүйені толық қамтуды, қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.
Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
I тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылықты қызмет; ол қаржыны басқарудың функциялық элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретінде қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы - қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Қаржылық бақылау – ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау функциясы қашаннан тән.
Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі-құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарын басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және заңдылығын, мемлекеттік қаржы қорларын пайдалану мен бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері мен заңды тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.
Қаржылық бақылау –заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық маңызды нысандарының бірі.
Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік пен муниципалдық унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.
Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол-қолдануның белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы. [2]
Қаржылық бақылаудың ең негізгі мақсаттарының бірі-кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылық саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың объектісі қаржы ресурстарын, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында ақша қорлары нысанында қалыптастыру жйне пайдалану кезіндегі ақша бөлгіштік үдірестер болып табылады.
Алайда қаржылық бақылаудың объектісі тек ақша қаражаттарын ғана тексерумен шектелмейді. Түпкілікті қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдіресі ақша қатынастарымен ортақтастырылатындықтан ол елдің материал, еңбек, табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.
Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі-оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексеруде кіріктіреді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа үдірістері бейнелеп көрсетіледі.
Мемлекттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі уәкелетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және оларды бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкі бақылау службалары, олардың жұмыскерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Қаржылық бақылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады:
Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдалық жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығайады.
Қаржылық тәртіп-бұл мемлекеттің, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және падаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақтылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме ережелерінің сақталуын тексеру.
Қаржылық бақылаудың функциясы өндіріс үдерісіне, бөлуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді.
Бірақ бұл қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:
a) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;
б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;
в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының қызметін реттемелеу.
Қаржылық бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдауымен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.
Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты.
Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:
Информация о работе Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары