Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 15:10, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
қаржылық бақылаудың мәнін анықтау;
Қазақстан республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктерімен қарастыру;
Қаржылық бақылаудың шетелдің тәжірибесін зерттеу.

Файлы: 1 файл

курсач.docx

— 103.37 Кб (Скачать файл)

Ресейден капиталдың кетуі салдарынан шығын жылына 5-6 млрд, ал экономикалық салық төлемеу салдарынан 10 млрд болады. Егер мемлекеттің ақпараттағы жауапкершілікті күшету негізінде осы соманың, оннан бір бөлігіне тосқауыл жасаса, онда жұмсалған шығын бюджетке осы жылы қайтады. Осындай жағдай бізде Қазақстанда да бар, бірақ саны біршама төмен.

Егерде, жоғары жалақы тағайындау және коррупциялық қылмыстар жасағанда алып тастау және теріс жақтары үшін жұмыстан шығару мемлекеттік қызметкерлер үшін шынымен өздерін ұстайтын жай болар еді. Моральдық жағына мадақтауды кеңінен қолдану керек және ол мемлекеттік қызметкерлерді ыннталандыруға жақсы жағынан негіз болады. Шенеуніктердің өсуінің өте тура бағыты болуы керек.

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы коррупцияны жоюдың тиімді құралы бағынышты адамдардың әрекетіне басшылардың жауапкершілігін мойындау болады. Мысалы: АҚШ қарулы күштерінде және Нью – Йорк полиция департаментінде жоғары дәрежелі офицер өзіне бағынышты коррупциялық әрекет жасаған бағынышты қызметкердің әрекеті үшін толық әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осындай әрекет үшін ол ақысы төмен жұмысқа ауыстырылады, немесе қызмет бабында жоғарылау мүмкіншілігінен айырылады. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер үшін қатты бақылау орнату, айқын өсу ынталандыруларын тағайындау және моральдық жағынан қолдау көрсету өзінің дұрыс жемісін беруі керек.

Бүгін біз, Қазақстан Республикасының Президентінің қолдауымен құралған арнайы органның мемлекеттік қызмет туралы өзі құрылған аз уақытта мемлекеттік аймақтарға, орталық аймақтар үшін аса жақсы әсер тигізгенін айта аламыз. Региондарда осындай мемлекеттік қызмет туралы агенттіктің құрылымдарын құру мемлекеттік басқармалардың деңгейінде де тәртіп орнатуға әсерін тигізеді.[17]

Нарықтық қатынастар қалыптасу барысында бухгалтерлік есеп ие қаржылық бақылауды негізгі әдіснамалық және ұйымдастыру принциптері Қазақстан Республикасы экономикасындағы динамикалық процестерге жақындау үстінде.

Ішкішаруашылықтағы аудит, басқарудың аса маңызды құралы ретінде жүйелік бақылау және өндірістік қаржы – шаруашылығы жұмыстарын, олардың құрылымдық бөлімшелерін тексеруін экономикалық тиімділігін, қаржылық қорытындысын және басқару шешімдерінің заңдылығын тексереді. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты орнатылған тұрғылардан ауытқуды анықтау, шаруашылық жағдайларды болдырмауы тиімсіз және шаруашылық субъектілерінің жұмысын жақсарту үшін тұжырымдар жасау болып табылады. Бухгалтерлік есептің бақылау функциялары олардың барлық әдістерінің элементтері арқылы орындалады:

құжаттар және инвентаризация, бағалау және калькуляция, есеп жүйесі және қосалқы жазба, балансты қорытындылау және қаржылық есеп.

Бухгалтерлік есепті ылғи да ұйымдастыруды және әдіснамасын жетілдіру, оқу жүйесіне жаңа есептеу техникасын енгізу, бухгалтерлік кадрлардың білімін көтеруге шаруашылыққа керексіз шығынға, жетіспеушілікке және ұрлыққа тосқауыл қояды.

Жеке өндірістік субъект ретінде кәсіпорынның мәртебесін көтеру сыртқы мемлекеттік органдарына қаржы бақылау функциялары мен көлемінің азаюына алып келеді. Сонымен, қаржы бақылауының негізгі түрі ішкішаруашылық аудит болып табылады. Ол сыртқы қаржы аудитімен тығыз байланысты, өйткені өндіріс ақпараты салық және басқа органдарға және сыртқы аудиттің тәуелсіз қызметі өз жұмыстары үшін негізгі анықтама болады.

Ірі және орта өндірістердегі юасқарудың негізгі тізбегі ішкі аудит болады. Ішкі аудит – ол өндірістегі шығындарды құрылу органдары мен жауапкершілік орталығының ішкішаруашылық бақылауы. Ішкі тексеру барысында нормативтік көрсеткіштерден, ауытқушылықтың негізгі себептері және заң талаптарына ауытқу анықталады.

Барлық басқару қызметтері аудиторлық тексеру барысында алынған хабарламалармен жабдықталады, ол жұмыс барысындағы жасалынған кемшіліктерді түзету және жұмысты жақсарту үшін қолданылады.

Ішкі аудитор өндіріс әкімшілігіне есеп және экономикалық қызмет туралы әртүрлі анықтамалар береді және фискалды жағдайдағы барлық сұрақтарды қарайды.

Бухгалтерлік құжаттардың барлығы және оларды дұрыс жасау жөнінде ревизия жасаудан басқа, директива мен бұйрықтар орындалуын, активтерді ұйымдастыру, алынған қорытынды мен оған шыққан шығынды салыстыруға қатысу, компания құрылымын ұйымдастыру үшін шаралар қабылдау мақсатына байланысты басқарушылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырады. [1]

 

III тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

 

3.1 Халықаралық қаржылық  бақылау тәжірибесін талдау

 

Шет елдерде бақылау тәжірибесін зерттеу мен тарату мақсатында 1953 жылы үкіметтік емес ассоциация – Халықаралық жоғары бақылау (аудиторлық) органдарының ұйымы (INTOSAI) құрылды. Ұйымның секретариаты Венада орналасқан. Қазіргі кезде оған жеті аумақтық топтарға бөлінген 180 елдің бақылау органдары кіреді. Қазақстан Республикасы EUROSAI атты Еуропалық ұйым құрамына 1992 жылдан бастап мүше болды. INTOSAI конгрестері әр үш жыл сайын өтіп отырады. INTOSAI бақылау оргадарының қызметі жайлы журнал шығарады. Бағдарламаға сәйкес семинарлар, конференциялар өтіп, үнемі тәжірибе мен стажер алмасу жүргізіледі. INTOSAI құрамында Халықаралық бақылауды дамыту орталығы қызмет етеді, оның қызметінің негізгі бағыты – бақылаушыларды дайындау мен қайта дайындау.[12]

1977 жылы Лимада өткен IX-конгресте INTOSAI бақылаудың басқарушылық принциптерінің Лима Декларациясын қабылдады. Бұл декларация бақылаудың мазмұнын қоғамның қаржылық ресурстарын басқарушы міндетті элементі ретінде анықтайды. Бақылаудың – негізгі мақсаты – қабылданған стандарттардан жалтарынуды, материалдық пен қаржылық ресурстарды жұмсаудағы принциптердің заңдылығын, тиімділігі мен үнемділігін бұзуды айқындау, сонымен қатар айыптыларды жауапкершілікке тарту, кеткен шығындар үшін өтем алып, келешекте мүмкін бұзуларды алдын алуға бағытталған түзету мен алдын алушылық шараларды қабылдау болып табылатын реттеушіліктің бөлінбес бөлігі.

Лима декларациясы алдын ала бақылау мен дәлел бойынша бақылауды атап көрсетеді. Сыртқы және ішкі бақылау ұйымдастыру, бақылау тәуелсіздігі мен бақылаушы органдардың қызметкерлері, парламент, үкімет, территория әкімшілігі мен жергілікті басқарушы органдармен қарым – қатынасы қаралады.

Халықаралық қаржылық бақылаудың стандарттарын жасау мен бекітуде INTOSAI-дың рөлі үлкен. Тәжірибеде көп қолданылғандардың ішінде 1992 жылы жасалынған, 1995 жылы толықтырылған стандарттар болатын. Олар 1977 жылы қабылданған Лима декларациясының принциптеріне негізделеді. Бұл декларация мемлекеттік бақылау мен бағалау қызметі саласындағы “Ұлы хартия” ретінде қарастырылған.

 INTOSAI шеңберінде халықаралық тәжірибе мен идеялармен алмасуды – мүше елдердің жоғарғы бақылау органдарына жүктелген міндеттерді атқаруына тиімді көмек ретінде қарауға болады. Ол үшін БҰҰ басқа халықаралық ұйымдармен бірлесіп, түрлі деңгейдегі конгресстер мен семинарлар өткізуде.

Жоғарғы бақылау органының (ЖБО) негізгі өкілеттігі мемлекет конституциясымен анықталып, шарттарға байланысты арнайы заңдармен нақтыланады. ЖБО салық төлеуді бақылай отырып, бақылау процесінде салық төлеу жөніндегі жеке құжаттама қарастырады. Салық бақылауы, негізінен олардың мемлекеттік бюджетке енуінің дұрыстығы мен заңдылығына байланысты. Оған қоса, ЖБО салық қызметінің атқаратын жұмысының экономикалық тиімділігі мен кірістер жобасын жасап, қажет жағдайда заңнамалық актілерді жақсарту мақсатында өз ұсынымдарын енгізу міндетті.[1]

Нарық экономикасы шарттарында қаржылық-шаруашылық бақылаудың рөлі арта түскен. Дамыған елдердің барлығында кәсіпкерлікті қаржылық мемлекеттік бақылау жүйесі қалыптасып, ілгері дамуда. Мемлекеттің құрылымы ерекшелігінің нысандары мен ұлттық әдет-ғұрпына байланысты олар әр түрлі ұйымдастырылған. Соған қарамастан, шет мемлекеттердегі бақылау-ревизиялық қызметтердің жұмысы мен ұйымдастырылуы көпжылдық жасалынған тәжірибеге сүйене отырып, жалпы принциптерге негізделгенін атап кету қажет.

Мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылайтын арнайы парламенттік институттар барлық елдерде де өз қызметін атқарады. Мысалы, АҚШ-та – Бас бақылаушының басшылығындағы Конгресстің Бас бақылау басқармасы, Ұлыбританияда – Бас ревизордың басшылығындағы Ұлттық ревизиялық кеңес, Канадада – Бас бақылаушы, Индияда – мемлекеттік есеп беру, бюджеттік болжаудың парламенттік комитеттері, мемлекеттік кәсіпорындар жұмыстары жөніндегі комиссиялар, Францияда – 5 мемлекеттік ревизорлар, ал ФРГ, Франция мен Венгрияда – Шоттық палаталар.

Парламенттік бақылау институттарымен қатар көптеген елдерде мемлекеттік, нақтырақ айтқанда үкіметтік бақылау-ревизиялық жүйесі қызмет атқарады. АҚШ – та бұл үкіметтік мекемелерде қаржылық асыра пайдаланумен күресу жөніндегі президенттік Кеңес, федералдық ведомствалардағы инспекциялық қызмет жүйесі, Президент қарамағындағы Әкімшілік-бюджеттік басқару, Индияда – Бас инспектор мен ревизордың қызметтері (Индияның ревизия мен шот жүргізу департаменті), Финляндияда – Мемлекеттік шаруашылық ревизиялық басқару.

Дамыған елдерде парламенттік пен үкіметтік бақылау-ревизиялық жүйелер параллельдік және  біруақытта бір-бірімен тығыз байланыста қызмет жасайды, парламенттік жүйенің үкіметтікті басқаруы сөзсіз. Шет елдердегі бақылау-ревизиялық органдар мемлекеттік қаржының жұмсалуы мен мемлекеттік мүліктің пайдалануын назар сала қадағалайды.

Осы міндеттерінің шегінде олар министрліктердің, ведомствалар мен басқа да басқарушылық органдардың қызмет атқаруына, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына кеткен шығындарды бақылап, мемлекеттік тапсырыстарды орындау жөніндегі жекеменшік фирмалардың өндірістік – шаруашылық қызметін тексереді.

АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Франция, Канада, Австрия, Жапония, Индия, Венгрия, Финляндия сияқты дамыған елдердің қаржылық-бақылау органдары қызметінің мол тәжірибесін зерттеу – тиімді қаржылық бақылауды ұйымдастыруда баса назар аударцлуда.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп  отырғандай, дамыған елдерде экономикалық, әлеуметтік, әскери басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру міндетті түрде кішігірім бақылау жүйелерін қоса жүргізуді қажет етеді. Дамыған шет елдерде қаржылық бақылаудың мұндай жолы тиімді болып табылады.

Мысалға, бақылау органдарымен жұмсалған 1 АҚШ долларының орнына бюджетке қосымша 5 доллар, Ұлыбританияда болса, 1 фунт стерлингке 13 фунт түседі.

Бюджеттік-қаржылық бақылауы дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесіне баса назар аудару қажет.

Мемлекеттік бақылау деп парламенттің, конгресстің басқа мемлекет билігінің жоғарғы органының қарамағындағы бақылау органдарын айтады. Олардың министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ азаматтық, әскери жұмыстарға да араласуға құқықтары бар. Олар құпиялық қорлар, әскери бағдарламалар мен басқа жүзеге асырылып жатқан шараларға бақылау жасайды.

Мемлекеттік бюджеттің атқарылуына үнемі қызмет атқаратын қаржылық бақылау органдарын құрумен жетілдіру проблемалары – барлық дамыған елдер үшін өзекті. Бұл мәселені шешу үшін заң шығару органдарына бір қатар елдердің тәжірибесінде, онда мемлекеттік шығыстар тек бюджеттің атқарылуына бақылау жасайтын бас бақылаушының келісімімен ғана жүргізілуіне назар аударылады.

 

3.2 Дамыған елдердің қаржылық бақылау органдарына сипаттама   

 

Бюджеттік-қардылық бақылау органдары – дамыған елдердің кез келген қаржылық аппаратының бөлігі. Олар көптеген елдердің конституциясында қарастырылғандай, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылау функцияларын орындайды. Жоғарғы қаржылық бақылаудың жалпы функциясы ұйымдастырушылық – құқықтық нысанға тәуелсіз барлық ревизиялық органдар арасында аталған функциялар мен міндеттерді бөлу. Шет мемлекеттердің жоғарғы қаржылық органдарының негізгі міндеттері:

а) мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылау (Венгрия, Италия, Португалия, Франция);

б) мемлекеттің кірістері мен шығыстарын бақылау (Болгария, Греция, ФРГ);

в) мемлекет органдарының қаржылық қызметіне бақылау жасау (Австрия, Польша, АҚШ).[8]

Бюджеттік-қаржылық органдардың ұйымдастырушылық құрылымының негіздері, олардың қызметінің құқықтық нормалары, құрамы мен құралуережелері, құрылым басшыларының жауаптылығы мемлекет Конституциясында бекітілген.

Бір қатар елдерде мемлекет бюджетінің атқарылуын қадағалайтын органдарға Шоттық палаталар, Шоттық соттар мен Аудиториаттар жатады. Бұл “шоттық ведомстволар” қаржылық бақылау саласында парламенттің, басқа да өкілетті құрылымдардың қаржылық бақылау саласында билігін жүзеге асыру тиімділігін ынталандыруға бағытталған. Бірінші кезекте, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылайды. Осындай ережелер Австрия, Польша және Венгрия Конституцияларында орын алған.

Австрия Конституциясының негізгі ерекшелігі, шоттық сот 2 деңгейлі бақылау қызметін атқарады, бұл мемлекеттің федералдық құрылымының өзгешелігін сипаттайды. Федерацияның қаржылық қызметі бойына сұрақтар Шоттық сот Ұлттық Кеңес органы ретінде (Федералдық парламентінің палатасының бірі), ал жерлердің қаржылық қызметі бойынша белгіленген Ландтага – жерлердің заң шығарушылық органы ретінде қызмет атқарады.

Мемлекеттің қаржылық бақылау органдарының құқықтық ережелеріне – барлығы да негізгі  заңға негізделіп жүзеге асырылады, есеп беруші және бақылаушы мемлекеттің билік органдарымен құрылады, заңда көрсетілген немесе оның атқарылуына қажетті әрекеттерді жасай алады. Бақылау органының заңында компетенция көлемі, негізгі міндеттер мен қызмет ету нысандары жазылған. Заң актілерінде түрлі бақылау органдарының сәйкес емес құқықтық ережелері бюджеттік бақылау органдарының бірі – ұжымдық басқаруға, ал екіншісі – дара басшылыққа негізделіп, яғни, басқарудың авторитарлық моделін сипаттайды.

Информация о работе Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары