Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 15:10, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
қаржылық бақылаудың мәнін анықтау;
Қазақстан республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктерімен қарастыру;
Қаржылық бақылаудың шетелдің тәжірибесін зерттеу.

Файлы: 1 файл

курсач.docx

— 103.37 Кб (Скачать файл)

Басқару органының ұжымдық нысаны қызметтің ұйымдастырушылық нысаны бойынша (шексіз билік) автократикалық басқару нысанынан өзгешеліктері бар. Ұжымдылық пен дара басқарушылықтың үйлесуі жоғарғы қаржылық органдарының әрқайсысының заңдары мен регламенттерінде көрініс табады. Оған қоса, дамыған елдердің көбінде жоғарғы бақылау органдары туралы заңдарында органдардың құзіреттіліктері ғана емес, оларды ұйымдастыру негіздері, қызметінің құқықтық нысандары, қаржылық бақылаудың жоғарғы органының басқару бөлімінде жауапкершілікті үлестіру де қаралған. Конституцияда Шоттық палата мен мемлекеттік басқару жүйесін Бас бақылаушы Аппаратының орындары анықталып, жалпы міндеттері мен құрылу принциптері белгіленеді.

Батыс Еуропада мемлекеттік қаржылық бақылаудың екі негізгі жүйесі орын алып отыр:

    1. Қаржылық бақылаудың әкімшілік органдарының жүйесі.
    2. Қаржылық бақылаудың соттық органдарының жүйесі.

Қаржылық бақылаудың жоғарғы органдарының құрылымдарын талдай отырып, дамыған елдердегі ұжымдық органдарының Шоттық палатасының құрылымдары бірдей болып келетінін естен шығармау қажет. Шоттық палатаны Төраға басқарады. Палатаның мүшелері Төраға, оның орынбасарлары және мүшелерінің саны анықталған болып табылады. Шоттық палаталар едәуір санды жұмысшылар мен көмекші қызметкерлермен қамтылған. Заңда Шоттық палаталар саны белгіленбейді.

Шоттық палаталардың құрылуы кезінде 3 негізгі үлгіні ерекшелейді:

    1. Парламенттік үлгі палатасының құрамы, бірінші кезекте оның төрағасын анықтауда қатысады. Венгрия мен Польшада қаржы органдары осылай құрылады.
    2. Парламенттен тыс үлгі бойынша үкіметтің ұсынуымен Президент(Греция мен Португалияда), немесе үкіметтің өзі (Франция) жоғарғы қаржы бақылау органының төрағасы мен оның орынбасарларын тағайындайды.
    3. Аралас үлгі қаржылық бақылауының жоғарғы органдарының құрамын белгілеуде парламент пен президенттің бірге қатысуын қарастырады (Австрия, ФРГ, АҚШ).[4]

Шет мемлекеттердің заңдары жоғарғы қаржылық бақылау органдарының ішкі құрылымын бөлшектеп қарастырады.

Шоттық ведомствоның құрылымдық бөлімшелері жөніндегі ережелер инспекциялардың, бөлімдердің, министрліктер, ведомстволар мен федерация объектілерінің әкімшілік басшылармен өзара қатынас басқаруларының құқықтарын бекітеді.

Бақылау органының басшысына мемлекеттік қызметкерлерге таралатын жеңілдіктер мен артылықшылықтар беріліп, олар жоғарғы мемлекеттік шенеуніктердің қатарына кіреді. Әдетте, егер палата соттық сипаттағы органдар қатарына кірсе, төраға соттық қолсұқпаушылық пен тәуелсіздікке ие болады.

Австриядағы Шоттық соттың президенті жауапкершілік қатынаста, егер де сот Ұлттық кеңес пен Ландтага атынан қызмет етсе ғана, Федералдық үкімет пен жерлер үкіметіне теңеседі.

Венгрияның Мемлекеттік Аудиториаты президенті Мемлекеттік жиналыспен депутаттардың 2/3 дауыс үлесімен сайланады және есеп берудегі мәліметтердің дұрыстылығы мен дәлелдігіне Мемлекеттік жиналыс алдында жауап бермейді. Шоттық соттың президентіне қарсы Мемлекеттік Жиналыстың санкцияларынсыз іс қозғауға болмайды.

Польшадағы Жоғарғы бақылау органының төрағасы Сейм комиссиясының маслихаттарына қатысып, өткізілген бақылау шараларының қорытындысын баяндап, есеп берулер мен ақпараттарға ескертпелер енгізеді.

Франция Шоттық сотының президенті жалпы сотты басқаруды жүзеге асырады. Германияның Федералдық Шоттық палатасының негізгі қызметіне Палатаны басқа органдар мен құрылымдар ұсыну, Палата әкімшілігін басқару мен қызметтік қадағалау жүргізу, қаржылық бақылаудың бөлімдері мен секторлары арасында міндеттерді бөлу, Палата мүшелерін анықтау, т.б. кіреді.

Аталған өкілеттіктерден басқа, кейбір елдердің заңдарында сақтауға қажетті құжаттар мен заттарды өндіріп алу құқығы жөнінде айтылған. Көбінесе қаржылық бақылаудың жоғарғы органдары туралы заңдарында ревизорға заңдық өкілеттіктерді жүзеге асыруға бөгет жасау мен ревизияға қажетті құжаттар жойылған немесе жасырылған кезде санкциялар анықталады.

Кемшіліктерді жою мақсатындағы шараларды жүзеге асыруда азиялық елдердегі жоғарғы қаржы бақылау органдарына ревизия бойынша талап етілетін есеп берулерді тексеру шараларын жүргізуде едәуір әсерін тигізеді. Қытай мен Малайзия елдерінің жоғарғы бақылау органдары туралы заңдары бұндай мүмкіншілікті бақыланатын мекеменің жоғарғы қаржы бақылау органдарына өз көзқарастарын ұсынуды күтпей, дер кезінде қарастырады. Қаржы бақылауының жоғарғы органдарының қорытындыларын жүзеге асыру үшін Парламенттің, дәлірек айтқанда оның сәйкес комитеттерінің шешімдері қажет. Тексерулер нәтижесі бойынша кепілдемелерді тәжірибеде жүзеге асыру мүмкіншілігін азиялық елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының заңдары бұл органдарға атқарушылық өкілеттікті беруге бейім.[1]

Дамыған елдердің мемлекеттік бақылау органдарының құрылымы орталық және перифериялық буындардан тұрады. Бұл орындарда бақылау басқармалары, бюролар, посттар, т.б. орналасқан. Мысалға, АҚШ-та 15 аумақтық бюро қызмет жасайды, яғни 3 штатқа біреуден. Ұлыбританияда болса, мемлекеттік бақылаудың перифериялық аппаратын ірі мемлекеттік тапсырыстардың, жабдықтау базалары, әскери округтар мен кәсіпорындар орналасу жері бойынша бақылаушылар тексереді.

Батыс елдерде бақылау ведомствосының басшысы ұзақ мерзімге немесе өмір бойы тағайындалады, бақыланатындардың тәуелсіздік принципі қатаң сақталады, (мысалы, АҚШ-та – 18 жылға, Испанияда – 9 жылға, Канадада – 10, ФРГ, Австрия мен Венгрияда – 12 жылға), мемлекеттік бақылаудың қызметкерлердің жоғарғы жалақымен, үкіметтен заңды және материалдық тәуелсіз болуды қамтамасыз етеді. Бақылау-ревизиялық органдарының басшыларын парламент парламентарийдің өздерінің өкілеттік мерзімдеріне қарағанда ұзақ мерзімге тағайындайды.

Өз кезегінде мемлекеттік бақылау органдары барлық алдыңғы қатарлы елдерде құрылған бюджеттік-бақылау парламенттік комиссияларына есеп бермейді. [7]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.  

Қаржылық бақылаудың  мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.  

Қаржылық бақылаудың объектісі  болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары  мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.  

Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.  

Қаржылық бақылаудың міндеттері:  

-ұлттық шаруашылықтың  қорлары мен ақшалай табыстарының  мөлшері мен қаржы ресурстарын  қажетсінуі арасын баланстауға  ықпал ету; 

-мемлекеттік бюджет алдындағы  қаржы міндеттемесінің толық  әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз  ету; 

-қаржы ресурстарының  өсуі, оның ішінде өзіндік құнды  төмендету және өнімнің рентабельділігін  арттыру бойынша өндірісшілік  резервтерді анықтау; 

-кәсіпорындар мен ұйымдарда  және  бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету; 

-қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде  әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы  кәсіпорындарға салық салу саласы  бойынша сақталуын қамтамасыз  ету; 

-кәсіпорынның сыртқы  экономикалық қызметіне, оның ішінде  валюталық операциалар бойынша  белсенді қатынасуына ықпал ету,т.б.   

Қаржылық бақылаудың функциялары:

1)     қаражаттардың жұмсалуын тексеру( алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін);

2)     қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;

3)     есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.                                                                                                                        

 

Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады. 

Қаржылық бақылаудың жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады. 

Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы , заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады.

1.Қазақстан Республикасы  Парламенті мыналарды бақылайды:  

1) бюджет түсімдерінің  көздерін, оларды үкімет және  заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;  

2) мемлекеттік меншіктің  тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік  кәсіпорындардың , мемлекеттік меншіктің  жекешелендіру жұмысын;  

3) арнайы қорлар қаражаттарын  пайдалану;  

4) қоғамдық ұйымдардың, партияларды  қоса алғанда, жарғылық мақсатқа  сәйкес алынған кіріс көздерінің пайдалануын.

2) Мемлекеттік қаржылық  бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне бағынатын  қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан  Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті-мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.  

- мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді тексеруді  құжаттайды; 

-Ішкі істер министірлігінің  тапсырмасы бойынша ұйымдасқан  қылмыспен күресу шеңберінде  тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы  басты мәселе-қаржылық бақылаудағы  заңнамалық база. 

3 .Салалық министрліктердегі  қаржылық бақылау органдары.Мемлекеттік  комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар  қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық  аппаратпен өткізеді. 

4. Қаржы министрлігі басқаратын  қаржы органдары бюджет қорындағы  қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы  үдерісін бақылайды.  

Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің максималды өсуін қамтамасыз  ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді . Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.  

5. Салық қызметі- бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады. Салық қызметтерінің жұмысы болып мыналар табылады:                            

а)салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау,өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамасыз ету;  

ә)ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдық-құқықтық  нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;  

б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын бақылау;  

в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;   

г) мемлекет меншігіне өткен иессіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалау, өткізу.  

Салық қызметінің құқықтарына мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы  ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар  мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар мен кәсіпорындардың барлық операцияларын тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын құжаттарды алу;санкция мен айыппұлқолдану;мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды  жою туралы сот пен арбитражға талап беру. Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады. 

Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ , қаржы полициясы  айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды. 

Тауар –ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді. Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады: 

Информация о работе Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары