Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 15:10, курсовая работа
Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
қаржылық бақылаудың мәнін анықтау;
Қазақстан республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктерімен қарастыру;
Қаржылық бақылаудың шетелдің тәжірибесін зерттеу.
Қаржылық бақылауды мыныптау субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, субъектілері, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) жалпы мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болыр ажыратылады (1-сызбаны қараңыз).[2]
1-сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныптамасы
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жалпымемлекеттік
Мемлекеттік
Сыртқы тардың, партиялардың, бұқаралық
Ішкі қозғалыстардың, ғылыми-техникалық,
Ведомстволық
Ішківедомстволық
Аудиторлық бақылау
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік және ведостволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің байланысқан гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеру.
Сыртқы бақылау – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, маслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекет қаржылық бақылау.
Сытрқы бақылауды:
1) республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
2) жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Ішкі бақылау-уәкілетті орган және ішкі бақылау службалары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.
Ведомстовалық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведрмствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттері мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, меншік сақталымдылығын, бухгалтепрлік есептің дұрыс қойылуын, бақылау-тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомстовалық қаржылық бақылау алдвын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі-ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары.
Қағамдық қаржылық бақылау-бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.
Аудиторлық бақылау (аудит) – бұл кәсіпкерлік қызмет түрлерінің бірі-тәуелсіз аудиторлық ұйым мен кәсіпорын, компания, банк, сақтық компанися иесінің жасақан келісімшарт негізінде қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйін тексеру.
Қаржылық бақылаудың негізгі түрлері:
Субъектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне қатысты құбылыстар мен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.
Ревизияның ауқымы өкілетті органның нақты мақсатымен және оны өткізудің бағдарламасымен белгіленеді.
Ревизия-ведомстволық, жоспардан тыс, жоспарлы, толық, толық емес, жаппай, іріктеме, толассыз, тақырыптық, кешенді, құрамдастырылған, қосымша, қайталамалы және т.б. түрлерге бөлінеді.
Аудиттің түрлері, нұсқалары, теоретикалық, құқықтық, әдіснамалық және ұйымдық негіздері мен тұрпаттары қаржылық бақылаудың нысаны мен қаралатын бағыттарына байланысты білімнің тереңделуіне орай нақтыланып, толықтырады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйімен орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қыржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында саыстыру және басқалары. Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құн салығы, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, үрдістерін бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы-кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады. Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру-бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салаө есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру-бұл бақылауға жататын объектінің шаруышылық-қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудің дұрыстығын тексеру және т.б.[1]
Экономикалық талдау-бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру; қызметтін түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары-банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы- шаруашылық қазметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі-тексеріс-кейінгі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы- шаруашылық қазметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу.
Тексерістердің тәсілдері:материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылы ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлық, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа тексерулер. Көрсетілген тәсілдер тексерістің қойылған мақсаттарына қарай қолданылады.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, қйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді, бұрынғы тексерістер мен тексерулердің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен танысады, ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірісті қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл үдерісі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілеттіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты жұмыскерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немеске тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру. Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтың жвй тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйідердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кіналі адамдарға шара қолданылады.
Рынокқа өту жағдайларында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ещқандай бақылау кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық үдерістерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүогізуші субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары тарапынан қос бақылаудың қарамағында болды.
Басқарудың әкімшілік нысанынан рыноктық нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.
Рыноктық қатынастар жағдайларында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтараушылық насынындағы эконмикалық қылмыстардың өсуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан-таражға жеткізді және басқалары. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірде барлық келеңсіз көріністерге сенімді тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділеттілікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндігін реттеу құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу үдерісіне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Информация о работе Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары