Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 11:49, курсовая работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: аудиторлық жұмыс құжаттарының түрлері мен мазмұны анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:
Аудиторлық қызмет ұғымы, мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы құжат айналымына қойылатын
талаптар
Аудитті ұйымдастыруды нормативтік реттеу
Аудиттің жұмыс құжаттары: мәні мен мазмұны, түрлері
Аудиттің жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
Халықаралық аудит стандарты 500 оның мақсаты, қолдану аясы
АТМГИ мамандық 5В050800 есеп және аудит, топ-ЕжА-11 ССО, қ/б
Алтыбайқызы Амангүл
Кіріспе
Аудиттің ақпараттық
негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан
ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік
есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық
дәлелдерін және өндірісті жетілдіру
мақсатындағы шығындарды, қаржыларды
жетілдіру жөніндегі ұсыныстард
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық мәнділік осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Мәнділік аудитордың міндетін ұйымдағы қаржылық есптемені тексеруді болжамайды және есептемеде құрылған нақты бірлік өлшеміне дейін оның сенімділігіне қорытынды бермейді. Мәнділік – бұл ақпараттағы мүмкін өзгерістер параметрі, яғни өзінің компетенттелген тұтынушысының пікіріне әсер етуі. Мәнділік – тұрақты абсалюттік санда көрсетілмеуі мүмкін. Әрбір нақты жағдайда, әрбір мекеме үшін мәнділік түрліше болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: аудиторлық жұмыс құжаттарының түрлері мен мазмұны анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:
талаптар
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған ақпар көздерінен тұрады.
Осы курстық жұмысты жазу үшін әр түрлі ақпар көздерін іздедім. Ең басты қолданылған ақпар көзім – «ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы» болып табылады. (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен).
1 Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері
1.1 Аудиторлық қызмет ұғымы, мәні мен мазмұны
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу қүжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру.
Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тутынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуывда.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты
– аудиторға қаржылық қорытынды есепті
құрудың белгіленген концептуалдық негізіне
сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша
қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны
жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру.
Аудит мақсатында стандартты анықтамасына
қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың
алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз
керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер,
жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар
өз қызметтерінің саласында барлық көптеген
қаржылық және шаруашылық операциялардың
заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде
дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу
мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі
мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық
тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру,
несие беру, инвестициялау, және салық
салу саласында қажетті шараларды қабылдау
үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық
экономика салалары мен аймақтар бойынша
жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін
қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын
дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік
органдары, министрліктер мен ведомствалар,
соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
[1].
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне
қол жеткізуде болып табылады, атап айтқанда:
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды
-аудиторлардың меншік
иесі мен мемлекеттің
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет. Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты
тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға
басшылыққа арналған және оның қызметінің
тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті
ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аталмыш заңға сай аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру ретінде танылады. Аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға. Аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. [2].
Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.
3) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
4) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн бекітеді;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.
Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.
Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс.
Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс.
Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.
«Аудитор» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау шарттары мынадай:
1. Жоғары білімі және
экономика, қаржы, бақылау-
2. Аттестаттаудан өткен адамдар «аудитор» біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, өз аты, сондай-ақ өзінің қалауымен - әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін (бұдан әрі - жеке мөр) алады.
«Аудитор» біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы айқындайтын мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.
Аудиторлық қызметті лицензиялау шарттары мынадай:
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.
Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері:
1. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін жасау және оны уәкілетті органға ұсыну мерзімдері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
2. Қаржы ұйымының аудиторлық есебі бір мезгілде қаржы ұйымына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады.
3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынудың белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
Информация о работе Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері