Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 11:49, курсовая работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: аудиторлық жұмыс құжаттарының түрлері мен мазмұны анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:
Аудиторлық қызмет ұғымы, мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы құжат айналымына қойылатын
талаптар
Аудитті ұйымдастыруды нормативтік реттеу
Аудиттің жұмыс құжаттары: мәні мен мазмұны, түрлері
Аудиттің жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
Халықаралық аудит стандарты 500 оның мақсаты, қолдану аясы
4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттілігі туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы. [3].
1.2 Қазақстан Республикасындағы құжат айналымына қойылатын талаптар
230 "Құжаттау"
деп аталатын Халықаралық аудит стандартында
"аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы
дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық
стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін
растайтын дәлелдеулерді беру кезінде
зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен
рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш
құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді
қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті
түрде толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың
аудитті нормативтік-құқықтық актілерге
және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға
сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- олар аудитті
жүргізу және жоспарлау
- олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;
- оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Құжаттарды дәлелдеу маңыздылығы бойынша 4 топқа бөлеміз:
1.алғашқы
2.Жиынтық
3.өкілетті емес
4.көмекші
Жұмыс құжаттарын рәсімдеу
бойынша негізгі талаптар.
Жұмыс құжаттарының
толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның
өзінің фирма ішілік стандарттарымен
анықталуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының нысандарын (үлгілерін) жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықтарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшін ақпараттар алуды, сондай-ақ, келешекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процесін жеңілдетеді. Сондықтан барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиіс:
- басы (аты), толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;
- пайдаланылған символдардың суреттемесі;
- ұқыпты және мұқият дайындалуы.
Ағымдағы құжаттардың картотекасы:
- жоспарланған жұмыстар туралы
жазу үшін жүргізіледі;
- жүзеге асырылған процедуралармен,
жүргізілген тестілермен, жасалынған
қорытынды пікірлермен бірге, орындалған
жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар
алу үшін жүргізіледі.
Ағымдағы
құжаттардың картотекасында аудитордың
жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады,
сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге
топтастырылған тиісті номенклатура бойынша
бөлу дұрыс:
- қаржылық қорытынды есепке
шолу жасау құжаттары;
- аудиторлық тексерудің
жоспары мен бағдарламалары;
- нақты тексеру жүргізу
нәтижесі бойынша құжаттар;
- арнайы мақсаттағы құжаттар. [4].
1.3 Аудитті ұйымдастыруды нормативтік реттеу
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.
Нормативтік-құқтық реттеу дегеніміз – бұл, ауиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережерлерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. 250 «Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру» деп аталатын халықаралық аудит стандартында былай делінген: « Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті.
Субъек қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады.» Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді.
1-кесте
Аудиторлық қызметті реттеуші негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар
№ |
Құжаттың атауы |
1 |
Қазақстан Республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж. №304 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
1 – кестенің жалғасы | |
2 |
Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі – 30 қаңтар 2001ж. №155 – II (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
3 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. №167-1(2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
4 |
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі) 27 желтоқсан 1994ж. №268-XIII (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
5 |
« Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңы 31 қыркүйек 1995ж. №244 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
6 |
ҚР-ның «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 18 желтоқсан 2000ж. №126-II (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
7 |
ҚР-ның « Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңы 7 шілде 2004ж. №576-2 |
8 |
ҚР-ның « Табиғи монополиялар туралы » заңы 9 шілде 1998ж. №272-I (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
9 |
ҚР-ның « Шетелдік инвестициялар туралы» заңы. 27 желтоқсан 1994ж. №266-XIII (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
10 |
ҚР-ның « Акционерлік қоғамдар туралы » заңы. 13 мамыр 2003 ж. №415-2 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
11 |
ҚР-ның« Лицензиялау туралы» заңы. 17 сәуір 1995ж. №220 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
12 |
«ҚР-ның жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңы. 22 сәуір 1998ж. №220-1(өзгертулер және толықтыруларымен) |
13 |
Аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында 2000 жылы қабылданған 2 томдық Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары |
14 |
Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылы 29 маусымында №878 « Аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы» қаулысы (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
15 |
Қазақстан Республикасы ұлттық банкі басқармасының 2003жылы 27 қазандағы №384 «банктерде,сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге лицензия беру жөніндегі өтінішке тіркелген құжаттар тізіміне және өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі ереже нұсқауларды бекіту туралы» қаулысы |
16 |
Қазақстан Республикасы қаржы Министірлігінің 1995жылғы 28 маусымдағы № 161 бұйрығымен бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже-нұсқау (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен) |
17 |
Аудиторлар палатасының
1998 жылғы 23 желтоқсанда өткен |
18 |
«Қазақстан Республикасы
аудиторларын аттестациялау бойынша
Біліктілік комиссиясының 2003 жылғы 20қазандағы
№25 бұйрығымен бекітілген аудиторлыққа
кандидаттарды аттестациялау |
Қазақстан Республикасының « Аудиторлық қызмет туралы» заңы және аудитті реттеуші басқа да заңдар
« Аудиторлық қызмет туралы» заңы Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесіндемемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады.
1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).
2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).
3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).
4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).
5-тармақ. Аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдардың
6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» - 31 қыркүйек 1995 ж. №244, «сақтандыру қызметі туралы » - 18 желтоқсан 2000ж. №126-II, «инвестициялық қорлар туралы» - 7 шілде 2004ж. №576-2, «табиғи монополиялар туралы» - 9 шілде 1998ж. №272-1, «Акционерлік қоғам туралы» 13 мамыр 2003ж. №415-2, «жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» 22 сәуір 1998ж. №220-1 заңдарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы» заңында – 27 желтоқсан 1994ж. №25 266-XIII (өзгертулер және толықтыруларымен) 23-бетте шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың аудиторлық қорытындыны міндетті түрде меншік иелеріне, мемлекеттік статистика және мемлекеттік бақылау органдарына дайындап тапсыруды белгіленген.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1995жылғы 28-маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже-нұсқау (өзгертулер және толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасыда тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалардың салық органдарына міндетті түрде декларацияда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы (сенімділігі) туралы аудиторлық қорытынды дайындап тапсыру шарттарын анықтайды.[5].
2 Аудиттің тиімділігін анықтаудағы жұмыс құжаттарының рөлі мен орны
2.1 Аудиттің жұмыс құжаттары: мәні мен мазмұны, түрлері
Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды- пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирма ішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей- тегжейлі көрсетпей-ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті.
Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
- жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
- жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсету ге мүмкіндік береді.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:
- көрсетілетін қызметтің сипаты;
- аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
- клиент бизнесі;
- ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
- аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұны.
Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады.
Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:
1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;
2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;
3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;
4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;
5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;
6. Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;
7. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;
8. Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші
жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері
9. Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;
10. Клиенттен немесе оның өкілдерінен алыенған хаттары;
11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;
12. Шоттардың, экономикалық субьект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;
13. Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бирге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б көшірмелері;
14. Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер. [6]
2.2 Аудиттің жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:
1. Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;
2. Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;
3. Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
4. Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлеледеулер алатындай етіп жүргізіледі.
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиетті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендеглер болуы мүмкін:
- Тексеруші баланс;
Информация о работе Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері