Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 11:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: аудиторлық жұмыс құжаттарының түрлері мен мазмұны анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:
Аудиторлық қызмет ұғымы, мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы құжат айналымына қойылатын
талаптар
Аудитті ұйымдастыруды нормативтік реттеу
Аудиттің жұмыс құжаттары: мәні мен мазмұны, түрлері
Аудиттің жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
Халықаралық аудит стандарты 500 оның мақсаты, қолдану аясы

Файлы: 1 файл

курсавой (2).doc

— 253.50 Кб (Скачать файл)

-  Банк шоттарынан үзінділер;

-  Түгелдеу тізімдемесі;

-  Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі;

-  Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б тізімі.

Тексеруші балансты жұмыс  құжаттарының «жон арқасы» деп жиі  айтады.Себебі ол қаржылық қорытынды  есепті құру мақсатында Бас кітаптағы  шоттар бойынша қалдықтарды жазу құралы ретінде және баланстың жекелеген  шоттары бойынша жұмыс құжаттарының көрсетушісі ретінде қызмет атқарады.

          Әрбір құжаттың бас жағында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:

-  клиенттің аты және папканың номері;

-  кезеңнің басы және аяғы;

-  жұмыс құжатының мазмұны;

-  жұмыс құжатының ағымдағы немесе негізгі папкаға жататын-жатпайтындығы.

Тестілер жазылған барлық жұмыс құжаттарында тест жүргізгендердің  аты-жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің  қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті.

           Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды растаушы кестелерде:

-  жинақтаушы (негізгі) және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайтадан шыққандағы көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;

-  қосымша және негізгі кестелердің арасында, сонымен бірге жұмыс құжаттарындағы немесе шоттардың өздеріндегі кез-келген цифрларды түсіндіруді оңайлату үшін қосымша және негізгі кестелердің арасында өзара байланыс болуға тиісті;

- аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;

-  егер шоттарда қорытынды түзетулер (корректировка) жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;

-  кестелердегі цифрларды тексеру үшін өткізілген тестілер көрсетілуге тиісті.

Аудитті өткізу үшін аудиторға  қажет кестелерді клиенттің өзі  алдын-ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті. Егер клиетнтте дайын кесте боласа, онда аудитор кестені дайындауды одан сұрауына болады.

Жұмыс құжаттарының көпшілігінде сандық ақпараттар болады. Бірақ ол құжаттардың кейбіреулері сұрақ  беру, бақылау процедураларын пайдалану  арқылы жасалынады, сондықтан оларда сандық ақпараттар болмайды. Мысалы, аудитор басқару звеносының қызметкерлеріне мүдделі жақтармен іскерлік операциялардың нақты бары туралы сұрау жүргізуі немесе жылдың аяғында клиент түгелдеу жүргізген кезде материалдық құндылықтардың нақты барына бақылау жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда аудиторға сұрақ беру нәтижесі мұқият құжатталған, сұрақ берілген жұмыскерлердің тізімі келтірілген, сұрақ беру өткізілгеннен кейін жүргізілген тексерулердің түрлері көрсетілген және тиісті қорытынды келтірілген жұмыс құжаттарын жасау керек.

           Әрбір белгі аудиттің белгілі бір процедураларының орындалуын көрсететін болса, белгілеулерді де стандарттауға болады. Ондай белгілеулерді стандарттау құжаттарды тексеріп шығуға ыңғайлырақ және аудитордың уақытын қысқартады. Құжаттардың немесе прцедуралардың алғашқы әріптерін пайдалану тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Мысалы: 

ЖҚ-жұмыс құжаттары.

ТБ-тексеруші (сынама) баланс.

КД-клиент дайындаған.

 К-келісілген және т.б

           Барлық белгілеулер мен символдарға сол бетте немесе фирмаішілік стандарттардағы жеке беттерде толық түсіндірме жасау қажет.

Жұмыс құжаттарында тексеруге  қатысы жоқ бөтен ескертулер немесе жазбалар болмауға тиісті. Әрбір жұмыс  құжаты «өзі үшін жауап беруге» тиісті, сондықтан нда орындалған жұмыстың көлемін және жасалынған қорытындыны  анықтау үшін қажетті ақпараттар, тиісті құжаттарға сілтемелер болуға тиісті.

          Жұмыс құжаттарын пайдалану.

Меншік құқығы. 230 «Құжаттау» деп аталатын халықаралық аудит стандартында жұмыс құжаттарының аудитордың жеке меншігі болып табылатындығы қарастырылған. Жұмыс құжаттарының жекелеген бөліктері субъектіге аудитордың өз білгені бойынша тапсырылуы мүмкін, бірақ олар субъектінің есеп жазуларын алмастыра алмайды.

Құпиялықты сақтау. Өзінің практикалық қызметінде аудитор клиенттің құпиялығы бар құжаттарын оның арнайы рұқсатынсыз ашпайды. Біздің шындық өмірімізде, егер ақпарат тек аудиторға қарсы шағымдану олған кезде оның өзін-өзі қорғау мақсатында жария етілген болса, онда аудитордың клиенттен рұқсат алуға міндетті еместігі өте қисынды.

Жұмыс құжаттарын сақтау. Аудитордың жұмыс құжаттарын қанша уақыт сақтауға болатындығы жөніндегі сұраққа ресми жауап нормативтік-құқықтық актілерде немесе қандайда бір ресми құжаттарда жоқ. Көптеген аудиторлар, егер ол сот процессіне шақырылған жағдайда, өздерінің жұмыс құжаттарының болғанын дұрыс көреді. Жұмыс құжаттары «ескерту» қызметін атқарады. Сонымен бірге жұмыс құжаттарын шексіз уақыт сақтау жалпы алғанда қымбат, әрі оның керегі де жоқ. Жұмыс құжаттарының екі жағының да жүзі бар қылыш болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Бір жағынан құжаттар, аудитордың кәсіби стандарттарға сәйкес әрекет жасағандығы растайтын дәлелдеулер береді. Басқа жағынан қарағанда кінәліні қорғаушы жақ аудитордың жұмысына сенімсіздік тудыруға әрдайым әрекет жасайды, яғни жұмыс құжаттарын пайдаланады және аудиторға қарсы пайдаланылуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе дұрыс емес жәйттерді табуы мүмкін.

          Егер жұмыс құжаттары жойылатын болса, онда ол аудиторлық фирманың және аудитордың пркатикалық қызметінің құжаттарын архивтеудің белгіленген жүйесіне сәйкес жүзеге асырылуы тиісті. Өзінің архивтеу жүйесн жасау кезінде аудиторлық фирма заңгерлерінен және сақтандыру компанияларынан ақыл кеңе алуға тиісті. [7].

 

 

2.3  №500 халықаралық аудит стандарты оның мақсаты, қолдану аясы

          

 

ХАС 500 Аудиторлық дәлелдеулер-аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.

Тексеру жүргізгенге  дейін, тексеру процесінде сондай-ақ, оның аяқталу кезеңінде аудитордың жинаған және дайындаған мәліметтері өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі (дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметтердің бір бөлігі – аудиторлық дәлелдер ретінде қарастырылатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.

Аудиторлық дәлелдер дегеніміз -  аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процесінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиттің Халықаралық Стандарттарының 500-599  «Аудиторлық дәлелдер» деп аталатын төртінші тобы аудиторлық дәлелдерді маңызды аспектілері толық қамтыған.

500 АХС-тің мақсаты  – қаржылық есептіліктің аудитін  жүргізу кезінде қажет аудиторлыө  дәлелдердің сандық және сапаплық  қатынасын басшылыққа ұсыну мен стандарттарын бекіту.

Аудитор тексерілген  қаржылық қорытында есептің дұрыстығын дәлелдеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екеніне сенімді болуға тиіс. 200 «Қаржылық есептілік аудитін реттейтін мақсат пен жалпы қағидалар» деп аталатын Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмаланғандықтың (қателіктің) жоқ екендігіне қатыста саналы сенімділікті қамтамасыз етуге арналған.

Саналы  сенімділік дегеніміз  – бұл жалпы қаржылық қорытынды  есепте елеулі қателердің жоқ екендігі жөнінде жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті алу үшін қажетті дәлелдерді жинауға қатысты түсінік.

Барлық қолдағы  бар дәлелдерге егжей-тегжейлі талдау жасап, оларды бағалау аудиттің құнын  көтеруі мүмкін болғандықтан, бұл  мәселе бойынша айқындық қажет. Ол үшін аудиторға өзіне қандай дәлелдер алуы қажет екендігін, оларды қандай көздерден және қандай процедуралардың көмегімен алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ және негізгі аудиторлық қорытынды жасау үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті әр сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді болуға тиісті.

Аудиторлық дәлелдерге келесілер кіреді:

  • бастапқы құжаттар;
  • бухгалтерлік жазбалар;  
  • басқа да ақпараттар.

Тіркеу жазбалары бастапқы жазбалар мен растаушы жазбалардан  тұрады:

  • чектер мен қорларды электронды ауыстыру жазбалары;
  • келісім-шарттар;
  • бас жəне талдау кітаптары, қаржылық есептілікті журналдық

салыстырымдар жəне басқа  түзетулер;

  • шығындарды, есептерді салыстырулар мен ашуларды көрсететін

жинақты сызба - кестелер.         

Олар тіркеу жазбаларында инициациаланады, көрсетіледі, электрондық  түрде өңделеді жəне есеп те электронды түрде беріледі. Бұдан басқа есептік жазбалар деректерді тарататын жəне субъектінің қаржылық есептілігін берудің барлық аспектілеріне қызмет көрететін кіріктірілген жүйенің, сəйкестік талаптарының қамтуы мүмкін.   

Аудиторлық дəлелдің сапасы ретінде қолданылатын басқа ақпаратқа келесілер жатады:

  • үшінші жақтарды растайтын кездесулер хаттамасы;
  • талдаушылар есебі;
  • бəсекелестер бойынша салыстыру мəліметтері;
  • бақылау туралы нұсқаулық;
  • аудиторлық шаралардан алынған ақпарат, сұрау, байқау жəне

инспекциялау, аудитор  əзірлеген немесе аудитордың қолы жетерлік жəне аудиторға негізделген қорытындылыр жасауға мүмкіндік беретін өзге де ақпараттар жатады. [8].

 

 

 

2 – кесте

           Аудиторлық дәлелдемелер түрлері мен олардың сипаттамалары

 

Аудиторлық дәлелдемелер түрлері

Олардың сипаттамалары

ішкі

экономикалық субъектен  жазбаша немесе ауызша түрде алынған  ақпарат

сыртқы

үшінші тараптан жазбаша  түрде алынған ақпарат

аралас

экономикалық субъектен  жазбаша немесе ауызша түрде алынған  және үшінші тарап жазбаша түрде растаған ақпарат

тікелей

жасалаған ұсыныстың  ақиқаттығын (дұрыстығын) тікелей растайды

кері

жасалған ұсыныстың  ақиқаттығын (дұрыстығын) қарама-қарсы  ұсынысты жоққа шығару арқылы растайды


 

Аудиторлық дәлелдер алудың ақпарат көздеріне келесілер жатады:

    • қаржылық есептілік: бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян есебі,

балансқа қосымша;

  • бухгалтерлік тіркелімдер (есеп және бақылау): журнал-ордерлер, бас

кітап, шаруашылық операциялардың журналы, кассалық кітап, еңбекақы бойынша  есеп айырысу ведомствалар, айналым, сальдолық және шахматтық ведомсвалар және т.б.;

    • экономикалық субъектілердің және үшінші жақтың бастапқы

құжаттары;

  • статистикалық есеп;
  • бюджеттен тыс қорларларға төлем бойынша есеп;
  • салық есебі;
  • жарғылық құжаттар, келісім-шарттар, бұйрықтар және басқа да

әкімшілік құжаттар;

  • қаржылық-шаруашылық қызметті талдау нәтижелері;
  • экономикалық субъектінің және үшінші жақтың қызметкерлерінің

ауызша түсіндірмелері;

  • экономикалық субъектінің бір құжатын екінші құжатпен және

экономикалық субъектінің  құжатын үшінші жақтың құжатымен салыстыру нәтижелері;

  • түгендеу нәтижелері;

аудиттелетін субъектінің  басшылығының ауызша және жазбаша түсіндірмесі.

 

 

 

 

 

 

 


 



 


 


 


 


 

 



 


        


 

 

 

 

1-сурет. Аудиторлық дәлелдемелер алу көздері мыналар болады

 

 Дәлелдеме сапасы оларды алған көздерге байланысты  болады. Ең    бағалы аудиторлық дәлелдемелер деп аудитордың шаруашылық операцияларды зерттеу нәтижесінде тікелей алған дәлелдемелерін есептейді.

          Аудиторлық дәлелдемелер түріне  байланыссыз олар нақты, жеткілікті  болуы керек және тиісті түрдегі сипаты болуы керек. олардың жеткіліктілігін әрбір нақты жағдайда ішкі бақылау жүйесін және аудиторлың тәуекел шамасын бағалау негізінде анықтайды. Объективті және негізді қорытынды жасау үшін аудитор  сапалы дәлелдемелердің жеткілікті мөлшерін жинап алуға міндетті.

          Егер аудитор әртүрлі көздерден алынған және ұсыну формасы әртүрлі дәлелдемелер пайдаланса, аудиторлық тәуекел кемиді. Егер бір көзден алынған дәлелдемелер екінші көзден алынған дәлелдемелерге қайшы келсе, аудитор бұл туындаған қайшылықты шешу  үшін және жиналған дәледдемелердің дұрыстығына, алынған қорытындының негізділігіне сенімді болуы үшін қосымша аудиторлық рәсімдер  пайдалануы қажет.

Информация о работе Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері