Еңбекақы төлеу шығындарың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыста өндірістік шығындар есебі соның ішіндегі еңбекақы шығындары есебі қарастырылған. Жалпы айтқанда өндірістік шығындар дегеніміз- өнімдерді, тауарларды (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы және қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына еңгізілу тәсілі бойынша да біртекті емес.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні және оның топтастыру........5
1.1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні..............................................5
1.2 Өндірістегі шығындарды топтастыру.............................................................8

2 Еңбекақы төлеу шығындарың есебі..................................................................13
2.1 Еңбекақы төлеу шығынының есебі және мақсаты.......................................13
2.2«Рауан» ЖШС-і негізінде еңбекақы төлеу шығынын есептеу тәсілдері...20

Қортынды...............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28

Файлы: 1 файл

енбекакы шыгындары.docx

— 76.87 Кб (Скачать файл)

    Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:

  • МС (margіnal cost) – шекті шығын;

  • АС (average cost) – орташа шығын;

  • FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;

  • VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;

  • AVC – орташа ауыспалы шығын

  • SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын

  • SAC – қысқа мерзімді орташа шығын

  • LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын

  • LMC – ұзақ мерзімді шекті шығын

  Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

   Сондықтан  шығын басқару есебінің негізгі  объектілерінің бірі болып табылады.

   Шығындар  – шаруашылық іс-әрекет барысында  тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық  және басқа ресурстардың, баланста  көрсетілген болашақта кіріс  әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын  активі ретінде көрсетілетін  құн. Бұдан шығатыны, “шығындар”  ұғымы “өндіріске шыққан шығындар”  дегеннен кең екені білінеді, өндіріске шыққан шығындар —  өнімді өндіру барысында тұтынылған  ресурстар бөлігі.

   Көбіне экономикалық  әдебиетте  шығыстар мен шығындар түсінігі  ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2010 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.

   Басқаша  айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс  алуына байланысты көтерген шығындарының  бөлігі деп түсіндіруге болады.

 

1.2 Өндірістегі шығындарды  топтастыру.

   Шығындар есебін  дұрыс ұйымдастыру үшін оларды  ғылыми  негізделген жіктеудің мәні зор. № 7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:

- пайда болу орнына  байланысты — өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша;

- шығынды көтерушілер, яғни  өнім түрлері бойынша — өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;

- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлеріне байланысты —  экономикалық элементтер (өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді) мен калькуляция баптары бойынша.

   Өндіріс шығындары  бірқатар басқа белгілер бойынша  жіктелуі мүмкін:

1) Өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша:

  Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқада шығындар);

  Қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

2) Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша:

  Тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар;   

Жанама — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін.

3) Құрамы бойынша:

  Бір элементтік – бір элементтен тұратын (еңбек ақы немесе материалдар шығындары);

  Кешенді – бірнеше элементтен тұратын (құрамына еңбек ақы, материалдар, амортизация т.б. бір элементті шығыстар кіретін);

4) Өндіріс көлеміне байланысты:

 Өзгермелі — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды     өзгеретін шығындар (еңбек ақы, отын энергия);

  Тұрақты — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, жалға алу, жарнама шығындары);

5) Пайда болу мерзімділігі бойынша:

  Ағымдағы —  жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал);

  Бір жолғы – еңбек демалысы, жөндеу жүргізу шығындары;

6) Басқару міндеттері бойыша:

  Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және өндірістің өзіндік  құнын құрайтын шығындар;

  Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы   шығыстарға байланысты;

  Коммерциялық — өткізу бойынша шығындар.

7) Тиімділігі бойынша:

  Өнімді - жоспарланатын;

  Өндіргіш емес – жоспарланбайтын;

8) Бақыланатын мүмкіндігі бойынша:

  Реттелетін – егер атқарушы (еңбеккер) шығындар деңгейіне елеулі әсер ете алса;

  Реттелмейтін – деңгейіне еңбеккер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар;

9) Орташалау дәрежесі бойынша:

  Жалпы — өндірілетін өнімнің барлық көлеміне шаққандағы;

  Орта — өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- өндірілген өнімнің өзіндік  құнын есептеу, қорлар мен алынған  пайданың құнын бағалау;

- басқару шешімін қабылдау  мен жоспарлау;

- жауапкершілік орталығының  өндірістік қызметін бақылау  мен реттеу.

  

  Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

- кіретін және өтіп  кеткен;

- тікелей және жанама;

- негізгілер мен қосымшалар;

- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс;

- бір элементті және  кешенді.

  Кіретін шығындар – баланста актив ретінде тіркеледі және келесі есепті кезеңнің пайда мен шығындар шотында шығыстар тобына көшеді.

  Өтіп кеткен шығындар – ағымдағы есепті кезеңнің пайда мен шығындар шотында шығыстар ретінде тіркеледі.

  Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты жұмысты орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын шығындар тікелей деп аталады.

Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы сипат атқаратын және жасаған кезде нақты өнімге жатқызу мүмкін болмайтын шығындар жанамағажатады. Мұндай шығындар өнімнің  жекелеген түрлері арасында  жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді.

   Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады, кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.

Қосымша шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады.

   Шығыстардың өндірістік, өндірістік емес болып жіктелуі ХБЕС жауап береді, соған сәйкес өндірілген өнім қорларын бағалау үшін тек қана өндірістік шығындар қосылуы тиіс.

   Өндіріске жұмсалатын  біртекті шығындар бірэлементті  деп аталады. Кешенді шығындар  бірнеше экономикалық элементтерден  тұрады.

   Бухгалтерлік басқару  есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді  қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар  үшін ақпаратты дайындау болып  табылады. Күтілетін шығыстар мен  кірістер туралы мәліметтер  ұыснылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:

- өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты  — өндіріс (сату) көлемінің өзгеру  әсеріне байланысты;

- бағалауда есепке қабылданатын  және қабылданбайтын шығындар;

- қайтарымсыз шығындар (өткен  кезең шығындары);

- жүктелген шығындар (немесе  кәсіпорынның пайдалана алмаған  пайдасы);

- жоспарлантын және жоспарланбайтын  шығындар;

- өсетін және шекті  шығындар мен кірістер.

  Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сайма-сай өзгереді.Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі өндірістің әр түрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады.

   Жартылай өзгермелі шығындарға тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді. Шешім қабылдаған кезде қайтарылмайтын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін айыра білу керек.

   Жүктелген (баламалы) шығындар – шешім  қабылдағанда алдын ала қарастыру қажетті шығындар, бірақ олардың болашақта болмауы да мүмкін.

   Жоспарланатын шығындар – мөлшерлеу, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.

  Жоспарланбайтындар – қосымша, жоспарлы өзіндік құн шегінен шығатын, нормативтен тыс шығындар, яғни нақты шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына әсер етеді.

Өсетін және шекті шығындар мен табыстар — өнімнің қосымша партиясын дайындау мен сату нәтижесінде пайда болған қосымша шығындар.

   Шығындарды бақылау  мен реттеу мақсатымен мынадай  жіктеу қолданылады:

- реттелетін және реттелмейтін;

- тиімді және тиімді  емес;

- мөлшер шегінде және  мөлшерден ауытқулар;

- бақыланатын және бақыланбайтын.

Реттелетіндер – сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар.

Егер цехқа келіп түскен материалдардың сапасы төмен болса, онда өндірістік емес шығындар цех бастығымен реттелмейтіндер деп қарастырылады және жауапкершілік жабдықтау бөлімі бастығына жүктеледі.

 

Жіктеу

Шығын баптары

Атқарушылар

Реттелетін(саны бойынша)

Өнім өндіру үшін қолданылатын шикізатқа шығындар

Өнім өндіру цехының бақылаушысы

Баспахана қағазына шығындар

Цех мастері

Реттелмейтіндер

Туристік фирманың жарнамасына шығатын шығындар

Туристік фирма әкімі

 

Сауда фирмасы үшін мәліметтерді есептеу мен өңдеу шығындары

Сауда фирмасының әкімі


 

 

.

Тиімділер – бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар; өткізу нәтижесінде табыс алынады.

  Тиімсіздер — өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын шығындар.Бұлар негізінде ақаудан,материалдарды бүлдіруден болған шығындар.

   Шығындарды мөлшер шегіндегі және мөлшерден ауытқыған шығындардеп бөлуді бөлімшенің жұмыс тиімділігін анықтау үшін ағымдағы есепте нақты болған шығындарды нормативтілермен жалғастыру жолымен қолданады.

Бақыланатындарға кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар бақылайтын шығындарды жатқызады. Бақыланбайтын шығыстар  – кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты емес шығыстар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Еңбекақы төлеу шығындарың  есебі.

2.1 Еңбекақы төлеу  шығынының есебі және мақсаты.

   «Еңбекақы » бабында  субьектінің негізгі өндірістік  персоналының еңбекақы шығындары, соның ішінде жұмыскерлерге, қызметкерлерге  өндірістік нәтижелері үшін сыйақылар, ынталандыратын төлемдер мен  өтемақылар, соның ішінде бағаның  өсуіне және табыстар индекстеуіне  байланысты еңбекақы бойынша  өтемдер, балаға қарауға байланысты  жартылай ақы төленетін демалыстағы  әйелдерге заңдарда белгіленген  мөлшерде төленетін өтемақылар, содай-ақ ұйымның штатында жоқ, негізгі қызметке қатысатын жұмыскерлерге  төленетін еңбекақы шығындары.

    Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген уақытына қарай төлеу).

Мерзімді еңбекақысы деп – нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай – мерзімділік және сыйақылы – мерзімдік болып бөлінеді.

Мерзімдік еңбекақы = 1 сағатқа төлемақы * істеген жұмыс сағаттарға.

        Кесімді  еңбекақы төленген кезде алдын-ала  белгіленіп қойған деңгейде әзірленген  өнімнің немесе орындаған жұмыстың  әрбір бірлігіне есептейді:

  Кесімді еңбекақы = 1 бірліктің  төлем ақысы * бірліктердің санына

Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

    1. тікелей кесімді еңбекақы жүйесі;

    1. кесімді-сыйлық (қосымша марапаттау, белгіленген көрсеткіштерді орындаған кезде ғана пайдаланылады);

Информация о работе Еңбекақы төлеу шығындарың есебі