Еңбекақы төлеу шығындарың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыста өндірістік шығындар есебі соның ішіндегі еңбекақы шығындары есебі қарастырылған. Жалпы айтқанда өндірістік шығындар дегеніміз- өнімдерді, тауарларды (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы және қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына еңгізілу тәсілі бойынша да біртекті емес.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні және оның топтастыру........5
1.1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні..............................................5
1.2 Өндірістегі шығындарды топтастыру.............................................................8

2 Еңбекақы төлеу шығындарың есебі..................................................................13
2.1 Еңбекақы төлеу шығынының есебі және мақсаты.......................................13
2.2«Рауан» ЖШС-і негізінде еңбекақы төлеу шығынын есептеу тәсілдері...20

Қортынды...............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28

Файлы: 1 файл

енбекакы шыгындары.docx

— 76.87 Кб (Скачать файл)
    1. кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі (белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады; нормадан асыра дайындалған өнім үшін прогрессивті (үдемелі) бағалар бойынша есептейді);

    1. еңбекақы төлемнің аккордтық жүйесі (еңбек төлемін нормалаған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы (расценка) бойынша анықтайды).

Мерзімді еңбекақы жүйесінің артықшылығы оны басқару оңай және түсіну қиын емес. Бұл жүйенің кемшілігі болып өнім өндірісінің көлемінің ұлғаюына мотивацияның болмауы және соның арқасында жұмысшыларды қосымша бақылау қажеттігі пайда болады.

Өндіріс көлемі жұмысшыларға байланысты емес немесе өнімнің сапасы маңызды роль атқаратын өндіріс орындарында сағаттың еңбекақы жүйесі тиімді болып табылады.

 

Кесімді еңбекақы жүйесінің артықшылықтары болып:

  1. өндіріс көлемінің өсуіне байланысты жұмысшылардың еңбекақысының өсуі;

  1. өнім бірлігіне байланысты тұрақты үстеме шығыстарын төмендету арқылы табысты көбейту және өткізу көлемін жоғарылатудың арқасында;

  1. моральдық климаттық жақсаруы, себебі қосымша еңбегі үшін сыйақы алады;

  1. жоғары еңбекақы алу мүмкіндігі туғандықтан мамандандырылған жұмысшыларды кәсіпорынға тартады.

Бұл еңбекақы жүйесінің кемшіліктері:

  1. басқару мен түсіну қиындықтары, қымбаттылық;

  1. санын жоғарылатудың арқасында өнімнің сапасының төмендеуі (саны бар, сапасы жоқ);

  1. өнім көлемін анықтауда жиі және ұзаққа созылатын келіспеушіліктердің пайда болуы.                 

      Еңбеакақы  шығындарының құрамына кіретіндер:

  • Субьектілерде қолданылатын еңбекақы түрлерімен жүйелеріне сәйкес тарифтік мөлшерлеме мен қызметтік айлық негізінде есептелінген нақты орындалған жұмыс үшін ақы төлеу;
  • Табиғи түрінде берілетін өнімнің еңбекақы құны;
  • Жүйелік ережелер бойынша ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелері үшін сыйақылар, соның ішінде бір жылжық қортындысы бойынша марапаттау, кәсіби  іскерлік үшін тарифтік мөлшерлемелер мен айлықтарға үстемелер және т.б;
  • Жұмыс тәртібі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақылар, соның ішінде: түнгі уақытта, мерзімнен тыс жұмыстарға, көп кезекті тәртіппен жұмысқа, қызмет көрсету аймағын кеңейткен үшін, ауыр, зиянды еңбек жағдайында жұмыс үшін тарифтік мөлшерлемелер мен айлықтарға қосымша төлемдер мен үстемелер;
  • Іс әрекеттегі заңдарға сәйкес тегін берілетін тұрмыстық қызмет, тамақ, өнімдер, арнаулы киім, арнайы  киім-кешектің құны;
  • Жұмыс істелінбеген уақытқа заңда көзделінген төлемдер;
  • Кезекті және қосымша демалыстарға төлемдер, пайдаланылмаған демалысқа өтем, жасөспірімдердің жеңілдетілген сағаттарына төлемдер, жас балалы аналардың жұмысында бала емізуге, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты үзілістерге ақы төлеу;
  • Ұйымның қайта құрылуына байланысты, жұмыскерлер мен штат санын қысқартудан босаған жұмыскерлерге төлемдер;
  • Заңдарға сәйкес сіңірілген еңбегі үшін бір реттік сыйақы;
  • Еңбекақыны аудандық ретеуге байланысты, соның ішінде аудандық коэффиценттер бойынша төлемдер;
  • Жұмыскерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалуына байланысты ақы төлеу;
  • Уақытша еңбекқабілеттілікті жоғалтқан жағдайдағы қосымша төлем;
  • Ұйымның жұмыскерлеріне, басшылары мен мамандарына мамандығын жоғарылату және кадрларды қайта дайындау жүйесінде жұмыстан босап оқыған уақытында негізгі жұмыс орнынан еңбекақы;
  • Донор жұмыскерлерге тексеруден өту, қан тапсыру және қан тапсырылған күннен кейін берілетін демалысқа төлемдер;
  • Егер жұмыскерлермен тікелей субьектінің өзі есеп айырысатын болса, субьектінің штатында жоқ жұмыскерлердің азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша орындаған жұмыстарына ақы төлеу;
  • Бекітілген тәртіп бойынша еңбекақы қорына ендірілетін басқа да төлем түрлері жатады.

 

  Тікелей және жанама  аңбекақы.

Өндірістің еңбекақы төлеу шығындары сағаттар жиынын қамтиды. Тікелей жұмыс сағаты тек өнім өндіруге ғана кеткен сағат болып табылады.

Жанама жұмыс сағаты - өнім өндіруге кеткен сағат емес, өндірісті ұйымдастыру жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылатын сағаттар.

Көмекші өндіріс жұмысшыларының жанама еңбекақысы өнім бірлігі бойынша немесе операциялар бойынша пропорционалды түрде таратылады (есептеледі), сол әдіспен өнімнің өзіндік құнына және қордың құнына енгізіледі. Басқа жағдайларда жанама еңбекақы есептік кезең шығындары ретінде есептеледі және пайда болуына қарай табыс пен шығын шотына есептен шығарылады.

Тікелей өндіріс жұмысшыларына және көмекші өндіріс жұмысшыларына төленетін сыйақы жалпы өндірістік шығындар бөлігі ретінде қарастырылады және өндірістік үстеме шығындар шотына жатқызылып, тарату жолымен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Басқа да қалған жанама өндіріс жұмысшыларына берілетін сыйақы олардың еңбекақысына есептеледі және сол кезеңге қатысты табыс пен шағын шотына есептеледі.

Демалыс бойынша төленетін шығындар тікелей шығындарға жатқызылып, сағаттық ставкасын көбейту арқылы заказға есептеледі.

Нормадан артық жұмыс істеу уақыты – осы кезеңде бекітілген жұмыс уақытынан артық уақытқа төленеді.

Нормадан артық жұмыс істеу уақытының қажеттілігі 2 жағдайға байланысты болуы мүмкін:

    1. Өндіріс процесінде толық өтелген уақытты толықтыру үшін.

    1. Басында жоспарланған өнімнің санын көбейту үшін.

Нормадан артық жұмыс істелгені үшін шығындар оның пайда болу себептеріне байланысты әр түрлі есептеледі.

    1. Ішкі себептер, нормадан артық жұмыс істегені үшін шығындарды болдырмауға болады, кезең табыстары мен шығындар шотына есептен шығарылады.

    1. Сыртқы себептер немесе қажет болған нормадан артық жұмыстардың құны толығымен өндірістік үстеме шығындар құрамына өндірілген бірліктің өзіндік құнына енгізіледі.

Бірақ, егер бұл нормадан артық жұмыс уақыты өндірістік графигінің тығыздығы емес, тапсырыс берушінің сұранысының нәтижесі болып табылса, онда бұл үстеме шығындар тікелей тапсырыс шығындарына есептелінеді.

Жұмыстағы бос уақыты немесе жұмыс уақытында алған тоқтатулар, ол өнімді емес, бірақ төленетін уақыт.

Бос уақытының пайда болуына байланысты есептеу әдісі де ерекшеленеді:

  1. Ішкі себептер, тоқтатулар шығындары өнімнің өзіндік құнына енгізілмеуі керек және ол табыстар мен шығындар шотына есептен шығарылады, себебі алып тастауға болатын тоқтатулар жақсылап жоспарланған кезде пайда болатын жағдайларға байланысты болады. (материалдардың жетіспеушілігі, негізгі құралдардың бұзылуы)

  1. Егер тоқтатулар жалпы жұмыс жағдайларына немесе кәсіпорынға байланысты емес сыртқы факторларға (күтілмеген сұраныстың төмендеуі, негізгі жабдықтаушылардағы толқулар) байланысты болса, онда бұл тоқтатулар болдырмауға болмайтын және де бақыланбайтын кәсіпорынның ұсталуы болып табылады. Сондықтан да мұндай тоқтатулар үстеме шығындар есебінен өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Кәсіпорында өндірістік жұмысшылардың әр түрлі қызмет түрлеріне кеткен уақытының негізгі ақпарат көзі болып тапсырыс карточкалары, табель, тоқтатулар карточкалары және  т.б табылады. Еңбекке ақы төлеу шығындар есебінің мақсатына- өндірістік қызметте жүмыс күші негізінен қозғаушы күш ретінде танылады және ол өндіріс элементтерінің бірі болып саналады. Тек жұмыс күші, тірі еңбек (еңбектің өзі) ғана косымша құнды жасайды. Сондықган, көптеген авторлардың пікірі бойынша еңбек ресурстары өндіргіш күштердің маңызды элементі және экономикалық  потенциалды көрсеткіштер ретінде ескеру керек деп санайды. 
       Еңбек ресурстары деп тек ЖШС-гі жұмысшылар саны емес, және олардың жалпы білімі мен кәсіби дайындық деңгейлері, сондай-ақ өздерінің службалық міндеттеріне қатысы түсіндіріледі. Еңбек ресурстарын бағалау қажеттілігі туралы экономикалық әдебиеттерде бұрыннан зерттеліп келеді. Бұндай зерттеулерде бағалау тәсілдерінің ортақ мағыналы емес екендігін ейбек ресурстарына арналған ғылыми еңбектерден көруге болады.

   Дегенмен, еңбектің сапасы қызметкерлердің біліктілік деңгейімен, жалпы деңгеймен және арнайы білімен тікелей байланысты. Еңбек ресурстарын бағалаудың  дәлелдеуге тырысқан экономистер аз емес.

   Дәл осы жағдай еңбек ресурстарын рационалды  пайдалануға қатынасты алдын ала анықтайды, демек, адамдарсыз, ұжымсыз: ЖШС-де жоқ және қажетті адамдарсыз бірде бір ЖШС-сі өз мақсаттарына жете алмайды. Жүмыс күшіне жүмсалған шығындардый басқарушы есебі басқару жүйесінде басты орын алады және ол өндіріс шығындарына кіретін есептің бір бөлігі ретінде көрсетілген. 
   Бастапқыда өндірістік есеп шеңберінде шығындарың түрлері бойынша еңбек ақы мен окладтардың ақшалай сомасының деңгейі анықталады, сондай-ақ шығындардың пайда болу орындары бойынша олардың таратылуы жүргізіледі. Шегерулерге дейін еңбек ақыньң жалпы сомасы: тарифтік мөлшерлемеден, тарифтен тыс қосымшалардан, өнімділікке төленетін сыйақыдан, белгіленген сағаттан тыс төлемдерден, мейрам және демалыс күндеріндегі жүмыстардан, түнгі алмасу (сменалық) жұмыстарынан қалыптасады. Окладтың деңгейі тарифтік мөлшерлемеден (немесе ЖШС өздері дербес белгілеген мөлшерлемеден) және оларға қосымшалардан (сыйақы, комиссиондық ақы, т. б.) калыптасады. Бірақта еңбек ақы немесе окладтың нақты сомаларын анықтау БЕ-тің міндеті болып табылмайды. 
   Сондықтан жүмыс күшіне байланысты шығындар есебін мына төмендегі бағытта жүргізеді: 

  • жіктеме топтары бойынша жүмыс күшіне арналған шығындар 
    есебі — технологиялық операциялармен айналысатын өндірістік 
    жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары; үстеме шығындар құрамына 
    кіретін еңбек ақы;

  • әрбір қызметкерге тиесілі еңбек ақыдан шегеру мен есептеулер 
    есебі; жекелеген қорлар мен бюджеттен тыс ұйымдарға тиесілі әр түрлі 
    аударымдардың есебі.

   Жұмыс күшіне арналған шығындардың есебі мынадай мақсаттан тұрады - кызметтің түрлері бойынша жұмыс уақытына кететін шығындарын анықтау; шығарылған өнім деңгейі немесе ауысымы (сменасы) бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейі; еңбек ақынының есептелуінің айқындығы, жүмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу; жалақы қорының пайдалануьш бақылау т. б. 
   Еңбек ақы шығындары бірңғай болып келмейді, сондықтан басқарудың талаптарын қанағаттандыру үшін оларды жіктейді. Кез келген жіктеменің негізінде біртектес кұбылыстарды сипаттайтын қағидалар жату керек. ЖШС тәжірибесінде жүмыс күшінің шығындарын есептеу үшін келесі топтамасы қолданады: 

  • Жалақының түрлері бойынша — негізгі және қосымша;

  • Элементтері бойынша — кесімді істелген жүмысына карап төленетін, 
    сыйақылар, сыртқы себептердің салдарынан болған еріксіз тоқтауларға 
    төлеу, т. б.;

  • Қызметкерлердің қүрамы бойынша — тізімді-штаттық, келісім- 
    шарт бойынша жұмыс істейтінтіндер және т.б.;

     • Қызметкерлердің категориялары бойынша — жұмысшылар,қызметкерлер, оның ішіндегі басшылар, бас мамандар, яғни ИТЖ .                    
   Жоғарыда келтірілген шығындар жіктемесі отандық кәсіби әдебиеттерде бұрыннан жақсы зерттелген, бірақ ол басқару үшін қолайсыз болды, өйткені онда: жұмысқа алу; қызметкерлерді іріктеу және қысқарту; еңбек ресурстарын басқарумен тікелей байланысты еңбек және қызметкерлер санын нормалау және жоспарлау туралы ақпарттар жоқ. Нарық жағдайында басқарудың ақпараттык жүйелік типтерін таңдап алу оңай емес, өйткені онда үнемі еңбек көлемі және оның есептелу тәртібі, сондай-ақ компенсациялық және ынталандыру сипатында болатын әр түрлі төлемдердің колдануы, қосымша еңбектік пен әлеуметтік жеңілдіктердің берілуі (шаруашылықтың тарапынан да, мемлекеттің тарапынан да) жиі өзгерістерге ұшырап отырады. Бүл аз болғандай, жүмыс беруші кәсіпорындар (әсіресе шетелдік) тең кұнды, тең сапалы жұмысқа әр қилы еңбек ақы төлейді. Олар бүндай келенсіз жайды өздерінің ішкі есеп беру саясатымен байланыстырады. Бұл жағдайда жүмыс күшіне жүмсалатын шығындардың дифференциалдық шектеулері басқарудың талаптарына сай келе бермейді. 
   Болашақта еңбек шығынын анық анықтауға ұмтылсақ, ЖШС-нің ағымдағы есебіне өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбек ақы қорларын дұрыс бағаласақ, шығындарды таратуда, болашақ шығындардың ара жігін ажырата аласақ, және т.б. осы сияқты мәселелерді шешуде белсенділік көрсетсек, онда басқарушы есептің күрделі экономикалық есептеулерін біршама жеңілдетеміз. 
   Шығындар сомасын тарату кезінде оның екі белгісіне: яғни тікелей мен үстеме шығындарына көңіл белу керек. Шешімді қабылдаудың белгілері бойынша, енімнің өзіндік кұнына кіретін еңбек ақының үлкен көлемі тікелей болып келуі мүмкін, ал басқа жағдайда, оның біршама бөлігі үстеме болып табылады. Демек бұл, „негізгі" еңбек ақының қүрамында тікелей де, үстеме шығынның да бар екенін көрсетеді. Осыған ұқсас пікірталас „қосымша" еңбек ақы кезінде де пайда болады. Бұл мәселелерге экономикалық әдебиеттерде бір мағыналы жауаптар әлі табылған жоқ. 

 

    

   Осыған байланысты келесі баптарға көңіл бөлу керек сияқты:

  • Өнімді өндіру процесінде тікелей қатысатын, өндірістік 
    жүмысшылардың еңбек ақы шығындары. Бұған келісімді норма және 
    бағалау (расценка) бойынша жүмыстар, істеген жүмыс күніне карай 
    төленетін жұмыстар кіреді;

  • Жұмыс сапасына, жоғары шеберлігіне, шығындарды төмендетуге, 
    графикті орындағаны үшін ынталандыру сипатында төленетін қосымша 
    төлем;

  • Жалдау шығындары, жұмыс күшін іріктеу (өндірістік жүмысшы- 
    ларына катысты ғана, қалғандары үстеме шығыстарына жатады);

  • Өдірістік емес төлемге басты назар аудару керек — өндірістің 
    еріксіз тоқтап қалуына, заңға сәйкес келетін жұмыс істемеген уақыт- 
    тарына, қалыпты жұмыс жағдайынан тыс ауыткуларына төленетін 
    қосымша төлемдерге; жұмысшылардың кінәсінен емес жіберілген 
    ақауларға төленген төлемнің зандылығына.

   Барлық осы аталған шығындардың 80% жуығы енімнің өзіндік құнына кіреді, яғни олар тікелей шығындар қатарына жатқызылады (немесе бірінші қатардағы шығындар деп атайды). 

  • Өндірістік бөлімшелерін басқарумен байланысты қызметкерлердің 
    еңбек ақы шығындары үстеме шығындар қатарына кіреді.

  • ЖШС басқарумен айналысатын мамандар мен басшылардың еңбек 
    ақы шығындары жалпы әкімшілік шығындарының құрамына кіреді.

     Соңғы екеуі, сондай-ақ басқа да қосымша шығындар (әлеуметтік сақтандыру, демалыс төлемдері, ауырғаны туралы бюллетень, т. б.) үстеме шығындарының қатарына жатқызылады және олар өнімнің өзіндік құнына кірмейді, сондықтан аталған шығындарды жанама деп атайды (немесе екінші қатардағы шығындар болып саналады). 
   Жұмыс күшінің шығындары тап осындай болып топтастырылса, онда ол көп деңгейде өзіндік құнның есебі мен табысты есептеудің, сондай-ақ ішінара шығыстарды бақылау және реттеудің мақсаттарына жауап береді. Шешім қабылдауға келсек, онда есепте жүмыс күшінің болашақ шығындарын бөлу мәселесін қарастыру керек. 
  Жұмыс күшіне арналған шығындарды есептеу процедурасы жүйелі түрде еңбек ресурстарын басқару процесін және жүмыс күшіне жүмсалған шығындарын көрсетеді. Келісімді еңбек ақы жекелеген тапсырыстар мен процестердің өзіндік құнына шығындарды тікелей енгізуді қарастырады. Бірақта жүмыс күшіне жүмсалған шығындардың кейбір бөлігі жанама сипатқа ие.

Информация о работе Еңбекақы төлеу шығындарың есебі