Нарықтық ортадағы кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 20:59, дипломная работа

Описание работы

Кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Бұл жерде ресурстарды үнемдеу, алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды қолдану сұрақтары шешіледі, шығындар азайтылады, жоспарлар құрылады, маркетинг қолданылады және менеджмент жүзеге асырылады. Бұлардың барлығын іске асыру үшін терең экономикалық білім қажет. Бұндай бәсекелсетік күресте кім нарық талабын жетік анықтаған болса, кім өндірісті дұрыс ұйымдастырады және құрады, табыс табады сол жеңеді.

Содержание работы

Кіріспе. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару

Файлы: 1 файл

Байл экон.docx

— 130.42 Кб (Скачать файл)
  1. Тақырып  НАРЫҚТЫҚ ОРТАДАҒЫ КӘСІПОРЫН

ЖОСПАР

  1. Кіріспе. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
  2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
  3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
  4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару

 

1.Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері

         

          Кәсіпорында қоғамға қажетті  өнім шығарылады және қызмет  көрсетіледі. Бұл жерде ресурстарды  үнемдеу, алдыңғы қатарлы техника  мен технологияларды қолдану  сұрақтары шешіледі, шығындар азайтылады, жоспарлар құрылады, маркетинг қолданылады  және менеджмент жүзеге асырылады.

          Бұлардың барлығын іске асыру  үшін терең экономикалық білім  қажет. Бұндай бәсекелсетік күресте  кім нарық талабын жетік анықтаған  болса, кім өндірісті дұрыс  ұйымдастырады және құрады, табыс  табады сол жеңеді.

Бұл міндеттер орындалады, егер кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік негізін жақсы игерген  болсаңыз.

            Кәсіпорын экономикасы – бұл өндіріс факторларының (меншік және жалға алынған), айналым қорларының, дайын өнімнің, кәсіпорын банкінің шотында жатқан ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, материалды емес активтердің, пайда немесе табыстардың жиынтық факторлары.

             Кәсіпорынның қызмет етуі өзінің  даму жолдарын іздеу болып  табылады, яғни кәсіпорын осы  нарықта тұрақты болып қана  қоймай сонымен қатар өз экономикасын  дамытуы керек:

  • өндіріс қорытындысы мен шығындар арасында оңтайлы қатынастары болуы керек;
  • капиталдың жаңа түрлерін іздестіру;
  • өнімді сатып алушыға жеткізудің жаңа тиімді жолдарын іздестіру керек.

       Кәсіпорын  экономикасының оқу пәні үй  шаруашылығы мен кәсіпорындағы  шаруашылық қызмет болып табылады, ол шектеулі ресурстарды қолдану  жайлы шешім қабылдау ретінде  анықталады.

      Курстын міндеттері:

  • Кәсіпорынды нарықтық ортада қарастыру;
  • Кәсіпорынның өндірістік мен өндірістегі құрылымын қарастыру;
  • Кәсіпорынның кадрлар құрылымын, еңбектін мөлшерленуі мен өнімділігін және еңбек ақының төленуін қарастыру;
  • Кәсіпорынның қызметінің жоспарлауын зерделеу;
  • Кәсіпорынның мүлігін анықтау, яғни негізгі және айналым қорларын, айналым қаражатын, оның түрлері мен тиімді пайдалану бағытын қарастыру;
  • Кәсіпорынның  шығыны мен оларды төмендету бағыттарын зерделеу.

 

2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде

       

            Елдің қоғамдық өндірісінің мақсаты - азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Оған жету үшін өндіріс жүзеге асырылады. Бұл жағдайда маңызды ролді кәсіпкерлік атқарады, ол адамдардың пайда алу үшін өз ерікті, инициативалық қызметі. Кәсіпкерліктің мақсаты пайданы максималдандыру.

Қоғамдық өндіріс пен  кәсіпкерліктің мақсаттары әр-түрлі, бірақ  мақсаттарына жету құралдары бір  – ол кәсіпорындарда тауар өндіру мен қызмет көрсету. Тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіре отырып кәсіпкер өзінің  және қоғамның мақсатына  жетеді.

          Кәсіпорын - заңды тұлға құқығы бар, өз мүліктік қолдана отырып өнім өндіретін және өткізетін , жұмыстар атқаратын, қызметтер көрсететін - ерікті шаруашылық субъект. Кәсіпорын құрамында басқа заңды тұлғалар болмайды.

Кәсіпорынның сипатталуы:

  • ұйымдастырушылық бірлік;
  • өндіріс құралдарының нақты кешені;
  • дәйектелген мүлік;
  • әкімшілік басқару түріне негізделген;
  • өз атынан шығады;
  • оперативті-шаруашылық және экономикалық өз еріктік.

           Адам санына қарай кіші кәсіпорын  ( 100 адамға дейін), орташа (500 адамға  дейін), ірі кәсіпорындар (500 адамнан  жоғары).

Кіші кәсіпорындар (кіші бизнес) барлық дамыған елдердің экономикасында үлкен роль ойнайды және жұмыс  істейтін халықтың жартысынан көбі жұмыс  істейді.

          Эконмика әр-түрлі меншіктегі  кәсіпорындар қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар, республикалық және комуналдық болып  бөлінеді.

          Жеке кәсіпорындар өзіндік, жанұялық  және ұжымдық меншік болып  болады.

Ұжымдық меншікті кәсіпорындар шаруашылық бірлестіктер, кооперативтер, шаруашылық қоғам, халықтық және арендалық  кәсіпорындар.

Аралас меншікті кәсіпорындар – бірлескен кәсіпорындар.

           Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктін қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының саны отыздан аспауға тиіс. Басқаша  жағдайда — ол бір жыл ішінде акционерлік қоғам етіп қайта  құрылуға, ал бұл мерзім өткеннен кейін. егер оған қатысушылардың саны отызға дейін кемімесе, сот тәртібімен таратылуға тиіс.

              Толық серіктестік те өз мүшелерінің үлестік меншігі негізінде құрылған, алайда серіктестіктің барлық мүшелері іс-әрекеттерінің нәтижелеріне өзінің жеке мүлкімен толық жауап береді. Бұл,негізінен, кәсіпкерліктің серіктесушілік түрі болады.

               Аралас (командитті) серіктестік те қатысушылардың үлестік меншігіне негізделген. Алайда, мұндағы қатысушылар серіктестіктің толық мүшелері және салымшы мүшелері болып бөлінеді. Толық мүшелер фирманың міндеттемелері бойынша толығымен біріккен түрде жауапкершілік артады, салымшы мүшелер  өз салымдары шеңберінде жауап береді. Бұл да серіктес кәсіпорын болуы мүмкін, сонымен қоса ол заңды тұлға болуы тиіс.

               Акционерлік қоғам (корпорация). Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік АҚ деп аталады. АҚ қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді.

               Қатысушылары өздеріне тиесілі  акцияларды басқа акционерлердің  келісімінсіз бөліп бере алатын  акционерлік қоғам ашық акционерлік  қоғам болып табылады. Ашық акционерлік  қоғам өзі шығаратын акцияларға  ашық түрде жазылу жүргізуге  және оларды заңдармен белгіленген  жағдайларда еркін сатуға қүқылы.

               Ашық акционерлік қоғам жалпыға  бірдей мәлімет беру 
үшін жыл сайын жылдық есеп, бухгалтерлік баланс, пайда мен шығындардың есебін жариялап отыруға міндетті.

Акциялары тек өз қүрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген  өзге адамдар арасында таратылатын  акционерлік қоғам жабық акционерлік  қоғам болып табылады. Жабық акционерлік  қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрді 
жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

               Акция дегеніміз АҚ жарғылық  капиталына салымын көрсететін  бағалы қағаз. Акциялар екі  түрлі болады: қарапайым және  артықшылығы бар. Қарапайым акциялар пай ретінде ол қайтарылмайды. Артықшылығы бар акциялар жарғылық капиталдың 10% құрайды және алдын-ала бекітілген мөлшерде дивиденд беріледі. Мүлкін бөлгенде бірінші ретте қатысады, олар АҚ басқаруға және дауыс беруге қатыспайды.

 

  1. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары 

 

       Кәсіпорындардың бірігуі шаруашылық бірлестіктер мен одақтар (ассоциациялар) түрінде болады. Бірлестік келесілер үшін құрылады:

    • бірлестіктер белгілі бір міндеттерді ортақ шешу үшін немесе нақты мақсаттарға жету үшін құрылады;
    • жаңа білім және ноу-хау алу үшін;
    • партнерлардың ресурстары қосылып өздерінің ресурстарын сақтау;
    • жаңа ресурстар алуға мүмкіндік.

 Одаққа кіреетін кәсіпорындар  өздерінің заңды тұлғалығын және  өз еріктігін сақтайды.

      Кәсіпорындарды біріктіру қағидалары:

  • жарғы бойынша кіру мен шығудың еріктілігі;
  • антимонопольдық заңдардың сақталуы;
  • бірігудің ұйымдастыру формаларын таңдау еркіндігі;
  • қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар шартқа сәйкес жасалады.

      Шаруашылық  бірлестіктер өндірістік, ғылыми-техникалық  және әлеуметтік даму мүмкіндіктерін  кеңейту үшін құрылады.

Шаруашылық бірлестіктердің  кейбір түрлерін қарастырайық.

           Шаруашылық ассоциациялар – бір түрлі қызмет атқарау және жалпы қызметті координациялау үшін құрылатын кәсіпорындардың келісілген бірлестігі. Бүл бірлестіктің ең жақсы түрі, өйткені оған кіретін кәсіпорындардың қызметін минималды шектейді. Кәсіпорындар ешкімнің келісімінсіз басқа шаруашылық ассоциацияларға кіре алады және қатысушылардың қызметін бақылай алады, мамандануды тереңдетуге және кооперацияны дамытады, орталықтар, қызметтер, фирмалар құрады.

           Концерн – ірімасштабты өндіріс мүмкіндіктерін қолдану мүмкіндіктері бар монополистік түрдегі әр-түрлі саланың кәсіпорындарының бірігуінің түрі. Концернге кіретін кәсіпорындар өндірістік, ғылыми-техникалық даму, инвестициялық, қаржылық, сыртқы экономикалық қызметінің, коммерциялық қызмет ету қызметтерін өз ерікті орталықтандырады. Концерн құрудың мақсаты болып нақты нарықта пайданың максималды үлесін алу болып табылады. Олар слалық және сала аралық болуы мүмкін. Концерн фирма, орталық, қызмет құра алады.

        Капиталға қатысу жүйесі бойынша екі түрлі концерн бар:

  • Бағыну концерні – аналық және еншілес компания түрінде құрылған концерн.
  • Координация концерні – қарындастық бірлестіктен (сестринских) тұратын концерн, яғни оған кіретін кейбір компаниялар акция айырбасын жүргізеді. Сонымен концерн мүшелері концернмен жүргізетін саясатқа әсер жүргізеді, бірақта олар бір басқарудың астында болады.

            Конгломерант - әр-түрлі саладағы технологиялық бір-бірімен байланысты емес кәсіпорындарды біріктіретін концерннің ерекше түрі.

            Қаржылық-өндірістік топ – басында банк тұратын кәсіпорындардың бірігуі. Банк кәсіпорындарды қаржыландырады және несие үшін пайыз емес кәсіпорын жұмысының тиімділігі өсуіне байланысты дивидент алады.

             Холдингтік бірігу (холдинг-компания) – бір компания басқа компанияларды, олардың акцияларына және ақша капиталдарына ие болу арқылы, немесе бақылаудағы компанияларға директор қою хұқы арқылы басқарады.

             Холдингтің екі түрі бар:

  • Таза холдинг- басқа фирмалардың акционерлік капиталында қатысу арқылы пайда алу. Таза холдингті ірі банктер басқарады;
  • Аралас холдинг – холдингтік компания кәсіпкерлік қызметпен айналысады және ықпал ету ортасын кеңейту мақсатында жаңа тәуелді фирмалар филиалдар ашады. Аралас холдингті өндіріспен байланысты ірі бірлестік басқарады.

             Ірі холдингтер бірнеше АҚ  қаржылық қызметін басқара алады,  ірі концерндерді және банктерді  қоса. Олардың өздерінің активтері  мен меншікті капиталы еншілес  фирмалар капиталынан аз болуы  мүмкін.

              Консорциум – кешендік бағдарламаны, инвестициялық, ғылыми-техникалық, экологиялық үлгілерді, мемлекеттік тапсырыстарды бірігіп жүзеге асыру үшін пай негізінде өз еріктерімен уақытша біріккен кәсіпорындар.

Әлемдік тәжірибеде консорциумдардың келесі түрлері кездеседі, олардың  көбісін қаржылық түрдегі консорциумға жатқызуға болады:

                Банктік консорциум – несиелік, кепілдік немесе басқада банктік операцияларды орындау, жаңа нарыққа шығу немесе қызмет ортасын кеңейту үшін ірі банкпен уақытша ұйымдастырылған банктер тобы.

Консорциум-гарант – несие  алуға кепілдік беретін, жетекші  банк басқаратын банктік топ.

              Кепілдік консорциум - әр-түрлі қызметтегі бірнеше компаниялардың бірігуі. Олар өздері алған тәуекелді бөледі және оның қайтарылуын қанағаттандырады.

             Қол қойылған консорциум – қарызды жүзеге асыруды немесе жаңа бағалы қағаздарды орналастыруы кепіл беретін консорциум.

Қаржылық консорциум –  ірі қаржылық операциялар жүргізу  үшін бірнеше банктердің уақытша  бірлестігі.

             Экспортты консорциум – бірлестікке кіретін компанияларға экспорттық операцияларда көмектесетін бірнеше елде құрылған сыртқы сауда бірлестігі.

Информация о работе Нарықтық ортадағы кәсіпорын