Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 20:59, дипломная работа
Кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Бұл жерде ресурстарды үнемдеу, алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды қолдану сұрақтары шешіледі, шығындар азайтылады, жоспарлар құрылады, маркетинг қолданылады және менеджмент жүзеге асырылады. Бұлардың барлығын іске асыру үшін терең экономикалық білім қажет. Бұндай бәсекелсетік күресте кім нарық талабын жетік анықтаған болса, кім өндірісті дұрыс ұйымдастырады және құрады, табыс табады сол жеңеді.
Кіріспе. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
Жер деп табиғи ресурстар, шикізаттар, материалдар, энергия, жартылай фабрикаттар немесе еңбек заты түсініледі. Шикізат – кен орнының, ауыл шаруашылығының дайындау саласының еңбек заты. (руда, мұнай, газ, көмір, бидай, мақта, ағаш т.б.)
Материалдар - өңдеу саласында өңдеу жолымен алынған, бірақ соңғы өнім болмайтын еңбек заты (шойын, темір, полиматериал, ұн, жіп, мата т.б.)
Материалдар негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі материалдар дайын өнімнің материалдық негізін құрайды және оның заттай құрылымын құрайды.
Қосымша материалдар еңбек құралының жұмысын қанағаттандырады (бояулар, дрожжи, отын, май, энергия).
Капитал негізгі және айналым болып бөлінеді.
Негізгі капитал ол еңбек заты өңделетін еңбек құралы. (ғимарат, құрлыс, машина, құрылғы, құрал-сайман, инвентарь).
Айналым капиталы – бұл қайта өңделетін және өңделетін еңбек заты.
Өндіріс процессі өндіріс факторларын қосумен және олардың өзара әрекеттерімен жүзеге асырылады. Өндірістің әр көлеміне өндіріс факторларының әр-түрлі байланыстары арқылы жетуге болады.
4 тақырып. еңбек, еңбек өнімділігі және еңбек ақы
1. Еңбек
ресурстары және жұмыс
2. Кәсіпорын
кадрлары, оларды таңдау және
оларды толтыру көздері,
3. Кәсіпорын қызметкерін жоспарлау
4. Еңбекті мөлшерлеу
5. Еңбек өнімділігі
6. Еңбек ақы
1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
Еңбек ресурстары дегеніміз – экономикады жұмыс істеу үшін білімі, тәжірибесі және қажетті физикалық күші бар республика халқының бір бөлігі. Еңбек ресурстарына жұмыс істейтін және істей алатын 16-63 жастағы ерлер және 16-58 жастағы әйелдер жатады, олардың құрамына І және ІІ топтағы мүгедектер, жеңілдігі бар зейнеткерлер, көп балалы аналар және кейбір өнер түрлерінің жұмыскерлері кірмейді.
Нарықтық экономиканың дамуына байланысты республикада жұмысбастылық мәселесі түйсіктенеді.
Жұмыссыз деп – белгілі бір табысты жоқ, жұмыс іздеу мақсатында жұмысбастылық қызметіне тіркелген, сонымен бірге жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге дайын еңбек жасындағы азаматтар саналады. Индустриалды-дамыған шет елдерде жұмыссыздық еңбек кезеңінде жұмысқа жарамды халықтың 5-8% құрайды.
Жұмыссыздық түрлері: