Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 12:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы 6
Кәсіпорынның есеп саясаты 18
Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы 26
II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 32
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі 46
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 52
III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті 67
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76

Файлы: 1 файл

Дип.-Негізгі-құралдардың-есебі-мен-аудиті-2008.doc

— 706.50 Кб (Скачать файл)

-оларды материалды  жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;

 

 

-ішкі бақылаудың  жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы түгендеу жүргізу қажет.

16 ХҚЕС-да  қызмет көрсетуге арналған қосалқы  бөлшектер мен жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық қүндылықтар ретінде есепке алынып, олардың пайдалануына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны айқындалған.

Алайда, егер компания ірі қосалқы бөлшектер  мен резервтік жабдықты бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, компанияның басшылығы олардың негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені жөн.

Әдістемелік ұсынылымдарда жоғарыда көрсетілген 16 ХҚЕС ережесіне түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуға тиіс.

Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізде алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.

ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану кезінде сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.

Тікелей шығындардың  мысалдары: алаңды дайындауға жұмсалған шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.

Осылайша негізгі құралдардың нақты құнына ол пайдалануға дайын болған кезде активті қалпына келтіруге дейін пайда болған барлық болмай қалмайтын шығындар кіреді.

Компания шығарған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу принциптері сияқты негізде айқындалады. Жоғарыда, барлық айтылғандарды ескере келе, 2400«Негізгі құралдарды есепке алу» ХҚЕС бойынша активті тану шартын негізгі өлшемдері бойынша ХБЕС-ның ережелеріне қайшы келмейді деп айқындауға болады.

 

1.3. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы  оның маңыздылығы

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондығылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.

Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:

а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;

ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен  оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканық барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.

Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар -деп өндірісте қызмет ететін,яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады.Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары

 

 

мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашы-лықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.

Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың  бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.

Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.

Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.

 

 

Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

-Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);

-Өндірістік ғимараттар  мен құрылғылар;

-Машиналар мен жабдықтар,  өткізгіш тетіктер;

-Көлік құралдары;

-Басқадай негізгі  құралдар.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге  өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтіннегізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.

Сақтауда тұрған негізгі  құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.

Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.

Тікелей шығындарға төмендегі  шығындар жатады:

28

 

  • алаңды     (құрылыс     жүргізуге     арналған     участокты)     дайындау 
    шығындары;
  • тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
  • орнатуға байланысты шығындар;

• архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби 
қызмет көрсетудің құны.

Кәсіпорынның  өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.

Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, яғни мына активті шоттарда жүргізіледі:

2411-шот —жер;

2412-шот - үйлер  мен ғимараттар;

2413-шот - машиналар  мен жабдықтар;

2414-шот - көліктер  құралдары;

2415-шот - компьтерлер,  перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық;

2416-шот - кеңсе  жиьазы;

2417-шот-өндірістік  құрал саймандар мен керек  жарақтар.

Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект -деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып    біткен   жеке    құрылыстарды,    өздерінің   құрылымы    бойынша

 

жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қоптпмасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар  мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық номер негізгі құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады. Мүндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.

Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінің міндеті:

-Расталған  есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;

-Негізгі құралдардың  келіп түсуін, шығарылуын, қозалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;

 

 

-Негізгі құралдардың  тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

-Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;

-Моральды  және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;

-Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

 

 

II Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ 2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау

Кез келген өндіріс  өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен  ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қү-ралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық