Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 12:41, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы 6
Кәсіпорынның есеп саясаты 18
Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы 26
II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 32
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі 46
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 52
III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті 67
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76

Файлы: 1 файл

Дип.-Негізгі-құралдардың-есебі-мен-аудиті-2008.doc

— 706.50 Кб (Скачать файл)

Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуга болады.Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншісіне беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.

Негізгі құралдар кәсіпорынның өз ішінде орын аустыру кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтарды бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің түрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғады. Негізгі құралдар шаруашылық іиінде орын ауыстырғанда 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.

Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға тде, талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.

Негізгі құралдардың  есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясын 11 кестеде қарастырайық .

 

 

 

 

Кесте 11

Негізгі құралдардың  есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясы

 

 

Шаруашылық  операцияның

Сомас

Шоттар

 

мазмүды

ы, теңге

корреспонденциясы

     

Дебет

Кредит

 

2

3

4

5

 

Негізгі құралдарды есептен

     
 

шығару актісінің  негізінде

     
 

өндіріс құрал-жабдықтары

     
 

есептен шығарылды:

349860

2420

2410

 

-объектінің  пайдалану

     
 

кезіндегі есептелген тозу

5140

7410

2410

 

сомасына

     
 

-объектінің  баланстық

     
 

құнына

     
 

Жиынтығы

355000

-

-

 

Объектіні бөлшектеу  үшін

     

еңбек ақымен қоса аударымдар

     
 

бірге есептелінді:

     
 

-есептелген  еңбек ақы

13700

7410

3350

 

сомасы

2590

6210

3150

 

-аударған әлеуметтік салық

     
 

Тасымалдағаны үшін

5500

6210

3310

автокөлік шаруашылығының

     
 

шоты акцептелді

     
 

Негізгі құралды  жоюдан

18000

1310

6210

түскен материалдар  кіріске

     

 

 

алынды

     

.

Негізгі құралдар бір цехтан екіншісіне берілді

300000

2410

2410


Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер  бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол «Негізгі құралдар» бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын өздерінің  пайдалаунындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есптен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ү-рланғанда, табиғи апат, зіл-зала жағдайында бұліегенде шығарады. Сонымен қатар өздеріндегі меншігіндегі негізгі құралдары басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

Негізгі құралдарды есептен шығару № 6 БЕС-да қаралған тәртіп бойынша жүрізіледі. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ -3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» және үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.

Бұл жоғары да айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

    • объектінің салынып біткен уақыты;
    • шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріске алынған уақыты;
    • пайдалануға берілген уақыты;
    • объектіні бастапқы құны;
    • бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;
    • жөндеулердің жүргізілген уақыты;

көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы көрсетіледі;

 

    •  негізгі      құралдардың      істен      шығару      себебі      және      оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
    • аварияға   байланысты   есептен   шығарылған   негізгі   құралдарға жасалған актіге, болған   аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
    • сондай-ақ   осы   негізгі   құралдардың   істен   шығуына      жауапты адамдарға қолданатын шараларды іс актіге жазады.

Кәсіпорында негізгі негізгі құралдарды сатқаннан, бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы субъектінің өзінде қалады.

Кәсіпорында есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 7410 -«Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебетіне, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдарын есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған тозу сомасына 2420-«Негізгі құралдардың тозуы» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: 1330-«Материалдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 6210-«Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.

Кәсіпорында негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық борыштар және де басқа да активтер» - деп аталалын 3 - бөлім және «Ақшалай қаржылар» - деп аталатын 4 - бөлім шоттары тиістілерінің дебетіне, «Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған табыстар мен шыққан шығындар -«Жиынтық табыс» шотына апарылады.

Басқа кәсіпорында, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ - 1 «Қабылдау табыс ету актісі» екі дана етіліп толтырылады.

 

Оның беруеі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық субъектісіне немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың инвентарлық карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралды алушыға беріледі. Негізгі құралды және оның инвентарлық карточасының басқа субъектіге немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.

Негізгі құралдарды беруші шаруашылық субъектісі оны тегін  алушыға берілген негізгі құралдарын бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат жолдауы керек. Бұл хат, яғни авизо төрт дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған субъектінің немесе заңды тұлғанын бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.

Сонымен басқа  шаруашылық субъектілерге, заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау - табыс ету актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына негізделініп шығарылады.

КәсіпорАндарда негізгі куралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулар мен бірдей жазылады.

 

 

 

 

III Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАРДЫҢ АУДИТІ

3.1. Негізгі құралдардың есебінің  ішкі бақылауын ұйымдастыру

Негізгі құралдардың  нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік  есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің  жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізіші субъект өз бетінше жұйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде бір рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда бір рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында түгелдеу жүргізіледі.

Мүліктік  түгелдеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы техника жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке алу мәліметтер мен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары беріліуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақталған немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа қүжаттардың нақты бар жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік түгелдеу төменде көрсетілген.

Мүліктік  түгелдеу тізімдерін жасамастан бүрын  мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар жоғын және олардың қандай күйде екенін;   техникалық  паспорттарымен  басқа  техникалық  құжаттарың  бар

 

 

 

жоғын және олардың қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттардың тексеру қажет. Егерде құжаттары жоқ болса, оларды алдыртудв және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігі тексереді.

Негізгі құралдарды мүлікткі түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткішерін мүліктік тізімдерінде енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын бар-жоғын тексереді.

Сондай-ақ, субъектінің  жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.

Есепке алынбаған  объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың қандай материалдардан салынғанын және сол материалдардың көлемін, көлемі, қабаттар саны салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені, жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін бекіту материалдарды; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша - жолдардың түрлері, қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.

Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде бағалау  әрекет етіп түрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.

Есепке алынбаған  объектілердің қашан салынғанын немесе алынған, жасалған шығындардың қажыландырылған көзін мүліктік түгелдеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.

Негізгі   құралдар   өзінің   негізгі мақсатына   сай   мүліктік   түгелдеу

 

тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мқсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркелгенде,олардың: малдың нөмірі тұқымы, қондылығы, тірідей салмағы және алғашқы құны көрсетіледі.Мал тұкымың сапасы туралы мәліметтеріне қарап анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа және асыл тұқымды қой мен басқа мал түрлері тізімге бөлек жазылады. Негізгі табындағы мал топтық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жанысына қарай бөлініп, әр топ бойынша тіріндей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркелді.

Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы бухгалтерлік есепте көрсетілмеген байқаса, онда оларды арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап, тізімге өзгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен қатар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілген анықтап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлеріне көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Машиналар, құрал-жабдықтар  мен көлік құралдары мүліктік түгелдеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік мерзімі, арналымы, қуатты және т.б. көрсеткіштерді жеке көрсетіледі.

Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық