Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 07:59, курсовая работа

Описание работы

Мен бұл курстық жұмыста нарықтық экономиканы реттеудің негізі
нысаны болып табылатын – салықтар жөнінде қарастырдым. Салыққа
ғылыми көзқарас XVI - XIХ ғасырларда пайда болды. Салық дегеніміз не? – деген сұраққа келетін болсақ, экономикалық мазмұны тұрғысынан салық дегеніміз – ол тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі болып табылады. Салық салудың мақсаты кәсіпорынмен тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ.
Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік - кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

I – бөлім. Салықтардың экономикалық мәні және олардың жалпы
сипаттамасы

1.1 Салықтардың экономикалық мәні және олардың жіктелуі...............5
1.2 Салықтың принциптері мен атқаратын қызметі.................................7
1.3 Салық механизмінің элементтері........................................................10


II – бөлім. Салықтың түрлері

2.1 Жеке табыс салығы...............................................................................13
2.2 Корпорациялық табыс салығы.............................................................15
2.3 Акциздер................................................................................................17
2.4 Қсылған құнға салынатын салық........................................................19


III– бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

3.1 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі туралы ұғымы.......21
3.2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының
құқығы мен міндеттері.........................................................................24


Қорытынды........................................................................................................27


Қолданылған әдебиеттер ...............................................................

Файлы: 1 файл

КУрсовая.doc

— 185.50 Кб (Скачать файл)

 

 

Мазмұны:

 

 

Кіріспе..................................................................................................................3

 

I – бөлім. Салықтардың экономикалық мәні және олардың жалпы

сипаттамасы

 

     1.1 Салықтардың  экономикалық мәні және олардың жіктелуі...............5

1.2 Салықтың принциптері мен атқаратын қызметі.................................7

1.3 Салық механизмінің элементтері........................................................10

 

 

II – бөлім.  Салықтың  түрлері

 

2.1 Жеке табыс салығы...............................................................................13

2.2 Корпорациялық табыс салығы.............................................................15

2.3 Акциздер................................................................................................17

2.4 Қсылған құнға салынатын салық........................................................19

 

 

III– бөлім.  Қазақстан Республикасының салық жүйесі

 

    3.1 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі туралы ұғымы.......21

   3.2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының

          құқығы мен міндеттері.........................................................................24

 

 

Қорытынды........................................................................................................27

 

 

Қолданылған әдебиеттер ................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

                                             Салықтар, оларды төлейтіндер үшін  құлдықтың белгісі емес, керсінше – бостандықтың белгісі.                                                          Адам Смит.

 

    Мен бұл курстық жұмыста нарықтық экономиканы реттеудің негізі

нысаны болып табылатын – салықтар жөнінде қарастырдым. Салыққа

ғылыми көзқарас XVI - XIХ ғасырларда пайда болды. Салық дегеніміз не? – деген сұраққа келетін болсақ,  экономикалық мазмұны тұрғысынан салық дегеніміз – ол тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі болып табылады. Салық салудың мақсаты кәсіпорынмен тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ.

Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік - кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.

Салықтар мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті мемлекеттің ақшалай табысын қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде салық экономикалық негізге жатады. Салық объективті қажеттілік немесе қоғам дамуының негізінде реттеледі. Мемлекет осы объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін қалыптастырады. Елдің қаржы жүйесіне қызмет ету механизмін оның құрылымын жасақтайды. Әлеуметтік және экономикалық салық факторлары салыққа байланысты өндірістік қатынастардың жаңаруына ықпал етеді. Яғни нарықтық жүйеге көшу мемлекеттің салық жүйесіне және бюджет саясатына түпкілікті қайта құруды жүргізуді талап етеді. Еңбек нарығының қалыптасуы оның қызмет етуі жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қорды құрмайынша мүмкін болмайды. Мұндай қорлар шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылады. Бұдан экономикалық базис саяси құрылымының арасындағы өзара байланысты көреміз.

Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық құбылыстарды тезірек жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланылады.

Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар:

I – бөлім “Салықтардың экономикалық мәні және олардың жалпы сипаттамасы”. Осы бөлімде салықтың экономикалық мәні және олардың принциптері мен атқаратын қызметі және салық механизмінің элменттері сипатталады.

II – бөлім “Салықтың  түрлері”. Бұл бөлімде салықтың негізгі түлері, соның ішінде, жеке табыс салығы, корпорациялық табыс салығы, акциздер,  қсылған құнға салынатын салық түрлері қарастырылады.

III – бөлім “Қазақстан Республикасының салық жүйесі”. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының салық жүйесі және салық органдары мен салық төлеушілердің құықтары мен міндеттері баяндалады.

Курстық жұмыстың мақсаты – салықтың экономикадағы мәнін, принциптері мен атқаратын қызметтерін және салық механизмінің толық ашу, салық түрлеріне  толық сипаттама беріп, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ерекшеліктерін баяндау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I – бөлім. Салықтардың экономикалық мәні және олардың жалпы

сипаттамасы

1.1. Салықтардың  экономикалық мәні және олардың жіктелуі

Ұйымдық - құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйсінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі  – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:

  1. Салық салу объектісіне байланысты;
  2. Салықты алатын және салықтан жиналған соммаға билік жасайтын       органға қарй;
  3. Пайдалану тәтібі бойынша;
  4. Объектінің экономикалық белгісі бойынша;
  5. Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау.

Салықтарды салу объектісіне байланысты олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей төлеген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с ) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де , оның қаржы жағдайын да ескереді.

       Жанама салықтар  – бағаға немесе тарифке үстеме  түрінде белгіленген салық төлеушінің  кірістері мен мүлкіне тікелей  байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салық, акциздер жатады.

Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады.

        Пайдалану  тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.

        Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлуметтік салық).

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар  және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық салудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алыну көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

 

 

 

1.2. Салықтың принциптері мен атқаратын қызметі

Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
  2. “қайыр көрсету”(төлем қабілеттілігі) қағидаты;

Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін  белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

    1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік принципі);
    2. салықтың  мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық принципі);
    3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық принципі);
    4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем принципі);

Бұл принциптерді пайдалану салық салуда зорлық – зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке “Салықтар –  оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны” деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Салық салудың кейінгі даму барысында принциптердің тұжырымдамалары  дәлелденді, толықтырылды.

Салық салудың қазіргі принциптері мыналарға саяды:

1. Салық салудағы әділдік принципі екі аспектіде қарастырылады:

а) “деңгейлес теңдікке” жету – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;

б) “сатылас теңдікті” сақтау – жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

2.   Қарапайымдылық принципі. Салық механизмі салық төлеушіге

түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.

3. Салықтардың анықтығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашалық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді  бұрмалайды және салық салу  субъектілерін тең емес жағдайларға  әдейі қояды.

5. Салық салудың экономикалық  бейтараптылығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасмауы тиіс.

6.  Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:

    1. азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеу керек;
    2. салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек.

Нарық жағдайында салықтар негізгі үш қызмет атқарады:

    1. фискальдық;
    2. қайта бөлу;
    3. реттеушілік;                                                                                                                                                 

Салықтардың фискальдық қызметі – барлық мемлекеттерге тән қызмет.  Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық қызметі артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы   қызмет  арқылы  салықтар  ел   экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.

Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді,  ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушінің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және  мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеледі.

Салықтардың екінші қызметі – фискальдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі арқылы мемтекеттік бюджетің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери - қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесі