Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 07:59, курсовая работа

Описание работы

Мен бұл курстық жұмыста нарықтық экономиканы реттеудің негізі
нысаны болып табылатын – салықтар жөнінде қарастырдым. Салыққа
ғылыми көзқарас XVI - XIХ ғасырларда пайда болды. Салық дегеніміз не? – деген сұраққа келетін болсақ, экономикалық мазмұны тұрғысынан салық дегеніміз – ол тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі болып табылады. Салық салудың мақсаты кәсіпорынмен тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ.
Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік - кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

I – бөлім. Салықтардың экономикалық мәні және олардың жалпы
сипаттамасы

1.1 Салықтардың экономикалық мәні және олардың жіктелуі...............5
1.2 Салықтың принциптері мен атқаратын қызметі.................................7
1.3 Салық механизмінің элементтері........................................................10


II – бөлім. Салықтың түрлері

2.1 Жеке табыс салығы...............................................................................13
2.2 Корпорациялық табыс салығы.............................................................15
2.3 Акциздер................................................................................................17
2.4 Қсылған құнға салынатын салық........................................................19


III– бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

3.1 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі туралы ұғымы.......21
3.2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының
құқығы мен міндеттері.........................................................................24


Қорытынды........................................................................................................27


Қолданылған әдебиеттер ...............................................................

Файлы: 1 файл

КУрсовая.doc

— 185.50 Кб (Скачать файл)

Салық қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің және облыстағы аудандардағы, қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалар мен бөлімдерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлары мен салық полициясы басқармасының бастығын  Қазақстан Үкіметі тағайындайды.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу ;

- заңдардың, салық салу мәжелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу ;

- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативтік актілердің өзгерістері туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық қызмет органдарының негізгі міндеттері:

    1. салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекеттік мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төлеуіне бақылау жасау;
    2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін уақтылы алу;
    3. салықты есепту мен төлеуге байланысты декларацияны және басқа да құжаттардың нысандарын әзірлеу;
    4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану;
    5. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық полициясының бөлімшесімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру.

Салық қымет органдарының мынадай құқтары бар:

    1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп  пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздардың және басқа да құндылықтардың  есеп айырмаларын және басқа да төлемдерді есептеумен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;
    2. ұйымдардың  лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға;
    3. салық полициясы бөлімшелермен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;
    4. салық заңдарын бұзған ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салынады;
    5. салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімдетөленбеген кезде салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;
    6. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен оның бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуге ;
    7. қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операцияларды және шотындағы ақша қаражатының жай - күйі туралы мәліметтерді алуға.

Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында оларды заң қорғайды және Республикалық бюджет қаржы есебінен міндетті түрде жеке сақтандырылуға тиіс.

Салық төлеушілер өз тарпынан мынадай міндеттерді атқаруға тиіс:

    1. уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу номерін алуға;
    2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды 5 жыл бойы сақтауға;
    3. бегіленгін мерзімге салық декларациясын тапсыруға;
    4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
    5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.

Салық төлеушінің құқығы :

    1. салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
    2. жүргізілген тексерулер актілерімен танысуға;
    3. салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актілері жөніндегі түсіндірмелерді ұсынуға;
    4. заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
    5. салық салуға қатысуы деп саналатын ақпарат пен құжаттарды тапсырмауға құқы бар.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет ету керек. Дүниежүзілік тәжірибеде қолдалынып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері бар.

 

Қорытынды

Салық – өркениет үшін төленетін төлем, оның қандай түріне болмасын жалтаруға жол бермеу бүгінгі күннің басты назарында болуы тиіс.

Салық белгіленген мөлшер мен мерзімде ақшаны жетілдіреді. Сонымен бірге мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетігі ретінде пайдаланады. Қазіргі кезде салықтардың 4 қызметі бар. Осы қызметтер арқылы мемлекет еліміздің салық жүйесін анықтайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құрамы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Салыққа салауатты көзқарас керек. Салық саясатындағы елеулі бетбұрыстар, өзгерістер Салық Кодексіндегі өзгерістер мен толықтыруларға енгізіліп отырады. Осымен бір мезгілде алдыңғы қатарлы шетелдерде салық базасы кеңейтіліп, салық жеңілдіктерінің саны азайтылды.

 Еліміздің нарықтық дамуы салық саясатын экономиканы реттеуге кеңінен пайлалануды қарастырады. Сонымен бірге биыл жеке табыс салығының ең жоғарғы ставкасы 30 пайыздан 20 пайызға дейін  төмендетілді. Әлеуметтік салық бойынша 21 пайыз ставка заң жобасында ең жоғарғысы 20 пайыз және ең төменгісі 7 пайыз мөлшерінде кемімелі шкала белгіленген. Қосымша құн салығы ставкасы 16 пайыздан - 15 пайызға дейін төмендетілді.

Сонымен мемлекетіміздің алдындағы тұрған міндет салық арқылы түсетін  түсімдерді реттеп, олардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені салық тек қазынаны  ғана толтырып қоймай, өндірісті әрі қарай дамытуда үлкен рөл атқарады.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Републикасының конститутциясы  2001ж, 18б.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің  жаршысы 2001ж. № 20, 17-24б.б.

3. Салық кодексі.  Алматы, «Юрист».  2001ж. 12б.

 

Негізгі әдебиеттер:

4. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақынова Ф.Н, Табаев Т.П.

    “Экономикалық теория”. Алматы, 1999 ж. 148-168 б.б

 5. Бисенғазиева М.Б. “Кәсіпкерлік негіздері”.  Орал, 2001 ж.105-110б.б

 6. Жүнісов Б., Мәмбетов Ү., Байжомартов Ү.,

     ″Нарықтық экономика негіздері″, Алматы, 1999 ж. 128-159б.б.

 7. Ермекбаева Б.Ж. “Жалпы мемлекеттік салықтар”. Алматы, 1997 ж.

8. Құлпыбаев Т. М. “Қаржы” Алматы, “Мерей”. 2005 ж. 210-230б.б.

9. Мәдешев Б.Ы. “Нарықтық экономика теориясына кіріспе”.

    Алматы, “Экономика”. 1995 ж. 35-57 б.б.

10. Мамыров Н.Қ, Тілеужанов М.Ә. “Макроэкономика” Алматы 2003ж. 378б.

11. Шеденов Ө.К., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А.

     “Жалпы экономикалық теория”, Алматы, 2000 жыл.

 

Мерзімді басылымдар:

12. Айрих Н.А. “Кәсіпорындағы салықтарды басқару”,

      Бухгалтерлік бюллетень 2004ж. № 8, 18-28 б.б.

13. Базарбекова К.Б. "Қосылған құнға салынатын салық",

      Бухгалтерлік бюллетень, 1999ж. № 2, 7-18 б.б.

14. Ғатауов Н.Б. “Акциздерге енгізілген  өзгерістер” Түркістан 2004, 1-сәуір.

15. Найманбайев Т.Қ. “Жеке табыс салығы” Заң 2005ж , 24-наурыз.

16. Сағымбеков Р.А.“Салықтық құқық” Қаржы-қаражат 2003ж. № 3, 38-49б.б

17. Таушов М.Т. “Қ.Р-дағы салық жүйесі” Орал өңірі 2005, 14-қараша.

18. Хайруллин С.У.“Салық міндеттемесі”  Заң 2006ж, 15-ақпан.

 


 



Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесі