Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 17:04, реферат

Описание работы

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ

Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың маңызы......................................................1 -6 бет

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жеңіл атлетика туралы түсінік ..............................................7- 12 бет
Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері....................................................................................13 - 27 бет

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................34-35 бет

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

kurs_5464.doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. 

 

 

 2.Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері

 

Дене шынықтыру жан –жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының  бірі. Оқушыларды қоғамдық пайдалы  еңбекке, өмірге бейімдеуде оқу-тәрбие жұмысында дене шынықтырудың алатын орны бөлек. Мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс-әрекеттерді орындауды, құлшына ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап етеді. Мектептегі дене шынықтырудың негізгі міндеттері:Денсаулықты нығайту, дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру. Бұл міндеттік дене шынықтыру, спорт жөнінен ұйымдастырылатын барлық жұмыс түрлеріндегі, негізгі міндет екенін педагогикалық ұжым мен әр мұғалім білуі қажет.  Мектеп жасы – балалардың жылдам өсуі және денесінің даму кезеңі болып табылады. Сондықтан мектеп барлық жағдайда, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет. Дене жаттығулары сабақтары ең алдымен адам ағзасына әсерін тигізе отырып денесін шынықтыру, денсаулығын нығайту міндеттерін жүзеге асырады. Сондықтан көптеген сабақтар таза ауада өткізіледі, ал жабық орында өткізілетін сабақтар қажетті гигиеналық талаптарды қажет етеді.  Бұлшық ет топтарының, тыныс алу, қан-тамыр жолдары, сонымен қатар ағзаның басқа мүшелерінің қызметін күшейтуде ойын, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғымен жүру жаттығулары ерекше орын алады.Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс минуттары, сабаққа дейінгі гимнастика, үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу, мектеп тазалығы, ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылардың тұлғасына, жүріс-тұрысына қарауы сияқты іс-шұаралар да қолданылады.Оқушылардың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді шешеді.Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушыларының жүйелі  және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді.Оқушылларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.Аталған міндет оқушыларға дене шынықтыру ждәне спорт жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене жаттығулары сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау, сонымен қатар бағдарлама бойынша барлық дене жаттығуларын дұрыс орындау.Мектепте, отбасында, қоғамдық ортада, балалардың өз бетімен дене жаттығуларын орындауы жаттығуды дұрысм орындау білімін, гигиеналық талаптарын дұрыс орындауға деген көзқарасын қалыптастырады.Дене шынықтыру сабағында санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің, мектептің барлық қызметкерлерінің  жеке басының үлгісі шешуші орын алады. Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде әңгімелесуі .үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтарда өткізуге болады. Балалар дене шынықтыру жөніндегі білімді дене шынықтыру сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады. Алынған білімді балалардың сабаққа деген қызығушылығын және саналы көзқарасын туғызады.

Мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдісі.

Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының  мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде  дене шынықтыру сабағында, отбасындағы  дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті  қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.

Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы  әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды  рөл атқарады. Б\алалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру-қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балаладың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету.Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын(күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту.Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады.  Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. Дене шынықтыру үрдісінде бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қөызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу. Мектептің міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек.Оқушылардың қоғамдық дене шынықтыруы белсенділік дайындығы, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру. Мектептегі дене шынықтыруы бұқаралық және спорттық сипатта. Дене шынықтыру сабағын сыныптан тыс дене шынықтыру жөніндегі жұмыс шараларын өткізуге мұғалімнге үнемі көмектесіп отыратын белсенді оқушылар қажет. Осы міндетті іске асыру үшін оқушыларға әр түрлі жұмыс тьүрлерін ұйымдастыру және өткізу тапсырмалары беріледі. Оқушылар арасынан сыныптағы дене шыны\қтыру  жұмыстарын ұйымдастырушы, топ басшысы, әділ қазылар, төрешілер сайланады.Дене шынықтыру белсенділерін дайындаудағы негізгі жағдай: тапсырманы нақты орындау, ұжымның, жолдастарының алдндағы жауапкершілігі болып табылады. Бұл жерде дене шынықтырудың  міндеттері өзара үйлесімділік қарым-қатынас арқылы шешіледі. Бұл міндет мектеп жасындағы балалар дене шынықтырудың жүйелі түрде орындалуы арқылы нәтижеге жетеді. Сондықтан бүкіл мектеп ұжымының біріккен жұмысында дене шынықтыру құралдары түрлерін, жұмыс түрлерін, дене жаттығуларын тиімді пайдалануда іске асады.Дене жаттығулары – мектептегі дене шынықтырудың өзіндік құралы. Оқушылардың дене жаттығуларымен айналысуы қимыл қозғалыс аппаратының дамуын, қан айналу, зат алмасу мүшелерінің, тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартады. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды іс жұзінде  қолдану жылдамдық, күш, қуат, икемдлілік, төзімділік қаситеттерін дамытып, табиғи қимылдар: жүру, жүгіру, тепе-теңдік сақтау, лақтыру, өрмелеу, т.б. жаттығулары жөніндегі дағдыларын нығайтады. Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс қолдану, іріктеп алу және өткізу әдістемесі маңызды орын алады. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде есептелінеді. Бала ағзасының жылдам өсуі мен бүкіл дененің өзгеру сапасы негізі ерекшелік болып табылады. Адамны\ң ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан ол дене бітімі үйлсімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына 2 кг салмақ қосып отырады. Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек тіндерінде минералды тұздар жеткіліксіз, сүйек өзінің икемділігі мен ерекшеленеді. Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті ұзаққа созбау, үлкен биіктіктен секіртпеу қарастырылады.Үлкенге қарағанда балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал, омыртқа қатаюы 14-15 жаста басталады. ОМыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ жағдайлар омыртқақызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста омыртқаның әр түрлі қисаюын ждиі кездестіруге болады.Балалардың бұлшық ет тіндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың денесінің жалпы салмағының 27% бұлшық ет тіні, ал 18 жаста -40% жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге  қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды жағдайларлда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет қызметінің жұмыс істеуінің  төмендегімен сипатталады. Әр түрлі бұлшық ет топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет.Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылаитын жұмыс түрлері Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:

-дене шынықтыру сабағы;

Күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі  жұмыстар; сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ баорысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі ойындар мен жаттығулар;

-сыныпиан және мектептен тыс   дене шынықтыру және спорт  жөніндегі жұмыстар;

-отбасында дене жаттығуларысмен  аналысу жатады.

Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтырумен айналысуы мемлекеттік  бағдарлама бойынша мұғалімнің, оқу жоспарына сәйкес, нақты белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі.Сабаққа қатысуға оқушылпрдың бәрі де міндетті, оқушылардың денсаулық жағдайы ескеріледі.Балалардың дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрін ұйымдастыру, дене дайындығының жан – жақтылығы, дене шынықтыру жөніндегі қажетті білім оқу сабақтарында қамтамасыз етіледі.  Оқушылардың күн кестесіндегі дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру маңызды орын алады. Жұмыстың негізгі түрлеріне: сабақ алдындағы ертеңгілік гимнастика, үзіліс кезіндегі ойын жаттығулар, сабақ барысындағы балалардлың шаршағанын басатын сергіту минуттары жатады. Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін арттыруға, анықталған  кейбір міндеттерді шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған.Дене шынықұтыруда жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа мектептегі және сыныптан тыс жұмыс түрлерінің алатын орны ерекше. Сыныптан тыс жұмыс түрлері мектептегі дене шынықтыру жайындағы оқу жұмысының мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Бұл жұмыс  түрлеріне ойындар, серуендер, саяхат, жорықтар, топтарда ұжымдық секция жұмыстары, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жолдары, жарыстар, спорттық мерекелер жатады. Сыныптан тыс жұмыс түрлерін оқушылар өз бетімен өткізеді.Дене тәрбиесіне арналған оқушылпрдың мектиептен тыс жұмыс түрлері білім беру бөлімдері, мектептен тыс мекемелерде, оқушылар сарайында, балалар спорт қоғамдарында, демалыс орындарында, стадиондарда, сырғанақ кешендерінде ұйымдастырылады.Мұндай шаралар балалардлың арасында дене шынықтыру және спотр жөніндегі әр түрлі жұмыс түрлерін кең көлемде дамытуға, гимнастика, спорт ойын және т.б. жаттығулар түрлеріне қызығушылықпен қарау қабілеттерін қал\ыптастырады. Сонымен қатар оқудан тыс бос уақыттарын, қысқы, күзгі, көктемгі демалыстарын ұтымды пайдалануына  көмектеседі.Балалардың дене шынықтырумен отбасында айналысуы маңызды орын алады, мысалы радио, телехабарлары арқылы гимнастикамен айналысу, таза ауадағы қимылды ойын, қысқы, жазғы сауықтыру шаралары.

 

 

Мектептегі  дене шынықтыру жөніндегі жұмысты  ұйымдастыру.

Мектептің барлық педагог  қызметкерлерінің міндеті – дене шынықтыру мақсаты, міндеттері, мазмұны, жұмыс түрлері жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және белсенді дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.

Мектеп директорының жауапкершілігі:

мектептегі дене шынықтыру  сабағын оқытуды дұрыс жолға  қоб, мектепиен тыс жұсыс формаларын ұйымдастыру, дәрігерлік топтардың жұмысын қадағалау;

мектеп оқушыларымен арнайы дәрігерлік топтар жұмысын ұйымдастыру, мектепте дене шынықтыру жөнінен  сабақ өткізуге қажетті жағдай жасау, спорт алаңын ұйымдастыру, жабдықтау, мектептің ішінен арнайы орын бөлу;

дене шынықтыруды оқуға және сыныптан тыс жұмыс түрлеріне қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету;

дене шынықтыруға арналған жұмыстың жүйелі түрде орындаоуын қадағалау, мұғалімнің өткізген сабақтарына қатысу;

дене шынықтыруға арналған оқу және сыныптан тыс жұмыс түрлері жоспарының орындалуын тексеру, бекіту;

мектептегі жалпы педагогикалық  қауымның, арнайы мұғалімдердің  білімдерін көтеріп отыру;

дене шынықтыру жөніндегі  жұмыстарды мектептің педагогикалық  кеңесінің жоспарына кіргізу  және талдау.

Дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыруды бастауыш мектеп мұғалімдері атқарады. Бастауыш мектеп мұғалімдері оқу жоспары бойынша бекіткен оқу кестесінің орындалуына, ұйымдастырылуына толық жауап береді.Жеңіл атлетика – бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары – тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс. Жүгіру  - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа – 100,200,400 м және 110м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800,1000,1500,2000,3000м жүгіру және 3000м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа -5000,10000,20000,42 шақырым 192м марафондық қашықтық және 50шақырым кросс(дала жарысы) жатады. Жүру-20 шақырым спорттық жүріс.Лақтыру- диск, найза, граната, балға, доп және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, үш аттап секіру. Жеңіл атлетикалық көпсайыс- көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар – жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы – жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданылады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдамен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек. Жүгірудің бірнеше түрі бар. Бірақ әрқайсысының жүгіру тәсілі  әр бөлек. Айталық, қысқа қашықтыққа  жүгіру үшін аяқты согншалықты адымдаудың қажеті жоқ. Жалпы жүгіру тек қана аяқтың алысына байланысты екенін білу керек. Ал ұзақ қашықтыққа жүгіргенде мүмкіндік болғанша аяқты алшақтап адымдауға мүмкіндік туады. Себебі, үнемі алдыға қарай яғни қысқа қашықтыққа жүгіргендегідей еңкейіп отыруға болмайды. Міне, жүгірудің осындай өзіндік айырмашылығы бар. Жүгірген кездедененің салмақ түсетін нүктесі өзгеріп отырады. Оның себебі сол, адамның итерілетін аяғына байланысты болады. Яғни, итерілетін аяғы қаншалықты серпілсе, дененің салмақ түсетін нүктесі соншалықты өз мезгілінде өзгеріп отырады. Адамның қолының қозғалысы, тек сол адамның салмақ түсетін нүктесіне байланысты қозғалып отырады. Міне, табиғи жағдайдағы қолдың қозғалысы да жүгіргенде үнемі жылдамдықты үдету үшін  аса ерекше рөл атқарады. Жүгіріп бара жатқанда біреу қалып жоғары сермеуә мүмкін, енді біраз қолының қимылын иық деңгейінен асырмайды. Бұл деген, жүгірудің айла-тәсілін меңгеруіне байланысты.

Жүру.Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші  -   жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге  болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей  көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды. Жүру табиғи қолданбалы жаттығу. Жүру механизмі қозғалысты тікелей реттеуші тері, бұлшық ет түйсіктеріне белгі беретін тітіркендіргіштер болып табылады. Жүрудің дұрыс дағдысын қалыптастыратын жаттығудың міндеті баланың тұлғасының біркелкі өсуіне, аяғын ілгері қарай икемділікпен басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді ұстауға тәрбиелеу болып табылады.Жүру кезінде бұлшық ет топтары, қызметке түсіп, тыныс алу, қан айналу жүйелерінің қызметін күшейтеді. Сапта жүру оқушыларды тәртіптілікті ұйымдастыруға көмектеседі. Мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге үйрету. Жүруге үйрету сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру кезінде арнайы ұйымдастырылады.Оқушылар жүруге дұрыс дағдылануы үшін, оларды 1-сыныптан бастап, қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге үйретеді. 1-сыныпта оқушылармен еліктеу сипаттағы жаттығулар қолданылады «қаздар қайтіп жүреді», «аюға ұқсап жүріңдер!» т.с.с.Жүруге үйрету барысында аяқтың ұшымен, еңкейіп, үлкен адыммен, бөксені жоғары көтеріп, тіркеме адымдар, аяқты қайшылап, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру ұсынылады. Бұл тапсырмалар әр түрлі екпінде орындалады. Дұрыс жүру: денені еркін ұстау; денені, басты тік ұстау; иық артқа қарай ашылған, қолмен аяқтың қимылдары еркін.

Жүруге бірте-бірте  үйрету әдістері:

еліктеп жүру әдісі

аяқтың ұшымен, еңкейіп, тығылып жүру.

аяқтың ұшымен аяқты  тік ұстап жүру

аяқтың сыртқы қырымен  жүру

қолды әр түрлі қалыпта  ұстап жүру(қол белде, иықта, баста, артта, арқада, алда, жоғарыда, жанда).

Қолды әр түрлі қалыпта  ұстап аяқтың ұшымен жүру.

Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып жүру.

Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып, қолды әр түрлі  қалыпта ұстап жүру.

Кең, еркінадым жасап, тұқлғаны дұрыс ұстап жүру.

Мұғалімнің санауы бойынша  ырғақпен жүру.

     Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен қолды шапалақтап жүру.

Информация о работе Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері