Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 17:04, реферат

Описание работы

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ

Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың маңызы......................................................1 -6 бет

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жеңіл атлетика туралы түсінік ..............................................7- 12 бет
Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері....................................................................................13 - 27 бет

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................34-35 бет

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

kurs_5464.doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Ұжымның санауы бойынша  ырғақпен жүру.

Екпінді өзгертіп жүру

Ені 20см белгілі сызық  арқылы жүру.

Бөксені көтеріп жүру.

Белгіленген сызықтың ортасымен  бөксні көтеріп жүру.

Аяқтың ұшымен бөксені  көтеріп жүру.

Аяқтың ұшымен белгіленген  сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.

Белгіленген сызықтың ортасымен  бөксені көтеріп жүру.

Үлкенадымдар жасап  жүру.

Денеге түсетін салмақты қолмен жасалатын қосымша қимылдар, сонымен қатар жүруді, жүгірумен  алмастыру, қосымша тапсырмалар  арқылы ұлғайтуға болады.

Мұғалім денеге түсетін салмақты әр сыныптың бағдарламасы арқаылы ұлғайтуға болады және соған сәйкес қолданады.

 Жүгіру. Оқушыларды дене шынықтыруға тәрбиелеуде жүгіру жаттығуларының алатын орны ерекше. Жүгіру табиғи қолданд\балы жаттығулар.Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үйлесімділігі, қайсарлық, табандылық қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығуларына үйрету барысында төмендегі міндеттерді шешу қажет: оқушыларды дұрыс жүгіруге үйрету, ағзаға гигиеналық әсер етуші құрал ретінде қолдану.Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстыру, бірінің артынан бірі жүгіру, қарама – қарсы жүгіру, тұлғаны дұрыс ұстап жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшелеп жүгіру, екпінді өзгертіп жүгіру, қарапайым кедергілерден жүгіру, жоғары мәреден жүгіру, ырғақты дем алу үйретіледі.Жүгіру жаттығуына үйрету барысында жеңіл атлетика ережесіне сай  «аяқты итеру», аяқты сермеу түсініктерін білуге үйретеді. Жүгіруге үцрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл,тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады.Жүру жаттығуларының дұрыс орындалуы техникасының негізі: жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы(денені тік ұстау немесе алға еңкею қолайсыз); бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді; итерілетін аяқ, аяқтың ұшына қойылады, итерілу кезінде толық түзіледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі; қолдың шынтағы бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдісте бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген. Бірінші сынып оқушыларымен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады, өз еркімен іскерлік дағдылпары жағдайына байланысты жүгіреді. Сондай-ақ, бірінші сынып оқушылары жүру мен жүгіруді әр түрлі қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі. Бірінші сынып оқушыларын жүгіруге үйрету барысында мұрын арқылы дем алуды қадағалау қажет. Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр 2-3 адымда дем алуын, сондай-ақ, дем алумен дем шығару сандар үйлесімдігімен тең келуі қажет.Сабақта ырғақты жүгіруге көңіл бөлу қажет. Ырғақты жүгіруге үйрету барысында мұғаліс сапты өзі бастап, жүгіру екпініне, ырғағына қажетті жағдайды ұстауды ұсынады.Оқушылардың еркін, жеңіл жүгіруі аяқтың ұшымен орындалады. Алғашқыда жүгіру бір бағытта, кейіннен жан-жаққа жүгіру ұсынылады.2 сынып оқушыларымен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде өткізіледі. Жеңіске жеткен балалар анықталмайды.3-сынып оқушыларымен жылдам жүгіру өткізіледі. Бұл жүгіру  түрлерін өткізу үшін жүгіретін жол 10-15м-ден 3-4 бөлікке бөлінеді. Бірінші бөліктегі оқушылар жай, екінші жылдам, үшіншщі-өте жылдам жүгіреді, содан кейін қайтадан жай жүгіреді, жй жүгіруді жылдам жүгіруге ауыстырады.Оқушылар жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергеннен кейін, жүруді жүгірумен алмастыра отырып, кедергшілерден өту әдісі қарастырылады. Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте-бірте түрленеді.Жоғары сөрені төмендегідей әдістер бойынша үйретеді:

А. Мұғалі көрсетеді және түсіндіреді;

Ә. Жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін көрсетеді, түсіндіріледі;

Б. Бұйрық барысында қандай қалыпты ұстауы;

В. 2-3 оқушыға түсінгенін көрсетуі ұсынылады;

Г. Сыныптағы барлық оқушыларға үйретіледі.

«Сөреге!» бұйрығы бойынша оқушылар сөрелік сызықтың алдына тұрадлы; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жарты адым артта, аяқтар бірінің артында бірі, «Көңіл аудару» бұйрығында денені алға сәл еңкейтіп бір қол бүгілген, екінші қол артта, аяқтар тізеден сәл бүгілген, бүкіл дене салмағы алда тұрған аяққа түседі. «Жүгіріңдер» бұйрығында оқушылар жүгіре бастайды. Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адым жылдамдыққа байланысты ұлғаяды.Оқушыларға бір қолға тіреліп сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл сөреге тұруда сол сөрелік сызықтан 20-25см қашықтықта қойылған, оң аяқ бірінші аяқтың артына 20-25см қашыққа аяқтың ұшымен қойылады. Бұйрық бойынша жүгіру басталады.

Бірте-бірте үйрету әдістері:

ойын барысында еркін  жүгіру.

15м арақашықтықта шағын  топтардың жүгіруі

көлемі 80-40см екі сызықтың ортасымен жүгіру

көлемі 60-80см жүгіру кедергілерден жүгіру

жүруді жүгірумен алмастыру. Жүру 50м дейін, 15м жүгіру, 20м жүгіру,15м  бірте-бірте жүру.

үлкен адыммен жүгіру

аяқтың ұшымен жүгіру

көлемі 40-50см жолақтан жүгіру

екі сызықтың ортасынан  аяқтың ұшымен жүгіру

көлемі 70-100 см сызықтың ортасынан  жүгіру

қолды әртүрлі қалыпта(белде, иықта, жанда,шынтақты бүгу) ұстап жүгіру.

қойылған заттар арқылы бағытты өзгертіп жүгіру

100метрлік қашықтықта  жүруді жүгірумен алмастыру

бөксені жоғары көтеріп  жүгіру

80-110см сызық бойынша  жүгіру

белгіленген арықтан  секіруді жүгірумен алмастыру

доптар арқылы екі, үш адым жасап жүгіру

жылдамдықта жүгіру: 10метр жай жүгіру, 15метр жылдам жүгіру, қалған 150метрде барлық күшін салып жылдам жүгіру, бірте-бірте тез жүгіруге ауыстыру

40метрге жылдамдықпен  жүгіру

150метрқашықтықта жүруді жүгіруге алмастыру

кедергілерден жүгіру

жоғары сөреден жүгіру

50 метрге жоғары сөреден  жылдамдықпен жүгіру

төбеге жүгіру, төменге  жүгіру

200 метр қашықтықта  жүруді жүгірумен алмастырып  жүгіру.

 Сөреден  жүгіріп шығу. Сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және жоғарғы сөре жағдайында тұрады. Төменгі сөре қысқа қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Жоғары сөре- орташа және ұзақ қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Төменгі сөреге бір адым алда, итерілетін аяқты артқа қойып сәл алдыға еңкейіп тұрады. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды.- қай аяқты алдыға , қай аяқты артқа қою керек. Адамның табиғи жағдайда бір аяғы сілтейтін де, екінші аяғы итерілетін болып қалыптасады. Бұл жағдай тек сөреде тұрғанда емес, секіргенде, лақтырғанда, демек жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларын дерлік орындағанда қолданылады. Әдетте  , жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың  әдісін   ақсы меңгерген болса , жылдамдықтан көп ұтады.Бұл деген жүгіріс  әдісін меңгерді деген сөз.Ал жоғарғы  сөре жүгіріс  әдіс-тәсілін  мңгеруге айтарлықтай   әсер ете қоймайды.Бірақ орта және ұзақ  қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреуқысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады:

белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000м) бір темппен жүгіріп  өту (бірнеше рет қайталау).

20-30 м қашықтықты өте  жоғары жылдамдықпен жүгіріп  өту. 6-8 рет қайталанады;

Соқпақ жолды  бір темппен  жүгіріп өту (1000, 2000, 3000м);

Белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту,

 Аяқтың өкшесімен  ғана жүру;

Жүреден отырып жүгіру;

Сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;

Қысқа қашықтыққа төменгі  сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20 ,30, 40м);

Қолды жерге тіремей  төменгі сөреден жүгіріп шығу;

Белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға  қарап жүгіріп  өту;

30-40 м қашықтықты екі  аяқтап секіріп жүгіру;

30-40м қашықтықты орында  тұрып секіріп өту,

30-40м қашықтықты жүреден  отырып жүріп өту.

 Секіру.Секіру табиғи, қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады.Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру.Секіру спорт алаңында, спорт залда өткізіледі. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері: спорттық аяқ киіммен секіру, секіріп жерге түсу барысында гимнастикалық төсеніштерге, спорт алаңында құм төселген жерпге түсу. Ұзындыққа, биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіру рұқсат етілмейді.Секіру жаттығулары техникасын меңгеру үшін алдын-ала дайындық жаттығулары қолданылады: бір орында секіру, бөренеге немесе гимнастикалық қабырғаға тіреліп секіру, аяқты жартылай бүгіп жеңіл секіру, отырып секіру, бір-біріне қарсы тұрып секіру, қолдарын ұстап секіру.

Ұзын-қысқа  секіртпелермен бір орында тұрып секіру. Секіру жаттығуларынан бір орында тұрып секіру ең тиімді дайындық құралы болып табылады. Бұл әдіс бастауыш сыныптың  барлық сыныптарында қолданылады.

Бірте-бірте үйрету әдісі:

қолды еркін ұстап  төмен, жоғары секіру

қолды арнайы қалыпта  ұстау, бір орында екі аяқпен секіру

бір аяқпен секіру

екі аяқпен алға қарай  жылжи секіру

бір аяқпен алға қарай  жылжи секіру

екі аяқпен оңға, солға  бұрылыс жасап секіру

бір аяқпен оңға, солға  бұрылыс жасап секіру

ілініп тұрған секіртпеден  секіріп отыру

айналып тұрған секіртпеден секіру

жүгіріп келіп, айналып  тұрған секіртпеден секіру

екі аяқпен айналып тұрған секіртпенің алдынан секіру

қысқа секіртпеден секіру

қысқа секіртпеден екі  аяқпен секіру

қысқа секіртпеден бір  аяқпен секіру, екінші аяққа ауысып секіру

бір орында тұрып, жұптасып ұзын секіртпеден секіру

айналып тұрған секіртпеден 90 градусқа бұрылып секіру

қысқа секіртпеден екі  аяқпен, бір аяқпен бір аяқтан екінші аяққа ауысып секіру

секіртпені артқа қарай  айналдырып секіру

Секіру жаттығуларының барлық түрлерін қолдың қалыптарын өзгертіп, жаттығудың қайталану санын ұлғайта алмастыруды күрделендіре отырып үйретуге болады.

Биіктіктен  секіру.Биіктен секіру итеру, серпілу, жерге түсумен сипатталады. Биіктікке секіру жаттығуларына үйретудегі дайындық жаттығулар бір орында секіру, алға секіру, жан-жаққа секіру, артқа секіру болып табылады.Оқушылар дайындық жаттығуларын меңгергеннен кейін гимнастикалық орындықтан секіруді өткізуге  болады. Биіктіктен секіруді қосымша тапсырмалар аврқылы күрделендіруге болады:серпілубарысындағы бұрылыстар, алақанды шапалақтау,т.б.Оқушылар секіру жаттығуларының техникасын меңгергеннен кейін бірте-бірте биіктік деңгейі ұзартылып отырылады.Бірте-бірье үйрету әдістері:

1. бір орында жеңіл  жерге секіріп түсу

2.Қолды алдын –ала  артқа қойып, алға қарай жеңіл секіріп түсу

3. оңға, солға жеңіл  секіріп түсу

4.40см биіктіктен секіру

5. Бір орында жеңіл  секіріп түсу: аяқтың ұшына тұру, қол алда – жоғарыда; аяқтың  табанымен толық тұру, қол алда, төменде, артта, сәл алға еңкею,  секіріп түскен кезде денені тік ұстау.

6. Алға секіріп түсу

7. Алақанды шапалақтап  алға секіру

8.60см биіктіктен оңға, солға, артқа жеңіл секіріп  түсу

9.60см биіктіктен секіру

10. Биіктіктен секіру, тепе-теңдік сақтап отырып қалу  қалпын сақтау

11. 80см биіктіктен жерге  дұрыс секіру әдісін сақтап секіру

Биіктікке секіру.Биіктікке секіру мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарында қарастырылған. Алғашында оқушыларды «аяғын бүгіп» тік жүгіріп келіп секіру әдісінен бастайды, содан кейін «аттап»секіру техникасна ауысады.Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгірентін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады. Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі – «аттап» секіру, екіншісі – алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі –«шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғары көрсеткішті – «шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат –итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.Биіктікке секірудің әдіс-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды орындауға болады:

-орында тұрып сілтейтін  аяқты көтеру;

3 адым жерден келіп  сілтейтін аяқты көтеру;

7-9м жүгіріп келіп  аттап секіруді бейнелеп көрсету;

Үлкен ағаш аттан жүгіріп  келіп, көлденеңінен секіріп өту;

Кермеден алдыға қарай  сүңгіп секіріп өтуді бірнеше  рет қайталау;

Орында тұрып жоғарыдағы тұрған затқа секіру;

Жүрелеп отырғаннан бірден секіріп тұруды бірнеше рет қайталау;

Жүгіріп келе жатып, әрбір  екі адымнан кейін үшіншісінде  жоғары секіріп жүру жалғасады. Бұл  жүгіріс стадионда екі-үш айналым  бойында жалғасады.

Үш-төрт адым жүгіріп келіп, бірте-бірте үйрету әдістері:

20см биіктіктен еркін  секіру

2-3 адым жүгіріп келіп,  белгіленген жерден жеңіл секіріп  түсу

биіктігі 40см тақтайдың  үстінен секіру

4-5 адым жүгіріп келіп,  секіру барысында аяқты бүгіп  секіру

биіктікте ілінген заттарға қол тигізіп секіру

алақанды шапалақтап секіру

биіктігі 50см заттардан  секіру

 жеті адым жүгіріп  келіп, белгіленген жерден секіру

ілулі затқа басты  тигізіп секіру

биіктікке оңға, солға  бұрылып секіру

 биіктігі 40см заттардане  секіру

мұғалімнің тапсырмасы борйынша 60см биіктікке белгіленген аяқ бойыншва секіру

биіктігі 70см заттардан  секіріп өту.

Ұзындыққа секіру.Ұзындыққа секіруде де биіктікке секірген сияқты итерілетін аяқ белгіленеді. Жүгіріп келген бетте итерілетін белгіден өтіп кетпес үшін, яғни, итерілетін аяқпен дәл түсу үшін жылдамдық алатын қашықтықты 15-20 адымдай өлшеп алады.Ұзындыққа секірудің екі түрлі жаттығуы бар. Бірінші, аяқты «бүгіп» секіру. Екінші, аяқты «қайшылап»секіру. Аяқты «бүгіп» секіргенде, ең әуелі аяқты жоғары көтеріп биіктікке секіре, содан кейін аяқты бауырға тарта  алдыға созып жеткен жерімізге түсу.Бүгінгі күнде ұзындыққа секірудегі ең жоғарғы көрсеткішті осы «қайшылау» тәсілімен секіріп орындап жүр. Бұл тәсілмен секіргенде спортшы жүгіріп келіп итерілген бетте мүмкіндік болғанша биіктікке секіруге тырысады. Содан осы ауа кеңістігіне жеткен кезде алдыға қарай аяғымен жүрген сияқты бейнелі адымдар жасайды. Осылайша, ұзындыққа секіргенде алысқа түседі. Орында тұрып ұзындыққа секірудің негізгі тәсілі, тек мүмкіндік болғанша секірген кезде екі қолдың жоғары сермеген қарымы ғана пайдаланылады.Ұзындыққа секірудің әдіс-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды орындауға болады:

Информация о работе Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері