Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 17:04, реферат
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
КІРІСПЕ
Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың маңызы......................................................1 -6 бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жеңіл атлетика туралы түсінік ..............................................7- 12 бет
Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері....................................................................................13 - 27 бет
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................34-35 бет
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
орында тұрып екі аяқтан 100 м қашықтықты секіріп өту;
100 м қашықтықты сыңар аяқпен жүгіріп өту;
Жүгіріп келе жатып,
әрбір 10 адым өткенсайын бар
мүмкіншілікпен итеріліп
Серіппеден жоғары
секіріп, ауа кеңістігінде
Кіші ағаш аттан
жүгіріп келіп, таянбай
Жұгіріп келе жатып, әрбір екі адымнан кейін үшіншісінде жоғары секіріп жүру жалғасады., Бұл жүруді стадионды 2-3 айналым бойында орындауға болады.
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру. Бір опрында тұрып ұзындыққа секіру 2-сыныптан үйретіледі. Бұл секіру жаттығуларында аяқты итеру екі аяқпен бір уақытта орындалады. Секіру техникасы: Тік тұру, аяқ қатар қойылған; аяқтың ұшына көтерілу, бір уақытта қолды алға жоғары көтеру; бірден төмен, алға жоғары, қол қимылдарын жасау, екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. Серпілу барысында аяқ алға қойылады, жерге түсу барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда.
Бірте-бірте үйрету әдістері:
Екі аяқпен жерге еркін секіріп түсу
екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру
жартылай отырып ұзындыққа секіру
жарт ылай отырып ұзындыққа секіру, қол артта
қолды дұрыс ұстап секіру
аяқты дұрыс ұстап секіру
жерге дұрыс секіріп түсу
алысқа секіру
Лақтыру. Лақтыру (найза, граната, диск, доп, т.б.) жаттығуларының орындалу әдіс-тәсілі негізінен бірдей болып келеді. Солай бола тұрса да, әр жаттығуды орындаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы лақтырған кезде спорт жабдығының алысқа түсуі оның бастапқы жылдамдығына және оның ұшып шыққан бұрышының кеңдігіне байланысты екенін білу керек. Мысалы, қандай жағдайда да бойы биік адамның лақтырғаны бойы аласа адамдікіне қарағанда алысқа түседі. Бірте-бірте үйрету әдістері:
Допты лақтыру. Қағып алу
Допты бастан лақтыру. Б.қ: - лақтыратын бағытқа қарап тұру, сол аяқ алда, оң аяқ артта, аяқтың ұшымен тұрады, оң қол алда, доп бас деңгейінде ұсталады. Осы қалыптан дененің салмағын толық оң аяққа түсіреді. Бір уақытта оң қолды бастан асырып денені сәл артқа бұрады, содан кейін бүкіл дененің салмағын сол аяққа түсіріп, тік тұрады, бірден қолды алға жоғары қимылдата отырып допты лақтырады.
екінші қолмен жоғарыда аталғандай орындалады.
допты көлденең тұрған межеге лақтыру
допты бастан межеге биіктігі 2метр арақашықтығы 2метр жерге лақтыру
допты бір жанымен лақтыру
допты2-3метр биіктіктегі жіптен асырып лақтыру
биіктігі 2-2,5 метр, 3-3,5 арақашықтықта бір бүйірлей тұрып лақтыру
бірте-бірте арақашықтықты ұзартып межеге лақтыру
допты немесе басқа заттарды алысқа лақтыру
11.үйретілген әдіс бойынша допты алысқа лақтыру.
Граната лақтыру. Гранатаны ұстағанда төрт саусақпен қысып ұстап, шынашақты бос қалдырады. Сонда гранатаны лақтырғанда ол қолдың бағытымен кетеді. Әдетте, құралды лақтырған кезде міндетті түрде сол аяқпен итеріледі, оң жамбас алдыға бұрылады.Гранатаны міндетті түрде жүгіріп келіп лақтыру керек. Сонда ғана жоғарғы нәтижеге жетуге болады. Ол үшін тағы да қандай қашықтықтан жүгіріп келуге болады деген сұрақ туындайды. Соның ішінде 4 адым қалғанда лақтыратын – «адым» деп есептеледі. Себебі, лақтырушы осы лақтыруға дайындалып келеді. Қолды артқа қарай созып, денені алдыға бұрып гранатаны лақтыруға дайындайды. Ең соңында сол аяқты жерге тіреген кезде гранатаны лақтырып жібереді.Граната лақтырудың айла-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды орындауға болады:
сол аяқпен алдыға аттап, гранатаны жанға түсіріп ұстап тұрып, содан кейін қолды артқа қарай көтеріп иықты айналдыра, бастан асыра алдыға сермеп гранатаны лақтыру;
осы жаттығуды гранатасыз-ақ бейнелеу ретінде қайталауға болады;
гранатаны ұстап жүріп, жүгіріп келіп бейнелеу түрінде орындау;
орында тұрып гранатаны бастан асыра лақтыру;
граната лақтырудың айла-тәсілін жетілдіру мақсатында, орында тұрып тас лақтыру, теннис добын лақтыру арқылы да жаттығуды үйренуге болады;
иық буындарының қозғалмалы қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық таяқшамен иықты артқа-алдыға айналдыратын жаттығулар орындау;
шынтақ буынының созылмалы қасиетін жетілдіру үшін салмағы бар тасты кеудеден лақтыру;
шынтақ буынының созылғыштық қабілетін жетілдіретін жаттығулар орындау.
Ядро итеру.Басқа құралды лақтырумен салыстырғанда ядро итеруді орындаудың өзіндіке ерекшелігі ьар. Ең әуелі ядроны алақанға ұстай білу керек. Одан кейінядроны үстіңгі жағынан иықтың үсті мен иектің астына қойып, астыңғы жағынан қолмен ұстап тұрып алдыға итеру арқылы жаттығуды орындауға болады. Бастапқы қалыпта ядроны иыққа алып лақтыратын бағытқа артпен қарап тұру. Содан кейін, сол тұрған бағытта алдыға еңкейіпоң аяққа тұрып, сол аяқты жоғары көтеріп бір аяқпен секіруге дайындалу. Одан ары 2-3 адым оң аяқпен алдыға секіріп(сөренің белгіленген алаңынан шығып кетуге боломайды) белгіленген сөре алаңының шетіне келіп, кеудені алдыға бұра ядроны алдыға қарай итереміз.Ядро итеру жаттығуының нәтижесінен жету – күш-қуаттың жетілуіне ғана байланысты. Ядро итерумен шұғылданатын адамдар күш-қуаты мол, сұңғақ бойлы келеді.
Ядро итерудің айла-тәсілін үйрену үшін мынандай қосымша жаттығуларды орындауға болады:
-артпен, құралды лақтыратын бағытқа қарап тұрып кенеттен өте тез қозғалып ядроны итеру;
Осы жағдайда, бір аяқтап тұрып итеру;
Ядроны секіріп келіп орындайтын жаттығудықұралсыз орындау;
Ядроны иыққа ұстап тұрып, алма кезек аяққа тұрып секіру;
Екі қолмен ядроны доп қаққандай кеудеден итеру;
Ядроны жоғары лақтырып қағып алу.
Найза лақтыру. Найза лақтыру – негізінен, барлық айла – тәсілі граната лақтыруға ұқсағанымен өзіндік ерекшелігі бар. Әдетте, найзаны лақтыратын адам оң қолымен орындайтын болғандықтан, лақтырған кезде міндетті түрде сол аяқпен итеріледі. Оң жамбас алдыға бұрылады.
Спорттық нәтижеге жету
үшін найзаны жүгіріп келіп
Найза лақтырудың
айла-тәсілін үйрену үшін
сол аяқпен алдыға аттап тұрып, қолды төмен түсіріп найзаны ұстап тұрып, содан кейін иыққа көтеру. Найзаны иықтың үстіне ұстап тұрып, қолды мүмкіндік болғанша артқа созып, найзаның ұшын аздап алдыға қарай еңкейеді.
Ос ыжаттығу найзасыз-ақ бейнелеу ретінде орындалады;
Найзаны иықтың үстіне ұстап жүріп содан кейін алдыға сермеу, бірақ лақтыруға болмайды. Сонда жаттығудың дұрыс-бұрыс орындалуы анықталады;
Орында тұрып найзаны бастан асыра лақтыру;
Найза лақтырудың айла-тәсәлін үйрену үшін қосымша жаттығулар орындалады(тас, доп,т.б. заттарды лақтыру);
Найза лақтыруды үйрену үшін, ең әуелі иық буынының созылмалы да күш-қуатты болу үшін арнаулы жаттығулар орындалады;
Сондай-ақ, шынта буыны созылмалы да күшті қуатты болу үшін арнаулы жаттығулар орындалады.
Жеңіл атлетика
сабағындағы қауіпсіздік
қысқа қашықтықта тек өз жолымен жүгіруі керек;
төменгі сөреден шыққанда басқаға тиіп кетпеу;
жүгіріп келе жатып кілт тоқтап қалуға болмайды;
жалпы жеңіл атлетикамен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқ киім киіледі;
ұзындыққа, биіктікке секіретін жердегі шұңқырдағы құмды немесе ағаш үгіндісін қопсыта алу;
спорт құралдарын лақтыру бағытында тұруға болмайды;
балғаны темір тормен қоршаған арнаулы орыннан ғана лоақтырады. Темір тормен қоршалған сөре орны болмаса, балғаны лақтыруға болмайды;
лақтырған ядроны қағып алуға болмайды. Ядроны лақтырған кезде оның жерге түсіп кетунен сақтану керек;
сабақ жүріп жатқанда жүгіретін, секіретін,лақтыратын алаңдарды кесіп өтуге болмайды;
лақтыратын адамның оң жағында тұүруға болмайды. Оның артында тұру керек. Спорт құрвлын рұқсатсыз алуға болмайды.
Жауынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият құрғатып, сүртіп алып отыру керек;
Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды,
Сабақ барысында жаттығудың қандайы болсын, тек мұғалімнің ғана нұсқаумен орындалады;
Жарыс жолында бара жатқанда бір-біріне кедергі жасауға болмайды;
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытады.
Информация о работе Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері