Диплом журналистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 20:00, дипломная работа

Описание работы

Әлеуметтену мен бір уақытта ететін процесс - инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз - әлеуметтік тәжірибесін меңгеру болса инкультурация дегеніміз - индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетін, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдерінде адам әрекетені рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып мүмкін. Адам мәдениетін табыспен игерсе, оның әлеуметтік жетікті деп айту дұрыс емес және керісінше. Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген казіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Файлы: 1 файл

Диплом журналистика.doc

— 396.50 Кб (Скачать файл)

2. Кәсіптік этиканың  екінші міндеті – шыншылдық  және объективтілік. Журналист еңбегіне қойылатын негізгі, маңызды талаптардың бірі – ақпараттың шыншыл, әділ болуы. Қызметкері өзі жария еткен хабар-ошары арқылы өмірдің көрінісін жасайды, бұл көрініс шындыққа сай болу үшін, журналист болған оқиға, фактіні сол күйінде, өңін айналдырмай, өзгертпей, еш нәрсе қоспай оқырман, көрермен, тыңдарманға жеткізуге тиіс. Сонда ғана адамдар орын алған өзгерістер, құбылыстар туралы нақты түсінік ала алады. Әрине, фактілер, жағымды да, жағымсыз да болады, сол себептен шыншыл, әділ болу оңайға түспейді. Бірақ, журналист мамандығы осыны талап етеді, демек журналист фактіні іріктеу, бағалау, өңдеу, тарату кезінде объективтілік принципін басшылыққа алуға тиіс. БАҚ-та міндетті түрде пікір алалығына жол берілу керек.

«Тура биде туған жоқ» дегендей, журналист болған жайға, фактіге  әділ көзбен, шыншылдықпен, ешқандай бөтен  ықпалсыз қарап, салқынқандылықпен  таразылау керек. Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет етеді, соған жауап береді, сондықтан ол белгілі бір топтың, таптың мүддесін емес, бүкіл қоғамның мүддесін көздеуге тиіс. Журналистің қоғамдық маңызы бар ақпаратты жасыруға, фактіні біреудің пайдасына бұрмалауға құқығы жоқ. Демократиялық жолға түскен мемлекетте фактіге, жаңалыққа деген көзқарас өзгеше болады. Сөйтіп, журналист шыншылдық пен объективтілік міндетін басшылыққа алу керек.

3. Журналистік этиканың  тағы бір маңызды міндеті –  ар-ұяттылық. Осы міндетке сәйкес журналист арлы, ұятты болуға тиіс. Материалды жарияламас бұрын ол фактіні мұқият тексеріп, хабарларды өте дәл етіп, ыждахатпенен даярлау керек. Құжаттардан және басқа да ақпарат көздерінен алынған хабар, жаңалықты журналист қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Америка журналистеріне берген кеңестерінде Лоуренс К. Бопре, «Уэстчестер Роклэнд ньюспейперз» газеттер тобының вице-президенті әрі атқарушы редакторы, былай деп жазады: «Кез-келген ақпаратқа сенімсіздікпен, күдікпен қараңыз. Оны екі рет тексеріп алыңыз. Америка газеттерінің редакцияларында мынадай мәтел бар: «Ақпаратты туған анаңыз хабарласа да, тексеріп алыңыз…» [5].

Шындығында, журналист, алдымен, фактіні тәптіштеп тексеріп алуы керек. Өйткені, фактілерді бұрмалау, ешбір дәлелі жоқ пікірлерді жария ету, ойдан шығару, өтірік ақпаратты тарату сияқты нәрселерден аулақ жүріп, арына кір келтірмей, ұятқа қалмау керек. Кемшілік, қате жіберіп қалған жағдайда журналист міндетті түрде газет, журнал, телевизия не радио арқылы кешірім сұрап, кемшілікті мойындап, теріске шығаратын материалды жариялауға тиіс.

     4. Журналист әдептілігінің бір міндеті – адалдық. Осы міндетті шын мәнінде орындайтын журналист ешқашан да өзінің қызметі беретін мүмкіндіктерді жеке басының немесе туған-туыстарының мүддесі үшін пайдаланбайды. Қандай жағдай болмасын, БАҚ-ты лайықсыз мақсаттарға жету үшін, өзіне ұнамаған азаматтарды қудалау, олардан кек алу үшін пайдалануға жол берілмеуге тиіс. Сонымен қатар, журналист оқырман, көрермен, тыңдарман, кейіпкер алдында адалдықты сақтауға тырысу керек. Кей кездерде журналист сұхбат жүргізген уақытта кейіпкерге уәде беріп, одан оның жеке басының құпиясы болып табылатын ақпаратты алады, ал кейін бұл уәдені орындамай, хабарды жария етеді де, кейіпкерді қатты ренжітіп алады. Кейде кейіпкердің өзі берген сұхбаттын танымай қалатын жағдайлар да болады. Журналистиканың беделін түсіретін нәрселердің бірі – плагиаттық. Адалдық міндетіне қайшы келетін әрекеттердің бірі – оқырман, көрермен, тыңдарман атынан материал, хат жариялап, кейіпкердің айтқан сөзінен бір үзіндіні ғана бөліп алып жариялап, оның айтқан ой-пікірінің өңін айналдырып, бұрмалау. Осының бәрі БАҚ беделін түсіріп, журналистерге деген сенімсіздік, сыйламаушылық туғызады.

5. Жеке адамның ар-намысы  мен мәртебесін қадірлеу –  журналист парызы. Журналист өз  қызметін атқару барысында адамдардың  құқықтарын қорғап, адамның жеке басын құрметтеуге тиіс. Адамдардың жеке құқықтарына Конституцияда кепілдік берілген: «Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас құқығын ең қымбат қазына дап таниды және өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады» немесе: «Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды» [6].

Кез келген журналист  қоғам үшін қызмет етіп, оның жеке азаматтарын  сыйлауға міндетті, өз қызметінің объектісі  болған адамдардың ар-ожданы мен адамдық  мәртебесін қадірлеуге, олардың жеке өміріне араласпауға тиіс. Миллиондаған аудиториясы бар, ықпалы өте зор баспасөз, телевизия мен радио арқылы жеке адамдарға тіл тигізіп, жала жабудың келтірер зияны өлшеусіз. Даулы мәселелер туралы жазғанда журналист өте сақ, әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған азаматтар жөнінде ақпарат жариялаған кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы болғаны дұрыс. Баспасөз зерттеушісі В.М. Теплюк бұл туралы былай жазады: «Журналист ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге, кінәсы анықталмаған адамға кір жұқтырмауға тырысу керек» [7].

6. Жалпыадамзаттық құндылықтарды  құрметтеу. Осы міндетті басшылыққа  алған журналист адамгершілік, бейбітшілік,  демократия, әлеуметтік даму, адам  құқықтарын бірінші орынға қояды, соны дәріптейді. Журналист мамандығының мақсат-мұраты туралы В.М. Теплюк мынадай пікір білдіреді: «Журналист үшін ең маңыздысы – азаматтылық, адамдардың өмірін жақсартуға тырысу» [8]. БАҚ арқылы журналист ядролық соғысты, ұлттар арасындағы араздықты болдырмауға, адамзат үшін маңызы зор экологиялық мәселелердің шешімін іздестіруге, дамудың төменгі сатысында қалған елдерде етек алған кедейлік пен түрлі ауруларға қарсы күресуге, тарих және мәдени ескерткіштерін талан-таражға салмай, қорғауға атсалысуға тиіс. 
      7. Журналистердің басшылыққа алар келесі міндеті – кәсіби ынтымақтастық. Журналист әрдайым өз мамандығының беделін көтеруге ұмтылу керек. Бұған жету үшін журналистерге моральдық, материалдық жағынан жағдай жасалуы тиіс. Материалдық жағынан тәуелсіз қызметкер шын мәнінде ерікті болады.

Бүгінгі журналистің  кәсіби этикасы алдында мынадай  басты міндеттер тұрғандығы белгілі:

1. Қоғамға қатысты  барлық құндылықтарды сақтап, қорғау. Барлық жағдайда азаматтық дұрыс көзқарастар қалыптастыру.

      2. Демократиялық тұрғыда халықаралық және құқықтық заңдылықтарды, ортақ қабылданған этикалық-моральдық заңдылықтарды сақтау. 
      3. Кез-келген адам баласының ар-ұяты мен намысына сыйластықпен қарап, өзін-өзі тәртіпті ұстау.

Журналист кәсіби этиканы  қашанда құрметтеуге, оны аяқ асты етпеуге тиіс. Жазған жарияланымдары қаншалықты сәтті шығып, ел ықыласына бөленген сайын ол соншалық кішіпейіл, елгезек, адал бола түсуі керек. Себебі, журналист мамандығының бір ерекшелігі, ол үнемі елдің көзіне, халықтың бақылауына болатындығында. Оқырман журналистің жазған әрбір мақаласына баға беріп отырады. Оның жазған дүниелерінен менменсіген, мақтанған сыңай байқалса автордың өзінен бұрын оқырман дереу сезіп қояды. Біреу болмаса да біреулер сырттай бақылап отыр дегенді журналист естен шығармауы керек. Сондықтан журналист адам өзінің жеке басының мүддесін ешқашан да қоғамдық, халықтық ортақ мұраттан жоғары қоймайды.

Өз міндеті мен жауапкершілігін  терең сезіне білу, іскерлікті, кішіпейілділікті, мәдениеттілікті қастерлеу –  журналистің кәсібіне, күнделікті қызметіне әбден сіңісті болған этикалық қасиет болып табылады. Адал әрі әділ болу – журналист этикасының ең бір игі қасиеті. Өмірдің объективтік шындығын көпке жеткізуші, сол арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырушы, төртінші билік иелерінің ешқашан да өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға қақысы жоқ. Бұл екінші жағынан журналист этикасының да қастерлі қасиеті болып табылады. Қазақта «Айтпаса сөздің атасы өледі», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген тамаша сөздер бар. Бұл адал журналистің қашанда ұстанатын қағидасы іспетті болуы қажет.

 

                 1.4 Саяси журналистер кәсіби этикасы              

 

Бүкіл əлем бойынша заңгерлердің жұмысын баспасөзде жазатын көптеген журналистер жұмыс істейді, алайда олар ұстанып отыруға тиіс əдеп мінез-құлық кодексі жоқ. Парламенттік жəне саяси журналистердің басын біріктіретін жəне дүние жүзіндегі барлық газеттер мен БАҚ тарапынан сөзсіз қолдау табатын, ешқандай халықаралық ұйым да жоқ.. Егер кездейсоқ ең атақты деген барлық мықты саяси журналистер кенет, халықаралық конференцияда кездесе қалғандай болса, олар «таңдаулы машық» ережелерінің тарауларын талдай алмас еді.

Бұл ең алдымен мынаған  байланысты, журналистика халықаралық  бірегей стандарттарға ие емес. Белгілі бір дəрежеде Журналистиканы – шындап келген де мамандық деп те атауға болмайды. Көптеген елдерде бұл салада кəсіптік біліксіз, арнайы дайындықсыз да журналист болу- мүмкін. Журналистерді қандайда бір кəсіптік ұйымға да жатқызу қиын, жəне бұрыс əрекет жасалған жағдайда, , олар журналист болу құқығын жоғалтамын деп, қобалжудың да қажеті жоқ. Журналистиканың көптеген жəне əр түрлі бағыттары бар. Бір бағыттағы журналистің жұмыс стилі, екінші- салада жұмыс істейтін репортер үшін мүлдем жарамсыз болуы мүмкін. Мысалы, қандайда бір саяси партияны қолдаушы газеттің репортерлері, табиғатынан бетарап əрі обьективті болуға тиісті теледидардағы репортаждардан мүлдем өзгеше тарихи хикаялар жасап шығарады.

Журналистиканың екі  бағыты да маңызды саналады, алайда оларды бір стандарттың қалыбына салып бағалауға болмайды.

Тіпті, журналистер журналистика бағыты бойынша бірегей деп саналатын  түсінік ойлап тапқанымен, оларға  «таңдаулы машық» мəселесі бойынша бір пікірге келу өте қиын болады. «Таңдаулы» сөзі этикалық сыпайлықты білдіре ме? Немесе, мəселе неғұрлым тиімділік туралы ма? Кейбір мамандықтар үшін бұл шектеу оншалықты маңызды емес, өйткені олар үшін бұл ұғым бір мағына білдіреді. Хирург «таңдаулы машыққа» сүйенгенде, оның мақсаты адам өмірін

сақтап қалу саналады. Неғұрлым этикалық құлық, осыме бір  қатарда əрі неғұрлым тиімді де болып саналады. Алайда, журналистикада бұл екі принциптің арасында əр қашан үйлесімділік бола бермейді. Кейде журналистер этикаға жат əдістеріді қолдана отырып, өте жақсы мақалалар жазады. Осылайша, халықаралық журналистикада жұрттың бəрі бірдей келісе кететін, ең таңдаулы деген нұсқаулық жазу мүмкін емес. Алайда, бұл  жайлы біз айтатын əңгіме осымен таусылды деген сөз емес. Өмірлік нанын парламентарийлер мен саясатшылардың, президенттердің жұмысын жазуымен тауып жүрген жəне басым көпшілігі мойындап, соларды ұстанатын негізгі-басты принциптер де жоқ емес. Тіпті, жалпыға бірдей «дұрыс жауап» дейтін анықтама болмаған күннің өзінде, журналистер назарға алып отыруға міндетті мəселелер бар.

Журналист шындықты айтуға міндетті. Бұл принциптің, қайкезде болмасын репортерлер үшін жазылған барлық кəсіптік кодекстерде жазылуы мүмкін. Лондондық «77? Times» бұл талапты 1952 жылы жазылған белгілі мақаласында қалыптастырды. Онда, журналист парызы бұл – қоғамдық оқиға жайлы неғұрлым жаңа əрі неғұрлым шыншыл» ақпарат алып, кейін «осы ақпаратты қалың бұхараға мейлінше тез жеткізу». Əр жолы журналистер газеттер үшін мақала жазып, немесе материалдарын интернетке жайғастырғанда немесе телдидарлық сюжет жасағанда тап осы жұмысты жүзеге асырады.

Олар жұртшылық үшін арналған жаңалықтарды таратады. Бұл өте маңызды сəт, өйткені, бұл бізді бүкіл дүниежүзі журанлистерінің басым көпшілік дауысымен қабыданған, екінші негізгі принципке алып келеді. Ең маңызды міндет, олар өз шығармашылығы арқылы компанияға немесе ұйымдар мен жеке адамдарға емес, өз оқырмандары не көрермендеріне қызмет ету болып саналады. Өз жұмысы арқылы компанияның, ұйымның немесе жеке тұлғаның ілгері жылжуына ықпал жасайтын мамандар да бар, алай да олар журналист емес. Оларды жарнама жөніндегі мамандар деп атайды.

Егер журналистиканың ролі шындықты жазуға келіп тірелсе, онда парламеттік  жəне саяси журналистер ерекше міндетті атқарады. Демократиялық қоғамда жүйе, тек онда саяси репортерлер жұмыс істеген жағдайда ғана ықпал ететін болады. Егер футбол ойынының комментаторлары заңнан тыс қалып қойса, ол да онша маңызды емес.

Жанкүйерлердің ашу ызасы туады. Алайда командалар сол бұрынғыша  футбол ойнап, жанкүйерлер сол бұрынғыша олардың ойынын көруге келе береді, мүмкін , тіпті нəтижелер де өзгеріссіз қалуы.

Демокартиялық саясаттағы басқа бір  ситуация. Адамдар саясаткерлерді заңдар қабылдау үшін сайлайды, саясаткерлерге билік берілген, өйткені оларды сайлаған халық. Осы процесс «жұмыс» істеу үшін адамдар өздері солар үшін дауыс берген саясаткерлер туралы ақпаратты білуі тиіс. Олар бұл ақпаратты тек баспасөзден ғана ала алады. Егер олар саясаткерлердің атқарған істерін, немесе олар нені жоспарлап жатқанын білмесе, онда олар үшін аналарға дауыс берудің мəні жоғалады. Мына ойды өз сөзінде АҚШпрезиденті Томас Джефферсон айтқан: «Егер маған газеті бар не газеті жоқ үкіметті таңдау керек болса, мен ешбір толқусыз алдыңғысын қалаған болар едім».

Алайда журналистика деген- оқиғаларды шыншылдықпен жазу болса, онда журналистер айыр-ықша проблемамен қақтығысады. Өмірдің кейбір салаларында шындықты айыру өте оңай. Футбол ойынының срңында əдетте ойынның нəтижесі туралы проблема көтерілмейді. Ал саясатта айтылған немесе істелген нəрселердің бəрі интепретация үшін ашық деуге болады. Соданда барлық елдерде саясаткерлер əсіресе, жақсы хабарларды жарқырата беріп, жаман хабар туралы үнсіз қалу дағысын шебер меңгерген. Нəтижеде «шындықты айту» əр қашан да оңайға түсе бермейді.

      Жақсы парламенттік журналист болу үшін қандай қасиеттердің болуы қажет? Бұл сұраққа анық жауап жоқ. Кез-келген журналистің күшті əрі əлсіз жағы бар. Ақпаратты жылдам таба алуға шебер репортерлер əдетте оны жазуға онша мықты емес. Британ журналисті Николас Томалин бірде, журналистикада табысқа жетуге қажетті деген бірден бір қасиет: «жағымды мəнер, шамалы ғана əдеби талант жəне тышқанның қулығы» керек деген. Бұл жақсы бастама.

Парламентарийлер мен  саясатшылардың қызметі туралы жазатын  журналистер, белгілі бір дəрежеде осы саланың эксперттері болуға тиіс. Барлық маманданған журналистер секілді олар да тəржімашы ролінде де жұмыс істеуге мəжбүр. Парламенттердің көбінде, бұл саладан тыс адамдар үшін түсінуі қиын прецедуралар бар. Кейде олар тіпті таныс емес терминдерді де қолданады. Репортерлер оқиғаны бақылай біліп, кейін олар туралы оқырмандар үшін түсінікті тілде баяндауы тиіс. Үкімет пен шенеуніктер де өздерінің «жаргондарын» қолданады, ал саяси журналистер оларды «аудара» білуі керек.

Журналист егер оның ережесін білмесе  ешқашан футбол туралы жазуға ұмтылмайды. Саясатта да осы принцип «сақталуы» керек.

Алайда, бұдан қорықпау керек, əрбір  адам парламенттік процесс ережелерімен таныса алады.

Информация о работе Диплом журналистика