Диплом журналистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 20:00, дипломная работа

Описание работы

Әлеуметтену мен бір уақытта ететін процесс - инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз - әлеуметтік тәжірибесін меңгеру болса инкультурация дегеніміз - индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетін, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдерінде адам әрекетені рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып мүмкін. Адам мәдениетін табыспен игерсе, оның әлеуметтік жетікті деп айту дұрыс емес және керісінше. Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген казіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Файлы: 1 файл

Диплом журналистика.doc

— 396.50 Кб (Скачать файл)

     «Эфир» - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны». Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.

      «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.  
Пейджер. Біржақты, соған қарамастан, кері байланыстың ең тиімді түрі. Эфирлік студиядағы пейджерге көрермендердің жүргізушіге айтқан тілектері, жолдаған құттықтаулары келіп түседі, ал жүргізуші жауапты тікелей эфир арқылы береді. Респубикалық деңгейдегі телеарналарда жүретін тікелей эфир хабарлары қазір пейджерді пайдаланбады. Өзіміз күнде көріп жүрген Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасындағы «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасында пейджердің алатын орны ерекше. Көптеген құттықтаулар мен тілектер, сауалдар, кейбір ұйымдастырылған ойын жауаптары пейджерге толассыз түсіп жатады. Телефон желісі бос болмағанда пейджер көрермен үшін көп көмегін береді.

      Телефон. Телефон желісіндегі көрерменмен кері байланыс қазіргі заманғы тележурналистикада кеңінен қолданылуда. Телефон арқылы құттықтау жолдайды, тыңдағысы келген әндерін сұрайды, шақырылған студия қонағына өзін мазалағын сауалын қояды. Және соның бәрі тікелей эфирде өз дауысымен айтады, бағдарламаға қатысып отырған қонақпен тілдеседі, өз пікірін білдіріп, ой таластыруға мүмкіндік алады. Жүргізушілер ескерер тағы бір жайт, телефон шалушы көрермен ә дегенде тікелей эфирге дауысым естіліп тұр деп ойламайды немесе мен оларды естіп тұрмын, олар мені тыңдап отырған жоқ деп ойлайды. Сол себепті қайта-қайта «алло, алло» деп біраз уақытты алады. Онымен қоймай, дауыс естілмей тұр деп теледидардың дауысын барынша жоғары қояды. Мұның салдарынан эфирде шыңылдаған жағымсыз шу пайда болады. Тәжірибелі жүргізуші мұндай кезде бірден хабарласушымен амандасып, теледидардың дауысын сәл бәсеңдетіп қоюуды өтінуі шарт. Олай етпегенде телефонның арғы бетіндегі көрерменмен бергі бетіндегі жүргізушілер бір-бірін естімейді. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, кей жағдайда көрермендер тарапынан жүргізушілерге деген жағымсыз пікір, былапыт сөздер айтылып кетуі мүмкін. Мұндай келеңсіздікті эфирге жібермеу үшін телефонда кезекшілік етіп отырған қызметкер сақ болғаны жөн. Ол хабарласқан адамнан не айтпағын, қандай сауал қоймағын егжей-тегжей сұрауы шарт. Егер оқыстан біз айтқандай жағдай бола қалса, жүргізуші ештеңе болмағандай жайбарақат, тіпті естімегендей күй танытқандары дұрыс.  
Соның бәрімен қатар, көрермендердің ұтыстарға, алуан түрлі телеойындарға қатысуы да интерактивтілікке жатқызуға болады. Әлбетте, телеойын жеңімпазының сыйлық алу үшін телеарнаға келуі дәстүрлі құбылысқа айналған. Бұл көрермен мен журналистерді жақындастыра түседі. Ал бұқара үшін жұмыс істейтін БАҚ өкілдеріне, нағыз журналистке көрермендердің алғысы мен рахметін алғаннан асқан бақыт жоқ. Бұл тек сол жүргізушінің беделін өсірмейді, бұл журналист қызмет ететін арнаның рейтингінің өсуіне ықпал етеді. Сонымен, қазіргі заманғы теледидардағы интерактивтілік біздің қоғамымыздағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарын үйлесімді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті туғызушы фактор – телевизиядағы кері байланыс процесі.

    Телевизияның адамзат баласының бір-бірімен негізгі қатынас құралдарының біріне айналғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осы мерзім аралығында оның теориясы мен тәжірибесі, атқаратын функциясы, қоғамдағы қызметі жайлы жан-жақты, толымды зерттеулер жүргізілуде. Алайда теледидардағы «кері байланыс» процесі туралы ғалымдар әлі де бір тоқтамға келе алмай келеді. Оған себеп, кері байланыс процесінің уақыт өткен сайын аудитория мен студия арасын түрлі қырынан жақындастыра түсуінде болып отыр. Зерттеуші Ю.А. Щерковин «ақпараттық маңызға ие, хабарлар процесі мен «белгіні сезім арқылы қабылдау» - деген анықтама береді. /3.59 б./.  
Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік қатынасында маңызды рөлді телевидение атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым болы

 

1.3 Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі мен   эфир мәдениеті

 

Баспасөз құралдарының өзге түрлерінде жарияланатын сұхбаттарымен салыстырғанда телевизия интервьюінің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Телесұхбатта журналист пен респондент басты рөл атқаратыны белгілі. Оның сыртында эфирден тыс олардың әңгімелерін даярлап жарыққа шығаратын шығармашылық топ, техникалық қызметкерлер тұрады.

Телесұхбат тікелей  және жазылымдық (запись) деген екі  түрлі формада эфирге шығарылады. Оның өзін ішінара ток-шоу және ақпараттық сұхбат деген екі негізгі топқа  бөлуге болады. Ток-шоу белгілі бір  мәселені арнайы тақырып бойынша көтеріп, оны негізгі көздер арқылы анықтайды және ішкі сырларын ашып, халыққа түсіндіруді мақсат етеді. Ал, ақпараттық сұхбаттың мақсаты – оқиға, көріністер жайында ресми ақпарат көздерінен мәселенің мәнін нақтылайды, тақырыпты жан-жақты айшықтайтын сұрақтар арқылы көрерменге кең мағлұмат беруді мақсат етеді (Юровский А.Я. Основы телевизионной журналистики. с.68-88).

Алайда, тақырып түрлерінің қандай екендігіне қарамастан телесұхбат жасаушы журналист өз командасымен яғни, оператор, режиссерлерімен қоян-қолтық жұмыс істеуге тиіс. Себебі, сұхбат жүргізу тізгіні журналистің қолында болғанымен команданың өзге мүшелеріне телехабардың мазмұнын, маңыздылығын түсіндіріп алдын ала пысықтап қоймаса жазылым барысында түсінбестіктің туындауы ықтимал. Оның өзі телесұхбаттың сәтті шығуына көлеңкесін түсіруі мүмкін. Сондықтан, телесұхбат басталмай тұрып, журналист, оператор, режиссер үшеуінде де тақырыптың мазмұны жайында нақты әрі біртұтас ұғым қалыптасқан болуға тиіс.

Телевизия сұхбаттары ақпараттық немесе проблемалық ток-шоудың қай түрінде өтсе де, мейлі, тікелей эфир ме жазылымдық па дегеніне қарамастан қойылатын талаптар ортақ. Олай болса, сұхбат тақырыбы, мазмұны мен маңыздылығына қарай журналист пен респонденттің интервьюге қатысты бейне сюжеттерін қалай түсіруді, оларды сұхбаттасу кезінде қандай сәтте эфирге қалай шығаруды телережиссер шешеді. Сюжетке лайықты музыка, дауыс, дыбыс жағын дыбыс режиссері мен операторлары продюсермен, режиссермен ақылдаса отырып реттейді. Осындай шығармашылық топтың  идеялары ортақ мүддеге тоғысып, бір жерден шыққанда ғана телеөнім толыққанды түрде көрермен қауымның сұранысын өтей алады.

Журналистің кәсіби шеберлігі  сұхбат барысында елеулі рөл атқарады. Тележурналист сұхбаттасушы тұлғаның эмоциясын, қойылған сұрақтарға реакциясын толық сезінумен қатар жауаптарын да мұқият қадағалап, негізгі тақырыптан ауытқыған жағдайда сыпайы түрде басты арнаға салып отыруы қажет. Себебі, эфир уақытын үнемдеу және көрермен қауымның арнайы бөліп отырған уақыт зая кетірмеу, маңызы төмен бос әңгімеге жол бермеген абзал Журналистің жүргізген сұхбаты тартымды болуы үшін ол сөз болып отырған тақырыпты респонденттен де артық білген, алған мағлұматы мол болуға тиіс. Жалпы сұхбат берушілер де талқыланатын тақырыпты терең білетін журналистермен қатынасқанды артық көреді. Себебі, олардың арасындағы сұрақ пен жауап тергеу ісі емес, нағыз іскер, білімдар адамдар арасындағы терең талдау, түсінікті сараптама сипатында болуға тиіс. Сонда ғана ол жанды әңгіме-дүкенге айналады. Ал, ондай сұхбатты көрермен де тұщынып көреді.

Егер сіз шынайы әрі  барлық жағынан тепе-тең түсетін  репортаждар мен жаңалық сюжеттерін үнемі жасап жүрген журналист  болсаңыз сұхбат жүргізуде аса қатты  қинала қоймайсыз. Егер журналист этикасын жиі бұзатын, енжар, тұрлаусыз қайдағы  бір жазарман болса онда камера алдына респондент әкеліп әуіреленбегені абзал.

Қазіргі заман журналистері үшін негізгі талаптардың бірі белгілі  бір мәлімдеменің, ақпараттың нақтылығын растайтын тетік бар ма, жоқ  па дегенді алдын ала болжай алуы. Халық бәрін білуге құқылы және құпияланған дүниенің сырын ашуға тіпті құмар болып келеді.

Сондықтан, телевизия  жаңалықтарын, репортаждарын, сұхбаттарын  дайындайтын туындыгерлер кәсіби этика  мен жауапкершілікті терең сезінуге тиіс. Алайда, практикада қайшылықтар  туындап жатады. Қандай бір тосын оқиғалар, апат, қайғылы жағдайларға ұшыраған адамдар мен оны көзбен көрген жандардан сұхбат немесе синхрон алу қажеттілік туады. Осындай қиын кезде нені қалай көрсетуді, ақпарат көзін сұхбат барысында мәселеге қай жағынан қалай келуді журналист лайықты шешуі керек болады. Репортерлік топтың ортақ ойлары мен мақсаттары әрине, бұл жерде айтарлықтай маңызды. Соның ішінде топты басқарып жүрген журналистің кәсіби шеберлігі, дарын-қабілеті, қоғам мен көрермен қауымның мүддесін сезіне білетін түйсігі көрініс табады.

Қызықты жаңалықтың соңында  жүрген журналист кейде өзгенің  бақыты мен қайғысын, жеке бас құпиясын түсінуден қалуы да ғажап емес. Сондықтан әрдайым оқиғаны телевизия  көрерменінің көзқарасы тұрғысынан екшеп, мәселені кең арнада, тепе-теңдік жағдайында көрсеткен абзал. Журналистің миссиясы мен мақсаты шынайы жағдайды жеке көзқарасына сүйенбей бейтарап түрде хабарлау екендігін ұмытуға болмайды. Себебі, журналист заңдылықты орындаушы немесе шындықты, дұрыс пен бұрысты тағайындаушы емес. Ал, біздің «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» ұлттық арнасы секілді шығармашылық ұжымдар бейтараптылыққа әлі бейімделе алмай келеді. Оған мысал ретінде таяуда өткен сайлауалды науқан және Жаңаөзен қасіреті тұсындағы олардың әрекеттерін еске түсіруге болады.

Жалпы сұхбат беруші белгілі бір қайғы-қасірет шеккен жандар болса, апатты еске түсіргісі келмеуі, ешкіммен тілдеспей оңаша қалғылары келуі мүмкін. Ондай жағдайға да журналист құрметпен қарауға тиіс. Сонымен қатар қайғысын өзгелермен бөліссе жеңілдеп, шерін тарқатып алатын адамдар да кездеседі. Осындай жайлардың бәріне журналистер асқан сезімталдықпен қарап, біліп бажайлап отырулары қажет. Көрермен де өз кезегінде осындай қасіреттерді тікелей болмаса да олармен жанама түрде бөлісетіндігін естен шығармауға тиіспіз.

Күн, түн демей ашып-арып жүріп түсірген бейне сюжет туындыгер, әсіресе оператор үшін аса құнды дүние. Сонда да оның себеп, салдары айқындалмаған шикі күйінде болса ол бейне сюжет түкке тұрмайтын бірдеме болып қала береді. Ал, мәселенің мәнін аша түсетінғ маңызын арттыратын сол сәттегі көрініс бейне камераға түсірілмей қалған болса тағы өкінішті. Сондықтан, тележурналист пен оператор бір адам іспетті қоян-қолтық жұмыс істеуге тиіс.

Ақпарат көзінен алынып отырған сұхбаттың тақырыбы  неше жерден қызықты болса да журналист пен респондентті ғана эфирде алма-кезек  көрсетумен ғана шектелу телесұхбаттың сапалық талабын қанағаттандыра алмайды. Оны телевизияның өзге техника, технологияларын пайдаланып қызықты формамен байытып отырған дұрыс болады. Алайда, байытудың жөні осы екен деп тым шұбарлап, эффектілеп, дауыс, дыбыстармен орынсыз әшекейлеу тағы орынсыз.

Телекөрермендер әңгіме тақырыбының мазмұнын, оқиғаларын өз көздерімен көріп, ішкі сырларына терең  бойлауды қалайды және оны тележурналистен  үнемі талап етеді. Оларға толыққанды мағлұмат беру үшін тәжірибелі әрі білікті журналистер тақырыпқа қатысты оқиғаларды, респондентке қатысты бейне сюжеттерді алдын ала түсіріп дайындап қояды.

Оқиға өтіп  жатқан өңірден сұхбат жүргізіліп жатқан болса, тақырыпқа қатысты мәселенің бейне түсірілімдері алдын ала дайындалған болғаны тиімді. Мұндай материалдар сұхбатты қызықты ете түсумен қатар кейбір маңызды тұстарын ешбір түсініктемесіз-ақ аудиторияға өзі жеткізеді.   

 Проблема көтерген  сұхбат барысында журналист респондентінің  айтқан сөзін, жасаған мәлімдемесін шындықтың шыңырау шегі деп қабылдаудан сақтануы қажет. Тіпті ол ресми тұлға болған күннің өзінде ол ақиқаттың жалғыз жаршысы емес. Журналист аудиторияның яғни, халықтың өкілі екендігін ұмытпауға тиіс. Сол себептен алдын ала жасалған зерттеулерге сүйене отырып, көрерменнің білгісі келген барлық сауалдарын дөп басып сұхбат беруге қоя білгені дұрыс.

Негізі респондеттің сөзі ғана көрерменге қызықты әрі  маңызды. Ал, журналистің жеке көзқарасы, түрлі түсіндірмелері, бос сөздері  керісінше, телекөрерменнің төзімін таусатынын ұмытпауға тиіспіз. Бұл әрине, сұхбат тізгінін респондентке беріп қойып, соның ығына жығылу, жетегінде кету деген сөз емес.

Телесұхбатты жүргізгенде  журналистен кәсіби шеберлік, терең  білім мен біліктілік,  эфир мәдениеті талап етіледі. Жазылымдық (запись) сұхбат кезінде кеткен қателіктерді монтаждауға, жөнге келтіруге болады. Ал, тікелей эфир кезінде журналист үшін ондай мүмкіндік жоқ. Сонысымен де зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, көрермен қауым эфирдегі бағдарламаның тізгінін ұстап отырған тележурналистің кәсіби шеберлігіне, білімі мен пайымына, жеке мәдениетіне қарап тек тұлғаның өзіне ғана емес, күллі телевизия ұжымына баға береді және қазіргі заманның қоғамдық талабын түсінеді, үлгі өнеге алады.

Информация о работе Диплом журналистика