Диплом журналистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 20:00, дипломная работа

Описание работы

Әлеуметтену мен бір уақытта ететін процесс - инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз - әлеуметтік тәжірибесін меңгеру болса инкультурация дегеніміз - индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетін, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдерінде адам әрекетені рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып мүмкін. Адам мәдениетін табыспен игерсе, оның әлеуметтік жетікті деп айту дұрыс емес және керісінше. Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген казіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Файлы: 1 файл

Диплом журналистика.doc

— 396.50 Кб (Скачать файл)

Көптеген адамдар аяқталмаған  сөйлемді қолданады. Олар үзіліс қайталау үзінділеу жасайды. Репортерлер газеттегі əлде–кімнің сөзіне сілтеме жасағанда олар толық грамматикалық дұрыс жазылған сөйлемдерден цитата келтіруді ұнатады. Журналистер цитаталарды редактірлейді жəне өзгерістер енгізеді. Олар бос жерлерді толтырады, сөздерді ауыстырады қайталанбас үшін. Принціпінде өзгеріс сөздің мəні мен мағынасына қатысты болмаса осылай етуге болады. (Мысалы егер Сіз өте қарапайым сөзбен сөйлейтін адамның интервьюін жүргізіп жатсаңыз, оның айтқандарын күрделендіруге болмайды).

Алайда бұл əдіс өте жоғары лауазымды адамның сөзіне сілтеме жасағана мүлдем жарамсыз. Премьер министр немесе Президент сөйлеп жатқанда əрбір нюанс маңызды, дұрысы олардың сөзін сол күйі жеткізгені жақсы.

Саяси журналистерге  болашақ оқиғалар жөніндегі пікірін  айтуды өтінеді. Мысалы, олар мəжіліс басталды деп хабарласа, мүмкін оның бітуі жайлы комментарий беру қажет болады. Бұл жерде барлығы дұрыс. Шын мəнінде олар аталған мəселе бойынша хабардарболса, олардың пікірі оқырмандар мен көрермендер үшін өте пайдалы болуы мүмкін. Алайда журналистер фактіні хабарлау мен болашақ жайлы болжам жасаудың арасын анық бөлуге тиіс. Олар мұны арластырмау керек. Егер олар əлде – қандай оқиға болу мүмкін десе, олар осы ақпарат көзін көрсетуі тиіс. Оларға бұл туралы кім хабарлады:

Министр ме əлде шенеунік пе немесе бұл журналистің болжамы ма.

Кез- келген саяси репортер жоғарыдағы проблемалармен тұрақты  кездесіп тұрады. Əдетте репортерлар жеке жұмыс істемейді, олар газетте немесе телевизиялық компанияларда жұмыс істейді, сондықтан журналистің мінез құлқы туралы шешім ұйымның өз ішінде коллективті түрде қабылданады.

Мінез құлықтың біріңғай ережесі жоқ. Алайда бұл барлық əдісті қолдануға болады деген емес. Егер саяси журналистер өз жұмысын нашар атқарса, олар парақорлыққа батқан əлсіз саясаткерлерге өз сайлаушыларын алдауға мүмкіндік береді. Егер журналистер өз міндетін дұрыс атқарса жақсы саяси жетекшілік гүлденіп дамыйтын ақуал жасайды.

Эндрю Спэрроу

Британиялық саяси журналист  жəне «Белгісіз шежіре» кітабының  авторы.

 

 

 

 

 

                                                                     ІІ.Эфир этикасы

 

1.1 Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті

 

Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым  саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады.  Еңбексүйгіштілік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы  алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті.  Өйткені журналистің кәсіби мамандығы – мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын.  Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сан-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналист өз борышын адал атқаруы тиіс.

Қазір телеарналарда  тікелей эфирде өтетін ток-шоулар көп.  «Шоумен» деген ұғым қазақстандық көрермендер санасына еніп үлгерді. Әзірше шоумендікке актерлер тартылуда. Бір жағынан ол да дұрыс шығар. Бірақ актер журналист емес. Ток-шоуды жақсы жүргізіп шығу емес, онда көтерілген басты тақырыпты аша білу керек. Өйткені «ток-шоу-таза журналистік шығармашылық». Оның үстіне тікелей аудармасы – «әңгіме-думан». Әңгіме сұхбатқа қаралады. Ал сұхбатты тек арнайы мамандығы бар журналист қана өз деңгейінде жүргізе алады. Сұхбат сәтті шығу үшін журналистке қойылар талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиялық тұрақты болу керек. Ал актерлер тек жазып бергенді ғана оқып шықпай ма? Сондықтан ток-шоулардың көбінің жасанды шығып жататыны сол. Шоумен-актерлердің кейбірі ғана импровизациялық қабілеттеріне сенеді. Солардың ішінде Қазақстан халқына жақсы таныс ресейлік Леонид Якубович пен Дмитрий Нагиев, Николай Поречников. Якубовичтің шектен тыс қуақы қылықтары мен Нагиевтің «дау-дамайындағы» арнайы қимылдары сырттай жарасымды сияқты, бірақ көрермендер оны жай қалжың ретінде қабылдаса керек. Шоумен-әртістер біздеде бар. 2ОО1 жылы НТК арнасында тікелей эфирде «Саз сандық» атты интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жүрді. Эфир билігін қолына ұстаған Нұрлан Албан сөзінің мағынасыздығымен және ойының шұбалаңқылығымен көрермендерді ығыр ететін. 2003 жылы Қазақстан Ұлттық арнасында таңертеңгілік «Таңсәрі» бағдарламасына да жүргізуші болып Нұрлан Албан шықты. Әртіс, әнші ретінде халыққа танылып жүргенімен, шоу-мен, тікелей эфир жүргізушісі ретінде еш қырын көрсете алмады.  Әрине, актерлік шеберлік журналистің бәріне бітпейді. Бірақ оған үйренуге, үйретуге болады. Тіпті алысқа бармай-ақ көрші Ресейдің тіршілігіне көз салсақ жетіп жатыр. Оларда тіпті репортерларға дейін актерлік шеберлікті меңгеруде. Өйткені Москвада арнайы тележүргізушілерді дайындайтын институт бар. Онда актерлік және журналистік шеберлік деген пән оқытылады. «Әдемі қозғалыс» деген пән бар екен. Ток-шоуларды дайын актерлерге жүргіздіре бергенше, осындай бір шеберлік мектебін бізде де ұйымдастыруға болады. Шоумен – журналиске керек басты қасиетердің бірі- тіл мәдениеті. Ал тіл мәдениетінің өзі көп аспектілі түсінік. Жақсы тіл-дұрыс, қарапайым, мәнерлі болу керек. Тіл мәдениетіне де арнайы үйренеді. Жоғарыда айтылған тележүргізушілердің институтына жетекшілік ететін белгілі тіл стилисі Светлана Макарованың алдына тілдерін дұрыстауға тіпті саясатшылар мен депутаттарға дейін келеді екен. Ол институтта сөйлеу техникасы, эфирде сөйлеу шеберлігі деген сабақтар жүргізіледі. 

          Теледидардың басқа өнер түрлерінен негізгі артықшылығы миллиондаған адамның назарын өзіне аудара білуінде. Осы артықшылық, яғни, жаман-жақсы танымдылық оны басқа өнер түрлерінен бөле-жара ерекшелендіріп тұрады. Ақпарат арнасының кез келген бөгеуді жарып өтер ең қуатты ағысы болғандықтан теледидар мен интернет салаларының ана тілімізде сауатты түрде игерілуі ең маңызды мәселе. Қазіргі күні тәубә дейік, телеарналардың тілі біраз «түзеліп» қалды. Бірақ әлі де болса кей хабарларды бірден сөйлеу мәдениетінің төмендігі көзге түседі.  Оларды мынандай басты екі түрге бөлуге болады: «тіл бұзарлық»-журналистің тіл маманы ретіндегі сауатсыздығы және сөйлеу техникасының негізгі заңдылықтарын білмеуден, әрі туа біткен тіл мүкістігінен сөздің анық айтылмауы. Бір қызығы, «тіл бұзарлардың» көпшілігі ауылда, қазақи ортада өскендер. Олар сөздің әуелі орысша баламасын тауып, қазақшаға аударады. Осыдан келіп, «орын алып отыр-имеет место», жұмыс орнын жоғалтып алды-потерял рабочее место», ағымдағы жылы-в текущем году», «күтілуде-ожидается», «өз жұмысын бастады-начал свою работу», «өз кезегінде-в свою очередь», «белгілі болғандай- как стало известно», «нәтижесінде-в результате», «болып табылады-является» деген сяиқты «шедеврлер» шұбырып кете береді. Сөзді мағынасына қарамай, кез келген жерге қыстырып жіберетініміз тағы бар. Тағы бір «ауру» орынды-орынсыз мақалшылдық, ұйқас қуып тақпақтап кету. Тіл мәдениетіне қатысты журналист Ғалым Боқаш мынандай тамаша пікір айтады. «Осы «болып табылады» деген жасанды күрделі етістік бірте-бірте  қазақ тілінде есім сөзден кейін міндетті түрде ағылшынның to be етістігінің баламасына айналып кететін тәрізді. Келесі ғасырдың әліппесінде «мынау-бала, анау-дала» деген сияқты тіркестер «мынау бала болып табылады, анау дала болып табылады» немесе «сіз мұғалім болып табыласыз» деп жіктеліп тұрмасына кім кепіл? Бірақ ортаңқол тележүргізушінің, я тележурналистің кемшілігі лексико-синтаксистік ауытқуларда ғана жатсажақсы ғой... Шетелдік, қала берді өзіміздегі орыс тілді салмақты ақпарат құралдарынан байқағаным, әр салаға бөлек мамандандырылған кәсіпқой журналистердің көптігі». /9.6 б./.

Соңғы жылдары қазақ  тіліндегі телехабарларда үндестік заңының бар екені мүлдем ұмытылған  сияқты. Дауыс ырғағы мен өзін-өзі  ұстау қабілетін, әртістігі мен  қимыл-ишара өнерін жетік меңгерген  қазақтілді талантты тележурналистер мен жүргізушілердің аздығы жоғары оқу орындарындағы тіл маманы болып шығатындар, әсіресе, телевидение, радиоға баратындар дұрыс сөйлеудің қыр-сырын үйрететін, қарапайым ақпараттық мәтіннен бастап, көркем шығарманы дұрыс оқуға машықтандыратын мамандардан дәріс алуы керек. Ал ондай мамандар саны республикамызда бір қолдың саусағындай-ақ. Сол сияқты тележүргізушілердің арасында еліктеу де басым. НТВ, ОРТ- ның белгілі жүргізушілерінің сөйлеу нақышы, қимылдарының көлеңкесі кейбір тележурналистерімізден көрініп тұрады. Тілдің бұзылуына тосқауыл қоюдың бір жолы-журналистерді жыл сайын аттестациядан өткізу. Ілгері ұмтыламын деген адамға бір жыл деген көп уақыт. Эфирге шығатын адамдар жан-жақты сұрыптаудан өтуі тиіс. Халық алдына шығар ұл-қыздар тіл тазалығымен бірге «бұдырайға екі шекелі, қарақат көзді» дегендей ұлттың эстетикалық талғам биігінің белгісіндей кескін-келбеті келіскен, бүгінгі күн адамы да болғаны керек. Лос Анджелесте Теледидар мен Кино өнері ададемиясы бар. Сол сияқты алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде телехабарларын өнер туындысына айналдыра білген шебер жүргізушілер мен режиссерлер жетерлік. Қазақстандық теледидарды өнер ортасына айналдыру үшін әлі де жетпей жатқан тұстар көп. Мұның себебін тележурналист Асылбек Ықсан былай түсіндіреді: «Өнер шабыттан туады. Журналистер де осы шабытану құпиясына қалай қаныққанына байланысты бірі ала, бірі құла болып келеді.Мәтіндерді «қара жаяу» оқып беретіндер де бар, тақырыбы, жанры сәт сайын өзгеріп отыратын әр қилы ақпараттардың ішіне кіріп, әр оқиғаны көз алдынан өткізіп, өзі көре отырып, ой елегінен екшеп, «пісіреп» бере алатын журналистеріміз бар. Осындай журналистердің арқасында теледидар өнерге айналады деп айта аламыз. Батыстың даңқты, ақшалы артистері қолдары босай салса психо-физикалық жаттығуларға кіріседі. Сондықтан да олар көңіл-күйлерін қалаған кезде сынапша сусытуға үйреткен. Бұл тікелей эфирде жұмыс істейтін тележүргізушілер үшін таптырмайтын құрал. Тележүргізушінің де күн сайын кәсіби шеберлігін шыңдап отыратын жаттығулары болуы керек. Сонда кешегісін бүгін қайталау, бір ізді шиырлай беру болмайды. Бүгінде бұрынғыдай біреудің жазғанын мәнерлеп оқып беріп отыратын дикторлардың заманы өтті. Қазіргі дикторлар- бағдарламаның авторлары. Тележүргізушілерді әртістік шеберлікке қатысты кино мен театр актерларына қарап тағы бағалауға болмайды. Актерлер белгілі бір мектептен өткен, жан-жақты кәсіби дайындығы бар адамдар. Тележүргізушілер де өзінше образ жасайды. Актер қаншама кейіпкер бейнесіне кіргенімен, актер мен образ ешқашан бірігіп кетпейді, арасында саңылау қалады. Кәсіби тележүргізуші де экраннан көрінер бейнесін ой-қиялында сомдаған идеалдық бейнесіне бағыттап, күнбе-күн қырлап, сырлап отырады. Тележүргізушілер актерлердей емін-еркін қимыл-әрекет жасай алмайды, экранға «байлаулы». Бұл ішкі дайындықты, жалғыз ғана бет-әлпет қимылын игеруде үлкен шеберлікті талап етеді. Тележүргізушінің бір артықшылығы осында. Экран алдындағы көрерменді өңменінен итеретін олқылықтардың бірі-журналистің қимыл-ишарасының тақырып желісінен бөлек «сөйлеуінде». Бізде көбінесе бар салмақты сөзге салып, ал қимыл-ишара айтылған ойды долбарлап қайталаумне шектеледі. Ақпараттың  6О пайызы қол, көз, бет-жүз, дене қимыл нишаралары арқылы жететініне ескерсек, қазақ теледидарына осы жан-жақтылық сырын кәсіби тұрғыда ұғындыра алатын мамандар ауадай қажет. Жест- адамның темпераментіне байланысты- флегматик холериктің қимыл-әрекетіне еліктесе, өз мінез-құлқынан тумаған соң ол Марк Твен айтпақшы, «сарафан киген түйенің тайраңдағанындай» әсер қалдырады. Сөз өнері мен қимыл-ишара өнерінің қыр-сырын меңгерген адамды шын «жұлдыз» деп мойындауға болады». /10.5б./. Біз озық технология дәуірінің тамаша мүмкіндіктерін пайдалана алмай, бойымызда бар асыл қасиетті, ұлттық болмысымызды жаңа жүйемен қабыстыра алмай жатқан сяиқтымыз. Сондықтан да кез келген салада жалықпай, жаңылмай ұлттық үнімізді үздіксіз іздеп, жоқтап, тауып отыру бұлжымас парызымыз. Үн- көңілдің айнасы. Үннің бояуы ішкі жан сарайдан хабар береді. Сіздің мінез-құлқыңызды, кім екеніңізді үніңіз айтып тұрады. Жер бетінде қанша адам болса, сонша үн бар. Дауысыңызды қанша құбылтқаныңызбен жүрегіңізде не жатқанын үніңізден білуге болады, үн алдамайды. Біздің үніміздің бояуы, екпін-ырғағы ұлттық аспаптарымыздың үнінде- төкпе күй мен күңіренген қобыз дауысында жатыр. Қазақ тілінің құдіреті осында. Теледидардағы үніміздің екі мағынасында да құмығып, сақауланып шығып жатқанын ести білетін, ескере білетін журналистердің көбеюуі ертеңгі телеарналарымыздың жарқын болашағы.

Тікелей эфир – жуналистикадағы  соңғы жылдардағы жаңа түрлерінің бірі. Мұның авторлары өз алдына көркемдік мәселелерді, эстетикалық ойарды хабарлауды қойған болса, онда өз үдесінен шыққандары. Бірде В. Листьев «Час Пик» тікелей хабарын жүргізіп отырып, былай деген еді: «Тікелей хабарды мен неліктен жақсы көремін? Себебі мұнда өтірік айта алмайсың. Тыңдай білу, тек тыңдау ғана емес, адамды түсіне білу де. Тікелей хабарды жүргізу өте қиын. Белгілі бір мәселеге менің көзқарасым қандай, оның көзқарасы ше? Сырттай қарағанда өте қарапайым: екі адам әңгімелесіп отыр. Ал шындығында бұл – нағыз шыншыл өмір. /11.121 б./.

В. Листьев кезінде  Орталық теледидарда теңдессіз  құбылыс ретінде бағаланды. Ол экранда  толассыз құйылатын, су шайқалмас жорғалар қатарындағы ірі тұлға болатын. «Поле чудес» хабарындағы ой легінің  тегеурінді серпінділігі, үзіліссіз ой ағысы, ықшамдылық, сұрақ нақтылығы, дәл жауап, дәлдік, шалт қимыл, тіл байлығының молдығы, бәрі-бәрі бір бейненің бойында тоғысуы – құдірет қолымен жасалған нағыз шеберлік. Кейінірек ел өміріндегі елеулі оқиғаларды халықтық ойдың көшбасындағы серкелермен бөлісу мақсатында өмірге келген «Час пикте» де автор осы қалпынан танбады. «Тікелей эфирге» В. Листьев өзінше бір соны леп, екпін, өзгелерден болмыс-бітімі бөлек түр әкелді. Бүгінде бұрынғы КСРО кеңістігіндегі елдердің бәрінде дерлік В. Листьев мектебінен үйренбеген тележүргізуші жоқтың қасы. Ресейлік жүргізушілерден алар тәлім көп. Бірақ толығымен оларды қайталау қазақ менталитетіне келмейді. Қазақстанда В. Листьев сияқты жүргізушілер бар ма, болды ма? Заңды, әрі орынды сұрақ. Тарихқа тереңдеп енбей, бертінгіге көз салсақ... Бар. Болды. Өкінішке орай, қазір жоқ. Ол – Қазақстан Ұлттық арнасында 2003-2005 жылдар аралығында  «Мезгіл» саяси-сараптамалық бағдарламаны жүргізген Ғалым Боқаш. 2ОО4 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықпен жүздесуі кезінде парасат пайымымен, орынды сұрақтарымен, салиқалы әңгімесімен республика жұртшылығын елең еткізген Ғалым Боқаш тікелей эфир жүргізушісіне жаңа соқпақ салып кетті. Қимыл-қозғалысымен, қоңыр дауысымен, ең бастысы ұшқыр ойлары мен талайлардың жүрегіне жол тапты. Әсіресе тіл тазалығы мен «өзім білемділікке» салынып, тақпақтап, орағытып бастап, аяғында айтар ойын ұмытып қалар жүргізушілердің Ғалым Боқаштан үйренері көп.  Сондай-ақ «Оян, қазақ» ақпараттық-танымдық ертеңгілігі жобасының бұрынғы жетекшісі Нәзира Бердалы да тікелей эфир хабарларына өзінің сүрлеуін салды. Қазақтілді жүргізушілер «осынікі жөн» деп орысша хабарлардан тікелей аударатын сөз тіркестері көп. Мәселен «оставайтесь с нами», «не переключайтесь» сяиқты сөздер «бізбен бірге болыңыздар», «басқа арнаға ауыспаңыздар» деп айтылып жүрді. Ойы орамды, тілі бай Нәзира Бердалы бұл сөздердің барлығына қазақы реңк, қазақы түр берді. Қазақтілді тележүргізушілер легі енді-енді қалыптасып келе жатқандай. Тележүргізуші мақсаты - өзгені айна-қатесіз қайталау емес, өзіндік ерекшелігімен көрермен есінде қалу.  

 

                                     1.2 Тікелей эфир ерекшеліктері

 

     Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылытын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

       Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы- кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі». /2. 208 б./. Ол рас, тек бұл тұжырымдама тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді.

       Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан-аяқ рет-ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-тхникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деуімізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.

Информация о работе Диплом журналистика