Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 17:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың нысаны: Отандық радиожурналистиканың қызметі мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Радиожурналистиканың аудитория талғамына қарай щығармашылық қызметіндегі жаңашылықтарды анықтау. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты, міндеттер қойылады:
- Журналис ұғымына анықтама беру;
- Журналистің шығармашылық ұжымдағы орнын көрсетуарқылы журналистік қызметтегі жауапкершілігін таразылау;
- Радиожурналистика шығармашылық қызметі мен міндеттеріндегі жаңашылдықты көрсетуде радиохабарларын талдау, шетел радиохабарларымен салыстыру.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................3-4 бет
1. Радиожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы..............................
1.1 Радиохабар таратудың міндеттері...................................................... 5-11 бет
1.2 Журналистика және шығармашылық ұжым..................................... 12-19 бет
2. Радиожурналистика шығармашылық шеберханасы.......................
2.1 «Радиожурналистік этика» ұғымына түсінік.................................. ..20-22 бет
Қорытынды......................................................................................................23-24 бет
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................. 25 бет

Файлы: 1 файл

радиожурналистканың шығармашылық дамуы дурыс.docx

— 61.72 Кб (Скачать файл)

         

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ                      МИНИСТРЛІГІ

                              Манаш Қозыбаев атындағы

                 Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті

                            Тіл және әдебиет институты

                           Қазақ филологиясы кафедрасы 

 

 

 

                        Курстық жұмыс

«Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті»

 

050504 Күндізгі бөлім. ҚЖ-15

 

 

Автор:  Ибраева  Ә.Б                                              ___________

                                            (аты-жөні)                                                       (қолы, күні)

 

                 Жетекші: Сәуірбаева Ә.Ж.                               ___________

                                           (аты-жөні)                                                        (қолы, күні)

 

 

 

 

                                           

 

                                         Петропавл

                                              2015ж

 

 

 

         Мазмұны.

Кіріспе..........................................................................................................3-4 бет

1. Радиожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы..............................

1.1 Радиохабар таратудың міндеттері...................................................... 5-11 бет

1.2 Журналистика және шығармашылық ұжым..................................... 12-19 бет

2. Радиожурналистика шығармашылық шеберханасы.......................

2.1  «Радиожурналистік этика»  ұғымына түсінік.................................. ..20-22 бет

Қорытынды......................................................................................................23-24 бет

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................. 25 бет

 

 

 

Кіріспе

      Курстық жұмысымның өзектілігі. Журналист ол- қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез- келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына  өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпшілгі  тыңдайтын ақпарат құралы болып  келе жатыр.  Бүгінгі,  ақпараттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың  орнын аздап ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы, ақпарат таратуға шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр.  Қарыштап дамып жатқан технологиялармен ақпарат  ғасыры.  Тиісінше радиожурналистиканың қызметі мен міндеттеріне  бірталай жаңашылдықтар әкелді. Бұлда болса  аудитория талғамын қанағаттандырудан туындайтыны сөзсіз.

      Курстық жұмыстың нысаны:  Отандық радиожурналистиканың қызметі мен міндеттері.

      Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті.  Радиожурналистиканың аудитория талғамына қарай щығармашылық қызметіндегі жаңашылықтарды анықтау.  Зерттеу  жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты, міндеттер қойылады:

- Журналис ұғымына анықтама беру;

- Журналистің шығармашылық ұжымдағы орнын көрсетуарқылы журналистік қызметтегі  жауапкершілігін таразылау;

-  Радиожурналистика шығармашылық қызметі мен міндеттеріндегі жаңашылдықты  көрсетуде радиохабарларын талдау, шетел радиохабарларымен салыстыру.

- Жоғарыда айтылған міндеттерді орындау барысында бүгінгі күні радиожурналистиканың БАҚ орнын бағамдау;

      Зерттеу әдістері. Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұғысынан баяндлды. Сонымен бирге, зерртеу барысында мақсатқа сай баяндау, талдау, салыстырмалы, топтау әдістері қолданыллды.

    

 

 

 

 

                                                        3

 

 

Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының студенттері мен  магистранттары үшін маңызды еңбек болып табылады.

     Курстық  жұмыстың дереккөздері. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы.- Алматы,1992. Омашев Н. Ұзынқұлақтан Қазақ радиосына дейін.- Алматы, 2007. Омашев Н. Қазақ журналистикасы.3-том.- Алматы, 1981. Очерки истории журналистики. Алматы,  Қабылғазы К. Дәуір үні.- Алматы 2002.Р.Ш.Нуриден Халықаралық Радиожурналистка- Алматы,2012.  Д.Джонес Сандық журналистика- Алматы, 2014.Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз.- Алматы 1979. Очерки истори журналистики .-Алматы, 1988.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              4

 

                         1.Радиожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы.

1.1 Радиохабар  таратудың міндеттері

       Радиожурналистика – бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде де, өзіндік ерекшелігі мен табиғаты, әдіс-тәсілдері мен қырлары бар ғылым саласы ретінде де мойындалған. Радиожурналистика бүгінде салааралық ғылым ретінде қарастырылады. Ол – тіл білімі мен сөйлеу мәдениетін, психология мен әлеуметтануды, тарихи шолу мен философияны және коммуникавистиканы бір арнаға біріктіретін күрделі де жанды организм, ұдайы даму, өзгеру үстіндегі құбылыс. Дегенмен, осы күрделі қарым-қатынастардың да негіздері, ортақ заңдылықтары мен принциптері бар және ол жеткілікті жүйеге түскен. Міне, сол әлемдік және отандық зерттеулер мен тәжірибе оқулық беттерінде көрініс табады.

       90 жылға жуық  тарихы бар Қазақ радиожурналистикасы жақсы зерттелген, жүйелі мектебі қалыптасқан ғылым деп те айта аламыз. Әр жылдары зерттеушілер: Р. Сағымбеков, М. Барманқұлов, С. Қозыбаев, Н. Омашев бұған өзіндік үлесін қосты. Қазақ журналистикасын зерттеушілер: Б. Кенжебаев, Қ. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеевтер радиоға қатысты да тұжырымдар айтқан. Әсіресе, осы оқулық авторы Қазақ радиожурналистикасын зерттеуде айтарлықтай еңбектенді. Ол радиофельетонды  теориялық тұрғыда талдап, ғылыми айналымға алғаш рет қосты. “Қазақ радиожурналистикасы” атты монографиясында елімізде радиохабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуын тарихи деректер негізінде жүйелеп, кезеңдерін айқындап, жанрлар мен пішіндер эволюциясын көрсетіп береді. Бұл еңбек радиожурналистика ғылымындағы іргелі концептуальды дүние ретінде тиісті бағасын алды. Соңғы жылдары ол  жаңа деректер негізінде Қазақ радиохабарын бұрынғыша 1931 жылдан емес, 1921 жылы хабар тарата бастаған Орынбордағы өлкелік радиостанциядан бастау алатындығын дәлелдеп шықты.

    Тәуелсіздік жылдары радиожурналистиканы зерттеу ісі жаңаша сипатқа ие болды. Егемен Қазақстанда радио дамуында болған іргелі өзгерістермен қоса, оқулық авторының төрағалығымен 10.01.10-журналистика мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің ашылып, жұмыс істеуі де тың серпін берді. Радиожурналистика проблемалары, теориясы мен тәжірибесі тиянақты зерттеле бастады. Аталған ғалымның жетекшілігімен ізденушілер: А. Бейсенқұлов радиохабар таратудағы технологияның ықпалын, Р. Бегімтаева қазақ тілінде хабар тарататын шетелдік радиостанцияларды, К. Қабылғазина Қазақ радиосы тарихының бір кезеңін, С. Велитченко форматтық принциптерді, Т. Көпбаев Қазақ радиодраматургиясы табиғаты мен ұлттық сипатын, Ж. Әбдіжәділқызы тікелей эфир табиғаты мен кәсіби шеберлік мәселелерін, О. Ошанова әдеби-драмалық хабарлар дамуын зерттеп, ғылыми айналымға енгізді. Сөйтіп, ғылымда жаңа

 

                                                             5

 

 

бағыттар дүниеге келіп, тың ойлар айтыла бастады, радиожурналистика ғылымы сала-сала бойынша дами түсті, болашақ зерттеулер үшін жаңа тақырыптар айқындалды.

 Радио — өнер. Радио — ақпарат, шартараптан ең жедел хабар жеткізетін арна. Радио — бизнес көзі. Радио — мектеп. Радио — тарих, өмірдің өшпес шежірешісі. Оның үні сана сүзгісінен өтеді, мәнді хабарлар, ән мен саз қорда сақталып, кейін қайталана береді. Радио — өмірдің қиын сұрақтарына жауап беретін кеңесші, көмекші. Радио — ғұмыр, мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін күш-қуат.  Радио — көңіл күй барометрі, өмірге құштарлық дәнін шашатын бастау бұлақ. Соңғы жылдары телевизияға қатысты да көп сын айтылып жүр. Соның ішіндегі ең қабырғаға бататыны — телеэкрандағы зорлық-зомбылықтың, қантөгіс пен арсыздықтың шектен шығып кеткендігі, ешқандай шектеу шараларының жоқтығынан ауа жайылып, көрермен санасын улап жатқандығы, жас жеткіншекке теріс тәрбие беретіндігі. Ал, радиода ондай белгілер байқалмайды, керісінше ізгілік пен жақындықты көбірек сезінеміз, адамның ең асыл қасиеттерінің бірі — сөйлесу мен жылы қарым-қатынас жасауға тартып тұрады, көңіліңді көтеріп, демейді, оптимистік қуат беріп, жігерлендіреді. Бүгінгі радиода кемшіліктер кетіп жатса, ол қоғамның да кемшілігі. Көп болып талап етуге, қажетінде қолдауға тиіспіз. Әуе толқынында еркін тарайтын ашық ақпарат ат төбеліндей азғантай топтың меншігі емес, ол қоғамдық өскелең талаптарға жауап беруге, онда қалыптасқан мәдени қатынастарды алға сүйреуге, жақсартуға міндетті.

      Радионың бірінші табиғи қасиеті — жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделдікті қамтамасыз ете алмайды. Газет ақпараты оқырманына жету жолында күрделі бірнеше процесті: деректі жинау, терім, беттеу, көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда соңғы жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар беру үрдісі жолға қойылды. Бірақ ол көп шығынды, қымбат техникалық құралдарды қажет ететіндіктен екі телеарнаның бірінің шамасы жетпейді, сондықтан сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірибесінен орын алған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі кездесіп жүр. БАҚ қатарына соңғы жылдары қосылған Интернеттің де өзіндік шектеулері бар. Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпарат сайтқа орналастырылған сәттен бастап, оны кез-келген шартараптан оқуға мүмкіндік туады. Ол үшін де тұтынушының ақпарат таратушы сайтын тауып, ондағы дерекке жол табуы үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жұмсауына тура келеді.  Радиожурналист болса оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей эфирге шығып баяндай алады. Соңғы жылдары

                                                 6

 

қауырт дамып, кең қолданысқа ие болған ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа тыныс әперді, радионың мүмкіндігін бұрынғыдан да арттырды. Радиотілші төтенше жағдайлар болсын, тез өзгермелі спорт жарыстары болсын, ақпаратын жеткізу мақсатында орталық студия арқылы байланысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни, ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телевизия да, Интернет те радионың алдына шыға алмайды. Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал болып қала береді.

      Радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады және бұл қасиетінің маңызы айрықша. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, болмаса күш жұмсау міндетті емес. Үй шаруашылығындағы тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да, тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та, сейіл құрып жүріп те  радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз. Радио әмбапап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлардың барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Тыңдарман өзін қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға аса назар аудармайды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай қажетті ақпараттарды қолайлы жағдайда екшеп отырады. Бәсекелестік жағдайында радиостанциялар саны өте көп, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға, әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жаңғырту арқылы тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты (попса, рок, джаз, т.т.) ғана қолдайды, тағы бірі жасөспірімдер үшін хабар таратады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Осыған байланысты әр түрлі радио форматтары көбейді, радионың аудиториясы да түрлене түсті. Міне, осының бәрінде радионың табиғатынан қолайлылығы басты рөл атқарады.

     Радионың үшінші бір қасиеті — тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа  БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам

 табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестетіні белгілі. “Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе” дейтін қазақ үшін ой-санаға әсер етудің мәні айрықша. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді. Далалық қазақтың табиғат құбылыстарын жетік меңгергендігін, аса зерек және сезімтал

                                                         7

 

болғандығын, физиологиялық мықты болғандығын күрделі қоршаған ортада табиғи сұрыптаудан өтіп, жетілгендігімен түсіндіруге болады. Дала абыздары том-том кітапқа пара-пар дастандарды жатқа оқып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан.

    Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшілік мүддесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға кері ықпал етуге, жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ 3 факторға назар аударамыз.

    1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады, яғни ол көп функциональды.

   2. Хабар тарату тәжірибесінде алға қойған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы, тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат тарап кетуі, немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың дегбірін қашырып, көңіл күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.

Информация о работе Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті