Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 17:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың нысаны: Отандық радиожурналистиканың қызметі мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Радиожурналистиканың аудитория талғамына қарай щығармашылық қызметіндегі жаңашылықтарды анықтау. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты, міндеттер қойылады:
- Журналис ұғымына анықтама беру;
- Журналистің шығармашылық ұжымдағы орнын көрсетуарқылы журналистік қызметтегі жауапкершілігін таразылау;
- Радиожурналистика шығармашылық қызметі мен міндеттеріндегі жаңашылдықты көрсетуде радиохабарларын талдау, шетел радиохабарларымен салыстыру.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................3-4 бет
1. Радиожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы..............................
1.1 Радиохабар таратудың міндеттері...................................................... 5-11 бет
1.2 Журналистика және шығармашылық ұжым..................................... 12-19 бет
2. Радиожурналистика шығармашылық шеберханасы.......................
2.1 «Радиожурналистік этика» ұғымына түсінік.................................. ..20-22 бет
Қорытынды......................................................................................................23-24 бет
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................. 25 бет

Файлы: 1 файл

радиожурналистканың шығармашылық дамуы дурыс.docx

— 61.72 Кб (Скачать файл)

    3. Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әртүрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады.  Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.

      Радиохабар  таратудың сан қырлы міндеттерін  үшке топтастыруға болады.

І. Ақпараттық: тыңдарманды құлақтандыру міндетінен туындайды, радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз.

                                                        8

 

 

ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті: интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық функциялары.

ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері:  эстетикалық, ағартушылық және демалдыру — ойын-сауықтық функциялары.

     Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау, бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет.   Енді аталған міндеттерді тарқатып берейік.

    І. Ақпараттық міндеті. Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар да эфирге хабар тарататын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер де орын алды.

«Ақпарат» сөзінің бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз. Адамдарды  әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Радиобағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді. Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады, әдетте, кешкісін қорытындыларын шығарып, түйіндейді.

    ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті. Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты

                                                         9

 

 

дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті туындайды. Радио қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші. Ол қоғамның, отбасының нығаюы мен беріктігіне, сол арқылы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді, биік мұраттар мен мәдениетті орнықтыруға, соған жас ұрпақты тәрбиелеуге белгілі бір дәрежеде араласады. Тікелей болмаса да, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру арқылы сол нәтижелерге жетеді. Радио қарым-қатынас құралы, ол эфир арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, радиожурналист үйінде отырған жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандарады, эмоциясына әсер етеді, ренжітеді, қуантады, музыкамен әлдилейді, күймен тербетеді, көңіл хошын табады. Сол сияқты радиокоммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, топ пен топ, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде орнайды және олардың радиоақпаратқа реакциясы да әртүрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам, оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады.

      ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері. Радиохабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның негізгілеріне жеке тоқталайық.

     Эстетикалық  міндеті. Қазіргі заманғы хабар  тарату ісіндегі оның үш қыры  назар аударуға тұрарлық.

  1. Радиожурналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардың психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен  табиғи шулардың өзара үйлесімділігі — осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым радионың бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткізуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп,

                                                  10

 

 

эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды. Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал.

2. Радио өмірге келген  кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды  радиоэфирге шығаруда көптеген  ізденістер жасалынып, небір пішіндер  мен жанрлар дүниеге келді  және олар шығарманың әрін  кіргізіп, эстетикалық талғамын  көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, радионың өзі де  басқа өнер салаларынан көп  жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық  құндылықтарды бірге меңгерді. Радио  арқылы небір үздік спектакльдер, актер үндері жазылып, «Алтын  қорда» сақталды. Қазір де радиода  жиі әні естілген сайын әншілердің  танымалдығы арта түсуде. Бұдан  шығатын қорытынды, радио өзінің  эстетикалық дамуында басқа өнер  салаларымен бірге өсті, осындай  бірлікте аудиториясы кеңейді  және биік талғамы қалыптасты.

3. Аудиомәдениеттің үздік  үлгілері жылдар бойы қалыптасты  және оның өзіндік дәстүрі  бар. Әдебиет пен театрдағы барлық  түрлер мен жанрлар дерлік  түрленген күйінде радиоэфирге  жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі  байытты. Радиопоэмалар, фельетондар  мен очерктер, трагедиялар, психологиялық  драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары  эфирге тарап тыңдарман қиялын  шарпығанын қалай ұмытармыз. Қазір  де «ауызша радио естеліктер», «дыбыстық кітап» дегендер кездесіп  қалады.

   Сөйтіп, радио өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.

  

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

                                                           11

 

       

       1.2  Журналистика  және   шығармашылық  ұжым.

      Журналистика ұғымы туралы айтқанда көз алдымызға тұрпаты мен мағынасы ерекше терең сөз өнері елестері анық. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының майталман маманы болу алдын-ала ерекше әзірлікті қажет етеді. Мектепте алған алғашқы білім негіздері кәсіби  арнайы білімге негіз болып қаланып, студент нақтылы мамандықтын қыр-сырына ойлай бастайды. Журналистикаға ерекше әзірлікпен келудің мәні зор. Тырнақалды журналистік туындылар публицистика өнеріне басталған алғашқы қадамдар ғана.

    Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған.  Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық.

    Журналистикаға әзірлік ең алдымен осы ұғымға терең   бойлаудан басталады. Өйткені  «Журналистика (французша – journal,  немісше-journalistic, ағылшынша- journalist) -1)  баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сиякты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі  жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтңн ғылым саласы».

   Демек, әдеби- шығармашылық қызметтің бұд түріне іштей теориялық дайындықпен келудің мәні зор. Қазақ журналистикасы теориясының мейталманы Тауман Амандосов «публицистиканы дәуір үні» ретінде қарастыруы тегін емес. Бұл жөнінде профессор Марат Берманқұлов, қазақ журналистикасы теориясының корифейлерінің бірі Намазы Омашев түйінді ой-пікірлерін  жазды.

     Әр журналистің, жазушы-қаламгердің щығармашылыққа келу, алғашқы жетістіктерге жету, шеберлік тұғырына көтерілу жолы әрқилы. Кез-келген қаламгердің шығармашылық жолға келуіне, алғашқы жетістіктерге жетуіне оның өз күш-жігерімен қоса, қандай да бір тұлғаның әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан дарындылық пен жаңашылдық көктен түсе қалмайды. Оның бәрі өзінен бұрынғы үлгіге сүйеніп,  тың ізденіс пен талпыныстан туады.  ОЛ үшін әрине, ең алдымен, қаламгер бойында табиғи қабілет, көркем әдебиетке сүйіспеншілік қасиеттері болу керек. Бұл қасиеттер қаламгердің өз ізденісімен кеңейеді, қалыптасады.

      Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін

                                                12

 

 

толық  пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. ақыл-ой, эрудиция  бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениіті көп нәрсені аңғартады. Әсересе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты  жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі  жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық,  жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасынды білірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып,    практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болу керек. Өзіңді журналистік  мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде,  қайсарлықпенбұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш – қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы.  Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн.

    Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып, кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігіңді дер кезінде түзете білу де мәдениеттілік. Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-журналға, радио мен телевидение атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн .

 

                                                    13

 

 

Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі риза болушылық және мақтаншақтық журналисті тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады. Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жөйт.

     Объективтілік дегеніміз — шындықтың нағыз өзі деген сөз. Журналистің тағы бір ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің өз дүниесінің әркез нанымды шығуына күш салуы бұлжымас талап. Кейде тәжірибе немесе білімнің жетіспеуі салдарынан кейбір жазған дүниенің нанымдылығы аз болып шығатын кездері бар. Кейбір құбылыстарды жазғанда журналист сол өзі айтқан ойларын оқырманға дүрыс жеткізе алды ма, жоқ па соны байқау керек.

     Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екіұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Бәрінің де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін қозғайтындай мақала болса, журналистің табысқа жеткені. Сондықтан да журналист барлық саладан хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет. Мүндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек.

Информация о работе Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті