Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 17:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың нысаны: Отандық радиожурналистиканың қызметі мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Радиожурналистиканың аудитория талғамына қарай щығармашылық қызметіндегі жаңашылықтарды анықтау. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты, міндеттер қойылады:
- Журналис ұғымына анықтама беру;
- Журналистің шығармашылық ұжымдағы орнын көрсетуарқылы журналистік қызметтегі жауапкершілігін таразылау;
- Радиожурналистика шығармашылық қызметі мен міндеттеріндегі жаңашылдықты көрсетуде радиохабарларын талдау, шетел радиохабарларымен салыстыру.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................3-4 бет
1. Радиожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы..............................
1.1 Радиохабар таратудың міндеттері...................................................... 5-11 бет
1.2 Журналистика және шығармашылық ұжым..................................... 12-19 бет
2. Радиожурналистика шығармашылық шеберханасы.......................
2.1 «Радиожурналистік этика» ұғымына түсінік.................................. ..20-22 бет
Қорытынды......................................................................................................23-24 бет
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................. 25 бет

Файлы: 1 файл

радиожурналистканың шығармашылық дамуы дурыс.docx

— 61.72 Кб (Скачать файл)

    Енді телевидениеге келсек, «Қазақстан» телекомпаниясы бар. Сондай-ақ «Хабар», «Ел арна» ірі телеарналар саналады. «Қазақстан» телеарнасы негізінен республика өмірін камтитын хабарлар береді. Саясат пен соңғы жедел жаңалықтарды беріп отырады. Президент пен үкімет, парламент жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ шетел жаңалықтарын спутник арқылы қабылдайды. Ал коммерциялық каналдар: КТК, Таң, 31-ші канал, НТК көбіне шетелдердің кинофильмдерін берумен айналысады. Сондай-ақ жарнамалар туралы айтып, бизнес туралы әңгімелейді.

     Қазақ радиосы болса көптеген радиобағдарламалар береді. Республика өмірінен ақпарат хабарлар, музыкалық, әдеби және шетел хабарлары беріледі. Өнер туралы танымдық материалдар, шаруашылық мәселелері айтылады.

     Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы да әлем журналистикасы секілді онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ.

 

 

 

 

 

 

                                                     19

   

    2. Радиожурналистика шығармашылық шеберханасы.

2.1. «Радиожурнлистік  этика» ұғымына түсінік.

      Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.

      Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек сүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды.

    Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзден пайда болған. Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл сөз әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды.  Білім алудың ерекше  түрі ретінде Аристотель  ғылымға «этика» саласын енгізді. Этикалық қасиетті кейде рухани қасиетке жатқызады. Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар.

    Аристотельдің этикасына Цицерон moralis (моральдық) деп анықтама береді. Оның айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сән, салт-дәстүр деген мағынаны білдіреді. Яғни Цицеронның моральдық философиясы Аристотельдің этикасымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Сонымен IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған «moralitаs» «мораль» термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен.

                                                            20

 

   

 

  Кейбір зерттеуші ғалымдар этика және мораль терминдерінің тарихын неміс тілінің «Sittlichkeit» терминімен (Sittе» «мінез», «slichkeit» «өнегелі») қарастырады. «Этика», «мораль», «адамгершілік» – бастапқы мәнде әртүрлі сөздер болғанымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бәрі өзгерді, мәдениет дамыды. Этика – білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль – сол салаларды оқытатын пән болып табылады.

    Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекет тұрғысында қарастырады.  Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды .

    Ежелгі грек философы Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

   Ал, Сократтың шәкірті, ежелгі грек философы, Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек.

    Журналистің  негізгі қағидалары:

Журналистік қауымдастықтың этикалық кодексі:

  1. Шындықты айту;
  2. Ешкімге тәуелді болмау;
  3. Сіздің жазбаңыз ешкімге зиянын әкелмей керек;
  4. Әдейі ойластырылған өтіріктен аулық болу керек;

 

Қазіргі қазақ журналистикасындағы тенденциялары:

  1. Лид ережесін сақтамау
  2. Атам заманнан орағыту
  3. Нақтылықтың болмауы
  4. Тұжырым жасау

 

                                               21

 

 

  1. Бір жақты пікірлер

6.Ой айту

7.Фокустан ауытқу

8.Жеке пікірін тану

 

Материалға қажетті үш мәселе:

  1. Болған оқиғаны баяндау;
  2. Оқиғаға қатысушылардың пікірін білу;
  3. Дәлелдер мен дәйектерді сараптау, оның нақтылығына көз жеткізу;

     

Ақпараттың қайнар көзі және оған қол жеткізу мәселесі:

      Іс жүзінде журналист, әсіресе мемлекеттік органдар мен шенеуніктер тарабаынан ақпарат берудензаңсыз бас тартуға жиі кезігіп отырады. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 20-бабы журналистке ақпарраты сұрастыруға және алуға

құқық беретінін, ал 2-бабы мемлекеттік органдары, қоғамдық бірлестіктері, лауазымдық адамдарды әр азаматтың құқықтарына және мүдделеріне қатысты оны құжаттармен, ақпарат көздерімен танысуын қамтамасыз етуге міндеттейтінін естеріңізге сала кетейік.Осы заңның 18-бабы меншіктік нысаны мен  қатыстылығына қарамастан  кез келген  БАҚ өкілдеріне ақпарат берудің теңдей шарттарын белгілейтіндіктен ақпарат таңдаулы түрде берілуі мүмкін. Журналистке ақпарат бермегендіктен мемлекеттік орган немесе шенеунік оқырман қаумның ақпарат алуға  конститутциялық құқықтарын бұзады.

 

  Заң не дейді?

Қазақстан Республикасының қазіргі күші  бар заңдары қандай жағдайларды ақпаратты алу мен таратудың құқықтық нормаларын заңды түрде бекітіп берген?

Ол-бірінші кезекте, ҚР Конститутциясы. Оның 20 бабы әрбір азаматқа заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және оны таратуға құқық беріп отыр, тек мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерден басқаларын.Ал, Конститутцияның 18 бабының 3 тармағында: мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қарасты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.

 

 

 

 

 

                                                              22

 

 Қорытынды

       Журналист ол- қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез- келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына  өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпшілгі  тыңдайтын ақпарат құралы болып  келе жатыр.  Бүгінгі,  ақпараттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың  орнын аздап ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы, ақпарат таратуға шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр.  Қарыштап дамып жатқан технологиялармен ақпарат  ғасыры.  Тиісінше радиожурналистиканың қызметі мен міндеттеріне  бірталай жаңашылдықтар әкелді. Бұлда болса  аудитория талғамын қанағаттандырудан туындайтыны сөзсіз.      Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық  пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. ақыл-ой, эрудиция  бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениіті көп нәрсені аңғартады. Әсересе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты  жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі  жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық,  жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасынды білірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып,    практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болу керек. Өзіңді журналистік  мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде,  қайсарлықпенбұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш – қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

      Радиожурналистика – бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде де, өзіндік ерекшелігі мен табиғаты, әдіс-тәсілдері мен қырлары бар ғылым саласы ретінде де мойындалған. Радиожурналистика бүгінде салааралық ғылым ретінде қарастырылады. Ол – тіл білімі мен сөйлеу мәдениетін, психология мен әлеуметтануды, тарихи шолу мен философияны және коммуникавистиканы бір

 

                                                      23

 

 

арнаға біріктіретін күрделі де жанды организм, ұдайы даму, өзгеру үстіндегі құбылыс. Дегенмен, осы күрделі қарым-қатынастардың да негіздері, ортақ заңдылықтары мен принциптері бар және ол жеткілікті жүйеге түскен. Міне, сол әлемдік және отандық зерттеулер мен тәжірибе оқулық беттерінде көрініс табады.      Қазақстан Республикасының қазіргі күші  бар заңдары қандай жағдайларды ақпаратты алу мен таратудың құқықтық нормаларын заңды түрде бекітіп берген?

Ол-бірінші кезекте, ҚР Конститутциясы. Оның 20 бабы әрбір азаматқа заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және оны таратуға құқық беріп отыр, тек мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерден басқаларын.Ал, Конститутцияның 18 бабының 3 тармағында: мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қарасты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.

        Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы да әлем журналистикасы секілді онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          24

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы.- Алматы,1992.
  2. Омашев Н. Ұзынқұлақтан Қазақ радиосына дейін.- Алматы, 2007.
  3. Омашев Н. Қазақ журналистикасы.3-том.- Алматы, 1981.
  4. Очерки истории журналистики. Алматы,
  5. Қабылғазы К. Дәуір үні.- Алматы 2002.
  6. Р.Ш.Нуриден Халықаралық Радиожурналистка- Алматы,2012.
  7. Д.Джонес Сандық журналистика- Алматы, 2014.
  8. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз.- Алматы 1979.
  9. Очерки истори журналистики .-Алматы, 1988.
  10. Барманкулов М Журналистика сериясы №8 // -Алматы:Қазақ ун-ті.
  11. Основы радиовещание -М. 1993
  12. История советской радиожурналистики.Документы.Тексты.Воспоминания/ Сост.Т.М.Горяева.

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті