Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 17:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың нысаны: Отандық радиожурналистиканың қызметі мен міндеттері.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Радиожурналистиканың аудитория талғамына қарай щығармашылық қызметіндегі жаңашылықтарды анықтау. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты, міндеттер қойылады:
- Журналис ұғымына анықтама беру;
- Журналистің шығармашылық ұжымдағы орнын көрсетуарқылы журналистік қызметтегі жауапкершілігін таразылау;
- Радиожурналистика шығармашылық қызметі мен міндеттеріндегі жаңашылдықты көрсетуде радиохабарларын талдау, шетел радиохабарларымен салыстыру.
Кіріспе..........................................................................................................3-4 бет
1. Радиожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы..............................
1.1 Радиохабар таратудың міндеттері...................................................... 5-11 бет
1.2 Журналистика және шығармашылық ұжым..................................... 12-19 бет
2. Радиожурналистика шығармашылық шеберханасы.......................
2.1 «Радиожурналистік этика» ұғымына түсінік.................................. ..20-22 бет
Қорытынды......................................................................................................23-24 бет
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................. 25 бет
Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист — өз саласындағы толық құқы бар кәсіби маман. Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, творчестволық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік мамандық — басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен,
оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті.
Келесі бір айтатын нәрсе журналистік этика туралы. Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып
келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет.
Ал журналистика болса маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. ХҮІ-шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика
даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дөуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады. Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті — жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді.
Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист — ақпарат — аудитория». Журналист творчестволық тұлға — ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.
Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі -маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл
салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтык позиция ұстайды. Ол дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша БҮКІЛ жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету — биік моральдық-этикалық қасиет екені ақиқат.
Журналистиканың халыққа қызмет етуі сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса онан асқан арман — мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр, осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы керегін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек.
Келесі бір білуге тиіс нәрсе журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет. Демократия саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік береді. Біреуге біреу қысым жасау демократияға жатпайды. Сондықтан қоғам жан-жақты демократияға көшкенде ғана шынайы өмір
қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс. Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің үйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір — өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байла-нысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір — өмірдің нақты жағдайдарын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларга байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір — қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады. Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.
Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп калмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бүрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға ортақ мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы секілді даму, қалыптасуды бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз, радио, телевидение коллективтерімен бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал енді нақты мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың, мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы программалар беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді.
Енді қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды
айтуға болады. Мәселен баспасөздің «қара шаңырағы» саналатын «Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғамдық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі. Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы жиі айтылады. Президент пен Парламент төрағасы, Премьер-министр кабинеті төрағасының шетелдерге ресми сапарлары туралы тілшілер репортаждары, есептер және фотосуреттер басылады. «Егемен Қазақстан» тиражы жағынан ең көп тарайтын газет. Тіпті, оны шетелдегілер де алдырып түрады.
Келесі бір газет «Алматы ақшамы» деп аталады. Бұл республикада таралатын газет. Негізінде әкімшіліктің органы, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те шетел хабарларын үзбей береді. Ал «Жас Алаш» газеті жастарға арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар берумен бірге, шетел өмірінен де назар аударарлық материалдарды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда «Қазақстан-Заман» деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шығарылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материалдар береді.
Информация о работе Радиожурналистиканың шығармашылық қызметі мен міндеті