Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................6

1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34

2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55

Қорытынды............................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65

Файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейнг дарынды балаларды окыту және тарбиелеу багыттары.doc

— 490.50 Кб (Скачать файл)

 

ДАНИЯ Ә.

Зерттеу нәтижелері (55 ұпай) зеттелушінің логикалық ойлау мүмкіндіктері  жоғары екенін көрсетеді. Ол, жеңіл  тапсырмаларға қате жауап берді, шамасы, бұл тапсырмаларды орындау кезінде зейінсіз болғандығынан шығар, өйткені  күрделі және қиын тапсырмаларға дұрыс жауап берді. Сонымен бірге Данияның жоғары математикалық қабілеттіліктері,  қиялы мен түйсігі бар деп айтуға болады.

Зейінің тұрақтылығын, еңбек қабілеттілігін дамыту керек.  

 

РЫМГҮЛ Ж. 

Қиындықтарды көбейтуші әдістемесі бойынша жоғары нәтижелер алынды (52 ұпай). Жанар А (А10), Б (Б12) және С (С12), серияларында қате жауаптар берді, бірақ  күрделі Д сериясында бір да бір  қате жіберген жоқ. Мүмкін, ол тапсырмаларды орындаған кезде жеткілікті  зейін қоймады, сондықтан оған логикалық талдау жасау қиын түседі деп айтуға болмайды.  Салыстыру және негізін жекелеу қабілеттіліктері жақсы дамыған.

Зерттелушінің зейін тұрақтылығын, ойлау шапшаңдығын дамыту керек.

 

ТИМУР Ж.

Вербальды емес интеллект дамуы  орта деңгейде (48 ұпай), өйткені, латын  алфавитінің А-дан Е-ға дейін әріптерімен  белгіліненетің, әдістеме есептердің  5 сериясынан тұрады және есептердің күрделілік  дәрежесі А сериясынан Е сериясына  қарай және әр серияда бірінші тапсырмадан бастап соңғы тапсырмаға және Е сериясының бірінші 4 тапсырмасын ғана дұрыс игерді. Сондықтан, ол күрделі логикалық тапсырмаларды игермейді деп айтуға болады, өйткені, бейнені түйсіктену, логикалық талдау қабілеттіліктерінің дамуы жеткіліксіз.

 

МАШҮР З.

Жоғары нәтижелер алынды (51 ұпай). Машүр ең күрделі Е сериясында қателер жіберді, оның 12-ден 7 есебін шығарды. Бұл серияда фигураларды  элементтерге бөлшектену заңдылықтарын  орнатуы логикалық принципі болып  табылады. Қурамалауға жақсы қабілеттілігін, ойлау шапшаңдығын және ойлау аумалылығын байқауға болады. Зейін шоғырландыру қабілеттілігі жақсы. Логикалық анализ жасау, кеңістіктік түйсіктену  қабілеттіліктері бар. Конструктивтік практикалық қабілеттілігін, көрнекі әсерлі ойлау қабілетін, кеңістік бейнелермен тек операциялар жасау ғана емес және олардың ара қатынастарын жалпылау икемділігін, ақыл-ой біліктілігін жоғарлату қажет.

 

АЙНҰР М.

Жоғары нәтижелер алынды (55 ұпай). Шағын қателер жіберілді. Зертеллушінің  құрамалау, негізін бөліп алу, орнекті қайта құру қабілеттіліктері жақсы дамыған. Ойлау шапшаңдығы жақсы, бейнені түйсіктеу, кеңістіктік қиялдау қабілеттіліліктері бар. Ақыл-ой білімділігі жоғары деңгейде. Байқағыштығын, шыдамдылығын, еңбекке қабілеттілігін дамыту қажет.

 

АЙЖАН Н.

Қиындықтарды көбейту әдістемесі бойынша алынған зерттеу нәтижелері зерттелуші А және В сериясындағы  тапсырмалардың бәрін игергенін  көрсетті, яғни “матрицаның” айналасындағы  элементтерді бөліп алу және сол  элементтер арасындағы байланысты анықтау, сонымен қатар жұп фигуралардың ара ұқсастығын орнату қабілеттіліктері жақсы дамыған.

Бейненің прогрессивті өзгеруінің беталыстарын орнатуды қажет ететін тапсырмалары бар сериясында төмен  нәтижелер алынды. Заңдылықтарды  анықтауда, сонымен қатар, фигураларды элементтерге бөлшектеу заңдылықтарын орнатуды  ұйғаратын, ең күрделі Е сериясының есептерін шешуде, Әлия 12-нің әр сериясынан 6 ұпайдан жинап алды. Әдістеме, А сериясынан бастап Е сериясына қарай есептердің күрделілік дәрежесінің өсімін жорамалдайтын болса, ендеше Әлиә жеңіл тапсырмаларды ойдағыдай меңгеріп алады, ал күрделенген сайын, олардың шешуінде, нәтижелілігін төмендетіп көрсететін,  қиындықтар пайда болады,- деп айтуға болады. 

Сонымен, зерттелушінің, күрделі тапсырмалардан бұрын, оңай тапсырмаларды талдауға қабілеттіліктері бар деп айтуға болады. Кеңістіктік қиялды, зейін тұрақтылығын дамыту қажет, логикалық есептер, ребустер шешу керек.

 

САЛТАНАТ Р.

Салтанат жақсы нәтижелер алды (51 ұпай). Ол, басқа тапсырмаларға  қарағанда, сондай қиын емес тапсырмаларға қате жауап берді, ал күрделі тапсырмаларды дұрыс орындады.  Сондықтан, Салтанат тапсырмаларды орындаған кезде зейінсіз болды, жиі алаңдады деп айғақтауға болады. Д сериясында – 2 қате жауап  және Е сериясында – 5 қате жауап берді, бұл тапсырмаларда фигуралды ауыстыру заңдылықтарын және фигураларды элементтерге бөлшектеу заңдылықтарын орнату керек еді, өйткені бұл ойлау операцияларының  ең күрделі түрлерінің көру кеңістік қиял, түйсік комбинациясындағы талаптары болады. Зертеллушінің өрнектің үздіксіздігін қайта құру қабілеттілігі, жұп фигуралардың ара ұқсастығын, фигураларды ауыстыру заңдылықтарын анықтау қабілеттіліктері жақсы дамыған.

Салтанатқа ілтипатты және логикалық  тапсырмаларды шешуде жүйелі болу керек.

МАНСҰР С.

Алынған нәтижелер Маңсұрдың ойлау шапшаңдығын, құрау қабілеттіліктерін,  негізін бөліп алу, фигуралар арасындағы заңдылықтарды орнату қабілеттіліктері жақсы дамығанын білдіреді. Логикалық ойлау қабілеті жоғары деңгейде, зейін шоғырландыруы жақсы. Зерттелушінің кеңістік қиялы, конструктивті практикалық қабілеттіліктері, көрнекі әсерлі ойлауы  өте жақсы дамыған. Мансұрға   ақыл жылдамдығын дамыту, өздігінен білім алумен айналысу, жалпы ақыл-ой біліктілігін жоғарлату қажет. Жоғары нәтижелер алынды –52  ұпай.

 

ГҮЛЖАН Т.

Зерттеу нәтижелері Гүлжанның логикалық ойлау деңгейі орта екенін білдіреді (47 ұпай). Ода құрамалау, өрнектің үзділіксіздігін қайта құруі ұқсастықтарын орнату және жалпылау қабілеттіліктері бар. Сонымен қатар, бейнені түйсіктеу, кеңістіктік қиялдау қабілеттіліктері жақсы дамыған. Ойлау оңтайлылығын, есептеу қабілеттіліктерін дамыту қажет. Тапсырмаларды шешу кезінде зейінді және ұқыпты болу керек. 

 

ЖАСЫБАЙ Ш.

Вербальды интеллекті орта деңгейде (45 ұпай). Сериялар күрделенген сайын, сонымен қатар тапсырмалар да қиындай түскен сайын қателер көп жібереді. Тапсырмаларды орындау кезінде  зейінсіз болды, көп алаңдады. 

Зейін шоғырландыру қабілеттілігі  нашар. Бірақ, ойлау операциялары жақсы  дамыған, логикалық талдауды, негізін бөліп алуды жасай алады, заңдылықтарды орната алады. Сонымен, Жасыбайға ақыл-ой білімділігін жоғарлату, еңбекке қабілеттілігін, зейін тұрақтылығын, шыдамдылығын дамыту  қажет.

 

Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі  шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесінің қорытындысы

Зерттеу зорлық-зомбылықсыз,  ішкі қалау ниеті жағдайында өтті.  Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді.

1-ші  субтест.  Газетті  қолдану.  (вербалды сала).

Бұл тест бойынша кейбір балалар қиналды.  Жиі кездесетін жауатар мынандай болды:  «шапка,  ұшақ жасау,  газетті жамылу,  астыға төсеу,  оған бірнәрсе орау тағы басқа ерекше болған жауаптар:  «палатка етіп,  ойынға  қолдану және газет коллекциялау пакеттерді жапсыруда қолдану».

Өте көп ұпайлар санын  Марат  (35),  Гүлнәр  (33)  жинады.

2-ші субтест.  Қорытынды.

Бұл тестке де көп балалар қиналды орташа алғанда 3 минут ішінде 3 жауап берілді.  0-ден 5 жауапқа дейін берді.  75 жауап берілді.

Жиі кездесетін жауаптар: «адамдар мен аңдар бір-бірін  түсініп,  әңгімелесетін болады.  Бір-біріне қонаққа барып,  көмектесетін болады».

Ал ерекше деп танылған жауаптар:  «Аңдар олимпиадаларға қатысатын болады,  ғылымды алға жылжытатын болады,  теледидар құрайды,  адамдармен бірге оқып  -  өмір сүретін болады».

Жоғары нәтижені Алмас  пен Ринат көрсетті.

3-ші субтест.  Бейнелеу.  (бейнелік сала).

Балалар түрлі өз қалауы бойынша суреттерді салуы тиіс болады.  Көптеген балалар адам,  клоуы,  үй суреттерін салды.

Ал ерекше суреттер еркін  тақырыпта болды.  Олар:  түнгі  теңіз,  шаршаған өзге планеталық адам,  бассейндегі қайық,  жемістері  бар тәрелке.

4-ші субтест.  Жасырылған  форма.

Мұнда балаларға заттар жасырылып  сипатталады.  Олар сол зат сипатына орай жауап беруге тырысады.  Жиі берілген жауаптар:  шелек,  адам,  күн,  тышқан.

Ерекше сирек жауаптар:  тиын  (ақша),  көйлек,  стақандағы шыбын,  молекула,  су перісі,  шанышқы.

Алынған зерттеу нәтижелері арқылы балалардың шығармашылық ойлау  табиғатын зерттеуге,  әрі педагог-психологтар  өз қызметтерінде қолдануға,  ерекше дарынды,  талантты адамдарды іріктеуде  кеңінен  пайдалануға болады.

Екі аса ерекше дарынды  балалардың интеллект құрылымын  зерттеу үшін Р. Амтхауердің тестісі  қолданылды.  Бұл тест кәдімгі  топтық интеллектуалды тест болып табылады.  Тест тапсырмалары вербалды және сандық материал әрі бейнелерден тұрады.

 

“Он сөзді жаттау”  әдістемесінің қорытындысы

Зерттеуші сөздерді анық,  жәй оқиды. Әр сөзді айтылғаннан кейін қайта жаңғырту ретін және дәлдігін санмен немесе крестикпен белгілейді.  Ал,  кейде айтылатын сыналушының артық сөздері де хаттамаға тіркеліп отырады.  Дамытушы экспериментке дейін 3 сөзді қайта жаңғыртып есте сақтаған,  ал дамытатын эксперименттен кейін қайталап жаттаған сөздерінің саны 5-ті құрайды яғни,  есте сақтауы жоғарылаған. Дамытатын экспериментке дейін қайта жаңғырған сөздердің саны 5-ке тең,  ал дамытатын эксперименттен кейін қайталаған сөздерінің саны 7-ге тең,  яғни есте сақтаудың жоғарылағандығын білдіреді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Интеллектінің дара ерекшеліктері оның біліктігі  және дәрежесі бойынша ажыратылмайды. Интеллектінің өзіне тән айырмашылығын білу  үлкен мағынаға ие болады.

Мұны ақыл-ойдың  динамикалық жағынан көріну, мысалынан  білуге болады. Психиканың мазмұндық  жағына байланысты айырмашылығынан  басқа, психикалық процестердің шапшаңдылығына және ырғақтылығына, жылдамдығына және тұрақтылығына реакциялық күш ретінде қолданылатын сипаттамалар да белгілі. Мұндай көрсеткіштердің негізіне жүйке жүйесінің табиғи типтік құрылымы жатады. Жүйке жүйесі құрылымының әрбір полюсының (күштілік-әлсіздік; ептілік-селқостық; белсенділік-белсенділіксіз) жетістігі мен шектеуі бар. Мұндай дара өзгешеліктер – жүйке әрекетінің жетілгендігімен ерекшеленбейді, ол өзіне тән өзгешеліктермен ерекшеленеді.  Мұнда  интеллектінің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын дара жұмыс стилі көрініс тапқан.

Интеллектінің өзіне тән дара ерекшеліктерінің екінші жағы  «көркемдік» немесе «ойлану» типіне жатады. Кейбір адамдарда ойлау процесінде басты рольды бейнелі көрнекілік  елестету, ал басқаларында – жалпы  идеялар, түсініктер атқаратыны анық. И.П.Павловтың теориясы бойынша  мұндай айырмашылықтар   «бірінші сигнал жүйесі» (сезім мүшелеріне әсер ететін бейнелер) мен «екінші сигнал жүйесі» (сөздер, түсініктер) арасындағы байланысқа негізделген. Бас миының оң жақ және сол жақ екі жарты шары тек қана дублерлар ғана емес, сонымен бірге олар бір-бірін толықтырып, түрлі функцияларды атқарады. Сол жақ жарты шар – талдау, бөлу, сөздік-логикалық ойлау функцияларына жауап береді; оң жақ – тұтас, нақты қабылдауына және әрекетке, сезімнің өтуіне жауап береді. Ми бүтін, тұтас жұмыс істейді, бірақ жарты шардың бірі басты орында болуы мүмкін. Бас миының жарты шардың біреуінің басым болуы көбінесе психикадағы бейнелі эмоционалдық және түсініктіліктің қатынасымен байланысты. Сондықтан мынадай дара – психологиялық даму дарындылықтың өзіне тән бейнесін сипаттайды.

Жетілу кезеңінде  өсіп келе жатқан адамның танымдық стилі, проблемасын шешуде өзіндік  жоспары басқалардікіндей емес екендігі жиі кездеседі. Дәрежесі ғана емес, сонымен бірге интеллектінің  өзіне тән ерекшелігі – бұл  шығармашылық мүмкіндіктің алғы шарты екендігін  айтуымыз керек.

Ақыл-ой дарындылығы интеллектімен үйлесімсіз екендігін атап өтуіміз керек. Интеллект – маңызды құраушы, бірақ бұл барлық ақыл-ой дарындылығы емес.

Дегенмен, iс-әрекеттiң әр алуан саласында ұлы жетiстiктерге жету үшiн интеллектi емес, психиканың одан да күрделi ерекшелiктерi: жаңа, ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердiң шешiмiн таба бiлу қабiлетi болуы керек. Мұны психологияда креактивтiлiк деп атайды.

Интеллект  -  өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз.  Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді.  Дарындылық  -  бұл жеке тұлғаның ерекше құрылымы.

Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері,  яғни философиялық-теоретикалық жаттығуларға,  қоғамдық іс-әрекетке,  қандай да бір ғылым аумағында,  техникаға немесе ұйымдастырушылық  -  практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық  -  Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.

Ақыл-ой дарындылығы  - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының  сәйкес келуі.  Психологиядағы бар материалдар,  мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аудаурға көмектеседі.  Бірінші категорияда  -  өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар.  Олар жиі мектепке дейінге және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі.  Екінші категорияда  -  аранйы,  мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар.  Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін.  Үшінші категорияда  -  оқуда табысты болып үлгермеген,  бірақ психикасының оригиналдылығымен,  танымдық белсенділігімен,  сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген.  Бұл жерде потенциалды немесе  “жасырынды” дарындылық туралы сөз болып отыр.  Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.

Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де,  осы күнге дейін  оның тұрақты анықтамасы жоқ.  Дарындылықтың  пайда болу туралы көзқарастар да әр түрлі екенін анықтадық.

Бүгінгі күнде дарындылық мәселесі түбегейлі шешілмеген,  және дағдарысы  мен дарындылық табыстылығы арасында қарама-қайшылық бар.  Дарныдылық нәресте  шақтан пайда болады,  ол үнемі  дамытуы қажет етеді.

Арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінің өзі оқытушы мен дарынды оқушының арасындағы түрі жағынан бірлескен-диалогтық,  ал мазмұны жағынан танымдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады.  Осыған байланысты дарынды баланың жеке тұлғалық дамуы жүреді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары