Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................6

1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34

2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55

Қорытынды............................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65

Файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейнг дарынды балаларды окыту және тарбиелеу багыттары.doc

— 490.50 Кб (Скачать файл)

Қабілетті біріккен іс-әрекет контекстінде субъект -  убъект қатынасы ретінде қарастыру ғана,  нышандардың дарындылыққа айналу механизмдерін түсіндіруге көмек береді.

ХХІ ғасырдағы білім  беру дарынды  балаларды айқындау мен диагностика  ұйымдастырудың жаңа жолдарын талап  етеді.  Баланың дарындылығын айқындау,  дамыту мәселесі нақты көрінетін,  баланы қарқынды физиологиялық,  интеллектуалдық шағына сәйкес келетіндігін,  әрі этникалық аспектіге негізделетінін білдік.  Дарынды баланың психикалық даму деңгейін анықтап,  жалпы және арнайы қабілеттілігінің даму мүмкнідіктерін аштық.

Потенциалды дарындылық -  бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін,  белгілі психикалық алғышарттары потенциалды  болатын баланың психологиялық  ерекшелігі.  Бірақ бала,  бұл  мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды.  Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін  (жанұялық қиын жағдаймен,  квалификацияланған  мұғалім - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа).

Потенциалды дарындылықты анықтау,  кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы мүмкін.  Өйткені әрі қарай дамуы туралы,  тек кейбір белгілер бойынша айтуға болатын,  әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.

Ерте дарындылық мысалы ретінде  “вундеркиндтер”  (“таңқаларлық бала”  мағынасында)  деп аталатын балалар бола алады.  Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер,  қандай да бір іс-әрекет түрінде  тамаша табыстарғ жетеді  (музыкада,  суретте,  ән айтуда тағы басқа).  Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етді  (ерте әріп танып,  оқу,  хат,  санау  тағы басқа).  Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей,  дарындылық музыкада  ерте көрінеді.  Ал одан кешқұрым,  сурет өнерінде көрінеді.  Ал  математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды.  Ғылым жетістігінде мәнді нәтжелерге жету,  әдетте кешқұрым өтеді,  ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты.  Осы клетірілген дарындылық классификациясымен қатар,  әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. 

Жүргізілген зерттеу  нәтижелерін және берілген дипломдық  жұмыстың теориялық бөлігін талдай келіп, келесі қорытындылар жасауға  болады:

1. Жалпы интеллектуалды  қабілеттіліктердің диагностика проблемасының құрылысына теориялық талдауы дарындылық көрсеткіші ретінде мынаны айқындады:

а) психологияда, адамның  дамуында биологиялық-генетикалық (туынды, тума) деректер басымдылығын тұжырымдайтын, биологизаторлық ағым белгілі  бір  орын алады;

ә) қоғамның негізгі интеллектуалды мүмкіндігін құрайтын нақты дарынды балалардың тобы шектелген азсандығымен ерекшеленеді;

б) дербес өзгешеліктерін, даралығын және дарындылығын ескере отырып, дарынды балаларды ерте жасынан  таңдап білу, оқыту және тәрбиелеу  әлеуметтік міндет болып табылады.

2. Ақыл-ой қабілеттіліктерін  және дарындылығын айқындайтын  әдістемелік тәсілдерді зерттеу  мынаны көрсетті:

а) таңырқаларлық қабілеттеріне  ие болатын балаларды таңдап білу көп аспектілі мәселе болып та табылады;

ә) психодиагностиканың әр түрлі әдістемелері дарындылықтың сандық немесе сапалық сипатын айқындауға мүмкіндік береді (дарындылық түрін, даму деңгейін т.б.). 

б) баланың дамып жатқан, әлеуметтік жағдайларын тіркеу үшін,   дарындылықты анықтайтын халықтың әр түрлі топтарының өкілдері, бейберекетті және аз қамтамасыз етілген жанұядағы балалар, әр түрлі кемшіліктері бар балалар үшін дифференциалдық әдістемелер құрастырылған. 

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттіліктерін анықтайтын дигностикалық әдістемелер кешенін құрастыру және тандап алу барысында жетістіктер және интеллект тесттері апробацияланды және қолдаланылды:

а)  “Равеннің прогрессивті матрицалар” әдістемесі;

ә) Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі;

б)  “Он сөзді жаттау” әдістемесі.

4. Потенциалды мүмкіндіктердің  дәрежелік және сапалық нәтижелерінің  анализы жалпы ақыл-ой, интеллектуалды  қабілеттіліктерінің деңгейлерін  анықтайды: 

а)  ең жетістікті;

ә)  жетістікттіге жақын;

б) орта жетістікті.

5. Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы ақыл-ой қабілеттіліктерін анықтайтын зерттеулер психологтарға әр баламен дара жұмыс істеуде практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді;

6. Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы ақыл-ой қабілеттіліктерін анықтайтын зерттеу нәтижелерін және психологтарға жасалған әр кіші сынып оқушыларымен дара жұмыс істеуге практикалық ұсыныстарды қолданып, кіші сынып оқушыларын дербес тәсілдермен дифференциалды оқытуын ұйымдастыру үшін ұстаздарға практикалық ұсыныстар мен кеңестер жасалды.

Ұсыныстар: мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды қабілеттіліктері және ақыл-ойының дамуы психологтың кәсіпқорлығынан, оның теориялық және практикалық хабардар болушылығынан және тұлғаның интеллекті дара даму бағдарламасын білу икемділігінен тәуелді болғандықтан, осы кеңестерді дарынды және талантты балалармен жұмыс істейтін, психологтар мен ұстаздарға ұсынамыз:

Психологтар үшін:

1. Арнайы бағдарламаларды  келісімді жасау үшін жалпы  ақыл-ой қабілеттіліктері биік  деңгейдегі балаларды ерте жастан анықтап, білу қажет.

2. Зерттеуден алынған  нәтижелерді, сонымен бірге жас  және дербес өзгешеліктерін ескере  отырып, дара тәсілдерді қолдану  қажет. 

3. Мектеп жасына дейінгі балалар туралы, оның микроортасы жөнінде толық хабарды болу үшін, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтасу қажет.   

4. Зерттеу нәтижелері  ақыл-ой дамуының динамикасын  бақылауға мүмкіндік береді.

Педагогтарға:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дербес, ақыл-ой мүмкіндіктерін ескере отырып, озып оқуын дамыту қажет.

2.  Мектеп жасына дейінгі балаларды жетістікті оқыту үшін тиімді тәсілдер қолдану қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. - Алматы, 2007.
  2. Жұмашев Қ. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. - 2008. - № 4.
  3. Мүсілімов Ә. Қабілеттілікті дамытудың психологиялық негіздері // Қазақстан мектебі. - 2009. - № 3.
  4. Калмыкова З. Проблемы  возраста. – М., 1989.
  5. Менчинская Н. Овчинникова Т.Н. Личность и мышление ребенка: диагностика и коррекция.  - М.: Академический проект, 2002.
  6. Шумакова Н.Б. Познавательная деятельность дошкольника. – М., 1999.
  7. Торренс П. Одаренный ребенок. - М.,1997.
  8. Юркевич В.С., Чудновская В.С. Одаренность: дар и испытание. - М., 1990.
  9. Лейтес Н.С Психологическая одаренность детей и подростков. - М., 1997.
  10. Пономарева Я.А. Мышление дошкольника. – М., 1999.
  11. Рубинштейн С.Л.  Процессы мышления и закономерности анализа, синтеза  и обобщения. – М., 1990.
  12. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. – М., 1995. 
  13. Лейтес Н.С. Об умственной одаренности. - М., 1998.
  14. Богоявленская Д.Б. Одаренность: Рабочая концепция. - М., 2005.
  15. Брушлинский А.В. Интеллектуальная активность и проблема творчества. – М., 2006.
  16. Дружинин В.Н. Основные направления экспериментального изучения творчества. - М., 2000.
  17. Юркевич В.С.  Другая одаренность  // Семья и школа. – 1995. - № 9.
  18. Айзенк Г.Ю. Проверь свои интеллектуальные способности. – Рига, 2002.
  19. Краткий тест творческого мышления. - М., 2008.
  20. Савенков А.И. Одаренный ребенок, особенности психического развития // Магистр. – 1997. - № 5.
  21. Рензулли Ж.С. Одаренность. – М., 1998.
  22. Карне М. Одаренные дети. – М., 1991.
  23. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. – М., 1994.
  24. Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. – М., 1993.
  25. Гильбух Ю.З., Гарнец О.Н., Коробко С.Л.  Феномен умственной одаренности // Вопросы психологии. – 2006. - № 4.
  26. Тэкэкс К. Одаренные дети. – М., 1991.
  27. Выготский Л.С. Избранные психологические труды. – М., 1981.
  28. Кравцова Е.Е. Психологическая диагностика. – М., 1990.
  29. Божович Л.И.  Избранные психологические произведения. - М., 1988.
  30. БрушлинскийА.В. Практическая  психология. – М., 1997.
  31. Тихомиров О.К. Конструктивная типология и психодиагностика   личности. – Псков, 1994.
  32. Холодная М.А.  Психодиагностика личности: теория и практика. - М.: Владос, 2001.
  33. Леонтьев А.Н., Лурия А.Р., Смирнов А.А. О диагностических методах исследованиях  школьников. - М., 1996.
  34. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М., 1996.
  35. Психологиялық тесттер жиынтығы. – Алматы, 2000.
  36. Клименко В.В. Как воспитать вундеркинда. – Харьков, 1996.
  37. Асылханова М.А. Психология: жас ерекшелік және педагогикалық тұрғысынан таным әрекеттерін қалыптастыру жолдары. – Алматы, 2000.
  38. Сейталиев К. Дарынды шәкірттер даярлау жолында // Қазақстан мектебі. – 2002. - № 2.
  39. Рубинштейн С.А. Способности. - М., 1989.




Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары