Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Файлы: 1 файл

advakattar.doc

— 272.50 Кб (Скачать файл)

Заңда бiр сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны бiрнеше  адвокаттың қорғауына тыйым салынбаған. Сонымен қатар бiр қорғаушы екi сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы бола алмайды, себебi бiр  сезiктi мен екiншi сезiктiнiң мүдделерi қайшы келуi мүмкiн.10  

- бiр адам, егер  сезiктiнiң айыпталушының бiреуiнiң  мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы  келетiн болса, олардың екеуiне  бiрдей қорғауш болуға тыйым  салынады.

- кәмелет жасқа  толмаған айыпталушы мен қылмыстық  iске тартқан кәмелет жасқа жеткен қылмысқа қатысушыны қорғауға тыйым салынған.

Сезiктiнiң, айыпталушының  сотталушының қорғаушыға жүгiну құқығын  бұзу, ҚIЖ Заңының елеулi белгiленген тәртiппен жеке өзi немесе қорғаушының  көмегiмен жүзеге асыра алады.

Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға олардың құққытарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн  қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi, сонымен қатар сезiктi, айыпталушының қорғаушысының iске қатысуын қамтамасыз етедi.

Қорғаушының қатысуы  сезiктi мен айыпталушының құқықтарын шектемейдi.

Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда мiндеттi түрде қатысады:

- қорғаушының қатысуы туралы сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш жасаса;

- сезiктi немесе  айыпталушы кәмелетке толмаса;

- сезiктi немесе  айыпталушы дене немесе психикалық  кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын  өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

- сезiктi немесе  айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

- адам жазалау  шарасы ретiнде он жылдан астам  мерзiмге ба с бостандығынан  айырылу, не өлiм жазасы тағайындалуы  мүмкiн болатын қылмысты жасағаны  үшiн айыпталса;

- айыпталушыға  бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға  алу қолданылса немесе мәжбүр  етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе.

ҚIЖК-нiң 71 бабында  көзделген өзге де жағдайларда адвокат  қылмыстық iске мiндеттi түрде қорғаушы болып табылады.

Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы.

Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.

Айыпталушы  мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат бес күн  мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп  отырған орган сезiктi мен айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады.

Қазақстанның  қылмыстық iс жүргiзу заңдылығы әрқашанда сезiктiнiң айыпталушының қорғануға құқығын дамытып жетiлдiрiп келедi. Мысалы, 1864 жылғы Қылмыстық iс жүргiзу заңы бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге қатыспаған болса, 1959 жылғы Қаз ССР ҚIЖК-сi бойынша қорғаушы бiрiншi рет алдын ала тергеуге қатысты.11

Ал, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам, сол ұсталған, тұтқындалған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.

Қорыта айтқанда сезiктiнiң, айыпталушының қорғану  құқығы мынадай бөлiктерден тұрады:

- заңда тыйым  салынбаған әдiстер мен құралдарды  қолдана отырып айыпталушы, сезiктi, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн кез келген дәлелдемелердi ұсынуға құқылы;

- сезiктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң құқықтары мен  заңды мүдделерiн қорғау үшiн  адвокаттық көмек алуға құқылы.

- анықтау органдары,  тергеушi, прокурор мен сот сезiктiге, айыпталушыға құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдарымен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сонымен бiрге олардың жеке мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi.

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi

2.1 Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында

 

Қылмыстық iс  бойынша тапсырманы қабылдағаннан  кейiн адвокат өз өкiлеттiгi шеңберiнде  дереу iске қатысуы керек.

Себебi, адвокат iске сезiктi ұсталған кезден бастап қатысса процестiң өз пайдасына өрбуiне әсер етедi. Сезiктiнi негiзсiз ұстаған жағдайда тергеу органының бастығына немесе прокурорға шығарылған шешiмнiң заңсыздығына шағымдана алады.

Қылмыстық iске  араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң  қорғау жоспарларын құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп, құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы мүмкiн.12

Қылмыстық iс  жүргiзуде, қылмыстық iстi қозғау бiрiншi стадия болып табылады. Бұл стадияда прокурор, тергеу, сот органдары  нақты бiр iс бойынша тергеу әрекеттерiн  жүргiзу қажеттiгiн, сонымен қатар  қылмыстық белгiлерi бар деректер пайда болған жағдайда осы деректер негiзiнде қылмыстық iс жүргiзу органының араласуының қажеттiгiн шешедi.

Қылмыстық iстi тергеуде iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды негiзi – қылмыстық iстi қозғау қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген тергеу және сот әрекеттерiн қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге асырылады.

ҚIЖК 194 бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан  кейiн ғана жүргiзiледi.

Қылмыстық iс  қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн  адвокаттың негiзгi мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу керек.

Қылмыстық iс  қозғалғаннан кейiн прокурор алдын  ала тергеу және сот органдары  белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың санкциясымен) нақты  қылмыстық iстi қарайды және азаматтарға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, кулерден жауап алады, қылмыстық iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерiн жүзеге асырады.

Қылмыстық iс  қозғау стадиясына қылмыстық iс жүргiзу стадияларының барлық белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық қатынастар мен әркеттер.

Қылмыстық iс  кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның  болуынан емес, қылмыстық деректерiнiң  бар болуына байланысты iс қозғалатынын адвокат бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа қатысты болған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп қорытындылаймыз.

Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi стадияларында қаралады.13

Мемлекет қылмыстық iс қозғау өкiлеттiгiн Заңда нақты  көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғаларға берген. Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қатарына: анықтаушыны,анықтау органын, тергеушiнi, алдын ала тергеу органын, прокурорды жатқызамыз. Қылмыстың белгiлерiн тапқан жағдайда әр орган өз құзыретi шегiнде қылмыстық iстi қозғай алады және кiнәлi тұлғаларға заңда көрсетiлген мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

Аталған органдардың  қылмыстық iс қозғау стадиясында  өкiлеттiктерiнiң ерекшелiктерi бар. Сондықтан  да адвокат әр органның қылмыстық iс  қозғау стадиясындағы өкiлеттiктерiн бiлуi тиiс.

Қылмыстық iстер тек қана Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қозғай алады, ао егер де өкiлеттiгi жоқ адам iстi қозғаса  адвокат прокурорға шешiмнiң заңсыздығын  дәлелдеп күшiн жоюды сұрайды.

Қылмыстық iстi қозғауға өкiлеттiгi бар лауазымды тұлғалар мен органдар мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардан қылмыстық iстi қозғауға қажет құжаттарды, есептердi әкiмшiлiк комиссияның актiлердi сұратуға құқылы.адвокаттың лауазымды тұлғалардың және органдардың қылмыстық iс қозғау қаулысын тексергендегi мiндетi:

- жiберiлген  қателiктерiн табу керек;

- жiберiлген  қателiктi тапқаннан кейiн соған  сәйкес шешiм шығаруы керек;

- шешiмдi дұрыс  орындауы тиiс.

Адвокат қылмыстық iстiң заңды және дәлелдi қозғалғанына ерекше назар аударады. Бұған кәсiптiк бiлiмдiлiгi, өмiрден тәжiрибесi және iстi жүргiзуге еркi, адвокаттық интуициясы көмегiн тигiзедi.

Лауазымды адамдар  мен өкiлеттiгi бар органдар қылмыстық iстi Заңды себептер мен жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қозғайды.

Қылмыстық iстiң  қозғау себебi – прокурор, тергеушi, анықтаушы органдарының қылмыстық болатынын немесе болған қылмыс туралы мәлiметтерiнiң болуы.

Нақты қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:

- азаматтардың  арызы;

- кiнәсiн мойындап  келу;

- мемлекеттiк  органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;

- бұқаралық  ақпарат құралдарындағы хабар;

- лауазымды  адамдардың және қылмыстық iс  қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтау.

Барлық себептердiң процессуалдық мәнi бiрдей. Жоғарыда тiзiлген себептерден барлығы мiндеттi болып табылады. Өйткенi себепсiз қымыстық iс қозғалмайды. Бiрақ та бiр де бiр себеп даусыз және мiндеттi деп есептелiнбейдi, себебi қылмыстық iс қозғау себептерiне жеткiлiктi негiз болуы қажет.

Қылмыстық iс  қозғаудың негiзi – қылмыс белгiлерiнiң  бiрiншi тұжырымы болып саналады. Тұжырым  белгiленген қайнар көздерге сүйене отырып шығарылуы тиiс. Қайнар көздерi болып: арыз, азаматтардың түсiнiгi, лауазымды  тұлғалардың қаулылары, справкалары, актiлерi т.б. Қылмыстық iс сыбыс, өсек негiздерiнде қозғалмайды. Қылмыстық iс қозғауға берiлген материалдардың заңдылығы негiздiлiгi қажет. Егер де берiлген материалдарда қылмыстық iс қозғауға себеп пен негiз болмаса адвокат прокурорға шағымдана алады.

Адвокат жиналған деректердiң көлемiнде қылмыс әрекетiнiң  барлығын айқындауы қажет. Кез келген қылмыстық iс жүргiзу стадиясында  тиiстi лауазымды тұлға iшкi сенiмiне жүгiне отырып деректердi бағалайды. Сондықтан  да, лауазымды тұлғалар болатын немесе болған қылмысты қорытындылау үшiн жиналған деректердiң жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi шешедi.

Кез келген жағдайда жиналған деректердi адвокат жан-жақты  бағалауы тиiс. Бiрақ та бұл стадияда, яғни қылмыстық iстi қозғау стадиясында  деректер мен мәлiметтерге толығымен баға бермейдi. Қылмыстық iс қозғау стадиясында қылмыс жасаған тұлғаның бiлiмi, кiнәсiнiң мазмұны аса қажет емес.14

Қылмыстың iстi қозғау үшiн жиналған материалдарды  тексеру қажет. Түскен арыздар мен  хабарламаларға қосымша қажет материалдар  мен түсiнiктер сұрауға құқылы. Қылмыстық iс қозғау қаулысын шығармай жауап алу хаттамасын, тiнту, алу тағы басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципi бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi жүзеге асырады:

- прокурорға  шағымдана алады;

- тергеу әрекетiнен  кейiн сот процесiне дайындық  бөлiмiнде соттан заңсыз алынған  дәлелдемелердi iске қажетсiз деп  тануға өтiнiш бiлдiредi.

Болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды бiрiншiден тексередi, бұл кезде дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ. Қылмыстық iс қозғағаннан кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. Адвокат материалдарды тексеру барысында өзi тексеруi тиiс. Тексерiстi кiм, қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн тексередi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ұстау және бұлтартпау  шараларын қолданғанда адвокаттардың  iс әрекетi

 

 

Қылмыстық iс  қозғалмастан бұрын ҚIЖК 132 бабының  тәртiбiнде сезiктiнi ұстағанда ҚIЖК 135 бабына сәйкес жеке тiнту жүргiзiледi.

Сезiк келтiрген адамды ұстау – оның қылмысқа қатыстылығын анықтайды және оған қамауға алу  түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану  туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылады. Ұстауды жүзеге асыру мақсаты ұсталған адамда қару бар ма, қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайда сақтап қалу үшiн ұстауды жүзеге асырады.

Қазiргi уақытта  жедел iздестiру қызметi мойындату және керектi ақпарат алу үшiн азаматтарды  ұстау тәсiлiн кеңiнен қолданады. Азаматтарды заңсыз ұстаумен қатар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңсыз тiнтуi де аз кездеспейдi. Соңғы кездерi прокурордан алдын ала санкция алмай-ақ тiнту жүргiзу үрдiсi етек алып барады. Бұлтартпау шараларын қолдану барысында заңдылықтың сақталуын адвокат өте тиянақты қарауы керек. Прокурорлар кей жағдайда қамауға алуға санкция берер де қылмыстық iс материалын жете зерттелмейдi, жинақталған дәлелдемелердi сараламайды, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтердi, қылмыстың ауыр жеңiлдiгiн, жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiн есепке ала бермейдi. Осы жағдайларда адвокат шағымдана алады.

Информация о работе Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi