Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Файлы: 1 файл

advakattar.doc

— 272.50 Кб (Скачать файл)

Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн  тексеруi тиiс. Прокурор қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң шығарған шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға негiз болған материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, сонымен қатар тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда тексередi. 15

Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене отырып қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының  қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс  қозғаудан бас тартады немесе қылмыстық iс бойынша тергеу iс әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. Егер прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса адвокат жоғарытұрған прокурорға шағымдана алады.

Адвокат алдын  ала тергеу стадиясында айып тағылған не адам сезiктi деп танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.

Адвокаттың  соңғы жағдайда iске қатысуы:

- тұлғаны ұстаған  жағдайда (кiнә тағылмаса да)

- тұлғаға бұлтартпау  шарасы қолданған жағдайда.

ҚIЖК 70 бабында  көрсетiлген негiзде адвокат мiндеттi түрде қатысуы керек:

- сезiктi немесе  айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған уақытқа сәйкес белгiленедi;

- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

- адам жазалау  шарасы ретiнде он жылдан астам  мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса.

Адвокат iске  қатысу мерзiмiнен бастап ҚIЖК-нiң 74 бабында  көрсетiлген процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:

- сезiктiмен  және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейiн жүргiзiледi. Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша позициясын шешiп алады: өзiн кiнәлi деп санай ма (егер өзiн кiнәлi деп есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме жасайтындығын, ненi мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын.

Адвокат iске  қатысқаннан кейiн төмендегiдей  қызмет атқарады және бiрқатар құқықтарға ие болады:

- заң көмегiн көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәлiметтердi жинап ұсынады;

- дәлелдемелердi  ұсынады. Дәлелдемелердi ұсынбас  бұрын оларды белгiлi қайнар  көздерден алу қажет, бiрақ  та адвокатта билiк ету өкiлеттiгi  болмағандықтан дәлелдемелердi табу, алу қиынға түседi;

- ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, Заңда көрсетiлген қылмыстық iс  жүргiзу өзге де құжаттарымен  танысуға құқылы;

- өтiнiм жазады;

- ҚIЖК-нiң 109-110 баптарында көрсетiлген тәртiпте  судья шағымдарды қарағанда адвокат қатыса алады;

- қарсылық бiлдiредi; (ҚIЖК-нiң 92, 93-баптары)

- Қылмыстық  iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге  асыратын органдар мен лауазымды  адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне  шағымданады;

- Заңға қайшы  келмейтiн кез келген басқа  да қорғау құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.

Iске қатысқаннан  кейiн адвокат сезiктiнiң, айыпталушының  қорғаушысы болып көптеген мәлiметтердiң,  оқиғаның куәсi ретiнде болады. Қорғау  қызметiн атқара отырып осы  өзiне мәлiм болған мәлiметтерi бойынша жауапқа тартылмайды. 

Адвокат куә ретiнде жауап беруге құқығы жоқ, себебi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 15 бабының 3 тармағында көрсетiлген адвокат көмегiн көрсете отырып өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.

Алдын ала тергеу стадиясында адвокат қорғаушы болып  қатыса отырып:

- заңда  көрсетiлген  тергеу әрекеттерiне қатысады. Сонымен  қатар жауапқа тартылып отырған  тұлғаларға қосымша сұрақ қояды,  хаттаманың дұрыстығы мен толықтығына жазбаша ескерту көрсетедi. Тергеушi адвокаттың кейбiр сұрақтарын жауапсыз қалдырады, бiрақ осы әрекетiн хаттамаға енгiзуi тиiс. Адвокаттың сұрақтары ьтек қана мән жағдайды ашуға айыпталдушының айыбын жоққа шығаруға немесе жауаптылығын жеңiлдетуге бағытталуы керек.

- iске қатысты,  өзiне қажет құжаттарды сұратады;

- тергеушiге  өтiнiм, ал алдын ала тергеу  әрекеттерiне қадағалау жасайтын  прокурор мен судьяға шағымдана  алады.

- қылмыстық  iспен байланысы бар мамандардан  консультация алуға құқылы.

- прокурордың сезiктiнi, айыпталушыны қамауға алу және мерзiмiн ұзартуға берген санкциясына келiспеген жағдайда сотқа шағымдана алады. Мұндай шағымды сотқа прокурордың орналасқан мекен жайына байланысты жiбередi.

Алдын ала тергеу стадиясында адвокаттың соңғы қатысуы бұл қылмыстық iстiң барлық материалдарымен танысуы. Айыпталушының немесе оның қорғаушысының өтiнiшi бойынша олар iс материалдарымен бiрге немесе жеке-жеке таныса алады. Iстiң барлық құжаттары адвокатқа тiгiлген және нөмiрленген күйiнде берiлуi керек. Заңның осындай талаптарын тергеушi орындамаған жағдайда, адвокат iстiң құжаттарымен танысудан бас тарта алады. Адвокат пен тергеушiнiң арасында ешқандай келiсiм болмауы керек, себебi әр бет нөмiрленбеген болса iсте басқа материалдар тiркелiп немесе iске тiркелген басқа құжаттар алынып тасталуы мүмкiн. Сонымен қатар беттердiң нөмiрлерiнiң болмауы адвокаттың өтiнiм жазған кезде нақты қай бетiне келiспейтiндiгiн көрсетiп сiлтеме жасай алады.16

Адвокат алдын  ала тергеу сатысынан бастап қатысса iстiң көптеген құжаттарымен таныс болғандықтан мiндетiн атқаруға жеңiл болады. Егер адвокат келесi сатылардан бастап iске қатысса, ол iстiң барлық құжаттарымен танысуы керек. Iстiң құжаттарымен танысуда белгiлi бiр тәсiлдер белгiленбеген, қорғаушылардың барлғы дерлiк бiрiншiден қылмыстық iс қозғау қаулысымен танысады. Қылмыстық iс қозғау қаулысының уақытын, кiм қозғағаны, қандай қылмыстық белгiлермен қозғалғанын, қандай тұлғаларға қатысты қозғалғанын қарайды, содан кейiн айыпкер ретiнде тану қаулысымен танысады. Қорғаушы iс құжаттарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше томнан тұратын болмаса, олардың кез келгенiн қайта қарауға, сондай-ақ кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға, құжаттардың көшiрмесiн түсiрiп алуға, сонын iшiнде техникалық құралдардың көшiрмесiн түсiрiп алуға құқылы.

Адвокат iс бойынша  құжаттардың көшiрмелерiн өзiнiң  досъесiнде сақтауға тиiс. Досъе мiндеттi түрде iске қорғаушы болып қатысқаннан бастап толтырылуы тиiс.17

Iстiң құжаттарымен  таныса отырып адвокат тергеу  және анықтама органдары алдын  ала тергеу әрекеттерiнде жiберген қателiктерiне, қылмыстық iс жүргiзу Заңының бұзылғанына көңiл бөлуi тиiс. Заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды және айыптаудың негiзi болып табылмайды. Содан кейiн сот қорғаушының өтiнiмi бойынша дәлел ретiнде жiберiлмеуге тиiс құжаттарды алып тастайды.

Iстiң құжаттарымен  танысып болып адвокат әр түрлi өтiнiштер бiлдiруге құқылы. Көбiне  жазған өтiнiшi қосымша тергеу  жүргiзуге берiлген. Мысалы, қосымша  жауап алуға, беттестiруге, тергеу  экспериментiн жүргiзуге, сараптама тағайындауға байланысты. Қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда қылмыстық iстi қысқарту туралы құжатын сұратып iске тiркеу жөнiнде өтiнiш бiлдiредi. Тергеушiнiң қылмыстық iс бойынша адвокаттық өтiнiш қанағаттандырудан бас тартса, адвокат өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесiн алып үш тәулiктiң iшiнде прокурорға шағымдана алады.

Тергеу iс-әрекеттерiне қатысты адвокаттың өтiнiшi қанағаттандырылса осы өтiнiштi қарастырғанда қатысуға құқылы.

Iстiң барлық  құжаттарымен танысқаннан кейiн адвокат айыпталушымен сот процесiнде қорғаушы бол қатыса алатын тұлғалардың тiзiмiн қарастырады. Қорғаушы болып қатыса алатын тұлға дегенiмiзде айыпталушының айыбын жоққа шығаратын мәлiмет бiлетiн адамды айтамыз. Бұл тұлғалардың тiзiмiн адвокат соған сәйкес өтiнiмде көрсетуi қажет.

Адвокат қылмыстық iс құжаттарымен танысқаны туралы қорытындысын белгiлi хаттамада толтырады. Хаттамада танысуға қандай құжаттар ұсынылғаны, қандай өтiнiмдер мәлiмдегенiн  және өзге де қандай мәлiмдемелер жасалғанын, сондай-ақ iс бойынша қандай куәлардан жауап алғанын, iске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың тiзiмiн қоса тiркелгенiн көрсетедi.

Қамауға алғанда  немесе ұсталынған кезде адвокаттың тұлғаға қорғаушы бол қатысқанда ерекше белсендiлiгiн көрсету керек. Себебi тергеушiлер мұндай әрекеттерiн жүргiзгенде көп қателiктер жiбередi.

Айыпталушының қамауда қандай негiзде ұсталғанын адвокат қорғаушы ретiнде тексеруге  құқылы. Қылмыстық iс жүргiзу органдарына қылмыстық iс жүргiзу Заңы қоғамға аса қауiптi қылмыскерлердi тез арада қамауда ұстауға құқық берген. Қоғамнан аса қауiптi қылмыскердi бөлiп ұстамаған жағдайда қоғамымыздың тұрғындары орынды ренiш бiлдiредi. Себебi қылмыскер жауаптылықтан заңсыз босатылса қайтадан қылмыстық әрекетке бел бұрады. Ал егер де, кiнәсiз немесе жеңiл дәрежеде қылмыс жасаған тұлғаны тұтқынға алса адвокат өз құзыретi шегiнде, кәсiптiк бiлiктiлiгiн көрсете отырып көмек көрсетуi тиiс.

Адвокат осындай  жағдайларда қорғау қызметiн жақсы атқару үшiн тергеу органдарының қанда жағдайда мiндеттi түрде тұтқынға алатынын қандай жағдайда рұқсат етiлетiндiгiн және қандай жағдайда Заңмен тыйым салынатынын мiндеттi түрде бiлуi керек.

ҚIЖК-нiң 130 бабының  тәртiбiнде қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана және тек заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасағандығына сезiктiге, айыпталушыға қатысты қолданылады.18

Мемлекет өзiнiң азаматтарының жеке басына тиiспеушiлiктi қамтамасыз етедi. ҚIЖК-нiң 14 бабының 2 бөлiгiнде көзделген жағдайда ғана соттың не прокурордың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Қылмыстпенн күрес жүргiзуде, құқық тәртiптерiн қорғау мақсатында Заң тұлғаның жеке басына тиiспеушiлiктi кей жағдайда бұзуға тура келедi, сонымен қатар бас бостандығынан айыру шарасы қолданылуы мүмкiн. Олар:

- жасалған қылмысқа  соттың шығарған үкiмiнiң негiзiнде  қылмыстық жаза ретiнде бас  бостандығынан айыру;

- әкiмшiлiк тәртiп  бұзушылық кезiнде қысқа мерзiмге  қамауға алу;

- бұлтартпау  шаралары ретiнде – алдын ала  тергеу органдары прокурордың  санкциясымен немесе соттың шешiмiмен  күзетпен ұстайды.

Қорғауындағы  адам қамауға алынған жағдайда адвокаттық қорғау iсiн жүзеге асыру үшiн, бiрден бiр бағыты ол – жоғары тұрған прокурорға бұлтартпау шарасын өзгерту немесе заңсыз деп табу туралы өтiнiш жасайды. Адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдану негiздерне қарсы өтiнгiш жасау үшiн дәлелдi негiздер қажет.

Бұлтартпау  шараларын қолдану үшiн негiздер:

- айыпталушы  анықтаудан, алдын ала тергеуден  немесе соттан жасырынғанда;

- iстi сотта объективтi  зерттеуге және талдауға бөгет  жасағанда;

- қылмыстық  әрекетпен шұғылдануды жалғастырса;

- қамауға алу,  үкiмнiң орындалуын қамтамасыз  ету үшiн қолданылады.

Қамауға келiспеген жағдайда қылмыстық iстi жүргiзу органына қарсы төтеп бере алатын бiрқатар аргументтер бар. Мысал:

1. Күзетте ұстау  кiнәсiздiк презумпциясына қайшы  келедi, әр адам оның қылмыс жасағандығы дәлелдегенге дейiн және соттың заңды күшiне енген ұкiмiмен белгiленге дейiн кiнәсiз деп саналады. Айыпталушы кiнәсiз деп саналады, бiрақ бұлтартпау шарасы ретiнде күзетке алады. Айыптаушыны кiм кiнәсiз деп табады? Бұған жауап: мемлекет, қылмыстық жаза құқының субъектiсi ретiнде.

Мемлекет үкiм шығармас бұрын айыпталушыны әлеуметтiк құқықтық және тағы басқа құқықтарынан айырмайды. Адвокат қорғауындағы адамның айыптылығы дәлелденбегенше кiнәсiз деп тануды талап етедi.

Тергеушi мемлекет атынан әрекет жасай отырып айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетке алады. Мұндай әрекеттi жүзеге асыру себебi айыпталушының кiнәлiлiгiне сенiмдi. Тергеушiнiң өз сенiмдiлiгi жеткiлiксiз, нақты негiздер қажет.

Сонымен қатар  адамды кiнәлi деп тануға құқығы жоқ. Сот қана адамды кiнәлi деп таба алады. Сотқа осындай өкiлеттiлiк бере отырып, мемлекет iске қорғаушының араласуына кепiлдiк бередi.

2. Күзетке алу  – бұл бұлтартпау шарасының  ең қатал түрi, күштеп қоғамның  бөлiп қамайды. Бөлек ұстау  шарты денсаулық талабына сәйкес келмейдi, айыпталушы сырқат (медицина, мекемесiмен сәйкес справка тiркеледi), бөлек отырғаны оның өмiрiне қауiптi (жүрек ауруының болуы т.б.) немесе денсаулығына қауiптi (мұндай қауiптiнiң туындау себептерiн көрсету керек).

3. Жоғарыда көрсетiп өткендермен қоса адвокат басқа да деректерге сүйенуi керек. Жеке қарастырсақ: отбасы жағдайы (жақсы отағасы, екi баланың, кәрi ата-ананың қамқоршысы, қорғаушысы); тұрақты тұрғылықты жерiнiң болуы, тұрақты жұмыс орнының болуы (нақты жұмыс орнын мекен жайы мен қызмет түрi). Қамауға алу, қамауға алынғанның отбасы мүшелерiн және туыстарын материалдық және моральдық қиындықтарға соқтырады. Сондықтан да бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдабас бұрын бұлтартпау шараларының басқа түрлерiн қарастыруы керек.

Практикада  қамауға алу бұлтартпау шарасы аса  қауiптi қылмыс жасалғанда қолданылады.

Кез келген бұлтартпау шарасын заңға қайшы әрекеттер  жасауға бел бұған, дәлелдемелердi жоюға әрекеттенген, куә, сарапшыларды қорқытқан айыпталушыға және бостандықта жүрсе тағы қылмыстық әрекеттер жасайды деген күдiк келтiрсе қолданады.

Информация о работе Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi