Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Файлы: 1 файл

advakattar.doc

— 272.50 Кб (Скачать файл)

Адвокат соттың жаза тағайындап, жазасын жеңiлдететiнiн  күтпеуi керек. Айыпталушы деп тапқанда, бұлтартпау шарасын қолданғанда, қорғаушы iс құжаттарымен танысқанда тергеушi айыптау қорытындысын шығарғанда, прокурор бұл қорытындыны бекiткен кезден бастап адвокат айыпталушының жазасын жеңiлдететiн мән-жайларды қарауы тиiс. Тергеу әрекетi кезiнде iс жүргiзу шешiмдерiне жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiрмесе, соттың айыптау қорытындысын шығарарда жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiре алмайды. Айыптау үкiмiн шығарарда жазасын жеңiлдетуге байланысты деректер ұсынса сотта бұл деректер тексерiлгендiктен жарамсыз болып табылады.

Адвокат жеңiлдету  мән-жағдайларын табу мақсатында кез  келген қылмыстық iс бойынша дәлелдеу пәнiне араласады. Адвокаттың мiндеттi түрде қадағалайтын жұмысы жеңiлдететiн мән-жағдайлардың нақты ашылуы, iс жүргiзу құжаттарында көрсетiлуi және шығарылған шешiмдерде ескерiлуi тиiс.

Жеңiлдету мән-жағдайларды  судья қылмыстық iстер көбейтiп кеткенде, жеке тұлғаның белгiлерiн тексермей жасаған әрекетiнiң ауырлығына мән бергенде, сапасыз немесе бiр жақты айыптау тергеуi болғанда ескерiлуi мүмкiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және қорытындылау негiздерi

 

Қылмыстық iс  жүргiзуде сот сараптамасы өте маңызды орын алады. Тергеу және сот органдары заңға сәйкес сараптаманы iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау үшiн арнайы бiлiмдер негiзiнде iс материалдарын зерттеу үшiн тағайындайды. Сараптама зерттеуi дәлелдi iс жүргiзу шешiмiнiң шығуына негiз болады.

Адвокат сараптама  негiзiнде қорғаушы өкiлеттiгiн жүзеге асыра алатындығын бiлуi тиiс.

Сот сараптамасын iске мүдделi емес, арнаулы ғылыми бiлiмi бар, лицензия негiзiнде сот сараптама қызметiн жүзеге асырып жүрген адам жүргiзуге құқылы. Ол сарапшы болып танылады.

Кез келген мән  жағдайын ведомствалық зерттеуден өткен  актiлер мен құжаттар, сонымен  қатар ведомствалық қорытындылар мамандар iс жүргiзу әрекеттерi барысында жүргiзген зерттеулердiң нәтижелерi бойынша  жасалған ресми құжаттардың болуы тергеу және сот органдарының сұрауы бойынша алынса да, адвокат оларды сарапшының қорытындысы есебiнде қарастырмауы тиiс және арнайы сот сараптамасын жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге құқылы.

Сарапшының  сапасы көбiнесе тергеушiнiң тапқан дәлелдемелерiнiң дұрыс тiркелуiне байланысты болады. Тергеушi дәлелдемелердiң әр қайсысының жеке-жеке қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны көрсетiлуге тиiс. Әсiресе химиялық билогиялық, трасологиялық-балистикалық зерттеуге жататын заттар.

Тергеушi сарапшыға iске қатысты, iстiң ашылуына әсерi тиетiн, зерттеуге жататын материалдарды жiберiп, бiрқатар сұрақтар қоюға құқылы.

Тергеушiнiң  сұрақтары қылмыстық iске қатысты  жiберiлген материалдар негзiнде  қойылуы тиiс.

Адвокат есiнде  сақтауы тиiс, сарапшының құқықтары iстiң материалдарымен танысуға ҚIЖК 83 бабының 3 бөлiгiне сәйкес сараптама пәнiне қатысты мән-жағдайлармен шектелген. Сондықтан да тергеу мен сот органдары сарапшыға себепсiз iс бойынша iс құжаттарын, дәлелдемелердi жiбермеуi тиiс, себебi соңында зерттеу қорытындысы жиналған дәлелдемелердiң әсерiмен шығуы мүмкiн. Сонымен қатар сарапшының iске қатысты тиiстi материалдармен танысуға заңсыз шек қоюға тыйым салынады. Осы жағдайда тергеу мен сот органының қателiгi адвокаттың қорғауына пайдалы болады.24

Егер де анықтау, алдын ала тергеу кезiнде сараптама  мүлдем жүргiзiлмесе, адвокат соттан алдын ала тыңдау жүргiзiп басты  сот талқылауында сараптама тағайындау немесе iстi тиiстi сараптама жүргiзу үшiн қосымша тергеу жүргiзiлуiне өтiнiш бiлдiре алады. Шешiм зерттеуге жататын мән жағдайлардың маңыздылығына, сонымен қатар зерттеуге жататын сот отырысындағы материалдарды ұсынуға байланысты шығарылады.

Мына жағдайларда  сарапшыны сот отырысына шақыртады:

- айыпталушыны  қорғауға қатысты барлық сауалдар  шешiлмесе;

- сарапшының  қорытындысы жеткiлiксiз және сенiмсiз  болған жағдайда;

- егер де  берiлген алдын ала тергеуде  қорытынды айыпталушы мен қорғаушының  әсерiнен күшiн жойса;

- сарапшының  қорытындысы адвокаттың қорғауындағы  адамның кiнәсiздiгiн дәлелдейтiн  дәлелдеме болса.

Адвокат сараптама  тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде  сезiктiнiң айыпталушының қорғаушысы ретiнде мына жағдайларды бақылауы тиiс және бақылаумен қатар сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы ретiнде  өтiнiш жасай алады;

- сезiктiнiң, айыптплушының сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен танысуы және тиiстi құқықтарына түсiндiрме алуын бақылайды.

- сарапшыдан  бас тартуға немесе сараптама  жүргiзуден сот сараптамасы органын  шеттету туралы өтiнiш жасайды.

- сараптаманы  сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасайды.

- сарапшының алдына қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш;

- сараптама  кезiнде қатысуға, сарапшыға түсiнiктемелер  бере алады.

Сараптама тағайындау және оны қорытындылау негiздерi сезiктi мен айыпталушылардың жағдайын жақсартуға себiн тигiздi ме не болмаса жаңадан ашылған дәлелдемелерге жол ашты ма  осыларды ескере отырып, қорғаушы ары қарай өзiнiң қорғау тактикаларын жүргiзу керек.

 

 

 

 

 

 

 

2.5 Алдын ала тыңдау сатысындағы адвокаттың ролi

 

Адвокат басты сот талқылауын тағайындау стадиясында, заңда көрсетiлген құқықтарға ие болады. Бұл стадияда сотқа тергеушi мен прокурордың бас тартқан өтiнiштерiн бере алады.

Басты сот талқылауын тағайындауға iс бойынша алдын  ала тыңдау жүргiзiлген жағдайда адвокат жеке өзi қатысады.

Алдын ала тыңдау соттың, адвокаттың инициативасымен  тағайындалады.

Судья iстi өз қарауына қабылдай отырып тергеу кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңының бұзылғанын байқаған кезде алдын ала тыңдау жүргiзедi.

Адвокаттардың мынадай өтiнiштерi алдын ала тыңдау жүргiзуге негiз болады:

- iстi қосымша  тергеуге жiберу;

- айыптауды  өзгерту;

- iстi қысқарту 

- сараптама тағайындау

- дәлелдемелердi  рұқсат етiлмеген деп тану. Iс  бойынша маңызы бар басқа да  өтiнiштер (ҚIЖК 301 бабының 2,3 бөлiгiнiң 2 тармағы).

Алдын ала тыңдау жүргiзу сот пен адвокаттың интуициясымен  ғана емес, сонымен қатар iске қатысушы: прокурор, жәбiрленушi, заңды өкiлiнiң, азаматтық талапкер азаматтық жауапкер және жеке айыпталушының өтiнiш бойынша  жүргiзiледi.25

Тағылған айыптың шегiнде жиналған Заңды дәлелдемелер негiзiнде басты сот талқылауында iстi уақтысында қарауды алдын ала тыңдау жүргiзiп қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе – қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi алдын ала тыңдау стадиясында барлық жағдайда қанағаттандырылса да қосымша куәларды шақырту, басқа дәлелдемелердi талап ету өтiнiштерiне қатысты.

Алдын ала тыңдау стадиясында сот iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Бұл адвокаттың алдын  ала тергеу мен анықтама органдарының айыпталушының қорғану құқығын  бұзғаны туралы, сонымен қатар адвокаттың құқықтарын шектеген жөнiнде өтiнiшi әсерiн тигiзедi.

Алдын ала тыңдауда сот қорғаушының өтiшiнiн қарай  отырып iске қатысушы басқа тұлғалардың  өтiнiштерi жөнiнде ойын тыңдайды.

Алдын ала тыңдау адвокаттың өтiнiшi болмаған жағдайда да жүргiзiледi, егер судья iстi өз қарауына қабылдағаннан кейiн тергеу кезiндегi қылмыстық iс жүргiзу Заңының бұзылғанын өзi тапқан жағдайда алдын ала тыңдау тағайындауға құқылы.

Алдын ала тыңдау барысында iс жүзiндегi деректер процеске қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұза отырып алынса дәлелдеме ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi және қысқартылады.

Алдын ала тығдауды судья мемлекеттiк айыптаушының, айыпталушының, оның қорғаушысының мiндеттi қатысуымен жабық сот отырысында жеке жүргiзiледi.

Адвокат кiнәсiздi заңсыз кiнәлау немесе айыптау жағдайында толық ақталып шығауын қамтамасыз етедi. Заңсыз кiнәлау мен айыптауды белгiлеу адамның құқыңы дөрекi түрде бұзылғандығын бiлдiредi. Адвокат кiнәсiздi заңсыз кiнәлау немесе айыптау қылмыстық iзге түсу немесе сот органдары тарапынан ғана болуы мүмкiн екендiгiн назарда ұстау қажет. Мұндай заңсыздық болған жағдайда адвокат сотқа шағымданады.

Шағымында заңсыздық  әрекеттер дәлелдемелерұсына отырып, соған сүйене отырып түсiнiк берiп дәлелдеуi тиiс. Қылмыстық iс жүргiзу тәсiлдерiмен бұзылған қорғауындағы адамның бұзылған құқығын қалпына келтiру жайлы өтiнiш жазады. Адвокат адамның заңсыз кiнә тағу немесе айыптау сәтiне дейiн оған тиесiлi мәртебесiн толық қалпына келтiрудi, iзгi атын өзiне қайтаруды көздейдi.

Қорғауындағы  адамның кiнәсiздiгiн дәлелдей отырып қылмыстық iстi қысқарту туралы өтiнiш  бере алады.

Мұндай өтiнiш  беруiне себеп, қорғауындағы адамды кiнәсiз  деп тапқаннан кейiн қылмыстық оқиғаның болмағандығы, қорғауындағы адамның әрекетiнде қылмыс құрамының болмауы немесе мерзiмiнiң ескеруiне байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Қылмыстық  iстер бойынша адвокаттың сот  процесiне қатысуы

3.1 Адвокаттың сот процесiне дайындалуы

 

Сот процесiне дайындалуда адвокат мынадай әрекеттер жасайды:

- дәлелдемелердi  бағалау;

- дәлелдемелерде  қарама-қайшылықтар шығару;

- заңның бұзылғандығын  көрсете;

- айыптаудың  заңдылығын;

- топтық iстердiң  жауапкершiлiгiнiң нақтылығы.

Iстi зерттеудегi дәлелдемелердi бағалау. Адвокат мiндетiнiң шегiнде iстiң материалдарын бағалайды.

Iстi зерттей  отырып адвокат дәлелдемелерде  қылмыстың белгiлерiн ғана белгiлейдi, ал дәлелдемелердiң шындыққа сәйкестiгiн  алынған қайнар көзiн қарастырмайды.  Адвокат дәлелдеменiң шындыққа сәйкестiгiн сотта ғана анықтай алады, басқа дәлелдемелермен салыстыру нәтижесiнде. Осы процесте адвокат өзiне бiр дәлелдемелердiң сенiмдiлiгiн, екiншi дәлелдемелердiң нашарлығын, үшiншi дәлелдемелердiң сенiмсiздiгiн белгiлеуi тиiс. Бұл жерде адвокат тергеу кезiнде жиналған дәлелдемелердi топтастырады:

- айыптайтын  және ақтайтын

- нық белгiленген  дерекетер мен күмән келтiретiн  деректер 

- заң жүзiнде  алынған және iсте заңсыз пайда  болған 

- даусыз және  даулы және т.б.

дәлелдемелерде  қарама-қайшылықтарды шығару ҚIЖК-нiң 30 бабына сәйкес адвокат сот отырысында талқыланатын iс бойынша дәлелдемелердiң жеткiлiктiлiгiн анықтайды. Сонымен қатар бiрқатар тексерiс жүргiзедi:

- қылмысты тергеу  кезiнде дәлелдеу пәнiне кiретiн  мiн-жайлардың зерттелгендiгiн;

- тергеу органдарының шешiмдерiн iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң дәлелдейтiндiгi;

- алынған дәлелдемелердiң  қылмыстық iс жүргiзу заңында  көзделген тәртiпте алынғандығы.

Адвокаттардың мiндеттерi осылай орындалады.

Бiрақ кей  жағдайларда iстi қарауға дәлелдемелердiң жеткiлiксiз болғанда iс тұлғаға қатысты тағайындалады. Мұндай қателiктер көбiнесе жәбiрленушi өзiне қауiп төндiрген тұлғаны көрсете алмаған iстерде жiберiледi.

Мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыстық iстер бойынша, сонымен қатар жәбiрленушiөзi мас  болған жағдайда, басқа да себептер күштеп қауiп төндiру жағдайлары.

Адвокат сот  талқылауына дейiн iстi зерттеуде iс  бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларға қатысты қара-қайшы келетiн мәлiметтерге назарын аударуы тиiс. Қарама-қайшылықтар  дәлелдемелердiң әр түрiнде және бiр түрiнде болады, сонымен қатар әр түрлi қайнар көзден алынған дәлелдемелерде қарама-қайшылықтар болады. Көп жағдайда мұндай қарама-қайшылықтар жасаған әрекеттi дәлелдеуге дәлелдемелрдiң жеткiлiксiздiгiнен iстi алдын ала тыңдауға кедергi келтiредi, адвокат осындай жағдайларда өтiнiш жазады. Егер адвокат тергеу органдары iстегi қарама-қайшылықты байқамаса, немесе көрген жағдайда да шешпесе, ал шешкен жағдайда дұрыс шешпегенiн анықтаса тиiстi өтiнiшiнде көрсетедi.

Мысалы, адвокат iстi зерттей отырып сот психиатриялық сараптама актiсi қорғауындағы адамның психикалық жағдайына қарама-қайшы келедi.

Адвокат өтiнiм  жазады, өтiнiмдi қарастырғаннан кейiн  сот iстi сотталушының есiмiн дұрыстығын шешу үшiн қосымша тергеуге жiбередi.

Адвокаттың  заңның бұзылғанын табуда екi бағытты қолданады:

- сот отырысын  тағйындауға кедергi қелтiретiн қылмыстық  iс жүргiзу Заңының бұзылуын  табу.

- заң бұзушылықпен  алынған дәлелдемелердi табу.

Адвокат көңiлiн  қылмысқтық iс жүргiзу заңының бұзылуына  бөледi. Егер де осындай заң бұзушылық кездессе, осындай бұзушылықты жою үшiн қосымша тергеуге жiбередi.

Iстi зерттей  адвокат нақты қылмыстық спецификасы  көрсетiлген тергеу әрекеттерiне  немесе толтырылған құжаттарға  ерекше назар аударады.

Сонымен қатар  тергеу органдары айыпталушының процессуалдық құқықтарын шектейдi. Тәжiрибеде бұл заң талаптарын бұзу жиi кездеседi. Тергеу органдары көбiнесе айыпталушыға арыз, өтiнiш жасау құқықтарын түсiндiрмейдi.

Жауап алу хаттамасында тергеу органының болжамына сәйкес келетiн мәлiметтердi ғана жазады. Айыпталушының басқа мәлiметтерi жауап алу хаттамасында көрсетiлмейдi. Жазылған хаттамада айыпталушының заңға қайшы әрекетiнiң жасау себептерi көрсетiлмейдi. Осыған қатысты адвокат көңiлiн аудара отырып қорғау қорғау тезисiн айтады: «тергеушi тек қана айыптаумен айналысқан, ал басқа болжамдар қарастырылмаған да».26

Информация о работе Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi