Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Файлы: 1 файл

advakattar.doc

— 272.50 Кб (Скачать файл)

Басқа жағдайларда  тергеу органдары айыпталушының  жауабын жасаған қылмысын, себептерiн, қылмыс жасауға итермелеген мән-жайлар, жәбiрленушiмен қарым қатынасын  тиянақты жазады, бiрақ мәлiметтердi тексеру шарасын жүргiзбейдi. Соңында айыпталушының болжамы тексерiссiз қалады. Айыпталушының болжамын тексермеудiң себебi, тергеу органдарының ойынша, «жасалған қылмысқа қатысты дәлелдемелердiң жеткiлiктiгi», «әрекетi айқын» т.б.

Айыпталушының қорғану құқығын бұзу тергеу органдарының әр түрлi өтiнiмдерiн қанағаттандырусыз қалдыруында байқалады. Айыпталушының өтiнiмдерi – сот медициналық немесе сот психиатриялық сараптама тағайындауына, өзiнiң оң мiнездемесi жазылған мәлiметтерi көрсетiлген жазбаша құжаттар мен материалдар белгiлi тұлғалардың жауап алу хаттамасы беттестiру жүргiзуiне жазылады.

Адвокаттың  қорғауындағы адамның құқықтарының бұзылғандығы, мына жағдайларда айқын  көрiнедi, айыпталушы қылмыс жасаған  кезде жауапқа тартылмаған басқа  да тұлғалардың қатысқаны жөнiнде мәлiметi, бұл мiәлiметтi тергеу органы тексермегендiктен байқайды.

Айыптаудың  заңдылығын бағалау. Қылмыстық iс жүргiзу заңы мiндейттейдi қылмыс жасады деп  айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi дәлелдемелер болған кезде тергеу органы адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруы туралы.

Айыпталушы  ретiнде жауапқа тарту қаулыда  мыналар көрсетiлуi тиiс.

- оның жасалған  уақыты мен орны; қаулыны кiм  жасаған; айыпталушы ретiнде жауапқа  тартылатын адамның тегi, аты-жөнi, оның туған күнi, айы, жылы және жерi;

- айыпталушы  айыпталып отырған қылмыстың  жасалған уақыты, орны көрсетiлген  сипаттамасы, сондай-ақ ҚIЖК-нiң  177 бабына сәйкес дәлелдеуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы;

- аталған қылмыс  үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).

Қаулыда жасалған қылмыс туралы мәлiметтер адвокаттың қорғауындағы адамның жауаптылығының шегiн белгiлейдi. Бұл жауаптылықтың шегiн тергеу орны жаңа айып тағылмағанша ұзарта алмайды.

Адвокат мынадай  жағдайларды белгiлейдi, айып тағылғаннан кейiн тергеу органы жасалған қылмыс бойынша жаңа мән-жайларды табады, содан кейiн жаңа айыптау тағайындамай, айыптау қорытындысына қоса салады.

Мұндай әрекеттер  қылмыстық iс жүргiзу заңына қайшы  келедi. Адвокат iстi зерттеу барысында  осыған ұқсас айыптау шегiн кеңiту деректерiн тапса, сот алдында тергеу органдарының айыптауға енгiзген адвокатқа, қорғауындағы адамға көрсетiлмеген мән-жайларды қысқартуды және жаңа айыптау тағайындау мәселелерiн шешедi.

Кей жағдайда айыптау  шегiн заңсыз кеңiтудiң себебi, тергеудi жүргiзген тұлғаның материалдық нормаларды және iс жүргiзу құқық нормаларын жеткiлiксiз бiлуi және әлсiз прокурорлық қадағалау.

Iсте тергеушiнiң  жұмысын зерттеуде, адокат тергеушi  мен прокурордың – iс жүргiзуде қарсы жақтар екенiн бiлуi тиiс.

Топтық iстердiң  жауаптылығының нақтылығы. Ұйымдасқан топ жасаған қылмыстық iстер бойынша  қылмыс жасағандағы әрекеттерi мен  белсендiктерi ескермей, тексермей iске  қатысушыларға, яғни, айыпталушыларға  бiрдей айып тағып құқықтарын бұзады.

Адамдар тобымен жасалған қылмыстық iстi зерттеу барысында айыпталушылардың әр қайсысының қандай әрекеттерiн жасағандандықтарын белгiлеу қиын. Мұндай жағдайда адвокат тергеу органдарының қайшылықты тиянақты анықтағандарын тексередi. Егер адвокат тергеу кезiнде барлық шаралар қолданылғанымен айыпталушылардың әрқайсысының жеке қандай әрекеттер жасағандығы анықталмағанына көзiн жеткiзсе, онда нақты деректерсiз тағылған айып айыпталушының құқына шектеу келтiрiлдi деп есептелiнбейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Адвокаттардың сот тергеуiне қатысуы

 

Осындай жағдайлар  сот тергеу барысында анықталады, көбiнесе сот отырысында сотталушылар кiмнiң қандай қылмыс жасауда «үлестерiн» қосқандығын өздерi айтады. Осылайша шындық белгiлi болады, ал қорғану құқығы – қамтамасыз етiледi.

Адвокат сот тергеуiнде мынадай мiндеттердiң шешiлуiн көздейдi;

- қылмыстық  оқиғасын белгiлеуi

- қорғауындағы  адамның кiнәлiлiгiн зерттеу.

Осы мiндеттерiн  жеке-жеке қарастырайық.

1. Қылмыстық  оқиғасын белгiлеуi. Қылмыстық оқиғаны  толық анықтау үшiн, адвокат  сотталушы мен жәбiрленушiнiң нақты жасаған әрекеттерiн алуы керек.

Мысалы, бiреу  жай өтiп бара жатқан екiншi адамға тиiседi, екiншi адам – жауап ретiнде  бiрiншi адамды балағаттап, соңында ұрып жықты. Қылмыстық оқиғаны дұрыс  қорытындылау үшiн қылмыстық iске  қатысушы тұлғалардың (сотталушы мен  жәбiрленушiнiң) әрекеттерiн анықтауы тиiс. Мұндай қорытынды қылмыстық iстiң нақты материалдарымен берiледi.

Қылмыстық оқиғаны  анықтап отырып адвокат бiр әрекеттердi қорытындылап қылмыстық әрекетке жатқызса, басқасы – құқыққа қайшы әрекеттер, үшiншi – моральдық әрекеттер, төртiншiден – жай тұрмыстық.

Қылмыстық оқиғаны  қорытындылауда адвокат қоғамға  көмегi тиген әрекеттерге мән  беруi тиiс.

Мысалы, адвокаттың қорғауындағы адам құқық бұзушыны ұстап  алуы, ДТП – iсi бойынша жәбiрленушiге сотталуышының көмегiн көрсетуi т.б.

Осыған ұқсас iстерде әрқашанда қорғану мүмкiндiктерi бар.,

Сонымен қатар  адвокат қорғауындағы адамның қолданылып жүрген заңға, қоғамға салқырт, тәкаппар екенiн анықтауы керек.

Мұндай бағаны адвокат куәнiң, жәбiрленушiнiң жауап  алу хаттамасының негiзiнде анықтайды. Куә, жәбiрленушiнiң берген мәлiметтерiнде сотталушының әрекетiнде менсiнбеушiлiк, тәкаппарлылығы, қоршаған ортаны сыйламайтындығы көрсетiледi. Мұндай әрекеттер болса адвокатқа тәртiп, сыйласымдылық жағдайларын қозғамауына тура келедi.

Адвокат сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың жауаптары секiлдi құжаттар негiзiнде қылмыстық жағдайды белгiлейдi.

Адвокат қорғауындағы адамның жасаған әрекетiнде қылмыстық  әрекеттердiң бар немесе жоқ екенiн  өзi дәлелдеуi керек, егер де қылмыстық  әрекет болмаса айыптаудан босатуды талап ете алады.

Қылмыстық оқиға  әрқашанда нақты. Белгiлi орында және белгiлi уақытта жасалған қылмыс, нақты  белгiленген қылмыс болып табылады.

Тәжiрибеде уақытын, күнiн, тiптi сағатын белгiлеудi талап етедi. Бұлар болмаса қылмыстық оқиға нақты болмайды.

Қылмыстың жасалған орны мен уақыты кез келген қылмыстарға сәйкес объективтi жағы болып табылады.сонымен қатар ауырлық дәрежесiн анықтауға қажет.

Кез келген қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылмайды, егер оның тәсiлдерi анықталмаса қылмыс әр түрлi тәсiлдермен жасалынуы мүмкiн. Куәлердiң жәбiрленушiнiң қандай тәсiлмен қылмыстық әрекет жасалғандығын тергеу кезiнде айтса, қылмыстық оқиғаның болғандығын дәлелдейтiн дәлелдеме болады. Егер де мұндай дәлелдемелер болмаса қылмыстық оқиғаның дәлелденгендiгiне адвокат қарсы шыға алады.

Сонымен қатар  адвокат қылмыстық оқиға болған уақытта жәбiрленушi мен сотталушының қарым-қатынасын бiлуi тиiс.

Адвокат өз қарауындағы  адамды, жәбiрленушiлердi, куәлерден  жауап алған кезде нақты қандай құқықтарының бұзылғанын, шектелдгенiн, қылмыстық құқыққа қайшы тқандай әрекет жасалғанын, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына қандай дәрежеде қауiп төнгенiн анықтауы тиiс.

Қылмыстық iс  әрекет жасай отырып субъект тұлғаның өзiне және мүлiкке залал тигiзуi мүмкiн. Мұндай жағдайда адвокат жасалған мүлiктiк залалдың сомасымен анықтауы тиiс. Бұл қылмыстық оқиғаны анықтаумен қатар қоғамға қаншалықты әсерiн тигiзгенiн шешедi. Адвокаттың нақты қанша материалдық залал келтiретiнiн анықтауы соттың қылмыстық әрекеттiң дұрыс саралауына көмектеседi.

Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданған қылмыстар да кездеседi. Сотта осы аталған заттар қару ретiнде қолданылғаны анықталса қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылады. Мұндай заттарға қылмыс жасау мақсатында алдын ала дайындаған және қылмыс әрекетiнде қолданамын депесетеген құралдар кiредi.

Егер де адвокат  сотта қорғауындағы адам жәбiрленушiге аяқ астынан табылған затпен (таяқ, отвертка) дене жарақатын салса да ҚР ҚК 257-бабының 3 бөлiгi мен сараланбайды. Аяқ астынан табылған, тұрмыстық заттар қаақана дене жарақатын салуға арнайы арналған кұрал болып табылмайды.

Адвокат қылмыстық оқиғаны, қолданылған құралдарды зерттеумен қатар өз қорғауындағы адамның кiнәлiлiгiн зерттейдi. Адвокат қорғауындағы адамның есiнiң дұрыстығын және белгiлi жасқа толғанын тексеруi тиiс. Көптеген қылмыстық iстерде алдын ала тергеу органдары айыпталушыға сот-психикалық сараптама тағайындайды. Сот-психикалық сараптаманың тағайындау негiздерi: жасаған iс әрекеттiң ауырлығын айпталушының жасаған әрекетiнiң бiлмейтiндiгi және психиатр тiркеуiнде тұратындығы жөнiнде жазған арызы. Бiрақ та мұндай сараптама жүргiзу соңында айыпталушының жасаған әрекетiнiң бiлмеуi; есiрткi заттарын қолданғаннан және спирт iшiмдiгiнiң мастығынан екендiгi анықталады. Осындай жағдайларда сарапшы және мәжбүрлi түрде емдеу жүргiзу жайлы белгiлейдi.

Қылмыстық iске  тiркелген сот-психиатриялық сараптама  актiсi сотта қылмыс жасаған тұлғаның есiнiң дұрыстығын дәлелдейтiн негiзгi қайнар көз болып табылады. Сонымен қатар айыптиалушының есiнiң дұрыстығы жәбiрленушi мен куәлардың берген жауаптары дәлел болады.

ҚР ҚК 18 бабында  көрсетiлген «алкогольдi iшiмдiктi есiкртi заттарды немесе басқа да есеңгiрететiн  заттарды пайдалану салдарынан мас күйiнде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды».

Тәжiрибеде анық көрсетiледi көптеген қылмыстық әрекеттердi тұлға мас күйiнде өз-өзiне бақылау  жүргiзе алмайды, осының салдарынан қоғамға  қауiптi iс әрекеттер жасайды. Мұндайжағдайда адвокат қорғауындағы адамның жасаған қылмыстық iс әрекетiн алдын ала ойластырып жасамағандығын дәлелдеуi керек. Адвокат өз қорғауындағы адамның жауаптылығын жеңiлдетуге қатысты мән-жайлар ұсына алады. Мысалы, қорғауындағы адам мас болған жағдайда да қылмыстық әрекеттi алғаш рет және кездейсоқ жасағандығы, қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң адамгершiлiкке жатпайтын қылығы, шын жүректен өкiнуi, айыбын мойындауы. Есi дұрыс, ҚР қылмыстық кодесiнде белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс.

Қорғауындағы  адамның жасы туралы мәлiмет негiзгi қайнар көзi: берген жауабы, алдын ала тергеу органдарымен тiркелген жеке құжаты (паспорт, туу туралы куәлiк).

Адвокат қорғауындағы адамның бұрын сотталғанын сотталмағанын анықтауы тиiс.

Сонымен қатар  кiнә түрiн анықтауы тиiс:

Қасақана ма әлде абайсызда жасалғандығы. Қылмыстар  қасақана, абайсызда және аралас болады.

Егер қасақана жасалды деп тапса адвокат  қорғауындағы адамның барлық әрекетi қасақана жасалмағандығын дәлелдеуi тиiс. Мысалы, адам өлтiру, сотталушы адамды өлтiремiн деп алдын ала ойластырмайды, қатты соққы бергеннен адам өлiп кетедi. Ол тек қана жеңiл дәрежеде денесiне жарақат келтiремiн деп қасақана ойластырды, нәтижесiнде кiсi өлiмi болады.

Адвокат қылмыс оқиғасын зерттегенде сотталушының әрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн бiлуi тиiс.

Қылмыстық оқиғаның жасалған орнын, уақытын, жасалу жолын, мативiн, мақсатын, жасаған әрекет зардабын зерттеуi тиiс. Қоғамға қауiптi адвокаттың қорғауындағы адамның әрекетiн сыртқы көрiнiсi қылмысқа ұқсағанымен маңызы шамалы (қауiптiлiк дәрежесi төмен) болса қылмыс қатарына қоспайды. Сонымен қатар қауiптi әрекет қылмыстық заңда мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс.

Қылмыс жасаған  кезде, сотталушы бiрнеше қимыл  жасайды. Ол жай ербендеген, берекесiз қимыл емес әлеуметттiк мазмұнға ие болуы шарт, iс-әрекеттiң белсендiлiгi осында. Сонымен қоса есi дұрыс адамның саналы түрде жасауы, әрi әрекет ерiктi болуы тиiс. Өзi қаламай еркiнен тыс (мысалы, мәжбүрлеумен) жасалған әрекет үшiн қылмыстық жауаптылық жоқ. Адамға белгiлi бiр зардап келтiремiн деп үрейлендiрiп, қоғамға қауiптi әрекет жасауға мәжбүрлейдi. Мұндай тәсiл адамның өз еркiнше әрекеттенуiн жоққа шығармайтындықтан, кiсiнi жауаптылықтан босатпайды. Бiрақ жазасын жеңiлдетуге ғана кiсi жауапты болмайды.

Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады, қасақана немесе абайсызда, тиiсiнше екi түрге  жiктеледi: тiкелей және жанама қасақаналық, менмендiк пен немқұрайлық.

Тiкелей қсақаналық адам өз iс әрекетiнiң (әрекетсiздiгiн) қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынып, оның қоғамға қауiптi зардаптары болуынын мүмкiн екенiн немесе бола қоймайтынын алдын ала бiлiп және осы зардаптың боллуын тiлеп тiкелей ниетпен жасау. Ниеттiң, пайда болуы уақыты кенеттен туындаған және алдын ала ойластырылған болады. Кенттен туындаған жай немесе аффектiлi болуы мүмкiн.

Кiнәнiң тағы бiр нысаны -* абайсыздық. Оның 2 түрi бар менмендiк жән немқұрайлық, егер адам өз iс әрекетiнiң қоғамға  қауiп туғызуы мүмкiн екенiн  алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады.

Кей қылмыстар  тек қасақаналықпен, ал кейбiр қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалады, ал кейбiр тек абайсыздықпен жасалады. Кейде бiр қылмыстан кiнәнiң қос нысанын аңғарту болады. Олар әрекеттi қасақана жасап, ауыр зардапта абайсызда ұрынады, ал зардап неғұрлым ауыр жазаға әкеп соғады.бұндай қылмыс негiзiнен қасақана жасалған деп танылады.

Информация о работе Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi