Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 12 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамудың барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Файлы: 1 файл

advakattar.doc

— 272.50 Кб (Скачать файл)

Осындай кiнәнiң  нысанын адвокат алдын ала топшылап қорғау жоспарын құрып, сотталушының жазасын жеңiлдетуге әсерiн тигiзуi керек.

Сонымен қатар  адвокат сотталушының қорғаушысы болып  қылмыс мотивiн анықтап алуы тиiс. Яғни қорғауындағы адамның қылмыс жасағандағы  шетi. Мысалы, пайдакүнемдiк. Қазiргi уақытта көп адамдар жұмыссыздық себептермен, ақша табу мақсатымен, ұрлық жасайды, тонайды, тонау нәтижесiнде жәбiрленушi де денсаулығына зиян келтiредi. Бұл зардаптан адам өлiп кетуi мүмкiн. Сонда пайда табу мақсатымен кiсi өлтiрген деп қорытындылайды.

Мотив пен мақсат жазаны жеңiлдететiн мән-жайы болуы  мүмкiн екенiн адвокат есте сақтауы  тиiс.

Сонымен қатар  қылмысты жан күйзелiсi (аффект) күйiнде  жасаудың қауiптiлiк дәрежесi төмен  деп есептеледi.

Мұнда адвокат  қорғануындағы адамның қылмыстық iс әрекетi қылмыс жасау уақытында жәбiрленушiнiң заңға қайшы, адамгершiлiк жат әрекеттерi әсерiнен болды деп тұжырымдай алады. Тұжырымдап қана қоймай соған дәлел негiздер тауып, қорғауындағы адамның жазасын жеңiлдетуге әрекеттер жасау керек.

Адвокат сотталушыдан жауап алу барысында психолгоиялық, логика, педагогика бiлiмiн пайдаланады. Ждауап алу барысында ештененi жасырмай, iске қатысты мәлiметтердi толық баяндауын талап ете алады. Сотталушының жәбiрленушiмен қылмыс болар алдындағы қарым-қатынасын, келiспеушiлiгiн, неден қандай себептерден қылмыстық оқиғаның туындауын, зардап келтiрiлгеннен кейiн бiрiншi мендициналық көмек көрсеткенiн көрсетпегенiн, немесе қорғану барысында ауыр зиян келтiрiп қылмыстық iс әрекет жасағандығын баяндап беруiнен адвкат жазасын жеңiлдетуге шаралар жүргiзе алады.

Сыртқы бейнесi қылмысқа ұқсағанымен адвокат қорғануындағы  адам қажеттi қорғану кезiнде құқына қол сұққан жәбiрленушiге зиян келтiргенiн  өз сөзiнде баяндауы тиiс. Мысалы, ер адам жас қызды зорламақшы болып  қауiп төндiргенде қыз оған басына таспен жарақат келтiредi. Ол жарақатты сарапшы денсаулығына ауыр зиян келтiрiлген деп қорытындылайды. Осындай жағдайларда адвокат қыздың өз құқын, ар намысын қорғау мақсатында әрекет жасағандығын дәлелдейдi. Дәлелдеуде адвокат куә болған жағдайда куәнiң жауабын және сарапшының қыздың денесiндегi жарақатын, көйлегiн киiмдерiн тексерген қорытындысын ұсына отырып дәлелдейдi. Адвокат қажеттi қорғанғынын және қорғану шегiнен асып кетпегендiгiн, егер адамның әрекетi шын мәнiнде қоғамға қауiптi болғанын көрсетедi.

Адвокаттың  мақсаты соттың шешiм қабылдау сәтiнде  белсендiлiк iс әрекет жасайды. Адвокаттың мiндеттi айыптауды жоққа шығару; айыптауды жеңiлдету; заңсыз қылмыстық  қудалауға ұшыраған адамдарды ақтау. Адвокат қорғау тәсiлдерi мен құралдарын пайдалануға, қорғаудың өзiндiк тактикасын белгiлеуге құқылы.

Адвокат өз болжамын ұсынады. Қорғаушы (адвокат) соттағы  сөзiне сот тергеуiнде мәлiм болған деректердi келтiредi, бұларға баға бередi, бiр дәлелдемелердi сынаса екiншiлерiнiң сенiмдiлiгiн дәлелдейдi, өз болжамын ұсынып көбiнесе айыптау нәтижесiмен келiспейтiн қорытындылар жасайды. Қорғау болжамы – бұл адвокаттың ғылыми болжам түрiндегi нақты деректерге негiзделген қылмыстық iс бойынша қорғау барысында ұсынған және тексерiлген ой тұжырымы. Адвокат қорғауда ағымдағы ақпаратқа тұрақты түрде назар аудару қажет. Түскен барлық ақпараттық қорғау үшiн маңызды дегенiн талдап, таңдайды.

Қорғаушы қызмет жоспары нәтижесiнде барлық iс  қимыл мен құралдарды бiр мақсатқа бағындырады.

Адвокат әрдайым  әтикалық қалыпты қолданады. Адвокат тактиканы қолдану барысында, рухани, адамгершiлiк және этикалық қалыпты бұзбауға тырысуы қажет.

Адвокат айыптауға  қарсы тұру тактиканы қолдана  бiлуi тиiс.

Қорғау тактикасы  ұғымы жөнiндегi жан-жақты қамтылған  түсiнiктi алғаш рет 1967 жылы Шафир бергенi белгiлi. Оның пiкiрi бойынша тактика – бұл қорғаушының мiндетiн орындауға ең жақсы мүмкiндiк беретiн заңды қорғау құралының орналасуы мен үйлесiм табу өнерi. Қорғау тактикасы – бұл өнер ғана емес, көбiне көп қорғаушының жеке санасына байланысты әрекет.

Қорғау тактикасын ғылыми ережелер жүйесi және қорғауды ұйымдастыру мен жоспарлау жөнiндегi ұсыным негiзделген, қорғау субъектiсiнiң  қорғау қызметi барысында процеске басқа қатысушылармен қатынасы және өзара iс-қимылын есепке ала отырып, тәртiп жүйесiн тағдауы сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы мен күрделi жағдайда сәйкес сезiктiнiң, айыпталушының құқықтары мен мүдделерiн тиiмдi қорғауға және заңи көмек беруге бағытталған басқа да ережелер мен тәсiлдердiң қатыстырылуы қорғау тактикасы – бұл ең алдымен қызмет тәсiлi, iс-қимыл тәсiлi. Тәсiл дегенiмiз - әдiс, атап айтқанда, қызметтi белгiлi бiр жағдайда ретке келтiретiн мақсатқа жету әдiсi.

Дәлелдеудiң  ауыр жүгiн арқалаған адвокат  жауапкершiлiктi сезiне отырып, айыпталушы үшiн жайсыз жағдайды жеңiлдетуге, шамасы келсе, ақтауға тырысады. Қорғау тактикасы ұсыным түрiнде адвокаттың мақсатқа жету үшiн қорғауды дұрыс және тиiмдi ұйымдастыруына көмектесуi тиiс қылмыстық сот iсiн қарауда ақиқатқа жету адвокаттың белсендiлiгiне байланысты.

Адвокаттың  қорғау мақсатының маңызы мынада. Мақсат айыптаушыны қорғау мiндетi жүктелген адвокаттың шешiм қабылдау сәтiнде белсендiрек iс-әрекет жасауға итермелейдi. Қорғау мақсаты бағыттаушы, реттеушi және жүйе құру арқылы қорғау рөлiн атқарады.  Адвокат әрдайым қорғаудың осы құралдары мен тәсiлдерiн пайдаланды. Қорғау мақсаты қорғау қызметi құрылымына елеулi ықпал етедi, оған тұрақтылық және мақсаткерлiк сипат бередi. Мақсат пен мiндеттi дәл анықтау алға қойылған мақсат және тиiсiнше оны жүзеге асыру құралының заңды немесе заңсыз сипатын айқындауға мүмкiндiк туғызады.

Мақсат –  бұл жүзеге асыруды қажет ететiн  ұмтылу мәнi, ал мiндет – бұл атқаруды, шешудi талап етедi. Мұндай жағдай адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен  соттаудан, олардың құқықтары мен  бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда – оны дереу және толық анықтауды қамтамасыз етудi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуды, қылмыстың алдын алуды құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн қылмыстық iс жүргiзу қызметiнiң мақсаты болып табылады.

 

 

 

   

Қорытынды

 

Бiз жаңа мемлекеттi қаз бастыру, ашық экономикалық нарықты  құру, ұлттық қауiпсiздiктi нығайту және демократиялық қоғамды дамыту барысында  соқтықпалы соқпақтан өттiк. Елiмiз өз кезеңiнде нық та бекем, үдемелi де жан-жақты даму сатысына көштi. Заңгер қауымы үшiн мұның өзi Қазақстанның барабар құқықтық даму түсiнiгiн қалыптастыру қажеттiлiгiн бiлдiредi, бұл үшiн ең алдымен құқықтың және құқықтық мемлекеттiң қағидаларын нақты iске асырудағы негiзгi позициялар белгiленуi керек.

Бiр кездерi республикамыз  мызғымас Одақтың құрамында СОКП-ның  билiк монополиясының, үстемдiгiндегi социалистiк меншiк пен коммунистiк  идеология көмкерген қуыршақ  кейiпiндегi егемендi мемлекет болып  саналды. Сол кездегi Конституция бойынша Қазақ КСР-ы егемендi кеңестiк социалистiк мемлекет болып жарияланған. Әйтседе, Қазақстанның егемендiгi iс жүзiнде тиiсiнше қамтылмады және жүзеге асырылған жоқ. Билiк бөлудiң либералдық-демократиялық идеологиясы, меншiк нысандарының көп түрлiлiгi мен адамның табиғи құқықтары қалыс қалды. Демократизм принциптерiн шетқақпай қыла отырып, қалып белгiлеудiң де, орындаудың да, бақылаудың да (әрине, Компратияның саясында) функцияларын кеңестер бiр қолға шоғырландырып, халық билiгiн бiлдiрген болды. Сол кездегi құқықтың негiзгi принципi таптық идеологияны арқаланған социалистiк заңдылықтың принципi болып табылғаны мәлiм. Демократиялық қоғамда азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған қылмыстық құқық, қылмыстық iс жүргiзу нормалары тотаритарлық мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiретiндiктен, жазалау сипатында болды, кiнәлауға бет бұрып тұратын.

  Қазiргi кезеңде заң мен қоғам адвокат қорғаушыдан жай заң көмегiн көрсетудi ғана емес, қылмыстық iс бойынша қорғаудың нәтижелiлiгiн талап етедi.

Күштi айыптауға күштi қорғау қарсы тұруы тиiс, ал бұған тек басты рол атқаратын тактиканы қолдана бiлу, қорғау проблемасын ғылыми шешу арқылы ғана қол жетедi. Бұл орайда, дәлелдеудiң ауыр жүгiн арқалаған адвокат-қорғаушы жауапкершiлiктi сезiне отырып, айыпталушы үшiн жайсыз жағдайды жеңiлдетуге , шамасы келсе, ақтауға тырысады.  Сондықтан ғалымдар мен мол тәжiрибе түйген жауапты адамдар күш-жiгерлерiн бiрiктiру арқылы адвокат-қорғаушыларды қорғаудың интеллектуалды қаруымен қаруландыруы қажет.

Қылмыстық сот iсiн қарауда ақиқатқа жету адвокат – қорғаушының белсендiлiгiне байланысты. Сол үшiн ғылыми негiзделген тактикалық ұсынымның болуы адвокат-қорғаушының қылмыстық iс бойынша қорғауды анағұрлым мақсатты және жете түсiнушiлiкпен жүргiзуiне мүмкiндiк туғызады.

Дипломдық бiтiру жұмысымның тақырыбын таңдағанда осы  проблемалардың қалай шешiлуiн, оны қазiргi заман, заң талабына қарай қалай жетiлдiру процесстерiн жүргiзу қажет екенiн болашақ заң маманы ретiнде зерттеп, бiлуге ден қойдым.

Бұдан бұрынғы  құқықтық және идеологиялық жағдайларда қорғау тактикасын жасау қажеттiлiгi туралы мәселе қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндетi сипатына байланысты күн тәртiбiне қойылмады. Ал бүгiнде кәсiби қорғау тактикасы сөзсiз iлтипатқа алуды талап ететiн көкейкестi мәселе болып отыр.

Бiр сөзбен қорыта айтқанда, адвокат-қорғаушының кiрiс келтiруiнiң негiзгi көзi, қызметi,кәсiби қорғаушылық iсi болып табылады.

 

                          

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Нормативтiк актiлер.

 

    1. ҚР Конституциясы 1995.30.08. 7.10.1998 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген.
    2. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 5.12.1995  жылы  11.07.2001 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
    3. ҚР АIЖК 1999 жылы 13 шiлде. 09.08.2002 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
    4. ҚР ҚIЖК 13.12.1997ж. 24.12.2001 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
    5. Пакт ООН Основные положения о роли адвокатов. Международный адвокат №4 1992.
    6. Общий кодекс правил для адвокатов. Европейского сообщество. «Адвокат» 1995. №10.
    7. Сборник законодателья и нормативных актов регулирующих деятельность адвокатов. Алма-Ата. 1981ж.
    8. Государстенная программа правовой реформы в РК (основные направление). Собрание актов президента РК и правительства РК №9. 1994.
    9. ҚР Президентiнiң лицензиялау туралы заң күшi бар Жарлығы. 17 сәуiр 1995 жыл.
    10. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртiбi туралы» Ереже ҚР Әдiлет Министрiнiң 1998 жыл 21 қаңтар №   19 бұйрығымен бекiтiлген.
    11. Правила профессиональной этики адвокатов, принятие решением Алматинской городской коллегии адвокатов от 20 августа 1998 года

 

Арнайы  әдебиеттер.

 

 

    1. Арсентьев О.В. Адвокатура и нотариат в Республике Казахстан. Г. Костанай, 1998.
    2. Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону. 1996.
    3. Гаврилова С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.:1996
    4. Кожевников А.В. Адвокат представитель потерпевшего гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат конд.диссерт. К.ю.н. Свердлова, 1974.
    5. Николаев Т.П. Деятельность защитника в судебном следствии. Саратов, 1987.
    6. Стецовский Ю.И., Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечение обвиняемому права на защиту. М.: 1988.
    7. Стецовский Сов.Адвокатура. Учебное пособие для ВУЗов. 1998.
    8. Сборник законодательных и нормативных актов, регулирующих деятельность адвокатов. – Алма-Ата, 1981.
    9. Тыныбеков С.Т. Организацинные формы и деятельность адвокатуры в Республике Казахстан. Алматы: Қазақстан Университетi, 1997.
    10. Чертков В.Л. Дело гражданское (записки адвоката) М.: Рос.пр. 1992.
    11. Шаламов М.П. История советской адвокатуры. М.: 1939.

 

               

1 ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы  5.12.1995 жыл.

2 Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката)  М. Росийское право. 1992.

3 Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996.

4 Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974.

5 Гаврилов С.Н. Адвокат в уголовном процессе.  М.1996.

6 Қайыржанов Е. Жамиев Р «Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi» Заң журналы 2001 №1. 

7 Николаев Т.П. Деятельность защитника в судебном следствии. Саратов.1987

8 Стецовский Ю.И. Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту.-М.1988.

9 «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 13-бабы.

10 ҚIЖК 7 бабының 4 бөлiгi.

11 Шаламов  М.П. История Советской адвокатуры.  М.1939

12 Арсентьев О.В. Адвокатура.  Адвокат в уголовном игражданском процессах .г.Костанай.1998.

13 Тыныбеков С.Т. Организационные формы и деятельность адвокатуры в РК Казахстан.Алматы. Казах университетi.1997.

14 Стецовский Ю.В. Советская адвокатура .Учебная пособия для вузов. М.Высшая школа.1989.

15 Жәмиева.Р. Қайыржанов.Е. Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi. Заң журналы.2/2001.

16 Сборник законодательных и нормативных актов,регулирующих деятельность адвокатов. Алма-Ата.1981.

17 Бусленко.Н.И. Досъе адвоката. Ростов на Дону. 1996.

18 Пакт ООН Основные положение о роли адвокатов. /Международный адвокат,№4.1992./

19 Булгакбаев А.Б. Советская адвокатура. Алма-Ата.1982.

20   ҚР ҚIЖК 13 .12.1997.

21 Адвокатура в странах СНГ. Материалы съезда адвокатов,состоявшегося в Минске 19 апреля 1994 г. Ч.Адвокат. 1995.№ 8-9.

22 Арсентьев.О.В. Адвокат в уголовном и гражданском процессах.г.Костанай.1998.

23 Гаврилов.С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.1996.

24 Тыныбеков.С.Т. Организационные формы идеятельности  адвокатуры в РК Казахстан Алматы. Казах университетi.1997.

25 Булгакбаев. А.Б. Советская адвокатура. Алма-Ата. 1982.

26 Арсентьев.О.В. Адвокат в уголовном и гражданском процессах.г.Костанай.1998.




Информация о работе Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi