Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:46, курсовая работа
Сондықтан да мағынанытолық беру үшін оны былайаударғанжөнболар: Мен бұлжобағақатысқанымақуаныштымын .Ағылшынтіліндегісөздердіңкөбісікөпмағыналыжәне де мұндайсөздергеорыстіліндебірнешемағыналарғасәйкескелуімүмкін , бірақмағыналарбір-біріненерекшеленеді . Көпмағыналысөздердіаударуүшінеңалдыменкеректімағынаны табу керексоданкейінсолмағынабарысындаберілген контексте сәйкеснұсқалықсәйкестіктііздеукерек. Сөздіктердеrateсөзінің 14 мағынасы бар. Әрмағынасындабірнешенұсқалықсәйкестіктер бар , ал олардыңөздері де нақтынұсқаларғабөлінеді. Мысалы: қойылым, тариф, баға, бағам. Арнайымәтіндердіаударуүшінарнайысөздіктердіқолданукерек.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі
1.1.Ағылшын тіліндегі сөздердің аударылу тәртібі
1.2. Ағылшын тіліндегі кірме сөздер
1.3.Неологизмдерді аудару әдістері
1.4. Фразеологизмдерді аудару мәселелері
ІІ Практикалық бөлім
Қорытынды
Кез-келген жеке сөздегідей күрделі сөзге де мағыналық тұтастық тән. Сөздердегі мағыналық тұтастықтың деңгейі үнемі бірдей бола бермейді. Өйткені ол мағына күрделі сөздердің жалпы мағынасында оның құрамындағы компонеттерінің жеке мағыналарының көріну деңгейіне байланысты болады. Бұл тұрғыдан алғанда, жеке лексикалық мағыналардың бірігіп біртұтас мағынаға ие болуы тұрақты тіркестердің идиомалану процесі сияқты құрамындағы сөздердің мағыналарынан ажырап барып, басқа бір тұтас мағына құрайтындығымен және компоненттердің бірі немесе бірнешеуі өз мағыналарын сақтап қалып, тұтас мағына құрайтындығымен түсіндіруге болады. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің бұл сипаты оларды компоненттерінің мағыналарын сақтаған күрделі сөздер және компоненттерінің мағыналары сақталмаған күрделі сөздер деп топтастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, watchman (қарауыл), chessplayer (шахматшы) күрделі сөздерінің мағыналық құрамы компоненттердің мағыналарынан алынғаны көрінеді: watch сөзі қазақ тілінде қарау, көру деген мағыналарды білдіреді. Ал man адам деген сөз. Екеуі бірігіп қарайтын адам деген мағынаны құрап отыр. Сондай-ақ chess – шахмат және player-ойыншы сөздерінен шахмат ойыншысы деген мағына құралған. Ал blackmail (бопса), chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер туралы бұл тұжырымды жасай алмаймыз. Өйткені blackmail сөзінің құрамындағы black қара, mail хат-хабар деген мағыналарды білдіретін сөздерден бопса (шантаж) мағынасы құралып тұр. Демек, бұл мағына компоненттердің тура мағыналарынан тікелей туындап тұрған жоқ. Бірақ жанама түрде ол мағыналардың әсері болады. Айталық, қара сөзінің көптеген ауыспалы мағыналары бар. Сол мағыналардың бірі жағымсыз, ұнамсыз деген мағына. Талданып жатқан күрделі зат есім black қара сөзінің осы мағынасына қатысты деп есептейміз. Қазақ тілінде бопса сөзі белгілі бір жағымсыз қылықтарға (қылмыстарға) кездейсоқ куәгер болған кісі, қылмысты кісіден қылмысты жасырып жүруі үшін ақы, төлем сұрауы дегенді білдіреді. Ағылшын тіліндегі blackmail күрделі сөзіндегі black сөзі жоғарыдағы семантикалық мәндер жинақталған деп есептейміз. Сол үшін ағылшын тілінде сөйлеушілер (ағылшындар) blackmail күрделі сөзін бірден бопса деген мағынада түсінеді. Жоғарыда келтірілген chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер де өз компоненттерінің мағынасынан құралмаған. Бірақ chair сөзінің мағынасының семаларын (мағыналық бөлшектерін) жақсы түсінетін ағылшындар chairman күрделі зат есімін де бірден басқарушы мәнінде түсінеді. Мылжың адам мәніндегі chatterbox күрделі сөзі де өз компоненттерінің мағынасын сақтамай жасалған күрделі сөздер қатарына жатады.Сонда біртұтас мағына дегенде күрделі сөздердің құрамындағы компоненттерінің семантикалық мағыналарын ескере келе жасалған нәтижедегі мағынаны еске аламыз.
1.2.Ағылшын тіліндегі кірме сөздер
Кірме сөздер дегеніміз - өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер əрбір тілдің лексикасында да бар. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзіндегі түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен əр түрлі қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Əрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз немесе көптігі тарихи жəне психологиялық жағдайлармен де байланысты болып келеді. Парсы тілінің лексикасында араб тілінен енген көптеген сөздер бар. Ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Болгар тілінде түрік тілінен енген сөздердің саны өте көп . [13-139б]
Тілдерге кірме сөздердің ену сипаты түрліше болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты жəне дағдылы құбылыс болып саналады.
Тіл-тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді: мысалы, темір, алтын, орамал, сандық, т.б. Мұнымен қатар олардың ішінде мəдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады: əдебиет, ғылым, мəдениет, кітап, т.б.
Ауызша кірме сөздерге өте-мөте тəн ерекшелік сол – олар қабылдаушы тілдің дыбыстық (фонетикалық) заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сəйкестендірілген. Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер, көбінесе ғылыми-техникалық əдебиет пен өнер, т.б. арқылы енген жəне солардың белгілі бір саласында бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобының білдіретін ұғымы мен мəніне байланысты интернационалдық сөздер болады да, олардың тілден тілге ауысуы, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Сөздердің интернационализм тобының ішінде, əсіресе, грек, латын тілдерінің элементтері, кейде осы екеуінің қосындысымен жасалған сөздер жиі ұшырасады. Ғылыми-техникалық терминдерді жасауда: телефон (грек тілінен tele – алыс, phone - дыбыс, демек алысқа естілетін дыбыс), автомобиль (грек тілінен autos – өзі, латын тілінен mobilis – қозғалушы, жүруші), т.б. жасалғанда, оларды атау үшін, сол кездегі дəстүр бойынша, ежелгі классикалық тілдердің сөздері халықаралық ғылыми терминдердің жасалып келген негізі ретінде пайдаланған. Жазбаша түрде енген сөздерге тəн қасиеттің бірі сол – олардың басым көпшілігі өзінің дыбысталу түрін, жазылу қалпын сақтайды. Шет тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске көп ұшырамайды. Дегенмен де уақыт озған сайын басқа тілден енген сөздер əбден кірігіп, фонетикалық, грамматикалық жəне семантикалық жақтан игеріліп, сіңісіп кетеді. Басқа тілдік сөздердің қабылдаушы тілдің фонетикалық ерекшеліктеріне икемделіп игерілуі құбылысын шет тілдік бір сөздің əрбір тілдің дыбыс заңдарына сəйкес əр түрлі болып өзгеруінен айқын аңғаруға болады. Мысалы, орыс тілінің дуга, сумма деген сөздері қазақ тілінде доға, сома болып өзгеріледі.
Шет тілден сөз қабылданғанда, сөздің (оның) ішкі формасы, дəлелдемесі ұмытылады. Мысалы: “бидің бір түрін” білдіретін фокстрот шығу тегі жағынан ағылшынның foxtrat сөзі, сөзбе-сөз аударғанда “түлкінің қадамы” (лисий шаг) деген сөз. Орыс тілі мен қазақ тілінде, сондай-ақ басқа тілдерде де бұл сөздің арғы төркіні, шығу тегі мүлдем ескерілмейді, ол жағы бізге тіптен белгісіз, оған мəн беріп жатқан ешкім де жоқ.
Then his telefonino rang, or rather squeaked piercingly... It is impossible to get away from the wretched telefonino wherever you are in Italy. Of all the countries in Europe, only Britain has more mobile telephones.
Кейіннен қоңырау шалынды немесе оның шағын-сымтетігі шырылдады. Италияның қай бөлігінде жүрсеңіз де жабысқақ телефониолардан айырыла алмайсыз. Барлық Еуропа елдерінің ішінде тек Ұлыбританияда ғана ұялы сымтетіктер көп кездеседі.
The Soviets had Sputnik, but the Americans had their open-plan kitchen. No contest. Кеңестер Одағы «Спутникті» шығарса, американдықтар ашық үлгідегі асхананы ашты. Бәсекелесуге тұрмайды.
-кері деривация.
Кері деривация дегеніміз бастауыштардан суффикстердің қысқарту жолымен етістіктің пайда болуын айтамыз. Мысалы, televise «теледидардан көрсету», television «теледидар» сөзінен шыққан.
6. Бітіп тұтасу.
Бітіп тұтасу – бір сөздің кескін түбірі мен екінші толық сөздің немесе екі кескін түбірдің бірігуі.
forex reserve (forex = foreign + exchange) –«шетел валютасының қоры».
impex transactions (impex = import + export)- «экспорт-импорт келісім-шарттары.
Аббревиация – бірнеше сөзден құрастырылған зат есім жасалуының бір түрі, жасалу барысында сөздердің негіздер емес, қалауынша алынған сөздің бөліктері алынады.
Сөз қалыптастыру әдістерінің ішіндегі бұл әдіс құрамдас бөлік элементтерін ішінара инициалды қысқартуға көңіл бөледі, мысалы, , B-unit(Barclays currency unit) - «Барклейз банк интернешл» банкінің халықаралық ақша бірілігі, Fed Wire - федералды резервті банктердің электронды байланыс жүйесі. (АҚШ)
1.3.Неологизмдерді аудару әдістері
Тіларалық байланыстар барысында неологизмдерді жеткізудің бірнеше жолдары ойлап табылды.
Неологизмдерді жеткізудің квазиаударымсыз әдісі. Бұлай аталудың себебі бұл әдісті қолдануда ауда,у жарғысы дыбыстық (тыныс белгілерінде) немесе графикалық (транслитерацияда) жарғыларына ауыстырылып, сөздің құрылымы аударылып жатқан тілге өз мағынасын сақтап аударылады. Бірақ бұл әдістің аударымсыз деп аталғанымен шындығына келгенде ондай емес, мұнда шеттен алған сөздер оның бар болуының алғышарты ретінде аудару үшін жасалады. Кірме сөздер аударылып жатқан тілдің өзіндік бөлігі болып саналады және шет тілден енген сөзбен бірдей орындалады. Осылай аударылу ертеден жазу болмаған тілдік байланыс дәуірінде тарала бастады, қазір де өзіндік ролінен айырылмаған. Біздің дәуірімізде бұл әдісті қолдануда бірнене шектеулер қойылған (тілдік, саясат, стилистикалық, түрлі әлеуметтік-лингвистикалық ұжымдардың дәстүрлері және т.с.с.). [16-91б]
Транслитерация әдісі бойынша ағылшын сөздерінің қазақ тілі әріптерімен жазылуын айтамыз, мысалы, put - «пут» (опцион), Nikkei -«Никкей» (Токио қаржы биржасындағы құнды қағаздар курсының индексі) және т.с.с. Транслитерация әдісін аудармашылар ХІХ ғасырдың соңына дейін кеңінен қолданылы. Осы әдіс үшін аудармашы ағылшын сөзінің айтылуын білуі шарт емес болатын және ол тыңдаушының қабылдауымен шектеледі.
Қазіргі таңда аударма тәжірибесінде көп тараған әдістердің бірі - транскрибирлеу әдісі, мұнда сөздің орфографиялық емес фонетикалық формасы ескеріледі, ағышын және қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі айырмашылықтар байқалады. Транскрибирлеу дегеніміз - ақпаратты транскрипция көмегімен жазу немесе мәтінді айырып оқу. № 1 кестеде қазақ әріптерінің ағылшын дабысталуымен сәйкестелуінің бірнешеуі көрсетілген. [15-37б]
1-кесте
Халықаралық фонетикалық транскрипциядағы ағылшын дыбыстары |
Қазақша әріптер |
Халықаралық фонетикалық транскрипциядағы ағылшын дыбыстары |
Қазақша әріптер |
Дауысты монофтонгтар |
Дауыссыздар | ||
I |
и (ий) |
N f |
н, ң ф |
i |
и |
v |
в |
e |
э (е) |
T |
с, т |
1 |
э |
D |
з, д |
@: |
а |
c |
с |
%, O |
о |
z |
з |
0 |
а |
S |
ш (щ) |
u: |
у |
Z |
ж |
F: |
е, (э) |
h |
х (г) |
дифтонгоидтер |
p b t |
п б т | |
eI |
эй (ей) |
d |
д |
aI |
ай |
k |
к |
au |
ау |
g |
г |
OI |
ой |
7 |
ч |
ou |
оу (о) |
8 |
дж |
IF |
и |
l |
л |
EF |
э (эй) |
r |
р |
OF |
о |
j |
й |
uF |
у |
w m n |
у (в) м н |
1-кестеге ескерту
1. Барлық редукцияланған дауыстылар орфографиялық жолмен беріледі, сондай-ақDorset ['d%sIt] — Дорсет, Дорсит емес; Boston ['b2stFn] — Бостон және т.с.с. Тек қана кейбір қалалардың атауларында-mouth [mFT] қосымшасы –мутдеп айтылады, мысалы, Plymouth — Плимут, Portsmouth — Портсмут.
2. екі еселенген дауыссыздар былайша беріледі:
дауыстылар арасында: BonnersFerry — БоннерсФерри; дауыссыздан кейін, сөздің соңында: Churchill — Черчилль; boss — босс Дауыссыздың алдында және одан кейін берілмейді: Middlesborough — Мидлсборо; Seattle — Сиэтл; Rensselear — Ренселер.
3kәрпінің алдындағы дыбысталмайтын lәрпі, сол сияқты bәрпінің алдындағыp, lәрпінің алдындағы tтранскрибирленгенде былайша беріледі: Folkestone ['fe4kstFn] — Фолькстон; Campbell ['k1mbel] — Кэмпбелл; Whistle [wIsl] — Уистл; Plumb [pl0m ] — Пламб
Ал басқа тілсіз әріптер айтылмайды: Knoxville — Ноксвилл
Барлық ұяң дауыссыздар орфографиялық жолмен қазақша қатаңданатын жағдайда беріледі. Сондай-ақ of [Fv, ov] әрқашанда "ов" емес "оф" түрінде беріледі, мұндай жағдай оларды дыбыстап айтуға мүмкін болмаған жағдайда, жазуға мүмкіндік береді. Мысалдар қарастырайық: Jones — Джонс, News — Ньюс и т.д. Тек қана бір жағдайда Charles — Чарльз деп айтылады.
Тыныс белгілері әдісін қолдануда транслитерация элементтерінің әрдайым кездесетіндігін есте ұстау қажет. Кестедегі мағлұматтарды нәтижелей келе транскрибирлеуде транслитерация белгілері келесі жағдайларда байқалады:
-айтылмайтын дыбыстардың транслитерациясын;
-ашық дауыстылардың транслитерациясы;
-жұп дауыссыздардың берілуі;
- сөздің айтылуының бірнеше нұсқасы болғанда, графикке жақын нұсқасының таңдалуы;
- калькалау
Аудару әдістерінің ішінде өзінше орны бөлек калькалау әдісін айтуға болады, оның неологизмдерді жеткізудің толық аударылатын және аударымсыз әдістерінің ішінде аралық орны ерекше. Калькалаудың «Аударымсыз» жолы сөздің ішкі пішінін өзгеріссіз сақтауды көрінеді (өзгеріссіз ішкі пішіннің аударымсыз берілуде сақталуы). Калькалау аударылатын немесе шеттен келетін сөздің ішкі пішінін құраушы «құрылыс материалдары» ретінде пайдаланылатын қарапайым лексикалық бірліктер арасында тіларалық екіжақты сәйкестіктердің бар болуын қадағалайды.
Калькалау баламаны құраушы әдіс ретінде дәлме-дәл аударумен туыстас, бүтін баламасы құраушы бөліктерінің баламаларын қарапайым жолмен қосу арқылы құралады. Осыдан келе, калькалауға күрделі сөзден жасалған неологизмдер келеді. Мысалы үшін multicurrency сөзі multi және currency сөздерінен құралған, ал әрқайсысы жеке-жеке «көп» (көптік мағынаны білдіретін жұрнақ) және «валюта» болып аударылады, ал екеуін қосқанда «көпвалюталы» сөзі шығады; немесе interbank (market) = inter- ("аралық-") + bank ("банк") – "банкаралық (нарық)". [17-108б]
Информация о работе Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі