Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:46, курсовая работа
Сондықтан да мағынанытолық беру үшін оны былайаударғанжөнболар: Мен бұлжобағақатысқанымақуаныштымын .Ағылшынтіліндегісөздердіңкөбісікөпмағыналыжәне де мұндайсөздергеорыстіліндебірнешемағыналарғасәйкескелуімүмкін , бірақмағыналарбір-біріненерекшеленеді . Көпмағыналысөздердіаударуүшінеңалдыменкеректімағынаны табу керексоданкейінсолмағынабарысындаберілген контексте сәйкеснұсқалықсәйкестіктііздеукерек. Сөздіктердеrateсөзінің 14 мағынасы бар. Әрмағынасындабірнешенұсқалықсәйкестіктер бар , ал олардыңөздері де нақтынұсқаларғабөлінеді. Мысалы: қойылым, тариф, баға, бағам. Арнайымәтіндердіаударуүшінарнайысөздіктердіқолданукерек.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі
1.1.Ағылшын тіліндегі сөздердің аударылу тәртібі
1.2. Ағылшын тіліндегі кірме сөздер
1.3.Неологизмдерді аудару әдістері
1.4. Фразеологизмдерді аудару мәселелері
ІІ Практикалық бөлім
Қорытынды
Калькалау әдісінің артықшылығы болып оның көмегімен алынған баламаның қарапайым және қысқа болуы, оның түпкі сөзге қатысты болуы, толық ұқсастыққа дейін баруы табылады. Қысқалық пен әсерлі терминологиялық қасиет оларды газеттерде, публицистикалық және қоғамдық-ғылыми жұмыстарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Сипаттамалық баламалар неологизмдерді жеткізудің калькаланбайтын әдістеріне жатады, калькадан айырмашылығы, сипаттаушы әдістерде неологизмдерді жеткізуде аударудың нұсқасы болып сөздің ішкі құрылымына байланыссыз, тек қана шет тілдік бірліктердің мағынасы қолданылады, ал сол уақытта калькалауда аударудың нұсқасы болып шет тілдің бірлігінің пішіні саналады, ал мағыналық жағы жақша ішінде қалып қояды.
Сипаттамалық аударма әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жасалады. Екі жағдайды қарастырайық.
1. open outcry терминін калькалауды қолданып, «ашық айқай»ретінде аударуға болатын еді, себебі биржада ұсыныс пен сұранысқа тез мән бермеу мүмкін емес, ал айналадағы бәсекелестікті көргенде айқайламауға болмайды. Бірақ бұлай жеткізу бұл сөздің мағынасын ашпайтындықтан тиімсіз болады. Айтылған жағдайда ең қолайлысы сипаттамалық аударма болып табылады. Сонымен терминнің мағынасын түсініктеме сөздіктен табу жеткілікті болады. The Oxford Dictionary for the Business World сөздігінде open outcry терминінің мағынасы былай түсіндіріледі: “a meeting of commodity brokers with dealers in order to form a transaction. Traders usu. form a ring around the person shouting out bids and offers”, бұл жағдайда аударма келесідей айтылады: Тікелей сатушы және сатып алушымен байланысу арқылы биржалық сауда әдісі.
Көрсетілген мысалдағы сипаттамалық аударманы біз түсініктемелік деп қарастырамыз, себебі баламада аударылатын сөздің негізгі элементтері түсіндіріледі. Түсініктемелік аударма сөзді түсіндіріп айтуға бейім, бірақ сонда да ол аударма болып қалады және шынайы мәтінді аударуға жарамды.
Сонда да түсіндірмелік баламаны ұтымды пайдаланғанның өзінде өзіне тән кемшіліктері ба. Солардың бірі болып көпсөзділік болып табылады.
Басқаша айтқанда ағылшын тіліндегі бейнелі аудару, түсіндірудің көмегімен жүзеге асады. Осы әдісті сөздіктің маңыздылығын түсіндіруде қолданумен қатар анық мәтінде неологизмдерді аударуда қолданылады.
2. Сипаттамалық
аударма әдісті басқа тәсілмен
де іске асыруға болады. Келтірмелі
аударма – неологизмдерді қабылдау
әдісі, аударылатын тілдегі сөздің
баламасы ретінде неологизм
Мағынасының толық көлемі бойынша сәйкес келуі - өте сирек жағдай. Орын ауыстырып келтірілгенде семантикалық трансформация өте жиі кездеседі, бастапқы сөздің тілі көлемі және мағынасы бойынша айырмашылығы бар аударылатын сөздің тілімен жеткізіледі. Мұндай трансформация шоғырлас немесе ығыспалы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда сөзді аудару барысында оның мағынасы кеңейеді, ал екінші жағдайда мағынасы бойынша сәйкес келмеуіне байланысты тарылады. Шоғырлас трансформацияның мысалы ретінде transition country– "ауыспалы экономикалы мемлекет" (мағынасын сөзбе сөз аударсақ – "ауыспалы мемлекет"), industrial country – "дамыған өнеркәсіпті мемлекет" (мағынасын сөзбе сөз аударсақ – "өнеркәсіпті мемлекет").
Келтірмелі аудармада ығыспалы мағыналы баламалар жиі кезедседі, бұл келтірілу әдісі аударылатын тілде тиісті сәйкес мағынасы табылмаған жағдайда қолданылады. Мысалы: exchange rate – "айырбас курсы" (сөзбе-сөз – "айырбас деңгейі").
Сонымен неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздерін қорытындылай келе төмендегідей түйіндер жасаймыз:
Тіл-тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды.
Неологизм сөзін грек тілінен аударғанда — тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді.
Ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөзөнімділігі, сөзқұрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико- семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсәл) және т.б.жатады.
Өнімді сөз жасау, қазіргі кездегі ағылшын тілінің өнімді сөз жасалуының жалпы тенденциясымен толық сәйкестік жағдайда. Көбінесе морфологиялық сөз жасау амалы қолданылады – айрықша және қайталанбайтын авторлық лексикалық бірлік құру үшін, транспозиция, жұрнақтық, сөзқосу, күрделі құрылымды модельдері қолданылады.
Морфологиялық атап айтқанда жұрнақтық сөз жасау ортасында басты өнімді жұрнақ– er жұрнағы болып табылады.
Аудару барысында неологизмдерді анықтаудың келесі әдістерін жеке-жеке қарастырдық: неологизмнің мағынасын анықтауда сөздікті пайдалану, неологизмнің мағынасын контекстен анықтау, неологизмнің мағынасын анықтау үшін құрылымын талдау.
Тіларалық байланыстар барысында неологизмдерді жеткізудің бірнеше жолдары айтылды: квазиаударымсыз әдісі, транслитерация әдісі, транскрибирлеу әдісі.
1.4.Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуы
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына әдеби тілмен қатар терминологиялық және кәсіби лексика негіз болған. Мысалы, ағылшын тіліндегі talk shop – «көпшілік жерде жұмыс жайлы сөйлеу» мағынасын білдіреді, яғни «shop» – «шеберхана» ұғымында қолданылады. to turn face about – «көзқарасын (мінезін) күрт өзгерту» мағынасын білдіреді. Әскери терминалогия бойынша «солға шыр айналу» деп аударылады екен. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің пайда болып, қалыптасуынан әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады: Move heaven and earth (жер мен көкті жылжыту) қазақ тіліндегі баламасы «айды аспанға шығару», яғни таң қалдыру ұғымын береді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына ертегілер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар негіз болған. Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер, идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады. Мысалы:
1. He was too soft – hearted and could not refuse money to his children and relatives whenever they asked for it. Бұл жердегі идиома «soft – hearted» «жұмсақ жүрек» (қазақша қайырымды, қолы ашық) деген мағынаны білдіреді.
2. When the boy asked his parents to allow him to learn to play piano, they agreed because they knew he had a good ear for music. Бұл жердегі идиома «good ear for music». Мұны сөзбе-сөз аударсақ, «good ear» – «жақсы құлақ» дегенді білдіреді, яғни қазақша баламасы «құйма құлақ».
Қорыта келгенде, ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қалыптасуына ағылшын және қазақ ұлттарының тарихи, рухани және материалдық мәдени дәстүрлері негізі себеп болған деген тұжырым жасауға болады.
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Фразеологизмдер, жалпы тілдердегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблеманың бірі. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілге берудің неше түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді. Өйткені әр тілдегі фразеологазмдердің мағыналық және сталистикалық қызметі алуан-алуан болады. Оның құрамына кірген сөздердің байланысы да әр тілде әрқилы. Міне, осыларды аудару кезінде әр тілдің өзіне ғана тән сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді.
Фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аудару мәселесі аса қажет, әрі барынша қиын проблема екенін сол еңбектерден және көркем әдебиетте қолданылып жүрген фразалық тіркестер табиғатынан-ақ тануға болады. Ғылымда фразеология мәселесі сөз бола бастаған уақыттан-ақ оны екінші тілге аудару жайы қарастырылып келеді. Аударма ел мен елдің арасына дәнекер болатын аса зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-бір зерттеуші фразеология мәселесін аттап өте алған емес. Тіркестердің аудармасын тікелей тексермегенмен, аудармашы-зерттеуші өзінің саласына қатысты тұстарда фразеология аудармасына байланысты пікірін айтып отырған. Бұл тұста ескеретін бір жайт, сол айтылған пікірлердің бәрі біркелкі емес екенін және ондай пікір қозғаушылар әрқилы ғылым өкілдері екенін есепке алған жөн. Жалпы аударма проблемасы жөнінде айтылып жүрген тұжырымдарды екі топқа бөлуге болар еді. Бірі әдебиетшілер тарапынан айтылған, екіншісі тілші ғалымдар ұстанған пайымдаулар. Бұл екі ағым өкілдері қызу қарқында қарсы дау айтысқанмен, кейін аударма теориясының өзіне ғана тән, өзіндік сырларына тереңірек үңіліп, көп жағдайда келісімге келген. Мұның өзі белгілі дәрежеде аударманың ғылым ретінде қалыптасып, әрқилы проблемаларын алға тартқанын танытады. Сонда да болса, біз аударма мәселелерін әдебиетшілер мен тілшілер қауымдаса тексеріп жатыр деп айта алмаймыз. Ғылым болған соң оның даулы, даусыз мәселелері толып жатады.
Фразеологизмдерді аудару мәселесі аударма теориясының бір саласы болғандықтан, бұл жайында тілші, әдебиетші ғалымдар әрқилы пікір өрбіткен.
Бұл мәселені орыс ғалымдары да, қазақ ғалымдары да, ағылшын ғалымдары да сөз етіп жүр. Басқа тілдерде де аударма ғылым объектісі болып табылады [10, 38].
Тұрақты тіркестердің екінші бір тілдегі табиғатын тексергенде, біздің жүгінетініміз орыс ғалымы, тіл маманы А.В.Федоровтың еңбектері. А.В.Федоровтың аударма теориясын жасаудағы рөлі айрықша. Оның «Основы общей теории перевода» кітабында біраз мәселелер қарастырылған. Фразеологизмдердің аудармасына байланысты да көптеген ғалымдардың еңбектерін мұқият қарап, қорытынды пікір айтуға тырысқандық байқалады.
Фразеологизмдердің аудармасы жөнінде әдебиетші ғалымдар да, тіл білімпаздары да, жазушы-журналистер де бірде арнайы тоқтап, енді бірде белгілі бір проблемаларға байланысты пікірлерін айтқан. Қай-қайсысы да белгілі бір көркем шығарманың аудармасын қараған кезде мақал, мәтелдер мен идиомалық тіркестердің аудармадағы көрінісін байқамай өте алмайды. Аударма теориясы үшін, оның ішінде фразеологизмдерді екінші тілде беру мәселесіне келгенде, әр кезде әртүрлі елдің әрқилы көркем туындыларының аудармасы жайында айтылған мұндай пікірлерді жинақтап, електен өткізудің мәні зор.
І.К.Кеңесбаев, М.К.Қаратаев, М.Б.Балақаев, Ғ.Ғ.Мұсабаевтардың зерттеулерінде осы мәселе тұрғысында біраз пайымдаулар жасалған. Қазақстанда аударма теориясын жасауға мейлінше зор еңбек сіңірген аудармашы ғалымдарымыз болды. Олар - С.О.Талжанов пен Ә.Сатыбалдиев. Аударма ғылымының теориясын жасауда бұлардан да басқа ғалымдардың үлесі мол. М.Жанғалин, Қ.Сағындықов, К.Шәріпов, I.Жарылғаповтардың ғылыми ой-пікірлері қазақ аударма ғылымының қалыптасып, дамуына едәуір ықпалын тигізді. И.Ландау, С.Қоспанов, Бектемісов, З.Тұрарбеков диссертациялық еңбектерінде де фразеологизмдерді аудару жайында аракідік айтылған пікірлер бар. Жеке жазушылардың тілі және стилі, олардың көркем шығармаларда қолданған бейнелеуіш құралдарына арналған диссертациялық жұмыстар және зерттеулер көп. Жазушы бейнелеуіш құрал есебінде қолданған фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді тексерген арнайы еңбектер де бар. Мұндай жұмыстарда аударма мәселесі арнайы сөз болмағанмен, көңіл тоқтатуды тілейтін біздің тақырыбымызға аз да болса қатысы бар ғылыми тұжырымдар кездеседі.
Тілші ғалымдардан бұл салада ой толғағандардың бірі - I. Кеңесбаевтың мына бір тұжырымын алдымен еске алған жөн. «Аудару техникасы, аударма тілі өз алдына айрықша сөз болуға, айрықша тексерілуге тиіс деп ойлаймыз».
Академик ғалым «Қазақ тілінің идиомдары туралы» деген зерттеуінде аудару техникасына да байланысты өз топшылауларын айтқан. Ол идиома, мақал, фразалардың өзара айырмашылықтарын талдайды да, оларды басқа тілдерге аударудың жолдарын қарастырады. Бұларды аударуға бола ма, болмай ма деген сұрақтарға жауапты ғалым мақал, фраза, идиомдардың өз қасиеттерінен түзейді. Әрбір жеке тілдің өзіне ғана тән және анағұрлым көнеленген идиомдар сияқты категорияларды «калька» ретімен алмасқа лаж жоқ дейді. Мақал, фраза, идиомдардың лексикалық өзгешеліктерін егжей-тегжейлі талдайды да, олардың сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін түйеді. Бірақ І. Кеңесбаев бұларды бір тілден екінші тілге мүлде беруге болмайды деп үзілді-кесілді пікір айтпайды. Оларды аударудың әртүрлі жолдарын «ізденіп мағына жағынан сәйкес келетін тізбектерді тауып, аударма тілін жұртқа түсінікті етуді қарастыруымыз керек», - деп түсінеді.
М.Балакаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтар «Қазақ тілінің стилистикасында» фразеологияның аудармасына арнайы тоқтаған. Мұнда авторлар мәселенің қиындығын айтып қарап отырмай, фразеологизмдерді аударудың әртүрлі жолдарын қарастырады. Үш түрлі тәсіл болуы ықтимал екенін дәлелдейді. Ол қандай тәсілдер:
Біріншіден, «фразеологазмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі».
Екіншіден, «фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мәндес келетіндігі ескерілетінін» айтады. Тіл-тілдегі фразеологизмдердің өзара сәйкес, мәндес келуі, шынында да аударманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. Мұның аударма жұмысын едәуір жеңілдететіні сөзсіз.
Үшіншіден, «көптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударылады». Бұл тұста авторлар тұрақты сөз тіркестерінің басқа түрінен идиомдарды бөліп алады. Мақал-мәтел, қанатты сөздердің сөзбе-сөз аударуға тезірек көнетінін мысалдармен көрсетеді.
Мұндағы аудармалар – әр тілдің фразеологиялық қорын байытатын көз. Осымен бірге сөзбе-сөз аударманың өрескел қатеге апарып соқтыратын сәтсіз мысалдарын да әртүрлі саяси көркем әдебиеттен алып көрсетеді.
Аудармашылар үшін тағы бір аса қажетті пікір мынау ма деп ойлаймыз. Аталған кітаптың авторлары фразеологизмдерді аударудың әлгіндей бірнеше тәсілдерін талдай отырып, аудару процесінде кетіп жататын қателердің сырына үңіледі. Мұндай жағдайда, әсіресе әр халықтың тілді қолдану дәстүрін мұқият ескере отыруы, әрбір тұрақты тіркестің шығу, жасалу төркінін зерттеп білу қажет екенін басты шарттың бірі есебінде ұсынады. Яғни, авторларша айтқанда, «фразеологизмдерді аударуда олардың мағынасын, қалыптасу жолын жақсы білу» қажет. Сөйтіп фразеологизмдерді аударудағы ең өнімді тәсіл сөзбе-сөз аударудың тиімді, тиімсіз жағы бар екен. Қазақ тілшілерінің фразеологизмдерді аудару жөніндегі пікірлері осыған саяды [20].
Жалпы Қазақстан бойынша аударма мәселелері жөнінде келелі ой толғап, кесек пікір айтқан ғалымдар көп емес. Осы деңгейден қарасақ, М.Қаратаевтың көркем аударма проблемаларына байланысты жазған сын-зерттеу мақалалары алдымен көзге түседі. Республикамызда көркем аударманың маңызын, мәнін, оның ерекшеліктерін жете түсініп, сауатты, салиқалы пікір айтушының бірі де М. Қаратаев. Аударманың әртүрлі мәселелеріне арналып жазылған еңбектерді түгел талдап жатпай-ақ, біз бұл жолы ғалымның тұрақты тіркестер төңірегінде айтқан ойларын қарастырамыз.
Проф. Қаратаев «Тынық Донның» қазақшаға аударылуы және көркем аударманың кейбір мәселелері» [21] деген мақаласында тіл проблемасының, соның ішінде «орыс тілінде де бар, бейтарап идиома деп аталатындардың қалай шешілгенін сөз етеді. Автор тұрақты тіркестер түрін талдап жатпайды. Термин қолдану жағынан ауытқитын жерлері де бар. Жалпы идиом атаулының екі түрін бөліп алып, солардың аударылғыштық қасиетін тексереді. Бейтарап идиомдар және «ұлттық өз бояуы, ерекшелігі бар идиомдар». Зерттеушінің пікірі бойынша, бұлардың алғашқыларын «дәлме-дәл, тіпті сөзбе-сөз дерліктей етіп аударуға мүмкіндік бар». Ал ұлттық ерекшелігі бар идиомдарды дәл бұлай аударуға болмайды. Сөзбе-сөз аударғанда түпнұсқа мағынасын беру мүмкін емес. Өз пікірлерін өзге ел ғалымдарының пікірлерімен тиянақтайды. Мәселен, әзірбайжан ғалымы Д.Азимовтың да осыны қолдайтынын айтады. Мұндай идиомдарды аударуға болмайтындықтан, олардың тек қана баламасын іздестіру қажет деп біледі.
Информация о работе Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі