Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 23:05, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың орны бөлек.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері.......................................................4
1.2 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі.....................................9
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСІ
2.1 Ағылшын тілінде ертегіні үйрету әдісі.............................................................15
2.2 Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері..................................................18
2.3 Сабақ жоспары.....................................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ.......................
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ағылшын тілі және оны
1.2 Ағылшын тілін оқытудың
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСІ
2.1 Ағылшын тілінде ертегіні үйрету
әдісі.........................
2.2 Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың
әдістері......................
2.3 Сабақ жоспары.................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың орны бөлек.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», - деп баға берген.
Әдістеменің ғылым ретінде
сипат алуындағы алғашқы
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты. Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л.В.Щербу. Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы аралас әдіс пайда болды.
Қазіргі таңда байланыс
пен шығармашылық оқытуға негізделген
коммуникативті-бағдарлау
Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тiлi сабақтарының басты мақсаты - шәкiрттерге өз елiнде басқа пәндерден, күнделiктi өзiн қоршаған ортада, қоғамнан алған бiлiм, бiлiк дағдыларына қоса басқа елдердiң тыныс-тiршiлiгiнен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесiн жетiлдiре түсуге көмектесу. Ағылшын тiлiн үйрену баланың өз бетiнше бiлiм алуына, интермәдениет коммуникациясын бойына сiңiруіне септiгiн тигiзедi.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- ағылшын тілі және оны оқытудың әдістерін анықтау;
- ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесін енгізу;
- ағылшын тілінде ертегіні үйрету әдісін қалыптастыру;
- ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістерін дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер ағылшын тілі
мұғалімдері оқушыға тілді
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- мектеп оқушыларына
шет тілін меңгертудің
- мектеп қабырғасынан-ақ
арнайы ағылшын
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі:
Қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Ақпараттық базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ағылшын
тілі және оны оқытудың
Ағылшын тілі — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед, нидерланд және өзге де тілдер жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелден басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген.
Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын тілінің жалғыз ғана нұсқасы болған еді. Ол алғаш Британияда қалыптасты. Бұдан соң ағылшын тілі Америка, Австралия, Жаңа Зеландия, Индия, Азия және Африка халықтарының ортақ тіліне айналды. Бірақ, осы аталған елдерде ағылшын тілі әр түрлі деңгейде дамыды, жетілді, толықты, байыды.
Ағылшын тілі - дүниежүзілік тіл немесе халықаралық тіл. Бірақ, алғаш рет отарлауды бастаған голландықтар мен испандықтар. Ал, олардың тілі неге әлемдік тілге айналмады? Өйткені голландықтар «біздің тіл көркем, әуезді, сендер грамматиканы білмейсіңдер, тілді бұзасыңдар», – деп отар елдерді өз тілінде сөйлетпей қойған. Ағылшындар «қалай сөйлесеңдер де өздерің біліңдер, біз ақпаратты түсінсек болды», – деген. Ағылшын тілінің грамматикасы екі септіктен тұрады. Сондықтан сөйлеуі - жеңілдеу, бірақ жазылуы - күрделі.
Ұлттық география қоғамының деректері бойынша әлем халықтарының 70 проценті бар болғаны қырық тілде ғана сөйлейді екен. Әлемдегі ең көп тараған әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл - ағылшын. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып саналады. Қазіргі қоғамда «ең сәнді» болып келетін ағылшын тілінің Америкалық ағылшын, Канадалық ағылшын, Австралиялық ағылшын, Жаңа Зеландиялық ағылшын секілді түрлерінен басқа отыздан астам диалектілік түрлері бар. Бірақ олар бір-біріне ұқсамайды.
Жуықта елімізде Мемлекет Басшысының жетекшілігімен «тілдердің үш тұғырлығы» тұжырымдамасы әзірленді. Өз мемлекетінің тілін білу - әрбір азаматтың борышы. Орыс тілін білу де қосымша дәлелдеуді қажет етпейді, ол Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс тілі бола отырып, ұлтаралық қатынас құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Әлемде 250 миллионға жуық адам орыс тілінде сөйлейді. Бүгінгі күні ағылшын тілін оқып-үйрену аса маңызды қажеттілік болып табылады. Өйткені ол, шын мәнінде, әлемдік тілге айналып кетті. Ағылшын тілін меңгермей, жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы айту мүмкін емес. Сондықтан қазір қытайлықтардың өзі де ағылшын тілін бар ынтасымен оқып-үйренуде.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның негізгі алты тілінің бірі болып саналады.
Ағылшын тiлi пәнi мектепте бiлiм, тәрбие берумен қатар жасөспiрiмдердiң жеке бас қасиеттерiн тұлға ретiнде жетiлдiруге, қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етедi.
Ағылшын тiлi пәнiнiң басты
мiндетi - шәкiрттердiң тiлдiк қарым-
Ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты. Ол шарттардың ең бастысы ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсат. Сонымен қатар ағылшын тілін оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны да белгілі бір әдістемені қолдануға ықпал етеді. Шет ел тілін оқып-үйретуде шәкірттердің жас ерекшелігі де әдістеме таңдауда ескерілуге тиіс.
Оқыту шарттарының ішінде оқыту мақсаты аса маңызды рөль атқарады. Қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және өзге де байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Осы замандық ағылшын
тілін оқыту әдістерін
Сондай-ақ салыстыра сипаттау оқытушының таңдауы үшін де маңызды. Әдістердің түрі - сан алуан. Бұл тәсілдердің өзгешеліктерін білмей отырып, оны таңдау қиынға соғады. Сондықтан да ағылшын тілін оқыту әдістемесіне сипаттама беру - тым өзекті.
Аталмыш зерттеудің міндеттері бүгінгі ағылшын тілін оқыту әдістерінің негізін салған басты принциптерінен дараланып шыққан. Оқыту әдістері: Логикалық ойлау; Сатылау; Рольдік ойындар; Тізбектеу әдісі; Мәдени қарым-қатынас; Проблемалық оқыту; Медиация; Проекттілік (жобалау) әдісі; Миға шабуыл; Анализдеу; Пікір таластыру; Шығармашылық қалыптасу әдісі; Болжау; Интерактивті әдістер; Көру, есту кинестетикалық; Коммуникативтік, Тандем, Витагендік әдіс, Іс-әрекеттік және аралықтан (қашықтан) оқыту әдісі.
Адамзат тарихында білім берудің әр алуан әдіс-тәсілдері әзірленген. Шетел тілін оқытудың жолдары алдымен оқу мен аудармаға лайықталған білім беру процесі аясындағы латын және грек тәрізді «өлі тілдерді» оқыту үшін әзірленген бағдарламалардан алынды.
Мұндай әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың бел ортасында «Grammar-translational method» (грамматикалық-аударма әдісі) атауымен ресімделді.
Жоғарыдағы әдіске сай, тілді меңгеру үшін грамматика мен сөздікті меңгеру қажет болды. Ал мұны жетілдіру процесстері бір грамматикалық құрылымнан келесіге қарай бағытталған қимыл деп пайымдалды. Сөйтіп, осы тәсілмен оқытуды жоспарлаған оқытушы, алдымен қандай грамматикалық құрылымды баяндауды ойластырады. Одан соң сол тақырыптарға орай жеке сөйлем мәтіндері жинақталады. Бұдан соң олардың аудармасы қамтылады, алдымен – шет тілінен ана тіліне, кейін – керісінше.
Қолданысқа ертеден
кіргеніне қарамастан, бұл әдістің
өзіне тән артықшылықтары бар. Біріншіден,
ол грамматиканы жетік меңгеруге
жол береді. Екіншіден, бұл тәсіл
- тілді грамматикалық
50 жылдардың орта тұсында
бұл тәсіл лингвистердің заман
ағымына қарай қалыптастырған
талабына толық жауап бере
алмады. Соның нәтижесінде сан
алуан әдіс-тәсілдер дүниеге
60 жылдары пайда болған
«Silent way» (үнсіздік әдісі) атауына
лайық, бұл әдістің ағылшын
тілін игертудегі принципі - тіл
үйренушіге кедергі келтірмеу
әрі оған оқытушының
Аталған әдістің артықшылықтары неде? Оқытушының тілді білу деңгейі оқушының тіл білу деңгейіне ықпал етпей, сөйте келе тілді оқушының оқытушыдан артық меңгеріп кететін кездері болады. Бұдан бөлек, оқу процесінде оқушы еркін сөйлеп үйренуге мәжбүр болады. Осы тәсіл жоғары технологияға құмар жандарға тым қолайлы.