Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 23:05, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың орны бөлек.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері.......................................................4
1.2 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі.....................................9

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСІ
2.1 Ағылшын тілінде ертегіні үйрету әдісі.............................................................15
2.2 Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері..................................................18
2.3 Сабақ жоспары.....................................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........

Файлы: 1 файл

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСІ.doc

— 1.86 Мб (Скачать файл)

Оқу материалы ретінде  оқушыға дәстүрлі оқулықтар мен  оқу құралдары және интерактивті қасиеті шектеулі бейне және мультимедиалық материалдар ұсынылады. Басқаша айтқанда, мультимедия технологиясының көмегімен бейне, мәтін және графика арқылы оқу курсының материалдары жасалады. Аталған бағыттың жаңадан пайда болуына қарамастан аралықтан оқытудың жақсы дамып келе жатқаны байқалады.

Аралықтан оқыту екінші жағынан алғанда тілдік пән үшін тиімсіз. Мұнда жазба тілді меңгеруге арналған бағдарламалар бар. Осыған дейін тілді сырттай оқып үйренуге болатындығы жайында әдіскер ғалымдар арасында пікірталас туған емес. Себебі – тілді үйренуші оны қарым-қатынас құралы ретінде үйренгісі келетіндігінде. Тілді коммуникативті тұрғыда қолдану мақсаты мен талабы адамдардың сөйлеу әрекетімен белгіленеді. Сондықтан білім алудың осы саласы оқу үрдісінде оқытушының үнемі болуын қажет етеді.

Кейбір дәстүрлі, әдістемелік жағынан жетілдірілген телекурс, видеофильмдер өз бетінше тіл үйренушіге аралықтан оқуда қосымша материал ретінде ұсынылады. Өз бетінше тіл үйренуші үшін бұл тиімсіз және тәжірибе көрсеткендей оң нәтиже бермеді. Өйткені тілді ойдағыдай меңгеру үшін интерактивті орта, қарым-қатынастық механизм керек.

Тілді сырттай оқу  бөлімінде үйрену тиімді нәтиже бермейді. Тіл үйренудегі коммуникативтік  әдіс басым тұрған бүгінгі әдістеме ілімі қатысымдық бағыт ұстанған әдістеме оқулықтарды дүниеге әкелді. Ол оқулықтардың мақсаты - тіл үйренушінің тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету болғандықтан, ол оқытушының қатысынсыз жүзеге асырылмайды әрі тілдік материалдарды толық қамти алмайды. Оның үстіне тіл үйренуші бастауыш топта оқитын болса, мәселе күрделеніп кетеді.

Алайда, аралықтан оқытудың тілдік пәндер үшін болашағы жоқ деп  айтуға болмайды. Тіл үйренгісі келетіндер баршылық. Ол әр түрлі жастағы адамдар  мен мамандық иелері. Сонымен қатар  түрлі мақсат көздеушілердің тіл  үйренуді қалауына қарай жүзеге асады.

Бүгінде шетелдік ғалымдар тіл білімінің фонетика саласы бойынша  мультимедиалық оқулықтарды сараптай келе, арнайы жасалған компьютерлік бағдарламалар  арқылы оқушыға тек тілді үйретіп, оқытып қана қоймай, сонымен қатар  дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыратын электронды оқулықтар жасауға мүмкіндік барлығын айтады.

Қазіргі ақпараттық технология мен телекоммуникациялардың қарқынды дамуы болашақта компьютер мен  модемді көпшіліктің пайдалануына болатындығын көрсетеді. Сонықтан ағылшын  тілін аралықтан оқытудың жүйелілік бағдарламасын дайындау қажеттігі айқындалады.

Мультимедия технологиясының  көмегі арқылы тек өз бетінше тіл  үйренумен қатар, аралық оқытуды  ұйымдастыруда мынадай қажеттіліктер  туындайды:

Кез келген оқушының компьютерді  пайдалануға мүмкіндігі болуы;

Электронды оқулық тестік жүйемен және тренажермен тілдік деңгейді меңгеруге байланысты құрылуы;

Электронды оқулықтар  оқушыны қызықтыратын тілдік материалды меңгеруге негізделген видеосабақтар  мен қысқа метражды көркемфильмдер, кесте, сызбалардан тұруы. Яғни, анимациялық, мультимедиалық элементтері бар виртуальді оқулық болуы керек;

Оқушылардың тілдік материалды тексеруге негізделген сөйлеу әрекетінің барлық түрін қамтыған жаттығулардың  өз бетінше және жеке үйренуіне болатын  режімде, пайдаланушының талабын қанағаттандыратын болуы тиіс;

Тілдік бірліктердің қолданылуын жаттап алуға мүмкіндік  беретін, грамматикалық материалдардың бірнеше лексикалық материалмен  қолданылуына жаттықтыратын қосымша  оқу құралдарымен (кітап, радио, кино, видео) қамтамасыз етілуі;

Тіл үйрену үрдісінің  бастапқы кезеңінен бастап шығармашылық, қарым-қатынастық, проблемалық мақсаттарды  қойып, онда көрнекі құралдардың (графика, анимация, видео, т.б.) пайдаланылуын  қамтамасыз етілуі керек.

Аралықтан оқыту жүйесінде  оқытушымен үнемі байланыста бола отырып, мультимедиалық оқулықты жетілдіруге болады. Мысалы, гипероқулыққа айналдыруға мүмкіндік туады. Өйткені, онда тілдік әрекеттердің шығармашылық түрі жазу мен сөйлеуді бақылауға мүмкіндік туады.

Бүгінде авторлық мультимедиалық оқулық жасауға арналған компьютерлік бағдарламалар бар. Онда кез келген оқытушы өзінің қалауынша, мемлекеттік стандарт пен типтік бағдарламаға сәйкес мультимедиалық оқулық дайындай алады. Ол үшін тіл үйренудегі компьютердің әдістемелік қызметін айқындайық:

Көмекші қызметі;

Қатысымдық – чат  арқылы тілдесуге болады.

Ұйымдастырушылық-қызықтырушылық – қазіргі уақытта компьютер  адамдарды қатты қызытырады, осының өзі жағымды фактор болып саналады.

Негізгі қызметі;

Ақпарат берушілік –  компьютердің ең тиімді жағы ақпарттты сақтауға және оны өңдеуге мүмкіндік беруі. Сондықтан компьютер тіл үйренуде ақпараттық жүйе ретінде пайдаланылады.

Жаттықтырушы – компьютер  арқылы тіл үйренуде оқушының тілдік материалды жаттап алуы үшін бірнеше  рет қайталауына мүмкіндік болады.

Бақылаушылық-түзету–ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарын тексеруге, тексерудің обьективті, яғни шынайы болуына, оқытушының бақылау жұмысын тексеруге уақытын бөлмеуге, бақылау жұмысының қорытындысын жасауға тиімді.

Өзге тілді компьютерлік технология арқылы оқытуды енгізу – тіл үйренушінің тілді меңгеруін белгілі бір дәрежеге көтереді деген пікірде сарапшылар. Компьютерлік технология арқылы оқытылған тілдік материалдар көп уақытқа дейін адамның жадында сақталады. Дәстүрлі оқу-әдістемелік әдебиеттерге қарағанда (оқулықтар, аудио, видео, плакат, таблица, кестелерге) компьютерлік оқулықтардың жүйелілігі мен бірнеше оқыту түрлерінің тоғысуына байланысты, яғни, оқытудың интерактивті түрінің қолданылуына орай тіл үйренушінің компьютер мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануына жол ашық. 

Білім беру үрдісіне жаңа технологияның енуі көптеген педагогикалық  мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ол дидактикалық және психологиялық  ұстанымдарды жүзеге асыруға да жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БАСТАУЫШ  МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСІ

 

2.1 Ағылшын тілінде ертегіні  үйрету әдісі 

 

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры халық  прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегілердің тәрбиелік  маңызы орасан зор. Ертегілерді оқыту  арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді  бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі  қажет:

1.Ертегіні оқыту барысында «бұл  ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді»  деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.

2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым  мінездеме беруге үйретуде ертегілердің  пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.

3.Қара сөзбен жазылған ертегілер  текске жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім  оның, мазмұнын қызықты етіп айтып  береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.

Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау  т.б. осындай жұмыстарды ІІ-ІІІ сынып оқушылары орындай алады. Ал ІҮ-сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

Ертегілерді балалар  қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір  оқығанда ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын  ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға болады.

Бастауыш сынып оқушыларына  арналған ана тілі сабағында М.Әлімбайдың аңыз- ертегілері бойынша әдеби ойын сабақ.( ІІ-ІІІ сынып)

  • Сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар, үш түсті (сары, жасыл, қызыл) жолдар  дайындалады. (Қағаздан жасауға болады)
  • Ойынның шарты:

-Әдеби ойын  үш кезеңнен тұрады. Ойын басталмас бұрын сыныптағы оқушыларға  үш сұрақ қойылады. Сұрақтарға  жауап берген  оқушы ғана   ойынға қатыса алады. Ойынның әр кезеңінің өз  ережесі бар. Олар  сұрақтардың алдында беріледі.

-Әр кезеңде жеңімпаз атану үшін  ойыншы өзінің алдындағы жолды бірінші болып жүріп өтуі керек. Барлығы үш жол: қызыл жолда бір де рет қателесуге болмайды. Сары жолда 1 рет қателесуге болады, ал жасыл жолда тұрған ойыншы 2 рет қателесуге мүмкіншілігі бар.

-Әр кезеңнің жеңімпаздары соңғы айналымда кездесіп, жеңімпаз анықталады.

-Ойыннан шыққан оқушылар айып ретінде М.Әлімбайдың өлеңдерін оқып, оның жұмбақтарын жасырып, қызықты топтық ойындар ұйымдас-тыруларына болады.

Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстети-калық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.

Ертегінің поэтикасы  мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен  тұрады: бастама – эпикалық баяндау  – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

Ертегілері жанрлық  әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) жануарлар туралы ертегілер;

2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;

3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа  елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.

Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.

Ертегі жанрының пайда  болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көнемифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.

Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді.

Информация о работе Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері