Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 23:05, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың орны бөлек.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері.......................................................4
1.2 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі.....................................9
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСІ
2.1 Ағылшын тілінде ертегіні үйрету әдісі.............................................................15
2.2 Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері..................................................18
2.3 Сабақ жоспары.....................................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........
Келесі тағы бір қызықты әдіс «Total-physical response» (физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдістің негізгі ережесінде айтылғандар: Өзіңіздің белгілі бір себептермен өткізіп алған нәрселеріңізді түсінудің қажеті жоқ. Осы теорияға сай оқушы алғашқы сатысында ештеңе айтпайды. Алдымен, ол жеткілікті деңгейде білім алуы керек. Алғашқы жиырма сабақта оқушы үнемі ағылшын сөздерін тыңдайды. Ол не оқыса да, оқығаны жөнінде тіс жармайды. Содан соңғы оқу процесі - оқығанын не тыңдағанын қимылмен сезінетін кез. Физикалық қимылдарды білдіретін сөздер арқылы барлық сөздерді меңгеруге мүмкіндік туады. Мәселен, «тұр» деген сөзді түсініп, барлығы орындарынан тұрады, «отыр» дегенде олар отырады. Оқушы біраз мәлімет жиғанда барып (алдымен тыңдады, сосын қозғалыста болды), ол сөйлеуге дайын бола бастайды. Бұл әдістің басымдығы, оқушы үйрену процесінде өзін өте жайлы сезінеді. Керекті эффект адамның алуға тиісті ақпаратын жіберіп алу есебінен жетіледі. Тағы бір айтарлығы, тілді үйрену үрдісінде келтірілген тәсіл бойынша оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады.
Ойға шому («Sugesto pedia») деп аталатын әдіске де көңіл бөлген орынды. Бұл тәсіл 70 жылдары қолданысқа енді. Бұл әдіске сай, ағылшын тілін мүлдем басқа адам бола отырып (әсіресе, үйрену кезеңінде) ұғынасың. Осындай жолмен тіл үйрену барысында топтағы барлық оқушылар өздеріне жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады. Осының нәтижесінде олар өздерін мүлдем басқа әлемде – зердеге тоқыған ағылшын әлемінде отырғандай күй кешеді, қызықты қиялға беріледі. Мұның бәрі оқып-үйрену процесіндегі кез келген адамның кеңінен көсіле сөйлеуіне әрі оның сөзі тұпнұсқаға барынша ұқсас болуына ұйғарылып жасалған.
Ағылшын тілін үйренудің келесісі - аудиолингвистикалық әдіс («Audio-lingual method»). Ол 70 жылдардың аяғына қарай келіп қосылды. Оның жай-жапсары келесідей: бірінші кезеңде оқушы фонограммадан немесе оқытушының түсіндірмесінен тыңдағанын бірнеше рет қайталайды. Одан соң, оған бір-екі фразаны (тіркесті) айтуға рұқсат етіледі, ал қалғандары да осы тәріздес қайталаулардан тұрады.
70 жылдары пайда болған тәсілдің бірі – коммуникативтік әдіс. Оның басты мақсаты – әңгімелесушілердің сөздері түсінікті болуы үшін адам баласын бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Коммункативтік әдіс қазіргі таңда да жұмыс барысында жиі қолданыс тапқан. Осы замандық коммункативтік әдіс - білім берудің әр алуан әдістемесінің даму жолынан өткен, ағылшын тілін үйретудегі бірқатар үлгілі тәсілдердің үйлесімді көрінісі.
Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес. Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол - мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүниетанымдылығы мен қабілеттілігінің артуы.
Тілді меңгеруде сөздік қордың бай болуы да манызды мәселе.
Ағылшын тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео кассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Әр түрлі жаңа технологиялар тәжірибеде қолданылуда. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Тіл үйретудегі ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Олардың сөздік қорын дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз,
сөз тіркесі, сөйлемдерді
Көрнекілік әдісі – сабақ
сайын жүргізілетін әдіс. Басқа
тілді үйретуде ең нәтижелі
әрі жиі қолданылады.
Келесі әдіс – сұрақ-жауап
әдісі. Бұл - балалардың тілін
дамыту үшін манызды әдістің
бірі. Қай сынып болсын, сабақтың
қай кезеніңде болсын
Практикалык әдіске ойын элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады. Оқытушы ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. Оқушылармен түрлі әдеби-музыкалық ойындар өткізу – олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар сөйлемді оқығанда сөйлеу дикциясын дұрыс келтіріп үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі.
Интерактивтік әдіс. Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне кезегімен әсер етуі. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интеракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін.
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.
1.2 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Оқыту процесі, әсіресе, тіл үйрету өте күрделі де қиын жұмыс. Ол ақпараттарды жүйелеу мен қабылдаудан, таным мен түсініктен, бақылау мен анықтаудан, өңдеу мен салыстырудан, есте сақтау мен ізденуден тағы басқалардан тұрады.
Оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып отыратындықтан, қазіргі тіл үйренушіге қойылатын талап та, жауапкершілік те арта түседі. Соңғы кездері оқушылардың мүмкіндіктерін ашып, белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятуға арналған жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады. Ол тәсілдер тіл үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша оқыту әдістемесі.
Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөндеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру, сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты – оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату, оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі - белсенділікті арттырып оқыту. Бұл әдістемеге рольдік ойындар, өрнектеу (моделирование), диаграмма арқылы тіл үйрету, іскерлік ойындар т.б. жатады. Бұл әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника құралдары: аудио-бейне құралдар, әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер, лайдпро, кодоскоптар қолданылып, үйренушінің тіл үйренуге қызығушылығын арттырады. Ақпараттар жиынтығын жақсы қабылдайды, белсенділігі жоғарылайды, өз бетінше естігенін, көргенін, байқағанын, бойға сіңіргенін ойда қорытады.
Рольдік ойындарды ойнаған кезде үйренушінің барлық қабілеті оның іс-әрекеті негізінде беріледі. Оның ойлауы мен іс-әрекеті қатар жүреді. Тіл үйренуші өткен материалдарды қайталау арқылы лексикалық та, грамматикалық та дағды қалыптастырады.
Жаңаша оқыту әдістемелерін оқытушы өз мүмкіндігінше бұрыннан бар дағды, әдістерді басшылыққа ала отырып, оны түрлендіріп, жандандырып тәжірибеде қолданады. Бұдан ұтатынымыз – тіл үйренушінің танымдық қабілетін дамытуға, әрбір тілдік материалға, қиындықтарға даяр болу мен оны жеңе білу, қарым-қатынас жасай білуіне ықпал етеміз.
Компьютерлік технология – оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процессті ұйымдастырудың ең тиімді жолы.
Соңғы жылдары ағылшын тілін оқыту мен білім беруді компьютерлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалануға баса назар аударылуда. Қазіргі ақпараттық құралдар – бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение, бейне және дыбыстық жүйелер, электронды ойындар емес, сонымен бірге тілді оқытудың жаңа жүйесі, ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағыт болып табылады. Ал қызығушылық дегеніміз – тіл үйренушінің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынталылық.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді қазіргі тәсілдер – жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, оқушының қабілетіне қарай оқытудың дифференциациясын қаматамасыз етеді.
Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ. Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен оқушыға көмекші құрал.
Психологиялық тұрғысынан
қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі
мол. Оқу-әдістемелік жұмысының
Аталмыш технология –
практикалық сабақты жүйелі ұйымдастыруда
маңызды. Компьютерлік технологияларға
әр түрлі ғылым мен практикадағы
арнайы ақпараттық әдістер, тақырып
бойынша лексика-грамматикалық
Соның ішінде, үйрету технологиясында қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерінің қалыптасуы әр сабақта қолданылады:
Ойлау қызметін жинақтап қорыту;
Практикалық іс-әрекет пен ойлаудың жылдамдығы;
Ойлау мен еңбектің икемділігі және дербестігі.
Лексикалық және грамматикалық материалдарды сұрыптау ұстанымдары анықталып, оны компьютерлік технология бойынша практикалық сабақта тиімді түрде беру жолдары белгіленеді әрі бақылау жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы:
а) сөздің жеңіл-қиындығы мәнін ескеру;
ә) сөздің тіркесу қабілеті;
б) сөздің синонимдік қасиеті;
в) сөз мағынасын түсіндіру және оны сөйлемде дұрыс қолдану,
г) сөздің мағынасын дұрыс аудару.
Компьютерлік технология арқылы сөздерді таңдау, іріктеу мәселесімен айналысуға болады. Оқушы түсінігін кеңейтіп, сөздерді дұрыс қолдануға дағыдаланады және тақырып бойынша ойларын жеткізуде осындай компьютерлік технология пайдалы.
Бұл технологияның ерекшелігі – сөздерді есте сақтап, тез меңгеруге және байланысты лексика-грамматикалық материалды арнайы компьютерде дайындау қажет.
Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар оқушының да компьютермен жұмыс істеуге ынтасы зор болуы ғажап емес. Өйткені, кейбір жағдайда компьютер оның білмегенін көрсетіп, көмекке келеді. Ол оқушының білім сапасын жоғарылатуға, жекелей ерекшеліктерін ескертуге ықпал етеді. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді. Оқушы жұмыс қарқынын өзі ажырата білсе, компьютер оқытудың даралығын жақсартады. Оқушы қанша қате жіберсе де, қатені талдау мен түзетуге уақыты иол болады.
Ең алдымен, компьютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін мынадай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану дұрыс.
Сұрақ-жауап диалогы.
Оқушы сұраққа құрылған
лексика-грамматикалық
Таңдамалы жауаптармен
жүргізілетін тапсырма. Компьютерге
жауап беру үшін оқушы ұсынылатын
нұсқалардың бірін таңдауы
Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.
Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
Компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестерін толықтырады.
Сөздікті меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.
Асықпай компьютермен еркін жұмыс істей отырып, оқушының өз бетімен ойлануға дағдалануы, оқу қабілеті артып, білім нәтижесіне көз жеткізеді. Тілді меңгеруге деген ынтасы мен белсенділігі күшейе түседі. Демек, бұл бастаманың біраз ізденістерді қажет ететіні сөзсіз.
Ал тіл үйретудегі басты мақсат – тіл үйренушінің коммуникативтік компетенциясын функциональдық негізде қалыптастыру. Сабақтың құрылымындағы жүйелілік, когнитивті компоненттерімен қоса коммуникативтік-әрекеттік әдістеме басым болса, тіл үйренуші екінші тілді нәтижелі меңгереді. Ана тілін қандай мақсатқа, қандай тәсіл арқылы пайдаланса, ағылшын тілін де солай қолдана алады.
Компьютерлік бағдарламалар күн сайын жетілдіріліп, қарқынды даму үстінде. Компьютер кеңселік құжаттарды әзірлеу үшін ғана емес, сонымен қатар бірнеше күрделі әрекеттерді орындайтын тиімді құрал болып саналады. Компьютердің адам өміріне енуіне байланысты жаңа мәдениет қалыптасуда. Бүгінде әлемдік Интернет жүйесі арқылы ақпарат алып қана қоймай, білім алудың жаңа түрі аралықтан оқыту әдісі пайда болды. Бұл бір қарағанда білім алушы үшін тиімді. Білім алушының өзі тұратын жерден ешқайда шықпай-ақ өз үйінде отырып, дәріс алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ өзіне ыңғайлы уақытта өз бетінше оқуына болады. Аралықтан (қашықтықтан) оқытуға арналған жобалардың көпшілігінде білім берудің қалыптасқан түрі, мысалы, өз бетінше орындауға арналған дәрістік және оқу материалдары, оларды меңгеруге бағытталған тексеруші жаттығулар мен бақылау түрлері берілген. Дәрістер оқушыға компакт-дискілерге, мультимедиалық материалдарға және аудиовизуальдық құралдардағы семинарларда беріледі. Бейне дәрістер мен семинарлар күндізгі оқу түріндегі атмосфераны қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушының тақырыпқа бірнеше рет қайтып оралуына мүмкіндік береді. Ол дұрыс түсінбеген тақырыбын өзіне ыңғайлы уақытта игеруіне болады. Оқу үрдісін басқару, ағымдық материалдар бойынша ақпарат алмасу және бақылау жұмыстарының орындалуын тексеру электронды пошта арқылы жүзеге асырылады. Электронды пошта арқылы әр оқушы жеке немесе бүкіл топ болып оқытушымен ақпарат алмаса алады.