Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 22:44, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын кең көлемді халық көтерілісінің нәтижесінде Иранның соңғы шахы Мохаммед Реза Пехлевидің режимі құлатылып, Иран жерінде 2500 жыл өмір сүріп, адамзат тарихында айтарлықтай із қалдырып кеткен монархиялық жүйе жойылды. Орнында пайда болған Иран Ислам Республикасы құрылған кезінен бастап әлемдік қауымдастықтың көңілін өзіне аударып, назарын ұстауда.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………… 3
1 ИРАН ИСЛАМ РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ…………………............................ 7
1.1 «Ақ революция» Шах режимінің дағдарысы...................…………………...... 7
1.2 Антишахтық қозғалыстың женіске жетуі және Иран Ислам Республикасының жариялануы........................................................................................…………... 12
2 РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ ИРАННЫҢ САЯСИ ҚҰРЛЫМЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРҚЫНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ........................................................ 21
2.1 Аятолла Хомейнидің Мемлекетті басқару туралы көзқарасы…….........…... 21
2.2 Жаңа конституцияның қабылдануы және оның алғашқы қадамдары……............………………………………....………………………. 30
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………. 39
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………
Монархия құлай салысымен діндарлар тағы да бір революциялық билік органы – революциялық трибуналдарды құрды. Айта кету керек, революциялық трибуналдарды құру туралы нұсқауларды не Хомейни, не ИРК берген жоқ, олардың құрылуы революциялық комитеттер мен «пасдарлар» жасақтарының шах режиміме қызмет етті, халыққа қарсы қылмыс жасады, контрреволюциялық әрекеттерге барды деп тұтқындаған адамдарды соттау қажеттілігінен туындады. Ислам нормаларына сәйкес, соттау құқығы жергілікті молдаларға берілді, бірақ революциялық трибуналдардың құрамына азаматтық тұлғалар да енді. Тек революциялық трибуналдардың кең жүйесі пайда болғаннан кейін ғана, аятолла Хомейни өзін бас прокурор етіп жариялап, Жоғарғы революциялық трибуналды құрды.
Қожайындары шет елдерге қашып кеткен фабрикалар мен зауыттарда және әкімшілік басқаруы жоқ мемлекеттік кәсіпорындарда жұмысшылар өз кеңестерін құрып, шамалары келгенше кәсіпорынның жұмысын жандандырып, өндіріс барысына жұмысшы бақылауларын орнатуға тырысты. Жұмысшы кеңестері қожайындары шах тәртібімен тікелей байланыста болмаған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда да құрылды. Осыған ұқсас кеңестер, шах мемлекеттік аппаратынан қалған әртүрлі мемлекеттік мекемелерде де ат үсті құрыла бастады.
Сөйтіп, айтарлықтай анық құрылымы бар революциялық билік органдары қалыптасты. Оның төменгі шебін ревкомдар, «пасдарлар» жасақтары, революциялық трибуналдар, кәсіпорындардағы жұмысшылар кеңестері мен мекемелердегі қызметкерлер кеңстері құрды. Орталық революциялық комитет, революция сақшыларының Корпусының штабы және Жоғарғы революциялық трибунал орталық атқарушы органдарды, ал Ислам революциялық кеңесі заң шығарушы билік тармағын ұқсатты. Белгілі бір лауазымға ие болмаған және ИРК құрамына формальді түрде енбеген аятолла Хомейни, іс жүзінде мемлекет басшысы болып, маңызды мәселелерді шешудегі соңғы инстанция болды.
Бұл құрылымда Уақытша революциялық үкімет «артық» болып қалды. Негізінен буржуазия және буржуазиялық интеллигенция өкілдерінен, солардың арасында, революцияға қосылып, Хомейни бағытын қолдайтындығын жариялаған Ұлттық майдан және бірқатар басқа буржуазиялық партиялардың басшыларынан құралған бұл үкімет, іс жүзінде, ұлттық мүдделерді, соның ішінде ұлттық буржуазияның мүдделерін бұрынғыға қарағанда көбірек қолдай отырып, батыс елдерімен экономикалық байланыстарды сақтайтын ұлттық негіздегі капитализмді дамытуды көздеді. Бұл тұрғыдан алғанда үкіметтің мақсаттары, жалпы капиталистік қарама-қайшылықтар, соның ішінде монархиялық мемлекеттің қолдауының арқасында буржуазияның басқа топтарынан үстем жағдайда орналасқан ірі қаржы өкілдеріне кіші буржуазиялық топтардың қарсы шығуының салдарынан шыққан революцияның объективті мақсаттарына қарама-қайшы келіп жаты. Сондықтан, Базарган үкіметі, аз-кем мөлшерде кіші буржуазияның мүдделеріне және орталарында антикапиталистік көңіл-күй күшті пролетариаттың ішінара мүдделеріне сәйкес келетін төменгі революциялық билік органдарының қолдауына ие болған жоқ. Осы себепті де, Хомейнидің үкіметті «тыңдау» туралы үндеулері орындалмай қалды. Орталық атқару органдарын қосып алғанда, бірде-бір революциялық орган үкіметке бағынбады және оны ескермегені аз болғандай, оның қызметіне белсенді араласып отырды.
Базарган үкіметі ескі мемлекеттік аппаратқа да сүйене алмады, өйткені ол революция барысында ішінара талқандалып, толыққанды жұмыс ісей алмады. Іс жүзінде бұрынғы мемлекеттік аппараттан тек оның жекелеген шашыранды бөліктері қалған еді. Олардың басшыларының бір бөлігі шет елге қашып кетті немесе революциядан кейінгі алғашқы айларда-ақ репрессияланса, қалғандары жақсы күндерді тосып, әрекет жасауға асыққан жоқ. Полиция мен жандармерия функцияларын «пасдарлар» жасақтарына беріп қойып, іс жүзінде олар да әрекетсіз отырды. Төртжүзмыңдық армияның жүзмыңдық қалдығы болса, өзінің бейтараптығын жариялады [5, 72 б.].
Осы жағдайда діндарларға уақытша үкімет құрудың не қажеті бар еді деген заңды сұрақ туындайды. Өйткені ИРК төменнен пайда болған және өзі жоғарыдан құрған революциялық билік органдарына сүйене отырып, «заңды», конституциялық органдар қалыптасқанға дейін билікті атқара алатын еді.
Істің мәнісі мынада, революциялық
қозғалыс басталғанға дейін жоғарғы дін өкілдері
Базарган және оның «Иранды азат ету қозғалысы»
бастаған буржуазиялық тобымен одақ жасаған
еді. Ұлттық майдан төңірегіне біріккен
буржуазияның бір бөлігі ұзақ уақыт бойында
монархия мен революция арасында таңдау
жасай алмай, ақырында, қалыптасқан жағдайға
сараптама жасай отырып, діндарлармен
мәмілеге келу тиімді деп тауып, 1978 жылдың
қараша айында Ұлттық майданның жетекшісі
Керим Санджаби Хомейнимен қолдау көрсету
туралы келісім жасады. Тек Ұлттық майданның
басшыларының бірі Ш. Бақтияр бастаған
монархияға қарсы оппозициялық буржуазия
бөлігі өздерінің берік аниисламдық ұстанымдарын
сақтап, революциялық күштердің басында
тұрған діндарлардың саясатын қолдау
қауіпті деп есептеді. Егер, революциялық
қозғалыс дін өкілдерінің бақылауынан
шығып кетсе, жалпы капитализмнің өмір
сүруі үлкен мәселеге айналар еді. Ал егер
билік басына діндарлар келетін болса,
буржуазия өздерін кіші буржуазия мен
«жарлылардың» мүддесін қорғаушымыз деп
жариялаған дін өкілдерінің саясатына
бағынышты болып қалар еді. Тағы бір мәселе,
егер Бақтияр жағдайды өз бақылауына алып,
бастаманы діндарлардан тартып алса, шартты
ұлттық буржуазияға монархияның полицейлік-чиновниктік-
Сонымен, 1979 жылдың қарсаңындағы
антишахтық қозғалыстар өзінің формасы
бойынша елдің өзгеруі үшін бағытталған
ұлттық-демократиялық
1979 жылдың наурыз айында
өткізілген референдум
Осылайша, ұлы аятолла Рухолла Хомейнидің басшылығымен жүзеге асқан «ислам революциясы», Мохаммед Реза Пехлеви ХХ ғасырдың 60-жалдарының басында жариялаған, бірінші кезекте елде және қоғамда шах билігіне бәсекелес болып келген исламдық шеиттік діндарлардың беделі мен ықпалын төмендетуге бағытталып, монархияның саяси және экономикалық негіздерін бекітіп, елге зайырлық еуропалық келбет беруді көздеген «ақ революциядан» ақыр соңында басым түсті.1977-1979 жж. оқиғалар қарсаңында берген бір сұқбатында ол: «… қажет болса Иранды ұлы өркениеттер қауымдастығына күшпен алып барамын» деген еді [1, 16 б.]. Шахтың бұл соңғы арманы да орындалмай қалды.
2 Революцияның иранның саяси құрлымына әсері және оның қарқынының қалыптасуы
2.1 Аятолла Хомейнидің Мемлекетті басқару туралы көзқарасы
Ирандағы революция шах
Мемлекеттік құрылыс формасы мен билік органдарының құрылымының теориялық моделін аятолла Хомейни Ирак жерінде қуғында жүрген кезеңінде-ақ «Образ правления в исламской республике» атты еңбегінде жасап қойған. Мұнда Хомейни исламдық билеудің екі мүмкіндігін қарастырады. Бірінші жағдайда жер бетінде «жасырын» имам – Махди немесе тікелей құдай тағайындаған имам пайда болады және «ол қоғам мүшелерінің барлығына абсолютті қожайын болып, ұлт көсеміне лайықты барлық қасиеттер мен жетістіктерге ие болады [22, 3 б.]. Бұл вариант үшін, Хомейнидің ойынша, белгілі бір билеу формасын жасап қажеті жоқ, өйткені Махди «жеке дара заңдарды қабылдайды, атқарушы және сот органдарын тағайындайды, әскерді және қарулы күштерді басқарады, қаржыны ұйымдастырады. Ол өзі бүкі билік механизмін, әкімшілік және қаржы жүйесін іске келтіреді [22, 9 б.].
«Шынайы» имам (яғни, Махди) жоқ кезеңде шеиттер қауымына ерекше басқару формасы қажет және бұл, Хомейнидің айтуынша, ислам республикасы болып табылады. Ол республикаға мынандай анықтама береді: «Бүгінгі түсініктегі республика дегеніміз – билік басында монарх емес халық отырған және жалпы сайлаулар арқылы мемлекеттік органдарды тағайындап оларға билік беретін демократиялық құрылыс [22, 5 б.].
Биліктің сайланбалы органдарының заңдылығын Хомейни құран мен суннаның келесі ережелеріне сүйене отырып негіздеуге тырысады; а) шариатқа сәйкес фетваларды шығаруға лайықты, ислам үкімдерін жариялай алатындардың фетваларын тек осыларға сәйкес адамдармен орындалуы керек» [22, 4 б.]; ә) кеңес туралы бап, бұл бапта жекелеген мәселе бойынша күмән және секем пайда болса «бұл сұрақ ортақ талқылауға салынып, ой алмасу және салыстыру арқылы мәселенің оң және теріс жақтары ашылып, шындық анықталуы қажет» екендігі айтылады; б) «велайат-е факих-е муджтехид» (сөзбе-сөз: «жоғарғы дәрежедегі исламдық заңтанушының наместниктік миссиясы) жайлы бап, бұл бапқа сәйкес «муджтехид дәрежесіне сәйкес және түпдерек [ислам] негіздерін түсіндіруде керемет қабілеттері барларға ислам бойынша қоғамның азаматтары мен мүліктерінің бір бөлігін басқару құқығы беріледі. Хомейнидің айтуынша бұл билік «шынайы» имамның билігіне тең емес, бірақ «қоғам істерін басқаруға әбден жеткілікті»; в) «жақсылық істеп жамандықтан алшақ болу» туралы бап. Хомейни бұл бапқа түсініктеме бермейді, тек оның негіздері фикхтер кітабында жазылғандығын айтады [12, 33 б.].
Осы баптарға сүйене отырып Хомейни ислам республикасында билік органдарын құрайтын үш топты атап көрсетеді: 1) шариат негізінде шешім қабылдау тобы, 2) Кеңесші топ және 3) Атқарушы топ [22, 5 б.].
Шешім қабылдау тобы, Хомейнидің түсіндіруі бойынша, заң шығарушы билік тармағы және ол құрылтай жиналыстарының баламасы болып табылады. Олардың бірден-бір айырмашылығы «мұндай жиналыстың мүшелері басқа елдерде заңдарды өз идеялары мен ұғымдарына және ақылына сүйене отырып қабылдаса, ислам бойынша шешім қабылдау тобы қалыптасқан тәртіп бойынша заңдарды түпдеректерден (құран, сунна) алып, реттеп, іске келтіреді» [22, 5 б.]. Шешім қабылдау тобы өз шешімдерін бір ауыздан қабылдайтын фетва түрінде шығарады. Бірауыздылық болмаған жағдайда кеңес принципі қолданылады: фетва талқылауға салынып, көпшіліктің немесе «неғұрлым жақсы білетін» адамның немесе бірнеше адамның көзқарасы қабылданады. Хомейни бұл топтың бірлігіне өте үлкен көңіл бөледі, сондықтан да ол даулы сұрақ бойынша шешім қабылданғаннан кейін «басқалары (басқа көзқарастар) ұмытылуға тиісті және қайсы бір муджтехидтің жақтастары қабылданған тұжырымның кімге тиесілі екендігін атаудың қажеті жоқ» дейді [22, 7 б.].
Екінші орган – Кеңесші топтың баламасы – парламент. Хомейни Шешім қабылдау тобының қалыптасу принциптерін ашып көрсетпей, тек оның негізін неғұрлым сыйлы және ықпалды муджтехидтер құрайтындығын білдірсе, Кеңесші органның депудаттары «халықпен сайланатындығын» айтады. Шешім қабылдау тобының шығарған фетваларына сүйене отырып, кеңесші топ «мемлекеттік істердің әртүрлі жобаларын талқылап, қарастырады және ел қажеттіліктеріне қарай бекітіп атқарушы топқа береді». Кеңесші топтың мүшелерінің ең кемінде бесеуі муджтехид және факих болуы тиісті, «осылайша барлық заңдар олардың бақылауымен бекітіліп, ислам қағидаларының шеңберінен шықпай, Шешім қабылдау тобының заңнамалық бағдарламасының шеңберінде болып, орындалуы тиісті» [22, 8 б.]
Үшінші, Атқарушы топ министрлер алқасы болып табылады. Бұлардың міндетіне «төменгі лауазымдарға тұлғаларды тағайындау, жоғарғы органдар бекіткен бағдарламаларды орындау, атқарушылық нұсқауларды беру, белгілі бір іске жауаптылардың өз міндеттерін қалай орындайтындығын толық бақылау» кіреді [22, 10 б.].
«Ислам құрылысында, - деп жазады Хомейни, - бүкіл ұлт – бастықтар мен бағыныштылар, мекеме қызметкерлері мен саудагерлер, дін қызметкерлері және студенттер, жұмыс берушілер мен жұмысшылар ағайынды және тең болады. Олардың арасында ағайыншылдық пен шынайылық үстемдік етеді, лауазым, шен, байлық тағы сол сияқтылар үшін қақтығыстар болмайды; әробіреуінің және барлығының мүліктері жеке біреуге және барлығына шын жүректен беріледі» [22, 11 б.]
Сонымен, Хомейни жасап шығарған билік органдарының құрылымы зайырлық және рухани билікті біріктіріп, теократиялық басқару түрін орнатуды қарастырады. Бұл жағдайда парламенттік республика формасы өзінің мазмұнынан айырылады, өйткені халық сайлаған парламентке билік берілмей, ол Шешім қабылдау тобының нұсқауларын қарсылықсыз орындайтын кеңесші органға айналады. Барлық заң шығару және сот билігі діндарлардың қолында шоғырланады. Зайырлық тұлғалар билігі жоқ парламент пен атқарушы билік органдарына ғана жіберіледі. Парламент бұған қоса, оның құрамына енетін және шешуші дауыс құқығына ие рухани тұлғалардың басшылығымен жұмыс істейді. Атқарушы билік саласындағы неғұрлым маңызды орындарға да тек дін қызметкерлері тағайындалады. Айта кету керек, Хомейни Шешім қабылдау тобына азаматтық мамандардың араласуына рұхсат етеді, өйткені «факих, мысалы, бүгінгі экономикалық жағдай туралы білмеуі мүмкін» [22, 7 б.]. Алайда, олардың функциялары – фетва ислам нормаларының шегінен шықпай және қазіргі талаптарға сай болатындай техникалық қорытындылар жасаумен шектелді.
1979 жылғы 1-сәуірдегі референдумда қомақты жеңіске жеткеннен кейін Хомейни Ислам Республикасын жариялап, буржуазияның зайырлық республика туралы армандары іске аспады. Өзінің келісімшілдік саясатына адал Базарган премьер-министр қызметінде қалды, бірақ оның онсыз да әлсіз жағдайы одан бетер қиындап кетті. ҰДМ өкілдері ұйымдастырған көпмыңдық жиында Матин-Дафтани өзінің отставкаға кету себебін түсіндіріп, үкіметтің қолында нақты билік жоқтығымен және «жауапсыз» топтар (ислам басшылығы) мен революциялық комитеттер үкімет қызметіне кедергі келтіріп, «экономикалық өзгерістерді» (яғни, буржуазия мүддесіндегі экономикалық саясатты) жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндігін айтты. Санджаби үкіметке толық биліктің берілуін және елдегі барлық әскери құрылымдардың оған бағынуын талап етті [3, 227 б.].