Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 22:44, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын кең көлемді халық көтерілісінің нәтижесінде Иранның соңғы шахы Мохаммед Реза Пехлевидің режимі құлатылып, Иран жерінде 2500 жыл өмір сүріп, адамзат тарихында айтарлықтай із қалдырып кеткен монархиялық жүйе жойылды. Орнында пайда болған Иран Ислам Республикасы құрылған кезінен бастап әлемдік қауымдастықтың көңілін өзіне аударып, назарын ұстауда.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………… 3
1 ИРАН ИСЛАМ РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ…………………............................ 7
1.1 «Ақ революция» Шах режимінің дағдарысы...................…………………...... 7
1.2 Антишахтық қозғалыстың женіске жетуі және Иран Ислам Республикасының жариялануы........................................................................................…………... 12
2 РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ ИРАННЫҢ САЯСИ ҚҰРЛЫМЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРҚЫНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ........................................................ 21
2.1 Аятолла Хомейнидің Мемлекетті басқару туралы көзқарасы…….........…... 21
2.2 Жаңа конституцияның қабылдануы және оның алғашқы қадамдары……............………………………………....………………………. 30
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………. 39
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………
К. Санджабидің үкімет атына таққан бұл айыбы, үкіметтің толық қабілетсіздігі ашылып, жалғыз қалып, одан тіпті буржуазия бас тартқан уақытта ислам қайраткерлері неге одан бас тартпады деген сауалға жауап береді. Үкімет дін өкілдері үшін өзінше бір найзағай тартқыштың рөлін ойнады. Әртүрлі топтардың, партиялардың, әлеуметтік қабаттар мен таптардың революция нәтижелеріне байланысты наразылықтары үкіметке қарсы бағытталып отырды. Ол сол жақтан да оң жақтан да сынау нысанасына айналды. Үкіметке елдегі өтпей жатқан реформалар үшін, өсіп келе жатқан жұмыссыздық үшін, азық-түліктің жетіспеушілігі мен шектеліп бара жатқан бостандық үшін жауапкершілік артылды. Діндарлар болса көлеңкеде қалып, сын садағына ілікпеді. Сондықтан да дін өкілдері үшін Уақытша үкіметтің сақталып қалуы тиімді болды.
Бірақ, барлық діни қайраткерлердің Уақытша үкіметке байланысты көзқарастары біркелкі болмады. Хомейни биліктің бөлінісіне рұқсат беріп, Уақытша үкіметті шариатқа сәйкес деп жариялаған еді, ендеше, оны тарату аятолланың өз қателігін мойындауымен тең еді; бұған қоса аятолла өз жағдайының биігінен үкіметті билікті ұстаудағы бәсекелес ретінде қарамады. Бехешти-Рафсанджани тобының үкіметке байланысты көзқарасы өзгеше болды: ИРК ішіндегі фракциялық күресте жеңіліске ұшыраған олар, күрестің жаңа әдістеріне көшіп, Кеңес сыртында өздеріне қолдау табуға тырысты. Осы мақсатта олар 1979 жылдың сәуір айынан бастап Ислам республикасының партиясы деп аталынған, жаңа бұқаралық партияны құруға кірісті [7, 196 б.]. Бірақ Бехешти-Рафсанджани тобының буржуазиялық Уақытша үкіметке қарсы күресі принципиті таптық күрес болмады. Бұл топ үкіметті оның буржуазиялық сипаты үшін емес, шексіз билікке ұмтылған Бехешти сияқты діни қайраткерлердің билігін айтарлықтай шектеп тастағаныны үшін ұнатпады. Ислам республикасының партиясы осы мақсатқа жету үшін қажетті саяси құрал болуға тиісті болды. Қалыптасқан жағдайда күрес ашық жүргізіле алмады. ИРП құра отырып, Бехешти құрылтай жиналысы мен парламентке келе жатқан сайлауда өзі мен өзінің жақтастарына көпшілік дауысты қамтамасыз етіп, «заңды», конституциялық жолмен буржуазиялық қайраткерлерді биліктен ығыстыруды жоспарлады. ИРП құрудың тағы бір мақсаты болды: ревкомдар мен «псадарларға» көп үміттенбей, Бехешти ИРП туының астында оппозицияның бас көтерулерімен күресетін, негізінен, исламға шексіз берілген қоғамның төменгі жағынан жасақталған, «Хезб-е Аллах» (Аллах партиясын) деп аталынған өз қарулы күштерін құрды. «Хезб-е Аллахтың» не өз басшылығы, не ұйымдастырушылық шеңберлері болмады. Іс жүзінде бұл, ИРП басшылығының бұйрығы бойынша, оларға жағымсыз солшыл күштер мен демократиялық буржуазияның шерулері мен жиындарын қуып тарататын талқандаушылар тобыры болды [6, 201 б.].
Алайда, билікті иемдену
мәселесіне байланысты өткір бәсекелестік
болғанына қарамастан, солшыл және
демократиялық оппозияциямен
Осылайша, революция жеңіске жеткеннен кейін бірнеше ай өте салысымен, буржуазияға саяси басшылық жүргізе отырып, оларға экономикалық үстемдікті қалпына келтіруге кедергі жасамауға бағытталған жоғарғы діни қызметкерлердің бас бағыты айқындалып қалды. Бұл буржуазия мен дін өкілдерінің таптық мүдделерінің жақындығын көрсетті.
Күрес пен әріптестікке
толы осындай қиын қатынастар жоғарғы
дін қайраткерлері мен төменгі
халықтық билік органдары – ревкомдар
мен «пасдарлар» жасақтары
Олардың қызметіне бақылаудың жоқтығын Хомейнидің «пасдарлар» өкілдерімен болған кездесуінде сөйлеген сөзідәлел болады. «Егер сендер қателік жіберсеңдер, - деп айтты ол, - бұл қателік сендердің мойындарыңа емес, ислам республикасына жатады. Ислам республикасы жаман, егер бұрын бізді қауіпсіздік ұйымы (САВАК) қанаса, енді ислам пасдарлары қанауда деп айта бастайды, нәтижесінді біздің ұлы іліміміз жойылады». Осы сөзінде ол төменгі органдарға енген молдаларды сынға алды: «егер кімде-кім діни киімді киіп алып, қолында қаруы бар төрт адамды жинап алып, дін міндеттеріне қайшы әрекет ете бастаса, ислам өледі».
Жаңадан құрылып жатқан орталық билік органдарының алдында төменгі органдардың күнделікті қызметіне басшылық жүргізу емес, оларды шектеп белгілі арнаға бағыттап отыру міндеті қойылды. Осы міндетке уақытша үкімет пен ИРК қызметкерлерінің бірнеше рет қайталанған нұсқаулары арналып, оларда ревкомдарға өз бетінше тұтқындауларды тоқтатып, Хомейнидің нұсқауы бойынша жоғарғы билік органдарының нақты сот процедурасы мен процесуалдық нормаларды және басқа шараларды жасап шығарғанға дейін революциялық трибуналдардың қызметін тоқтата тұру туралы айтылды. Орталық билік органдарын құрудағы тағы бір мақсат: төменгі билік органдарын жоғарғыларға вертикальдық жолмен бағындыру арқылы олардың горизонтальдық байланысы мен әрекеттестігін әлсірету.
«Пасдарлар» жасақтарын бір корпусқа біріктіріп, оларды орталық басшылыққа бағындыру, әскери үлгіге сәйкес қатаң тәртіпті енгізу «пасдарларды» ревкомдардан алшақтатып, соңғыларды әскери қолдаудан айырды.
Бехашти бастаған топ жетекші рөл ойнайтын діндарлардың бұл тобының күрделі, жан-жақты, көп қырлы қызметінің негізгі мақсаты осы үстем топқа шексіз билік қамтамасыз ететін жағдай жасау болды. Биліктің үш орталықтарының арасында күрес жүріп жатқан жағдайда Хомейни табыстырушылық позиция ұстанды. Бехешти тобын басып, Безарганды қолдап, ревкомдар мен «пасдарларды» міндеттермен жүктеу арқылы ол бұл топтардың арасындағы тұрақсыз тепе-теңдіктің сақталуын қамтамасыз етті. Бұл орталықтар өзара күштері шамамен тең болғандықтан, араларында туындаған қақтығыстарды өз беттерінше шеше алмай, Хомейниге әділдік сұрап жүгінуге мәжбүр болып отырды, өз кезегінде бұл жағдай Хоменейге барлық топтар мен билік органдарынан жоғарылап, күшті болып көрінуге мүмкіндік берді.
Елдегі саяси жағдайдың күрт шиеленісуі конституция қабылдау мәселесін алға қойды. Оның алғашқы жобалары баспасөз беттерінде солшыл және буржуазиялық-демократиялық оппозиция тарапынан қатты сынға алынды. Сондықтан, жоғарғы дін өкілдері құрылтай жиналысын шақыруға батылдары бармай, конституцияны түпкілікті талқылауға заң шығару билігі жоқ, шағын эксперттер Кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Осымен бір мезетте, сын толқынын азайту мақсатында, үкімет цензураға рұқсат беретін және «антиисламдық» мақалалар үшін түрмеге қамауды қарастыратын баспасөз туралы заң қабылдады.
Эксперттер Кеңесіне өткізілген сайлау нәтижесінде ондағы көпшілік орынды ислам қайраткерлері – Ислам республикасының партиясы өкілдері алды.
1979 жылдың 7 тамызында Жоғарғы трибунал діндарларға жағымсыз материалдары үшін, соның ішінде сайлау барысында ИРП асыра сілтеушіліктерін әшкерелегені үшін «Аяндеган» газетін жабу туралы қаулы қабылдады. 12 тамыз күні Ұлттық демократиялық майдан мыңдаған халық қатысқан шеру ұйымдастырып, «Аяндеган» газетінің жабылуы мен баспасөз туралы заңның қабылдануына наразылықтарын білдірді. «Хезб-е Аллах» пен шерушілер арасындағы қақтығыстар нәтижесінде жүздеген адамдар жарақат алды. Хомейнидің оппозицияны бостандықты асыра пайдаланды, тәртіпсіздіктерге жол берді деп айыптап сөйлеуі, солшыл күштерге кең көлемді шабуылдың басталуына белгі болды. «Хезб-е Аллах» ИХП, ОПФИН және ОМИН штаб-пәтерлерін және олардың газет редакцияларын талқандады. Сол сияқты, оппозициялық, әсіресе солшыл газеттерді сатып жатқан дүкендер және газет дүңгіршектері де талқандалды. Бірқатар қалаларда солшыл ұйымдардың мүшелерін жазалау кездесті. Осыдан кейін Жоғарғы трибунал барлық оппозициялық партиялар мен ұйымдарға тиым салып, барлық оппозициялық газеттерді жауып, рұқсат етілмеген шерулер мен жиындарға тиым салу туралы қаулы қабылдады
Эксперттер Кеңесіне Ислам республикасының партиясы жеңіске жеткеннен кейін және тамыз оқиғаларынан соң уақытша үкіметтің жағдайы одан бетер қиындай түсті. Өз жағыдайын бекіту үшін Базарган АҚШ-мен байланыс іздей бастады. Алайда оның бұл талпыныстарынан үлкен нәтиже шықпады. Ал 1979 жылдың 4 қарашасында «Студент мұсылмандар – имамның ізбасарлары» ұйымы шахтың АҚШ-қа барғанына жауап ретінде Тегерандағы американдық елшілікті жаулап алып, ондағы және сыртқы істер министрлігіндегі 66 американдық азаматты кепілдікке алды. Олардың 14 көп ұзамай босатылып, қалғандары, 1980 жылдың 27 шілдесінде шахтың қайтыс болғанына қарамастан, 1981 жылдың 20 қаңтарына дейін кепілдікте болды. Елшіліктің жаулап алынуын ислам қайраткерлері кең көлемді антиамерикандық науқан үшін пайдаланды. Осы кезде американдықтармен байланысы бар деп ашық айыпталған уақытша үкімет амалсыздан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Хомейни үкімет отставкасын 1979 жылдың 6-қарашасында қабылдады. Министрлер портфелдері ИРК мүшелері арасында бөлініп берілді, Базарган болса, ИРК мүшесі болып қалғанымен еш лауазымсыз қалды [21, 17 б.].
Тағы да айтатынымыз, көпшілік Иран Ислам Республикасының тағдыры ұзаққа созылмайды деп есептеген еді. Алайда, Хомейни, жағдайдың қиындығына қарамастан Иран қоғамын Ислам мемлекеті туралы бағдарлама төңірегінде біріктіріп, оны жүзеге асыра білді. Иран Ислам мемлекетінің негізін бекітудегі келесі қадам – конституцияны қабылдау болды.
2.2 Жаңа конституцияның қабылдануы және оның алғашқы қадамдары
1979 жылдың 15-қараша күні төрт айға созылған өткір пікірталастардан кейін эксперттер Кеңесі өзінің жұмысын аяқтап, конституция жобасының түпкілікті мәтінін ұсынды. Пікірталастар барысында Бехешти тобы «велайат-е факих» принципін енгізуге қол жеткізіп, осыған сәйкес мемлекет басшысы болып, «халықтың анық қолдауына ие», өкілеттігі өте кең факих жарияланды. Жобада мұндай факих Хомейни деп тікелей көрсетілді [20, 6 б.].
ИИР конституциясында Иранның тарихы және революциялық оқиғалардың барысы баяндалған және ИИР әртүрлі мәселелерге (исламдағы басқару әдістер, әскер, қоғамдағы әйел орны және т.б.) байланысты көзқарас принциптері түсіндірілетін преамбула бар.
Конституцияның негізгі мәтіні 175 бапты біріктіретін 12 бөлімнен тұрады. 1989 жылғы түзетулерден кейін бөлімдерінің саны 14-ке, ал принциптері 177-ге дейін көбейді. Бөлімдердің негізгі тақырыптары: мемлекеттіліктің жалпы принциптері, мемлекеттік биліктің белгілері, халық құқықтары, экономика және қаражат, ұлттық егеменділік құқықтары және мемлекеттік билік салалары, заң шығарушы билік, Басшы, атқарушы билік, сыртқы саясат, сот билігі, бұқаралық ақпарат құралдары.
Конституция жобасында
қарастырылған билік
Теократиялық билік институттары. Иранда «ислам үлгісіндегі» мемлекеттік биліктің бүтіндей жүйесін құру Эксперттер жиналысының (Шоура-е хобреган) құрылуымен анықталады. Эксперттер жиналысы – жоғарғы діни-саяси басшылықтың сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік орган. Бұл биліктің басқа органдарынан тәуелсіз және дағдарыстық жағдайда діндарлардың саяси ұстанымын сақтап қалуға бағытталған діндарлардың жоғарғы форумы болып табылады. Эксперттер жиналысының өкілеттілігі жалпы формада конституцияның 107 және 111 баптарында көрсетілген. Заңға сәйкес Жиналыс құрамында 70-80 муджтехидтер болып, жылына кемінде 5 күн өз мәжілістерін өткізуі қажет. Көсемді алмастыру кезеңінде Жиналыс жаңа Рахбарды таңдауы тиіс. Егер лайықты үміткер табылмаса Жиналыс басқа бір дінтанушыны жариялайды немесе үш-бес адамнан тұратын Басшылық кеңесті құра алады. Эксперттер жиналысы сонымен қатар, ИИР-ң конституциясына өзгертулер мен түзетулерді дайындайды және қарастырады, осыдан кейін ғана бұлар кеңейтілген талқылауға салынып қабылдана алады. Жиналысқа сайлау 1982 жылдың желтоқсанында өтті, ал қайта сайлау 1990 жылы болды [20, 8 б.].
Иран Ислам Республикасының Басшысы (Рахбардың) құқығы мен міндеттері 5-бап пен 107-112 баптардан тұратын 8 бөлімде айтылған. Аталған баптарда «жасырын имиам кезеңінде» ислам қауымын басқару жоғарғы адамгершілік қасиеттері бар, «көпшілік өз басшысы ретінде мойындайтын және қабылдайтын» факихке тапсырылады деп айтылған. Ол Адам ретінде бапта «ұлы аятолла» және «марджа от-таклида», «революция көсемі имам Хомейни» аталады. Конституцияға сәйкес Басшы «елді басқару істерін қолына алып, оның салдарларына жауап береді» (107 бап). Рахбар соғыс жариялайды, бейбітшілік жасайды, қарулы күштерді жинайды, ол – бас қолбасшы, сонымен қатар сотталғандарға рақымшылық жасау, кешірім беру, үкімді жеңілдету құқықтары да оған берілген (110 бап). ИИР-ң басшысы сонымен қатар Бақылаушы кеңестің мүшелері – факихтерді анықтайды, жоғарғы сот лауазымдарына тағайындайды, референдумды тағайындайды, ИРСК басшысын және қарулы күштердің үш басшысын тағайындайды. 1989 жылы енгізілген жаңа бапқа сәйкес Басшы құрылыс игілігін анықтайтын кеңестің тұрақты және уақытша мүшелерін тағайындайды. Конституцияға сәйкес оған ешқандай жауапкершілік жүктелмейді, тек қазына тонаушылықпен айналыспау туралы үстіртін айтылады (142 бап). Бірақ республика Басшысына азаматтардың заң алдындағы теңдігі принципі таралады (112 бап), осылайша оның құқықтары мен міндеттері анықталады.