1978-1979 Ирандағы Ислам ревалюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 22:44, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын кең көлемді халық көтерілісінің нәтижесінде Иранның соңғы шахы Мохаммед Реза Пехлевидің режимі құлатылып, Иран жерінде 2500 жыл өмір сүріп, адамзат тарихында айтарлықтай із қалдырып кеткен монархиялық жүйе жойылды. Орнында пайда болған Иран Ислам Республикасы құрылған кезінен бастап әлемдік қауымдастықтың көңілін өзіне аударып, назарын ұстауда.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………… 3
1 ИРАН ИСЛАМ РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ…………………............................ 7
1.1 «Ақ революция» Шах режимінің дағдарысы...................…………………...... 7
1.2 Антишахтық қозғалыстың женіске жетуі және Иран Ислам Республикасының жариялануы........................................................................................…………... 12
2 РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ ИРАННЫҢ САЯСИ ҚҰРЛЫМЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРҚЫНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ........................................................ 21
2.1 Аятолла Хомейнидің Мемлекетті басқару туралы көзқарасы…….........…... 21
2.2 Жаңа конституцияның қабылдануы және оның алғашқы қадамдары……............………………………………....………………………. 30
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………. 39
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………

Файлы: 1 файл

курсовая1978-1979 Ирандағы Ислам ревалюциясы.doc

— 296.00 Кб (Скачать файл)

Ислам тәртібін Сақтау Комитеті Бақылаушы кеңестің атынан алты заңгер және үкімет таңдаған алты лауазымды қызметкерден тұрады. Кеңес пен мәжіліс арасындағы дауларды шешеді.

Мәдени революция бойынша  жоғарғы Кеңес – мәдениет және білім беру саласында бір мезетте  заң шығарушы және атқарушы орган  болып табылады. Оның өкілеттігі парламент пен министрлер кеңснің өкілеттігіне сәйкес келеді. Бұл Кеңестің нормативтік актілері оларды қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді және қосымша бекітуді қажет етпейді. Оның құрамына елдің жоғарғы басшылығы, мәдениет және жоғарғы білім беру министрі, ағарту министрі, денсаулық сақтау министрі, мәдениет бойынша сарапшылар енеді. 

Заң шығару билігі. Бір палаталық заң шығару органы – Меджлис немесе Ұлттық Кеңес Жиналысының 270 депудаты төрт жылдық мерзімге сайланады. Мойындалған ұлттық-діни азшылықтардың өз өкілдіктері бар. Меджлис бүкіл заң шығару жұмысымен айналысады және үштен екі дауыс жиналған жағдайда президентке импичмент жариялай алады. Парламент сонымен қатар зайырлық заңдарға талқылау жасауға құзырлы. Барлық халықаралық келісімдер, міндеткерліктер, конвенциялар меджлиспен ратификациялануы тиісті. Министрлер кабинеті өз міндеттерін атқаруға кіріспестен бұрын парламенттің сенім вотумын алуы керек. Қажет болған жағдайда депудаттар бүкіл кабинетті немесе жекелеген министрді қайтару құқығы бар. Меджлисті тарату құқығы тек Рахбардың қолында. Қазіргі кезеңде парламент Ислам кеңесінің жиналысы деп аталады.

Атқарушы билік. Атқарушы билікті төрт жылға сайланатын президент  басқарады. Ол тек ирандық болуы  керек. Бұл лауазым 1989 жылға дейін айтарлықтай үлкен билікке иемденген жоқ, өйткені оның қызметі басқа мемлекеттік органдар тарапынан жан-жақты қысылып отырды. Тек 1989 жылғы шілдедегі ұлттық референдумнан кейін президент өкілеттігі өсті. Қазір президент министрлер кабинетін жасақтайды, оның қызметі үшін меджлис пен Рахбар алдында жауап береді, Бақылаушы кеңестің мүшелерін және вице-президенттерді тағайындап, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Жоғарғы теократиялық билік бар кезеңде президентті сайлау артық болып көрінеді.  Президент шын мәнінде мемлекет басшысы болып табылады ма? Бір жағынан оның лауазымының аты («раис-е Джомхури-е Эслами-е Иран» – «Иран Ислам Республикасының басшысы») және құқықтары бұл сөздерді дәлелдейді, екінші жағынан, президент конституция бойынша Рахбардан кейінгі екінші дәрежеге қойылады. Рахбар президент сайлауын бекітеді және меджлис немесе Жоғарғы соттың нұсқаулары бойынша президентті қызметінен алып тастай алады. Және мұның себебі тек оның қызметін асыра пайдалану емес, сонымен қатар «өз міндеттерін атқарудағы құзіретсіздігі» де бола алады.   

Ұлттық қауіпсіздік  кеңесі 1989 жылдан бастап үкіметтік  егеменділік пен қауіпсіздікті  сақтауға байланысты әрекеттерін бақылайды.

Сот билігі Жоғарғы соттан, Жоғарғы сот кеңесінен және төменгі соттардан тұрады. Бас судья мен бас прокурор шеит-құқықтанушы болуы тиісті. Конституция бойынша соттар мен прокурорларға дін өкілдері болу талабы қойылмаған, бірақ 167 баптың мағынасына сәйкес соттардың шариат сотының өкілеттіліктері болуы тиісті. Сөз, жиналыс бостандықтары сияқты жеке құқықтар шариат мазмұны шеңберінде беріледі. Конституцияға сәйкес ислам соттарының барлығы өз шешімдерін Шариатқа негіздеуі керек. 1987 жылы діндарлар арасындағы тартыстарды шешу мақсатында дін өкілдеріне арналған Арнайы сот құрылды.

Арнайы сот кеңесі 1979 жылдан 1989 жылға дейін өмір сүрді. Оның құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, бас прокурор және үш муджтехид енді. 10 жыл аралығында бұл орган әділет органдарының жаңа құрылымын жасап, соттық заң жобаларын жасауға байланысты үлкен жұмыс атқарды. 1982 жылы ислам принциптеріне сәйкес емес барлық заңдар қолданыстан алынып тасталды. Соттарға ислам мәтіндеріне сүйену тапсырылды, ал күмәнданған кездерде Бақылау кеңесі немесе аятолла Хомейнидің штаб-пәтеріне жүгіну тапсырылды. 1983 жылы Меджлис қылмыстық кодексті  қайта қарастырып, қанға-қан жүйесін енгізді. Дене мүшелері шабу және дүрелеу жазаларын енді жәбір көрген жақтың жанұя мүшесі немесе мемлекет өкілі жүзеге асыра алды.  Аппеляцияға тиым салынып толық тәркелеу енгізілді. 1989 жылдан бастап, Жоғарғы сот кеңесінің өкілеттігі Рахбар 5 жылға тағайындаған Сот билігінің төрағасы атқара алды. Төраға Жоғарғы Сот Төрағасын тағайындап, Бса прокурорды анықтап, президентке әділет министрінің кандидатурасын ұсынды.  

Конституция бойынша  қазіргі кезеңде елдің жоғарғы  әкімшілік-аумақтық бөлінісі остандарлар (генерал-губернаторлар) басқаратын 23 останнан (губернаторлықтан) тұрады. Екінші басқару деңгейін шахрестандар құрайды. 472 шахрестандарды фармандарлар (губернаторлар) басқарады. Басқарудың үшінші деңгейі – бахша – аудандар. Ауылдық аудандар дехистандарға бөлінеді. Генерал-губернатор мен губернаторларды ішкі істер министрі тағайындайды. Әр деңгейде өкілетті билік органының рөлін атқаратын кеңестер боады, ал Облыстардың Жоғарғы Кеңесі провинциялық кеңестердің өкілдерінен құралады. Ішкі істер министрлігі сонымен қатар қала басшыларын да тағайындайды.

Конституцияға сәйкес ең кемінде төрт жылда бір өткізіліп, Бақылау Кеңесімен бақылануы  тиісті. Сайлау құқығы 16 жасқа толған барлық азаматтарға берілген. Елдегі барлық маңызды мәселелер референдумда шешіледі.

Жаңа конституцияның әлеуметтік-экономикалық маңызына келетін  болсақ, жеке меншікті қорғау принциптері  жарияланды. Осылайша конституция ислам қайраткерлері мен буржуазия арасындағы келесі бір келісім болды. Бұл келісім енді билікті бөлуге емес, ықпал ету салаларын бөлуге байланысты болды. Діндарлар өздерінің саяси, идеологиялық, әлеуметтік саладағы үстемдігін бекітсе, буржуазия экономика саласындағы үстемдігін сақтап қалды.  

1979 жылдың 2-3 желтоқсанда конституция жобасы референдумда мақұлданғаннан кейін, ислам басшылығы бірден конституциялық билік органдарын қалыптастыра бастады. Осы кезеңнен бастап «Велайат-е факих» теориясы жүзеге аса бастады. Желтоқсан айында президент сайлауына байланысты науқан жарияланды, араларында «велайат-е факих» принципінің қарсыластары көп болама деп қорыққан Хомейни, бұл сайлауда дін өкілдерін өз тұлғаларын үміткерлікке ұсынбауды сұрады. 1980 жылдың 25 қаңтарында өткен президент сайлауының нәтижесінде, Хомейнидің жақын маңынан шыққан, «тоухидтік экономика» теориясының авторы, министрлер кабинетінде экономика министрі болған,  Абольхасан Банисадр Иранның бірінші президенті болып жарияланды. Оның жеңіске жетуіне біріншіден, Хомейнидің қолдауы әсерін тигізсе, екіншіден, оның бағдарламасында экономикалық проблемаларды шешуге үлкен мән берілуі әсерін тигізді. «Таухидтік экономика» теориясының көпшілік ұсақ буржуазиялық топқа ұнағандығы, оның президент болып сайлануына үлкен көмегін тигізді [3, 228 б.].  

Бұл теорияның қысқаша түрдегі негізгі мәні мынадай: егер әрбір адам өзінің экономикалық әрекеттерінде саналы түрде ислам қағидаларына басшылыққа алатын болса қысымсыз, қанаусыз «құдайлық гармониялы қоғам» құрылады. Банисадр концепсиясының негізгі бөлігі биліктің бір адамның, топтың, партияның, мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының қолында шоғырлануын сынауға арналды. Оның ойынша дүниедегі барлық қиыншылықтар біреулердің өз экономикалық үстемдігіне сүйеніп басшылық жүргізіп, басқалары оларға бағынуынан туындайды. Ислам қоғамында шешім қабылдау орталықтары әкімшілік бірліктердің қауымдары болуға тиіс, ал жалпы мемлекеттік істер ислам принциптері негізінде бүкіл халық болып шешілуі тиісті. Банисадр концепсиясы негізінен алғанда ислам рухына толы болғанымен, онда діндарлардың саяси билігіне орын болмады, өйткені қоғамның әрбір мүшесіөз еркімен ислам заңдарына сәйкес әрекет етуге тиісті болды. Банисадр имаматтың үкіметке айналмауына ерекше көңіл бөлді, әйтпеген жағдайда, билік бір топтың қолында шоғырланып, қазіргі қоғамның барлық жамандығы қайта шығар еді [11, 4 б.].    

Парламент сайлауы екі  сатыда өтіп, нәтижесінде сайланған 247 депудаттың 110 ИРП-ң өкілдері болды. Жалпы алғанда ИРП-на кірмеген депудаттарды қосып есептегенде Бехешти жақтастары 60%, Банисадр жақтастары небары 20% болды [3, 229 б.].

Осылайша, заң шығарушы билік органы мен атқарушы билік органының басшысы бір-біріне қарсы келіп, бұл жағдай үкімет құрамын жасақтау барысын қиындатып жіберді. Банисадр премьерлікке ұсынған адамдарды парламент қабылдамай, тек тамыз айында Хомейнидің бірнеше үндеулерінен кейін ғана, парламент позициясы жеңіп, Банисдр ИРП-ң жетекшілерінің бірі М.Раджаидің тұлғасына келісуге мәжбүр болды. Алайда Раджаи ұсынған үкімет құрамын президент толығымен қабылдамай тастады. Тағы да Хомейни караласуға мәжбүр болып, ұзақ уақытқа созылған келіссөздерден кейін 14 министрдің орындары бекітілді. Сыртқы істер министрі, сауда, экономика және қаржы министрлері сияқты маңызды қызмет орындарына байланысты екі жақ та бір шешімге келе алмай, бұл орындар бос болып қалды.

Банисадр мен Бехештидің алауыздығының негізінде кәдуілгі фракциялық билік үшін талас жаты. Банисадр Бехешти тобының қолындағы қуыршақ болғысы келмесе, Бехешти тобы зайырлық президенттің дербестігін көтере алмады. Екеуі де ұсақбуржуазиялық көзқарасты ұстанып, иран қоғамын исламдандыруды ойлады. Олардың арасындағы бір айырмашылық, Банисадр өз жағына экономикалық белсенді ұсақ буржуазия қабатын тарта отырып, олардың ақылына салмақ салса, Бехешти бұқараның діни сенімдеріне сүйеніп, дін мәселесі адамдардың күнделікті қажеттіліктерінен жоғары тұратындығын уағыздады. Банисадр өзінің бір сөздерінде былай деді: «Біз төңкерісті экономика үшін жасаған жоқпыз деп айтады… Сонда біз бұл төңкерісті халқымызды аштық пен кедейшілікте ұстау үшін жасадық па? Менің ойымша, біз бұл революцияны экономиканы жақсартып, адамдарға нан мен баспана беру үшін жасадық. Біздің пайғамбарымыз Мұхаммед асқазаның бос болса, сенімді сақтап қалу қиын деп айтқан». Ол Бехешти төңірегіне топтасқан исламдық қайраткерлерді волюнтаризм мен надандықтары үшін айыптап, елдегі экономикалық берекетсіздік пен бағалардың өскендігін солардан көрді. Бехешти болса діни қайраткерлердің «кәсіпқойлар» алдында бәр салада артықшылықтары бар екендігін айтып, мемлекеттік қызметке мамандарды таңдауда оның кәсіби біліктілігіне емес, бірінші кезекте оның жан тазалығына көңіл аударуға шақырды. Оның айтуынша, «адамдар өздерінің сәт сайын туындайтын сұраныстарының құлы болмауы керек».

Жоғарғылардың билікке  таласуы халық арасында Бехешти  мен Бнаисадр арасындағы жақтастаға жіктелуді күшейтті. Банисадрды экономикалық өмірдің жандануын жақтаған базар саудагерлерінің көпшілігі жақтады. Банисандр жағына, сонымен қатар, биліктің діндарлар қолында шоғырлануына қарсы болған Иран халқының моджахедтер Ұйымы қосылды. Бехешти жағында негізінен люмпендік бұқара мен «Хезб-е Аллах» болды. 1980 жылдың желтоқсанында, 1981 жылдың наурызында және маусымында қарсылас топтардың жақтастары арасында кескілескен қақтығыстар жүріп, көптеген құрбандар болды.

Хомейнидің екі жақты  табыстыру талпыныстары сәтсіз аяқталды. Ақырында ол Бехешти тобының жағына шығып, 1981 жылдың 11 маусымында Банисандрды қарулы күштердің бас қолбасшысы қызметінен босатты. Жоғарғы сот оның «құзырсыздығы» туралы іс қозғап, 21 маусымдағы дауысқа салу нәтижесінде Банисадр президенттік лауазымнан тайдырылды. Банисдр, моджахедтер ұйымын басқарғаны үшін айыпты деп танылған, оппозиция жетекшісі Масуд Раджавимен бірге Францияға қашуға мәжбүр болды. Онымен бірге ол Хомейнидің режимін құлату Қарсылықтың Ұлттық Кеңесін құрды. 

Бадисадрды  ығыстырғаннан кейін Бехешти тобы оның жақтастарына қарсы репрессияларды бастады. Өз кезегінде моджахедтер ислам қайраткерлеріне қарсы кескілескен күрес бастады. 1981 жылдың 24 маусымда жарылыс нәтижесінде Бехешти және оның 73 жақтастары мерт болды. 24 шілдеде елдің жаңа президенті болып, бұрынғы премьер-министр Раджаи сайланды, ал премьер-министр болып Бехешти өлімінен кейін, ИРП басына келген М. Бахонар тағайындалды. Бірақ екі басшы да 1981 жылдың 30 тамызы күні тағы бір жарылыс нәтижесінде қайтыс болды. 1981 жылдың қыркүйек айында елдің жаңа президенті болып діндарлар өкілі Али Хосейни-Хаменей сайланды, премьер-министр қызметі   аятолла Махдави-Кяниге тапсырылды. 1985 жылы Хаменей екінші реет президент болып сайланды.

Осылайша, саяси күрес  әдістері арқылы және ашық күш қолдану көмегімен діни қайраткерлер елде исламдық басқару үлгісін енгізді. Мемлекеттік аппараттағы барлық басшылық лауазымдар және парламент толығымен діни қайраткерлердің қолына өтті.

                                          қорытынды

 

Иран Ислам Республикасының құрылуы бірнеше жағдайларға байланысты ерекше құбылыс болып табылады. Ислам революциясы батыстық бағытта айтарлықтай сенімді жылжып келе жатқан мемлекетте жүзеге асты. Мохаммед Реза шах өзінің «ақ революциясын» бастаған уақытта алдына осы мақсаттарды қойған еді. Алғашында осы мақсатқа жететіндей болып көрінген Иран мемлекеті, ХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасынан бастап қатаң әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарысты бастан кеше бастады. Оның себебі, елдегі әлеуметтік-экономикалық реформалар біркелкі жүргізілмеді. Аграрлық реформалар, сипаты жағынан прогрессивті болғанымен де, көп жағдайда шаруалар көңілінен шықпады. Бірінші кезекте бұл олардың дәстүрлі психологиясымен байланысты болды деп айтуға болады. Ауыл халқы іс жүзінде үкімет ұсынған реформалардың соңынан ілесе алмады, қоғамдағы жылдам өзгерістер олардың үйреншікті өмір ырғағын бұзып, адастырып тастады. Осындай шаруалардың көпшілігі жерінен, жұмысынан айырылып, мыңдап қалаларға көшуге мәжбүр болды. Бұл жерде олар жұмыссыздардың санын толықтырып, елдегі әлеуметтік жағдайдың ушығуына әсерін тигізді. Өнеркәсіп саласындағы реформалар да аса сәтті болмады. 70-жылдары елге ағылған орасан зор байлық бірінші кезекте ірі өнеркәсіп орындарын қаржыландыруға бағытталып, ұсақ және орта буржуазия өкілдері өкімет қолдауынан қағылды. Елде билік пен байлықтың негізгі бөлігін қолында шоғырландырған адамдар тобы қалыптасып, олар жүргізген саясаттың нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылық көбейді. Қоғамда оппозициялық көңіл-күй өсті. Сол кезеңдегі Иран қоғамында шеиттік діндарлар Иран қоғамының басым көпшілігін соңынан ерте алатын бірден-бір күш болды. Дін өкілдері өздерінің халық арасындағы дәстүрлі беделіне сүйене отырып, бұқараға неғұрлым жақын бірлестіктерін пайдаланып, олардың арасында қарапайым, түсінікті тілде өздерінің ұрандарын тарата бастады. Егер төменгі деңгейдегі дін өкілдерінің халыққа деген жанашырлығы шындығында да байқалса, ірі дін қайраткерлері қалыптасқан жағдайды өздерінің саяси мақсаттарында пайдаланды. Егер елде «ақ революция» жеңіске жеткен болса, онда дін өкілдерінің қоғамдағы беделі мен билігін сақтап қалатын әлеуметтік негіз жойылатын еді. Сондықтан, дін өкілдері қарапайым халықпен , бірінші кезекте шаруалармен бірігіп, шамалары келгенше шах билігіне қарсыласты.

Информация о работе 1978-1979 Ирандағы Ислам ревалюциясы