Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция

Описание работы

1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.

Файлы: 1 файл

Тарихтан лекция модул бойынша.docx

— 453.34 Кб (Скачать файл)

Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17. Лекция.

Түркі замандағы Қазақстан мәдениеті.                                          Модуль Б

1. Материалдық мәдениет.

2. Рухани мәдениет.

3. Діни наным-сенімдері.

    1. Жазба деректер мен археологиялық материалдар VI-XII ғ.ғ. Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалар мен халықтардың экономикалық және мәдени өмірінің жоғары  дәрежеде болғандығын көрсетеді. Қазақстан аумағын мекендеген көшпелілер мен отырықшы халықтың қарым-қатынасы тарих ғылымында екі түрлі пікір тудырады. Олардың біріншісі: Көшпелілерді отырықшы аудандарға шапқыншылық жорықтар жасап, отырықшы мәдениетті қиратушылар есебінде бағаласа, ал екіншілері: Көшпелілер мен отырықшы халықты өзара тығыз экономикалық , мәдени қарым- қатынаста болды деген пікірді жақтайтындар. Қазіргі таңда көптеген ғалымдар пікірі осы екінші пікір мен сәйкес келеді. Себебі Жетісу өңірі, Шу, Талас, Сырдария

бойы көшпелелілер мен отырықшыларды байланыстырған аудан болды.

Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның отырықшы халқының мал өнімдеріне деген сұранысының артуы ауыл шаруашылығының дамуына себеп болды. VIII-X ғ.ғ Ұлы жібек жолында жатқан қалалар Аспара, Суяб, Құлан, Тараз, Отырар, Испиджаб қалалары тезірек дамыды. IX-XII ғ.ғ қала халқы өсіп, ірі қалалардың саны 10 мыңнан асты. Қала аумағының кеңеюі мен қала халқының өсуі қала архитектурасымен құрылысының дамуына ықпал жасады. Сөйтіп түрлі кесенелер, мешіттер, моншалар, ғимараттар және бейнелеу мен мүсін жасау дамыды. Түрлі ұлттар мен халықтардың материалдық мәдениеті тұрғын үйлер мен оның жиғаздарымен ерекшеленді. Мал баққан халықтар шаруашылық қажетіне қарай тұрғын үйлерін өзгертіп отырған. Жазда киіз үйде, қыста шымнан, қамыстан, ағаштан салынған үйлерде тұрды. Киіз үйдің екі түрі болды: олардың біріншісі кәдімгі киіз үй, ал екіншісі арба үстіне орнатылған киіз үй болды. Оны «Күйме» деп атады. Көлік ретінде атты, түйені, өгізді пайдаланды. Сөзімізді қорытындылай келе VI-XII ғ.ғ Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен халықтардың материалдық мәдениеті тек көшпелі тұрмысты ғана бейнелеп қоймай, оны отырықшы халықтар мәдениетімен қарым-қатынасын және дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесінде анықтайды.

       2. Рухани мәдениеті . Түркі дәуірінде (VI–XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру –тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ–қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т.б ру–тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған . Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру–тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен–кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған.

Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.

Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан

жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді. Түркі жазуында бір–бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі. Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет– ғұрып, салт–сана, діни–наным, сенім, мақал–мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік–тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді. Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл– Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл–Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.

         3. Діни наным-сенімдері. VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата–бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным–отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет–ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған–туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет–ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным–сенімнен табиғаттың төрт кезеңіне толық табынуды байқатады. Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:

- Көкке түркі тәңірісі,

- Тәңірі қуат берген  соң,

- Тәңірі жарылқағандықтан.

Мұндай әдет, наным–сенімдер қазақтарда бүгінгі күнге дейін орын алып жүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған. Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сөйтіп Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Түрік тайпаларының  ежелгі мемлекеті қалай аталды? Оның негізін салған кім?

2. Қарлұқ мемлекеті қай  жылдары өмір сүрді?

3. Оғыз мемлекетінің астанасы  қай қала?

4. Қарахан әулетінің негізгі  қалаған кім?

5. Қарақытайлар мемлекеті  қай жерде орналасты?

6. Наймандар мен керейіттер  қай территорияны алып жатты?

7. «Ұлы Жібек жолы»  қашан пайда болып, жұмыс істей  бастады?

8. Диуани Хикмет («Даналық»  кітабі ) авторы кім?

9. Махмұд Қашғари қай  жылдары өмір сүріп , қандай еңбек  жазды?

10. Қазақстан территориясында VI–XII ғғ. Қалалар қай жерде пайда  болды?

11. Орта ғасырлық Қазақстанда  өмір сүрген халықтардың діни–нанымдарын  атаңдар?

12. Көне түркі жазуы  қалай аталынды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18. Лекция.  Ұлы жібек жолы                                                

1. Жібек жолының пайда болуы.

 2. Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде.

 2. Ұлы жібек жолының бағыттары мен тармақтары          

Жібек жолының пайда болуы.

Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады.Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.

1.  Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде. Жүздесу мен тілдесу және алыс беріс байланыстары Б.з.д. III-II мыңжылдықтарда басталған. Б.з.д. I-жылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі Алтайға дала жолы жұмыс істей бастады. Осынау жолмен жібек, терілер, Иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар тасымалданып отырды.  Сөйтіп б.з.д. II-ғ орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде жұмыс істей бастады.Ұлы жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, ұлы қытай қорғанының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтіп Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо аймақтары арқылы Іле алқабына жететін. Ортадағы жол  Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотан, Яркентті басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін бұл «Оңтүстік жолы» деп аталады. Ал, солтүстік жолы Қашқардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға кетеді

Қазақстандағы Жібек жолы.

Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария,

Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.

Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.

Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.

Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).

 

 

Жібек жолындағы тауарлар.

Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.

Жібек жолының маңызы.

Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19. Лекция.

 VI - XІІІ ғасыр бас кезіндегі қалалар және қала мәдениеті.

1. VІ- ХІІІ ғасырдағы ірі қалалар

2. Қалалар мен мекендердің мәдениеті

3. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.

  1. Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
  2. Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
  3. Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.

VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған.

Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған.

Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар)

     Қазақстанның ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір тіршілігі дамыған. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды. Оңтүстік Қазақстан яғни Сырдария солтүстігінде- Орталық Қазақстан даласымен, оңтүстігінде-Талас Алатауымен, Шығысында- Жуалы қыраттарымен, Батысында-Қызылқұм шөлімен шектеседі. Оңтүстік Қазақстан жерінде Сырдария алқабы айрықша орын алады. Ғылымда тарихтың ең бір күрделі мәселесіне - отырықшы және көшпелі тайпалар мен халықтар, дала мен қала  проблемасына зор көңіл бөледі. Бірқатар зерттеушілер Жетісу жерінде егіншілік мәдениеті соғдылардың отарлауы арқасында пайда болды деп есептейді.

Осы тұста Соғды мәдени кешенімен бір мезгілде Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіне, Мауеренахырға түрік мәдени кешені тарала бастады. Осының нәтижесінде VI-IX ғ бірінші жартысында Жетісу мен Орта азияда өзгеше бір мәдени кешен құрылып қалыптасады, оны «Түрік-Соғды» кешені деп атауға болады.            Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғ.ғ 25 қалажұрты белгіленді, оларды «Қалалар қалдығы» деп атауға болады. Оларға: Испиджаб, Отырар, Тараз, Құлан, Мерке т.б. Бұл кезде тұрғын үйлер екі типте салынды. Оның біріншісіне бір бөлмелі жер бетіне салынған тіктөртбұрышты үй жатады. Үйдің екінші типіне екі бөлмелі үй жатады, оның біреуі тұруға, ал екіншісі шағын қойма үшін пайдаланылады. Қалалардың қамалдарында билеушілердің сарайлары болған, ол сарайлар іші әшекей өрнектермен, оюлы ағаш, бедерлі қышпен т.б бедерленген. Қалалар сауда саттық пен қол өнер бұйымдарын жасайтын орталық болған. Мұнда халықаралық саудамен бірге жергілікті облыстық сауда, көшпелілермен алыс-беріс кеңінен дамыды. Бұл уақытта әртүрлі діндер уағыздалып таратылды.

Информация о работе Ежелгі дәуірдегі Қазақстан