Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.
Батыс Түрік қағанаты (603–704 жж.)
Батыс Түрік қағанаты. Аумағы Алтайдан Тянь-Шаньға дейін, Шығыс Түркістаннан Каспийге дейін созылады. Астанасы – Суяб қаласы. Қағанат құрамындағы тайпалар: қаңлы, үйсін, дулат, түркеш, қыпшақ, қарлұқ т. б.
Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, суармалы егіншілікпен айналысты. «Ұлы Жібек жолының» Батыс Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.
Басқару жүйесі. Мемлекетті қаған басқарды. Қағанның әулеті жоғары тұрды. Олар янғу, шад, тегін сияқты жоғары лауазымдарға ие болды. Билік мұрагерлікпен беріліп отырды. Қағанат он тайпаға бөлінеді. Ол «он оқ» деп аталады.
Мәдениеті. Халық түрік тілінде сөйлейді. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегіннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғары дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған.
Қағанаттың ыдырауы. Батыс Түрік қағанаты 704 жылы құлады.
Басты себептері: феодалдардың ішкі талас-тартысы және Батыс түрік қағанатының Таң патшалығымен соғысы. Қағанат территориясы жаңадан құрылған Түркеш қағанатының құрамына кірді.
Тарихи деректер. Батыс түрік қағанаты жайында көптеген мәліметтер бар. Солардың ішінде Жуңғо кезеңінің деректері ең қомақты деректер болып табылады. 630 жылы будда ғалымы Шуан Заң қағанат астанасы Суяб және тағы басқа қалалар жайында естеліктер қалдырған. Моңғолия жеріндегі Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін құлпытастары Батыс түрік қағанаты туралы заттай деректер болып табылады.
9. Лекция
Түргеш қағаныты
1. Түргеш қағанатының саяси құрлымы
2. Түргеш қағанатаның ыдырауы
Түргеш қағанаты (704–756 жж.)
Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанаты 704–756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706–711 жылдар. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. 712–713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Испиджабқа шабуыл ұйымдастырды.Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715–738 жж.) тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферған қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары” және "қара” түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан (Қытай) империясы ұтымды пайдаланды. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті 756 жылы құлады.Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оның көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Мұндай ұзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп
10-11. Лекция.
Қарлұқ және Оғыз
мемлекеті.
1. Қарлұқ мемлекеті.
2. Оғыз мемлекеті.
1. Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.ж.) өмір сүрді. Олардың алғашқы мекені Батыс Алтай мен Тарбағатай аралығындағы жерлер болатын. Қарлұқтар туралы «бұлақ» деген атпен мәлім болған алғашқы деректер 5- ғасырға жатады. 7- ғасыр орта кезінде Қарлұқ бірлестігінің құрамына үш тайпа: Бұлақ, Шігіл, Талшын кірген. 8- ғасыр орта кезінен бастап, Қарлұқтар мен Оғыздар арасында Түргештер мұрасы үшін тартыс болады. Осының нәтижесінде Оғыздардың негізгі бөлігі Жетісу жерінен өтіп, Сырдария өңіріне кетеді. 766 жылы Түргеш қағанатының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу жері Қарлұқтардың қолына көшеді. 766-775 жылы Қарлұқтардың бір тобы Қашқарияны жаулап алады, ал 8-ғасыр аяғында олардың бір бөлігі Ферғанаға ықпалын жүргізе бастайды. 8-9 ғасырларда Қарлұқтар Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі территорияны қоныстанады. Сөйтіп Балқаш пен Ыстықкөл арасында Іле, Шу, Талас өзендері бойында Тянь-Шань тауынан Отырарға дейінгі аралықта мекендеді.Қарлұқ мемлекетінде 25-қала мен қыстақтар болды. Елдің астанасы «Қойлық» қаласы болды. Оның ішінде: Тараз, Құлан, Мерке, Баласағұн, Аталық, Талғар т.б. қалалары болды. Қарлұқтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Негізінен: жылқы, қой, сиыр, түйе өсірді. Қарлұқтарда сонымен қатар егіншілікте болды. Қарлұқтар көптеген Ұлы Жібек Жолының бойында тұрған елшілік және сауда жолы ғана емес, сол сияқты мәдени және рухани байланыстар ретінде де ерекше орын алды. Дегенмен Қарлұқ қағанаты өз қолына баянды экономикалық байланыс жүйесін қондыра алмады. Ішкі қырқыс, билікті иемдену жолындағы талас тартыс Қағандықтың жағдайын төмендетіп жіберді. Осы сәтті пайдаланып Қашқарлықтар 940 жылы Баласағұнды басып алады да Қарлұқтар мемлекетін құлатады.
2. Оғыз мемлекеті. Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында Сырдарияның орта және төменгі бойында, Арал маңында және батыс Қазақстан далаларында 9-10 ғ.ғ. Оғыздардың мемлекеттік бірлестігі өмір сүрлді. «Оғыз» этнонимі жөнінде ғалымдар арасында орнықты пікір жоқ. Бірақ кейбір деректерге сүйене отырып, Оғыздардың түркі тілдес тайпалардың бірі екендігін аңғаруымызға болады. 9-шы ғасыр бас кезінде Оғыздар Қарлұқ және Қимақтар мен одақтасып Қанғар- Печенегтер бірлестіктерін күйретеді, сөйтіп Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірін басып алады. 9-ғасыр аяғында Хазарлармен одақтасып, Печенегтерді жеңеді де Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Оғыздардың этникалық қауымластығының құрылуы ұзақ және күрделі процес болды.Оғыздардың алғашқы тобы Жетісуда құрылды, алайда батысқа қарай жүру барысында оңтүстік және батыс Қазақстан халықтарының есебінен біраз толығады. 9-ғасыр аяғы мен 11-ғасыр басында Оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысы мен Еділдің төменгі бойына дейінгі кең территорияны мекендеді.Оғыздардың қоныстары: Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл, өзендерінің бойында Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін созылып жатты. Сонымен қатар Сырдарияның орта ағысы мен төменгі ағысы бойында, Арал теңізі мен Каспидің шығысында шоғырланды. Оғыздар туралы негізгі деректер 9-10 ғасырларда Араб тіліндегі тарихи- географиялық шығармаларда кездеседі. Орта Азия мен Шығыс Европпаға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан Янгикент қаласы 10-ғасырда Оғыздардың астанасы болды. Оғыздардың мемлекеттік билеушісін «Жабғу» деп атаған. Олардың басты шаруашылығы мал шаруашылығы болды. Соны мен қатар егіншілік пен қол өнерде дамыды. 10-11 ғ Оғыз мемлекті елеулі дағдарысқа ұшырайды, алым-салықтың көбеюі, Оғыздардың көтерілісіне алып келеді. Сөйтіп, Салжықтардың жүргізген ұзақ жылғы соғыстары мен Қыпшақтардың шабуылынан Оғыз мемлекеті біржолата құлайды. Оғыздардың тұтас бөлігі Шығыс Европа мен кіші Азиядан асып кетеді, қалғаны Дешті–Қыпшақтардың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетеді.
12. Лекция.
Қимақ және Қыпшақ хандығы.
1. Қимақ мемлекеті.
2. Қыпшақ хандығы.
3. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы.
Қимақ мемлекеті. (9-11ғ.ғ.) 8- ғ. Екінші жартысы мен 9 ғ. бас кезінде Қимақ тайпалары үш бағытқа: Солтүстік батысқа-Оңтүстік Орал жағына, Оңтүстік батысқа–Сырдария бойы мен Оңтүстік Қазақстанға және Оңтүстікте Жетісудың солтүстік батыс жағына қарай қозғалды. 766-840 ж қимақтар Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл жерінен Шығыс Түркістанды мекендеген тоғыз оғыздардың теріскей бетіне дейін жетті. 840 ж Орталық Монғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырап кеткеннен кейін, оған енген тайпалардың бір бөлігі қимақтарға келіп қосылды. Сол кезден бастап еймур, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тайпаларынан тұратын «Қимақ Федерациясы» құрылды. Қимақтарда жазу болғандығы туралы Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.) «оларда қамыс өседі, сол қамысты жазуа пайдаланады» деген сөзі дәлел болады. Олар көне көне түркі жазуы мен жазған. Бұны Ертіс өңірі мен Тарбағатай тауынан табылған көне түркі жазуы дәлелдейді. Қимақтарда тәңірге және ата-бабалар рухына табыну болған. Кейбір ақсүйектер арасында ислам діні кең тараған. Қимақтар мен қыпшақтар өзара туыстас түрік тілінде сөйледі. Қазақстанның кең байтақ даласын мекендеген Қимақтардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі тұрмысқа негізделген малшаруашылығымен қатар егіншілікте дамыды. Қимақтардың қолөнер кәсібіде жақсы дамыды. Темірден, қоладан, алтыннан, күмістен қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасады. Қорыта келе 10 ғ аяғы 11-ғ. бас кезінде Қыпшақ тайпаларының соққысынан Қимақ қағанаты күйреп, оның орнына Қыпшақ мемлекеті пайда болады. Оның күйреуінің екі себебі бар:
1. Орталықтан бөлінуге тырысқан Қыпшақтар әсері.
2. Ішкі талас-тартыстың күшеюуі, Орта Азия көшпелі тайпаларының көптеп енуі.
2. Қыпшақ хандығы (XI ғ басы) Қымшақтар-қазақ халқының және бірқатар түркі халықтарының негізін құраған тайпалардың бірі. «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. XI-ған екінші ширегінде Қыпшақ тайпалары Сырдария бойынан және Арал, Каспий өңірінен Оғыз тайпаларын ығыстырады. Осы кезден бастап бұл аймақта Оғыз даласының орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болады. XI ғасыр орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.
Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі. Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты. Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан
батыстағы Еділ өзеніне
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан
бастап қыпшақтардың этникалық
құрамына енген негізгі
саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяқ кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.
3. Қыпшақтардың қоғамдық құрылымы. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі-мал мен жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған.