Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.
25. Лекция. Моғолстан мемлекеті (XIVғ. ортасы-XVI ғ. басы)
1. Моғолстан мемлекетінің шығу тарихы
2. Моғолстаның гүлденген шағы
3. Моғолстанның күйреуі
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке – шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мәуеренахрдың батыс бөлігінде 50–60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. «Моғолстан» тарихи-жағрафиялық термині «моңғол» атауынан шыққан. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі – Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына көнетін әрі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.
Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекет шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Моғолстан мемлекетінің орталығы – Алмалық қаласы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар, керейлер, арғындар, баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болды. Бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет, тағар, баж, карадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Мемлекетті басқару ісінде ханға Ұлысбек көмектесті. Ол дулат тайпасы әмірлерінен тағайындалған.Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. 1362 жылы Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша – ақсақ) Ақсақ Темір атанды.
Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. «Батпақты шайқасында» Әмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғаш жорығы 1371 жылы басталды. 1372 жылы Әмір Темірдің өзі Моғолстанға қайта жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Сегізағашқа дейін барып, сансыз тұтқын, сан жетпейтін олжа түсіріп оралады. Осыдан кейін Әмір Темірдің сол кездегі Моғолстанның ең ірі билеушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қарсы 1375–1377 жж. аралығында бірнеше жорықтары жүрді.1375 жылы Жетісу жеріндегі Шарын өзені бойында болып, Моғол әскерлері талқандалды. 1376 жылдың көктемінде Хорезмді жаулап алумен айналысып жатқан Темір Моғолстанға Камар-ад-динге қарсы 30 мың әскерімен әмір Сасы-Бұға қыпшақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін аттандырды. 1377 жылы Камар-ад-дин екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде – Шу бойымен Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында Әмір Темірден жеңіліске ұшырап, өзі қашып құтылды. Ол Моғолстанды біржолата басып алуды көздеді. Оған жету үшін 1380–1390 жж. арасында Темір балаларымен бірігіп, Моғолстан жеріне бірнеше рет жойқын жорықтар ұйымдастырды.
Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып, тек Моғолстанды ғана емес, сонымен бірге тағы басқа да көптеген елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ақ Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды. Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа ханның немересі Уәйіс оғлан қолына көшті.1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін, хандық үшін оның екі баласы Жүніс пен Есенбұғы арасында талас басталды. 1434 жылы Есенбұғы хан тағына отырды. 1462 жылы Жүніс Есенбұғы ханның қайтыс болғанын естіп, өзінің Моғолстанға хандық өкіметке заңды мирасқор екендігін жариялап, онда 1487 жылға дейін билігін жүргізді.XVI ғасырдың басында Жүніс хан ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі феодалдық қырқыс Моғолстан хандығының біржолата ыдырауына әкеліп соқты. Нәтижесінде ежелден Жетісу мен Іле өңірін мекендеген үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр және тағы басқа қазақ ру-тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына бірікті.
26. Лекция.
Қазақ халқының қалыптасуы.
1. Қазақстан аумағындағы этникалық процесс.
2. Қазақ атауының шығуы.
3. Қазақ жүздері, аумағы, тайпалық құрамы.
1. Қазақстантаумағындағы этникалық процесс. Кез келген халықтың қалыптасуы ұзақ тарихи процесс болып табылады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың этникалық негізі қола және сақ тайпалары мен тікелей байланысты. Көптеген ғалымдар Қазақтардың шығу тарихын «Сақ» тайпасымен байланыстырады. Қарлұқ, Түркеш мемлекеттері өмір сүрген дәуірде Қазақстан аумағындағы этникалық бірігу жедел жүрді. IX-XI ғ.ғ Оғыздар мемлекеті мен VIII-XIII ғ.ғ басындағы қимақ, қыпшақ мемлекетінің қазақ халқыны қалыптастырудығы ықпалы өте зор болды. Қазақ халқының қалыптасуына Шыңғыс хан шапқыншылығы себептерінен Монғолия мен Алтайдан, оңтүстік шығыс Қазақстанға қоныс аударған наймандар мен керейттер де ықпал етті. Бірақ XIII ғ. бірінші ширегіндегі монғол шапқыншылығы қазақ жеріндегі халықтың этникалық бірлесуін тежеді.
Моңғол шапқыншылығы көптеген қалалар мен елді мекендерді талқандады, экономикалық, шаруашылық, мәдени байланыстарды бұзды. Көптеген тайпалық бірлестіктер басқа аймақтарға қоныс аударды. Мысалы: Түрік, Оғыз, Қыпшақ, Қимақ тайпаларының қалған бөліктері Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының арасына сіңісіп кетті.
2. Қазақ атауының шығуы. «Қазақ» атауы қай кезде, қалай пайда болғаны туралы еліміздегі ғалымдар негізгі болжамдарды саралай келе, үш түрлі бағытты атап көрсетеді. Олар:
А) «Қазақ»
атауы 15 ғ қазақ мемлекетінің
тарихи бастамасы мен
Ә) Ежелгі Қытай деректерінде
«үйсін», «усын», «жу», деген ұлыс
аттары «қазақ» атауының
Б) «Қазақ»
атауы 7-8 ғ.ғ. «Таң патшалығының тарихында»
деген тарихи шығармадағы «
3. Қазақ жүздері, құрамы, тайпалық құрамы. Осы кезде Монғол ұлысының құрамына зорлық пен кірген халықтардың дербестікке ұмтылысы, ішкі қарама- қарсылық Алтын Орда мен Шағатай мемлекетінің ыдырауын тездетті. Сол себепті Қазақстан территориясында әлеуметтік – экономикалық жағдай қайта түзеліп, оңтүстік өңірлерде егіншілік кәсібі, қала дамуы, қолөнер өндірісі жанданып, оңтүстік шығыста отырықшылық өркендеп, мал шаруашылығы дами бастады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, Оңтүстік және Орталық Азия аймақтарында Ұлы Жібек Жолы негізінде сауда жолы жақсара бастады. Сөйтіп қоғамдық өмірде біршама ілгерілеу басталды. Қазақ халқының қалыптасу процесі үш этникалық аумақтық бірлестіктер: Ұлы жүз, Орта жүз, және Орта жүз негізінде пайда болды. Қалыптасқан үш жүздің аумағы XIV- XV ғ.ғ өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай, және Әбілқайыр хандығы мен салыстыратын болсақ, Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының аумағында Орта жүздің, Моғолстан аумағында Ұлы жүздің, Ноғай Ордасында Кіші жүздің пайда болғанын аңғаруымызға болады. Жүздердің пайда болуын кейбір тарихшылар Қазақстанның климаттық жағдайымен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандығымен байланыстырады. Ұлы жүз территориялары: Сырдарияның жоғарғы ағасынан Жетісуға дейін, Орта жүз Орталық Қазақстан мен Солтүстік шығыс Қазақстанды, және Сырдарияның орта ағысы бойын, Кіші жүз Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізі жағалауын, Батыс Қазақстан аумақтарын қамтиды. Ұлы жүз құрамындағы тайпалық топтар: Үйсіндер, Албандар, Дулаттар, Жалайырлар, Шапыраштылар, және т.б. Орта жүз құрамына: Қыпшақ, Арғын, Найман, Керей, Қоңырат, т.б. Кіші жүздің өзі үш тармаққа бөлінеді. Олар: Әлімұлы, Байұлы, Жетіру. Әлімұлына: Қарасақал, Кете, Қаракесек, шекті, Төртқара, Шөмекей т.б. Байұлына: Адай, Беріш, Байбақты, Алаша, Жаппас, Таз, Есентемір, Шеркеш, Тана т.б. Жетіруғу: Тама, Табын, Жағалбайлы, Кердері, Керейт, Төлеу, т.б. кіреді.
27. Лекция.
Қазақ хандығының құрылуы, және нығаюы.
1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Қазақ хандығының нығаюы.
1. Қазақ хандығының құрылуы. Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды.
Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды.
Қазақ хандығының құрылуы. XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.
Қазақтардың Жетісуға көшуі әдеттегідей көшу емес еді, оларға ілесіп мыңдаған малшыларда көшті. Мұның өзі халықтардың феодалдық езгіге, көбейе түскен салықтар мен міндеткерліктерге, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауыртпалығына деген қарсылығы еді. Сөйтіп Жәнібек пен Керей қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. 15 ғ екінші жартысында қазақ хандығы күшейе түсті. Моғолстан мемлекеті жыл өткен сайын әлсірей бастады. Темір ұрпақтарының да әскери қуаты біртіндеп әлсірей түсті. Қазақ хандығының құрылу барысы
15 ғ 2-ші жартысындағы Қазақстан
территориясында құлдырап, құлауға
айналған екі мемлекеттің
Моғол мемлекетінің бұл әрекеті Моғолдар мен Қазақтар арасындағы қақтығысқа әкеліп соқты. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV-XV ғ. болып өткен әлеуметтік–экономикалық және этникалық–саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.
2. Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалармен Шығыс Дешті–қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр
хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады. Қазақ хандығының саяси–экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың
Дешті–Қыпшақ даласында
2. Шығыс пен Батыс арасындағы
сауда керуен жолы үстінен
орнаған Сырдария жағасындағы
Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан)
т.б. қалалары қазақ хандығына
қарату. Бұлар осы өңірдегі саяси-
3. Қазақ тайпаларының
басын қосып, қазақтың этникалық
территолриясын біріктіру. Бұлардың
ішіндегі ең маңызды міндет–