Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция

Описание работы

1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.

Файлы: 1 файл

Тарихтан лекция модул бойынша.docx

— 453.34 Кб (Скачать файл)

     Арабтар басқыншылығы Орта Азияның өмір тіршілігіне ерекше ықпал етті. Кейбір деректерге қарасақ, Талас Алатауының баурайларында Джумишлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орналасқан Кеңжиде округі құрылады. Бұлардың бірқатары бұрында болған еді, бірақ шағын қалалар мен мекендер болды. Сөйтіп Жетісудың оңтүстік - батысындағы жаңа қалалар саны да өсе бастады. Әсіресе, Талас алқабында Жікіл, Балу, Шелжі, Кенжек қалалары еді. Шу алқабында Баласағұн бас қалаға айналды. IX-XIII ғ бас кезінде Жетісудың солтүстік батысында қала мәдениетінің жаңа ауданы құрылды. Орта ғасыр деректері Талхир, Лабан, Егіз оғыз, Қаялық қалаларын айтады. Сол сияқты қалалар Шығыс Қазақстанда да, Ертіс бойында да пайда болады. Кейбір деректер бұл қалалардың Қимақтар меншігінде болғанын жазады.

Жетісудың солтүстік шығысының XI-XII ғ.ғ қалалық тұрғын үйлері бізге Талғар қаласы қазбаларынан белгілі. Мұндағы үйлер бір типтес салынған. Олар тұрғынжай мен қора қопсылармен, ауладан тұрған. Үйдің іргесі қойтастардан қаланған.

            Қала халқы санының өсуі ауылшаруашылығының  құндылығын арттыруды талап етеді. Бұрынғыша мал өсіру, жүзім өсіру, бау бақша, егіншілік шаруашылығы  сияқты, үй маңында мал ұстау  ісіде маңызды орын алды. Қала  мәдениетін өркендетуде енді  жаңа дін- ислам маңызды рөл атқара бастады.

3.   Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді.                                                                                Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714ж. VІІ ғ. басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс берді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады. 

Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.  
Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрыптардың нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға – тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды. 
Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік ибн Маруан (685-705) тұсында ғана жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутейб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті. 
Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берген. Төртінші рет Кутейба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутейба) екі дирһам береді» деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу, т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді. 
        Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан територриясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Мәжауиндік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады. Сол себепті де олар бұл тайпаларды «һаза хақ» – «һазақ» (бұл арабша сөздің мағынасы—«бұлар дұрыс, жолы дұрыс») деп атады. Содан барып, «қазақ» деген термин қалыптасып кетті дей аламыз. 
Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады. Оларға қарсы «ғазауат» соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез-келгендерінің бастарында да бар.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20. Лекция.                                                                                      Б 3 модулі

Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.

1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы.

2. Шыңғыс хан шапқыншылығы.

     3. Батыйдың Еуропаға шабуылы.

    

     1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғысқұмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан–байтақ жерін иеленген еді. Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және «көшпелі қыр халқы» деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші рөл атқарды. ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. ХІІІ ғасырдың басында татар-монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей– Бахадүрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі-Меркет қызы, руы қоңырат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізу үшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірінің аты ) атпен белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық–саяси мәнге ие болды. 1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс хан империясы құрылды.

2. Шыңғыс хан шапқыншылығы. Моңғолдардың алғашқы жаулап алуының құрбаны болған Сібір жерлері. 1207–1208 жылдардың қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінің басқа да «орман» халықтарын бағындырды. 1207–1209 жылдары Шыңғыс хан бастаған моңғолдар танғұттық Си–Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкіл иелігінен іс жүзінде айырылды.

     1218-1219 ж Монғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын өздеріне бодан етті. Енисей Қырғыздары мен Бурядтарды жаулап алып, Таңғұттар мемлекетін құлатады.

Ұйғырлардың Турфан бекінісі Монғол бодандығын өз еркімен қабылдайды. Цин империясының біршама жерлерін басып алғаннан кейін Монғолдардың ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кафказды, шығыс Европпаны жаулап алу болды. Ертістен Арал теңізі мен Амудариядан әрі батыс жақтағы Монғол империясынан тыс жерлерді Шыңғыс хан өзінің ұлы Жошы мен оның ұрпақтарына қалдырды. Шыңғыс хан мал шаруашылығына қолайлы Жетісу аймағын басып алуды ойлады. Бұл жерді Шыңғыс хан «Жер жанаты» деп атады. Бұл кезде мұнда билік жүргізіп отырған  Найман ханы Күшілік болатын. Ол Жетісуға келіп, Қарақытайларды қуып жіберіп, өзі билік жүргізеді. Алым салықты көбейтіп, мұсылман дініне қарсы әрекет жасайды. Сол себепті Монғолдарға қарсылық көрсетпейді. 1218 ж қыркүйегінде Монғолдар 80 мыңдай әскері мен Отырар қаласын қоршауға алады. Қамал бұзатын техника, ататын машиналар мен Шыңғыс хан әскері қаланы жарты жыл бойына ала алмайды. Бесінші ай дегенде әскербасылардың бірі Қараджа Хаджиб опасыздық танытып Суфихан қақпасын ашып жібереді. Қайырхан ішкі қамалда бекініп бір ай бойы соңғы жауынгері  қалғанша соғысады. Ол тұтқынға алынып, азаппен өлтіріледі, қаланың байлықтары тоналыды. Стамбулдан кейінгі екінші үлкен кітапхана өртеледі. Монғолдарға берілгісі келмеген Сығанақ тұрғындары өз қаласын жеті күн бойы қорғайды. Қаланы алғаннан кейін, халықтарын қырып, суару жүйесін бұзып, егістіктерді таптайды. Сырдарияны мекендеген халықтардың көбі қырылады, екіншілері тұтқындалады, үшіншілері басы ауған жаққа қашады. Сөйтіп, 1221 ж Монғолдар Орта Азияны толық жаулайды. Олар ендігі соғыс бағытын

Иран, Ауғанстан мен солтүстік Үндістан өңіріне қарай бағытталады. 1218-1221ж Монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына еніп, үлкен үш ұлысқа бөлінеді. Оның көпшілігі Жошы ұлысына, Оңтүстік және орталық қазақстан Шағатай ұлысына, солтүстік шығыс бөлігі Үгедей ұлысына беріледі.

         3. Батыйдың Еуропаға жорығы. 1227 жылы 25 тамызда Тангуттарға қарсы 2-ші рет жасаған жорық кезінде ауырып Шыңғыс-хан қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін балалары мен немерелері соғыс жорықтарын жүргізе берді. 1225 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еворпаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс ханның мұрагер немересі Жошының баласы Батый басқаратын болды. Батый атасы Шыңғыс хан сияқты өте қатал және қанқұмар жаулап алушы еді. Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Кама өзені бойындағы Булгарияны жаулап, 1237–1240 жылдары орыс жеріне келді. Орыс халқы моңғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Москва, Владимир түбінде монгол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монголдарға жан аямай қарсылық көрсетті.

Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп монголдар қаланы басып алып, оны жермен жексен етті. 1239 жылғы қазан айында олар Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті моңғолдар қала ішке басып кіргеннен кейін де қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды. Онан соң, моңғол армиясы батыс Европаға үздіксіз ілгерілеп, Польшаны, Германияны, Австрианы, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, т. б. ойрандап, Еділ бойына қайта оралды. Жеті жылдық жорық (1236–1242 жж.) нәтижесінде батыста Днестрге, шығыста Ертіске, Оңтүстікте–Солтүстік Кавказға дейінгі жерлер Батыйдың қоластына кірді. Батый иеліктерінің құрамында Оңтүстік шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де (Русь) Батыйға тәуелді бодан  болды. Орыс княздары Алтын ордаға кіріптар екенін мойындап, оның хандарының қолынан « кіняздік құруға жарлық» алады. Алым–салық төлейді, бірақ толық болмаса да дербестігін сақтап қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21.Лекция.

Алтын Орда мемлекетінің тарихы, саяси құрлымы, шаруашылығы.

1. Алтын Орда.

2. Монғолдар жаулап алуының зардаптары.

       Алтын Орданың құрылуы. 1235 жылы Моңғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайды Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның баласы Батый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Украина жерлерін бағындырып, Шығыс Еуропа елдерін талқандап, Адриат теңізіне дейін жетеді. Осыдан кейін Еділ бойында Батый Алтын Орда мемлекетін құрады. Алтын Ордаға Ертістен Днестірге дейінгі жерлер кіреді. Орыс княздары Алтын Орда билігін мойындайды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болады.

Қоғамдық-саяси жағдайы. Алтын Орда әскери мемлекет болды. Ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болды. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Құрылтай мемлекеттің негізгі ұйымы болып саналды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашылардың қолында билік көп болды.

Шаруашылық пен мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтарының басты шаруашылығы болды. Алтын Орда халықтары — мұсылмандар. Алтын Орда мемлекетінің алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылады. Алтын Орда дәуірі ортағасырлық түрік әдебиетінің дамыған кезеңі болды. Бұл кезеңдегі әдеби шығармалар: 1233 жылы «Қисса Жүсіп» (Әли), 1303 жылы «Кодекс-Куманикус», 1303 жылы «Қыпшақ тілі сөздігі», 1359 жылы «Махаббатнама» (Ахмет Хорезми дастаны), 1391 жылы «Гүлстан бит-түрки» (қыпшақ ақыны Сараи), 1409 жылы «Жүсіп-Зылиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық батыр» жыры дүниеге келеді. Бұл туындыда қырық қыпшақ батырларының ерлігі туралы баяндалады.

Информация о работе Ежелгі дәуірдегі Қазақстан