Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.
Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды. Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.
Қаңлылардың діні.
Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады. Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.
6. Лекция. Сарматтардың саяси тарихы.
1. Сармат тайпасының саяси құрлымы
2. Мәдениеті
3. Тайпалардың шаруашылығы
1. Сарматтар тайпасы. Сарматтар туралы деректер өте аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б. з. б.III — б. з. -дың IV ғасыры аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген тайпалар. Олар алғашында б. з. б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б. з. б. II ғасырдан бастап Оңтүстік Оралды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумағын қоныстанған. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батысқа қарай қоныс аударған. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) – массагет, исседондармен туыстас болып келген. Сарматтар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, алаңдар, аорстар, сирактар т. б. тайпалар болған Сарматтар атауы алғаш рет антикалық деректерде б.з.д. 3-ші ғасырда пайда болды. Осы заманда Сарматтар Сақтар еліне шабуылдар жүргізген. Олар Сақтардың көпшілігін қырып-жойып, жерлерін шөлге айналдырған. Сонымен қатар Сарматтар Батыс Қазақстан маңында, Атырау территориясын мекендеген. Оған дәлел Жылой ауданының Аралтөбе деген жерінен табылған алтын киімді адам болды. Оның қасынан табылған қару–жарақтар ол адамның батыр болғандығын дәлелдейді. Сарматтар негізінен қой мен жылқы өсірген. Археологиялық ескерткіштердің едәуір бөлігі ірі-ірі су арналары бойынан, жер асты сулары шығатын жерлерде және суы тұщы өзен көлдерге жақын жерлерден табылды. Осыған байланысты сол кезде де Батыс Қазақстанның климаты аса қатал континеталды болғандығын
көруімізге болады. Сармат жауынгерлері темірден жасалған жебелерді, ұзын темір семсерлермен, найзалармен қаруланды. Бұл кезде Сарматтарда ауыр қару-жарақты атты әскерлерде болды.
Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кезеңді қамтиды.
ерте сарматтар мәдениеті (прохор)
орта сарматтар мәдениеті (суслов)
кейінгі сарматтар мәдениеті.
Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған. Б. з. II-IV ғғ. Сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші – жерлеу орындары (Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында) табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б. з. VII – V ғғ. бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар.
Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси–экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.
2. Аландар. Б.з.б. II-ғ.ғ грек-рим тарихшыларының жазбаларында кездесетін «Аорстар» (аландар) мен роксоландар солтүстік Каспий бойын мекендеген Сарматтардың бір тайпасы болып есептеледі. Сармат тайпалары одағының бірі «Роксоландар» б.з.б. II-ғ.ғ соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диофентпен болған соғыста скифтермен одақтасады. Бірақ көп ұзамай Роксоландар Митриадаттың Римге қарсы соғысында Митриадтты қолдайды. Б.з.б. 49-шы жылы Сарматтардың бір тайпасы аорстар (аландар) Римдіктерге көмектесіп, Сарматтардың екінші бір тайпасы Сирактарды талқандауға тырысады. Бұл кезде Сирактар Боспор патшалығының одақтасы болатын. Тарихи жазба деректерге қарағанда аландар егіншілікті білмеген, өте жауынгер және семсерге табынатын халық болған. Батысқа қарай жылжыған аландар қара теңіздің солтүстігіне дейін жетеді. Кейіннен Ғұндардың батысқа қарай жылжыған топтарына қосылып, Испанияға дейін барады. Аландар бағындырған елдерінің бірқатарына өз аттарын берген. Сарматтар Иран тілді халық болған. Ғұндардың келуімен түркіленіп, түркі тілінің ықпалына көшкен. Сарматтар мен Аландардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Негізінен қой мен жылқы өсірді.
7. Лекция.
Ғұндар. Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуы.
1. Ғұн державасынның құрылуы.
2. Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.
3. Ғұндардың шаруашылығы.
1. Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық–саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдың Оңтүстігіне таман және Орталық Азияға дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бернштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған. Жылнамалар
бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар туралы негізгі деректер шамамен б.з.д. 822 жылдан бастап кездеседі. Осы кезде олар Қытай еліне бұрын болмаған соғыс жорықтарын жасайды. Кейін осы соғыстар жиі болғандықтан Қытайлар б.з.д. 3- ғасырда «Ұлы Қытай қорғанын» тұрғызады. Ғұндар бірнеше рулардан одақ ретінде құрылып, оларды сайланатын көсемдер басқарды. Айталық б.з.д. 209 жылы Мөде басқарған кезде Ғұндардың экономикалық жағдайы дамыды. Б.з.д. 188 ж Қытайлар Ғұндардың басымдылығын мойындап, оларға салық төлеп отырған. Ғұндар кезінде мүлік теңсіздігі айқын болып, соғыстан жеңген елдердің халықтарын құлдыққа айналдырып отырған. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды.
2. Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұдан басқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды «Ақсақалдар» басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған.
Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе, Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.
3. Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жер төлелер болды. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған. Ғұндарда қол өнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген. Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігін көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған. Ғұндардың діни-наным сенімдері ата–бабаның аруағына сенуіде болған. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.
Алайда, «Ғұн державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан батыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-құла біріккен ел болды. Ішкі қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжи-чжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс Туркістанның солтүстік аймақтарында көшіп қонып жүрді. Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I ғ. басталады. Кейбір археологиялық
материалдарға қарағанда олардың ескерткіштері Испания жерінен табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар ғұндар деген атпен белгілі. Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды. Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі. Бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалект болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б.з. V ғ. Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауын тездете түсті.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Сақтардың тайпалық
2.Сақ одағы қандай
3. «Алтын адам» археологиялық ескерткіш қашан қай жерде табылды?
4.Үйсіндердің территориясы мен басты қаласын көрсетіңіз?
5. Ғұндар туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?
6. Ғұн державасы қашан құрылды және оның негізін қалаған кім?
7. Қаңлылар қандай территорияда орналасты?
8. Лекция.
Түрік қағанаты.
1. Түркілердің ұлы көшкіндері.
2. Түркі және Батыс түрік қағанаты.
3. Қағанаттың ыдырауы.
Түрік қағанаты (551–603 жж.)
«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады.Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553–572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553–554 жж) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі.571 жылы Естемі қаған Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582–593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581–618 жж.) шабуылы күшейді. Бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.