Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:03, реферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Қызылорда облысының 1946-1991 жылдар аралығында мәдени даму жолдарының өзіндік ерекшеліктері жаңа тарихи тұрғыдан талданып, жан-жақты ғылыми негізде қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет – халықтың сан ғасырлар бойы жинақтап, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтасып келе жатқан асыл қазынасы, бітім – болмысы, жалпы халықтың дамуының іргетасы.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдер қатарынан көрініп, ғасырлар бойғы арманына жетті. Тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында тоталитарлық кезеңде бұрмаланып келген Отан тарихы жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң баға беру жүзеге асуда. Алайда, ғылымның бұл саласында зерттелмей жатқан тың және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер баршылық.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қызылорда облысының мәдениетінің тарихына (1946-1991 ж.ж.) арналған арнаулы еңбек жарияланбаған. Мұның өзі аталмыш тақырыпты зерттеудің қажеттілігін айқындай түседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
1946-1991 жылдардағы Қызылорда
Сыр өнерінің ерекшеліктерін ашып көрсету, жетістіктерін талдау; проблемаларын айқындау.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі.
Ғылыми жұмысты зерттеу барысын
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.
1946-1991 жылдар аралығы тұтас
Зерттеу жұмысының нысаны. Нақты-тарихи кезеңдегі Қызылорда облысындағы мәдениеттің дамуы, білім, ғылым және мәдени мекемелердің қызметі, өнердің жағдайы.
Зерттеу пәні. Қызылорда облысының 1946-1991 жылдардағы мәдени дамуының теориялық-әдіснамалық және тарихи аспектілері.
Зерттеу жұмысының деректік негізі.
Зерттеу барысында КОКП және ҚКП-ның съездері мен пленумдарының, конференцияларының шешімдерін, сондай-ақ мемлекеттік атқару органдарының мәдениетке қатысты құжаттарын, статистикалық материалдар кеңінен пайдаланылды. Республика мәдениетінің әр түрлі аумағындағы аймақтың материалдары да жан-жақты пайдаланылды. Сондай-ақ Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатынан көптеген тың мәліметтер алынды. Әсіресе, соңғы мұрағаттағы зерттеушілер назарына көп түспеген 23, 292, 375, 377, 148, 855, 710, 660 қорларының деректерінің тарихи-танымдық маңызының зор болғандығын атап өтуге болады. Статистикалық материалдар да маңызды деректер қатарына жатады. Олар диссертацияда сандық нәтижелерді қорытындылау және ұқсас жайларға салыстырмалы сипаттама жасау үшін пайдаланылды. Сонымен қатар жұмысты жазу барысында баспасөз беттерінде жарияланған тақырыпқа байланысты деректер мәні бар мәліметтер пайдаланылды. Олар негізінен «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Заман-Қазақстан», «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы», «Халық», «Новая Кызылорда» және т.б. басылымдарда тақырыпқа байланысты шыққан материалдарға шолу, талдау жасалынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы мынада, біріншіден, біз қарастырып отырған тақырыптың бұрын-соңды арнайы зерттеу объектісі болмауы. Осыған байланысты тың деректік материалдар негізінде облыстың мәдени дамуын (1946-1991 жж.) арнайы қарастыру, зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы болып табылады. Қол жеткізген ғылыми нәтижеге сай мынадай нақты жаңалықтар бар:
Осындай нақты мәселелерге орай жаңа концепциялық тұрғыдан бұрындары қолдануға енбеген бірқатар мұрағат деректері мен статистикалық дәйектер алғаш рет ғылыми айналымға түсіріліп отыр.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысында көтерілген мәселелерге
кешенді талдау жасаудың маңызы зор.
Бұл еңбекте қол жеткен нәтижелерді,
диссертация жұмысының
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
Жұмыстың сыннан өтуі. Магистрл ік диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындылары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды. Жұмыстың басты қағидалары мен нәтижелері республикалық, облыстық ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты диссертациялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 2 тарау және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде магистрлік жұмыстың өзектілігі көрсетіліп, мақсат пен міндеттері және негізгі нысаны белгіленіп, мәселенің зерттеу деңгейі сараланды. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, тәжрибелік маңызы, тақырыптың хронологиялық шеңбері анықталып, тарихнамасы мен пайдаланған деректерге сипаттама беріледі.
Диссертацияның «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қызылорда облысындағы білім мен ғылым (1946-1991 жж.)» деп аталатын бірінші тарауда соғыстан кейінгі кезеңнен 1991 жылдарға дейінгі кезеңдегі облыстың білім мен ғылым саласындағы қиыншылықтары мен өзгерістері баяндалып, қол жеткен жетістіктеріне талдау жасалынған.
Соғыс кеңес мектебіне үлкен зиян келтіргені шындық. Мектептердің материалдық базасы нашарлады. Оқулықтар мен басқа құралдар жетіспеді. Көптеген мұғалімдер майданға аттанды. Материалдық таршылық, семья асыраушысының майданға кетуі, киім-кешектің жетіспеуі – міне осының бәрі балаларды түгел оқуға тартуға көп қиындықтар келтірді. Оқу-тәрбие жұмысының сапасы едәуір төмендеді. 1946 жылдың наурыз айында өткен КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында КСРО-ның 1946-1950 жылдардағы халық шаруашылығын қалпына келтірудің және дамытудың бесжылдығының жоспары туралы заң қабылданды. Төртінші бесжылдықта республиканың халық ағарту саласына жұмсалатын мемлекеттік қаражаттың көлемі 1946 жылы 85,6 млн. сом болса, 1950 жылы оның көлемі 146,5 млн. сом болып белгіленді. Жаңа бесжылдықта салынатын мектептердің саны ұлғаятын болды. Сонымен қатар мектептерді маман кадрларымен жабдықтауға баса назар аударылды [20].
Соғыстан кейінгі жылдары қазақ орта мектептерін нығайтуға көп көңіл бөлінді. Бұл жөнінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1946 жылы қабылдаған қаулысы зор роль атқарды. Қызылорда облысында да қазақ орта мектебінің жүйесі қайта құрылды, жаңа мектеп үйлері көптеп салына бастады, мектептердің оқу-материалдық базасын нығайту, оқытушылармен толықтыру бағытында көптеген игі шаралар іске асырылды. Әсіресе, оқушы қазақ балаларының саны едәуір арта түсті. Мәселен 1947-1948 оқу жылында V-VІІ кластарда 3496 қазақ балалары оқыса, 1952-53 оқу жылында 13255-ке жетті, немесе 4 есе өсті [21.2].
Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім алуға көшу Қызылорда облысында негізінен үш жылдың (1949-1953) ішінде аяқталды. Соғыстан соңғы жылдарда орта мектепті нығайтуға үлкен көңіл бөлінді. 1953-54 оқу жылында олардың саны 35-40-қа жетті. Арал теңізінің елді мекендерінде «Бөген», «Қасқа құлан», «Ауан», темір жолдан қашыққа орналасқан «Мақпалкөл» (Жалағаш), Максим Горький (Қазалы), «Шымбөгет» (Тереңөзек) сияқты қазақ орта мектептері пайда болды [14. 182].
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі 1959 жылы мартта қабылдаған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ ССР-інде халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі» Заң бойынша 15-16 жасқа дейінгі балалардың жалпыға бірдей міндетті сегіз жылдық тегін оқуы енгізілді.
Мектеп жасындағы барлық бюджеттік және қоғамдық интернаттар жүйесі мен ондағы оқушылар санының қаулап өсуі жалпыға бірдей міндетті оқу жөніндегі заңды іске асырудағы шешуші факторлардың бірі болды. 1964-1965 оқу жылында бұл жүйеде 78 467 бала қамтылды, оның ішінде 41 272 бала [8. 47] қоғамдық интернатта болды.
Егер 1959 жылы облыста 244 мектеп жұмыс істеген болса, 1966 жылы 104 бастауыш, 109 сегізжылдық, 67 орта, барлығы 280 мектеп жұмыс істеді. Облыс мектептерінде 4011 мұғалім қызмет атқарды. Бұлардың 1895-і жоғары білімді педагогтар [22.3].
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы қаулысында "Кеңес мектебі жалпы білім беретін, политехникалық, еңбек мектебі болып дамытылуы қажет" - деп көрсетілген болатын. Осыған орай, өзінің негізгі міндеті оқуды еңбекпен тығыз ұштастыру деп түсінетін облыс мектептері жастарды еңбекке баулуда көптеген жұмыстар жүргізді.
Облыс мектептерінде 93 оқушылар бригадалары мен звенолары, 24 еңбек лагерьлері мен демалыс үйлері жұмыс істейді. Онда оқушылар күріш және басқа ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің агротехникасы мен ауыл шаруашылығы өндірісіне озат тәжірибені енгізу ісімен танысты. Облыстың 9 мектебінен ұйымдастырылған 150 өндірістік оқу бригадаларының жұмысы ерекше назар аударады. Олар Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты.
№49 Авангард, №50 Абай атындағы, Сырдария ауданының №40 Орджоникизе атындағы, №43 Коммунизм, Жалағаш ауданының №33 Красный Октябрь, Қармақшы ауданының №108 ІІІ Интернационал, Қазалы ауданының №24 орта мектептерінде оқушылардың алғашқы өндірістік бригадалары құрылып, кейіннен олар облыс мектептерінде кеңінен қанат жайды, игі тәжірибелер қалыптасты [23.2].
КПСС ХХІІІ съезі халық ағарту ісін дамытудағы міндеттерді айқындап берді. Сегізінші бес жылдықта міндетті орта білімге көшуді аяқтау мәселесі қойылды.
Информация о работе Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)