Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:03, реферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Қызылорда облысының 1946-1991 жылдар аралығында мәдени даму жолдарының өзіндік ерекшеліктері жаңа тарихи тұрғыдан талданып, жан-жақты ғылыми негізде қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет – халықтың сан ғасырлар бойы жинақтап, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтасып келе жатқан асыл қазынасы, бітім – болмысы, жалпы халықтың дамуының іргетасы.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдер қатарынан көрініп, ғасырлар бойғы арманына жетті. Тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында тоталитарлық кезеңде бұрмаланып келген Отан тарихы жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң баға беру жүзеге асуда. Алайда, ғылымның бұл саласында зерттелмей жатқан тың және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер баршылық.
Диссертациялық жұмыста Н.
Театр 1955 жылы Қаратал, Еңбекшіқазақ
және Ақсу аудандарындағы колхоз-совхоз
негізінде Талдықорған
Қарастырылып отырған кезеңде облыстың драма театрымен қатар аудан халықтарына 10 халықтық театрлар мәдени қызмет көрсеткен.
Соғыстан кейінгі жылдары
Облыс көлемінде тұрса да әдебиет әлеміне құлаш ұрып, өрнегі мол өрісті шығармаларымен танылған жергілікті ақын-жазушылар республика мәдени өміріне үлес қосты.
Қаралып отырған бұл жылдарда облыста өткен ғасырлардан бастау алған жыршылық, жыраулық, терме өнерін атадан балаға мирас ету дәстүрі кең өріс тапқан. Сыр өлкесіне қанық, әрі әуезді терме әуендерін таратушылардың бірі Жиенбай жырау болса, оның өнерін баласы Рүстембек пен немересі Көшеней нақышына келтіре дамыта түскен. К.Рүстембеков ұмытылыңқырап барып қайта жаңғырған жыршылық дәстүрдің жандануына зор талантымен себепкер болды.
Жыршы, термешілер Қ.Алдабергенов, Қ.Алдоңғаров, Б.Әлібеков, Д.Кенжебаев, Б.Жүсіпов, А.Тұяқбаевтардың ізін қуып, сөніп бара жатқан шоқты үрлеп, бұл өнердің шынайы жанашырлары болған Ш.Төлепова, Ә.Әбуов, Н.Ойнарова, Ә.Еңкебаев, Ж.Аққұлов, Қ.Бүрлібаев, А.Сәрсенбаев, Б.Рүстембеков, А.Алматов, С.Мырзаев, Р.Әшімов, Қ.Мананбаев, М.Ысқақов, Г.Суханбердиева, Ә.Жаңабергенова, Ұ.Байбосынова, Ү.Медеуов, т.б. 1975 жылдан бастап Сыр термесін қазақ жұртшылығына ғана емес көптеген шетелдіктерге таныстырды. Алмас Алматов Франция, Германия, Скандинавия елдеріне, Қуандық Бүрлібаев Жапонияға барып, әуез мамандарынан лайықты баға алды. Басқа жыршы, термешілер жекелеп те, топтасып та Монғолия, Ресей, Украина, Әзербайжан, Саха елдеріне сапар шекті, халықаралық Лорд конференциясына, Великий Устюг қаласында өткен фольклор мерекесіне қатысты.
Жастарды осы салаға бағыттау, бұл
өнерді үлкен ауқымда насихаттау
кеңінен қолға алынып, Қармақшының
өзінде Жиенбай, Тасберген, Сәрсенбай,
Шәмшат жыраулық мектептері ашылды. Халықтық
өнердің нәрімен сусындату
Сексенінші жылдардың
Бұл өңірде осындай маңызы зор істің жүзеге асуына республика және одан сырт жерлердегі әдебиет пен өнердің белгілі мамандары, үлкен ғалымдар елеулі үлес қосты. Солардың ішінде Петербургтегі этнографиялық мемлекеттік музейдің сектор меңгерушісі өнертану ғылымының кандидаты Алма Тұрсынбекқызы Құнанбаеваның осы мектептерді ашуда көп еңбек сіңіргенін айрықша атап көрсетуіміз керек. Мұның өзі болашақтағы өнер тарихы беттері болып табылады.
Бұл күнде осы жыраулар мектебінен білім алғандардың көбісі елеулі жетістіктерімен ел аузына іліге бастады.
Айтыстың жүйелі түрде өткізіле бастауы 1979 жылы қолға алынды. І облыстық ақындар айтысында М.Көкенов, М.Қыраубаев, Б.Өтепов, М.Тұрсанов, Е.Қоңқабаев ақындық дарынымен жарқырап көрінді. 1950-1980 жылдары облыс көлемінде айтыс өнерінің дамуына Қазақстанның халық ақыны Манап Көкенов зор еңбек сіңірді. Сыр өңірі оқырмандарының әр кезеңде республикада өткен айтыстарда шоқтығы биік болып, жүлделі орындарды иемденуі төгілген тердің еш болмағанын көрсетеді. Манаптың өзінен бастап Мүтәліп, Әбілхан, Есіркеп, Махамбетқали, Замаддин, жастардан Серік Өтеуов, Серік Ыдырысов, Бибігүл, Лена, Ниятолла, Зухра, Кенжебай, Әбілқайыр, Жұмабай қатысқан жыр сайыстары мазмұндылығымен, сөз сапау шеберлігімен ерекшеленеді. 1980 жылы кезекті ІІ айтыс, ал 1982 жылы КСРО-ның 60 жылдық мерекесіне арналып ІІІ айтыс өткізілді. 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығы құрметіне өткізілген ІV айтыс пен Қазан төңкерісінің 70 жылдығына арналған V айтыста С.Өтеуілов, О.Нұрмаханов, С.Ыдырысов, С.Пірманов, А.Өтебаев, Б.Жаппасбаева, Б.Тәңірбергенов, т.б. жас буын өкілдері шеберліктерін шыңдап келе жатқандығын байқатты. 1990 жылы өткен VІ облыстық ақындар айтысы Қазақстанның 70 жылдығына арналды. Онда жүлделі орындарды М.Тұрсанов, З.Ибадуллаев, С.Ыдырысов иемденді, Лена мен Гүлнар келешегінен үміт күттіретін ақындар ретінде танылды. VІІ айтыс 1993 жылдың мамыр айында өткізілді [14. 199].
Сыр өңірінің ән-жырын насихаттауда Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы, Халық әні кафедрасының аға оқытушысы, өнер зерттеушісі Берік Жүсіпов «Мырзастағы жыр мектебі», «Жиделі Байсын күйлері» атты өнер тақырыбындағы монографиялар жариялады .
Қазір облыс көлемінде тұрып, еңбек етіп жатқан бейнелеу өнері өкілдерінің ішінде шоқтығы биігі Республиканың еңбек сіңірген өнер қайраткері, график-суретші Қайырбай Зәкіров. Оның туындылары елімізде, шет елдерде лайықты бағасын алған. Қызылордада Қазақстан Суретшілер одағының 18 мүшесі – Ш.Сәмеков, Б.Есіркепов, Я.Ағытаев, Т.Ахметов, Ә.Мамақова, Е.Биманов, М.Үмбетов, А.Ордабаев, Ж.Әбдіраманов, А.Кенебаев, Е.Палымбетов, т.б. бар. Олар өз еңбектерімен бұрынғы Одақтас республикалар, Индия, Швеция, АҚШ, Франция, Португалия, Польша, Чехославакия, Марокко, Йемен мемлекеттерінде өткен көрмелерге қатысты [16. 231].
Облыс орталығында бір суретшілер мектебі бар, 1992 жылы педагогикалық институтта алғаш рет бейнелеу өнері қафедрасы ашылды.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.Тоқмағанбетов, З.Шүкіров, А.Хангелдин және т.б. Сыр елін, оның еңбеккерлерін үлкен махаббатпен талмай жазып, жырлағандары оқырмандар мен жерлестері тарапынан зор құрметке бөленді. Халық ақыны Манап Көкенов бастаған дарынды жастар ақындар айтысын қайтадан жандандыра бастады. Сыр өңірінде жырау, жыршы, термешілердің қатары көбейіп, жыраулық дәстүр кең өріс алды. Қазақ халқы өнерінің барлық түрі Сыр елінде бұзылмай сақталып, жалғасын табуда.
Қорытынды. Соғыстан кейінгі жылдар Қызылорда облысының мәдениетінің дамуында оң өзгерістерге толы кезең болды. Қарастырылып отырған уақытта облыстың оқу-ағарту, білім, ғылым саласында, әдебиет пен өнердің дамуында зор табыстарға қол жетті. Әкімшілік-әміршіл жүйенің идеологиялық саясаттағы ықпалына қарамастан, облыстың мәдени-ағарту мекемелері тұрғындардың әлеуметтік-мәдени сұранысты қанағаттандыруда бірсыпыра табыстарға қол жетті. Әсіресе, білім беру саласы мен мәдени қызмет көрсету бағытында қол жеткен жетістіктерді ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұған бөлінген қаржы көлемінің "сыртқы" принцип бойынша жүргізілгендігіне қарамастан көптеген мәдени ошақтар пайда болды. Халықтың білім дәрежесі көтеріліп, рухани баюындағы театр, мұражайдың рөлдері өсті.
Десек те, мектеп ісі тоталитарлық жүйенің ықпалында болды. Оқу процесін идеологияландыру, формализм және түрлі тәрбие шараларын өткізудегі таптаурындық оқушылар бойындағы оқуға, ғылымға деген қызығушылықты әлсіретті. Жаппай білім беруге жалпылама көзқарас оқушылардың жеке қасиеттерінің, таланттарының ашылуна кері әсерін тигізді.
70-80 жылдардағы тоқырау білім
саласына да кері әсерін
- Соғыстан кейінгі жылдары
- Облыс тұрмысындағы әлеуметтік-мәдени шаралардың барлық салаларында кеңестік жүйенің идеологиялық сақшылары орнатқан саяси-ағарту жұмыстарының көріністері анық байқалды. Бұл тек қана халыққа білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге мәдени-тәрбие жұмыстарындағы мұражай ісі, драма театр, кітапханалар қызметі сияқты көпшілікке рухани жағынан ықпал ете алатын бағыттарда зор қарқынмен жүргізіліп, насихатталып жатты.
- Соғыстан кейінгі жылдары
- Зерттеліп отырған кезеңде
өткен ғасырлардан бастау
Қызылорда облысындағы 1948-1991 жылдардағы мәдениеттің даму тәжірибесін зерттей келе, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді қайталамау және қол жеткен жетістіктерді одан әрі кеңейту мақсатында төмендегідей кейбір ұсыныстарды алдағы уақыт еншісіне ұсынуды жөн көрдік:
1. Еліміздің тәуелсіздік алуы
төл тарихымызды тереңінен зерт
2. Қызылорда облысының тарихын
зерделеу барысында
3. Қызылорда облысының тарихында елге танылып, білім мен мәдениет орындарын дамытуға үлес қосқан азаматтар баршылық. Соларды облыстық, қалалық мұражайлар, жергілікті баспасөз арқылы көбірек насихаттап, арнайы естелік кітаптар шығарылса, құжаттар жинағы жарияланса дұрыс болар еді. Сонда ғана, аға ұрпақ тарихы мен істерінің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті мен бағасы артып, тағылым-тәрбиесі мен маңызы мейлінше тереңдей түседі. Келер ұрпақ аға буынның осы өшпес ерлігін, жасымас жігерін, Отанға деген сүйіспеншілік пен адал қызмет етуін үйренеді. Ал мұның өзі, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы құнды олжа болып табылады.
4. Мәдениет пен өнердің халықтық
сипат алуы мақсатында облыс
аудандарының әрбір ауылында, елді
мекендерде «Өнер күндерін» (
Информация о работе Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)