Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:03, реферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Қызылорда облысының 1946-1991 жылдар аралығында мәдени даму жолдарының өзіндік ерекшеліктері жаңа тарихи тұрғыдан талданып, жан-жақты ғылыми негізде қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет – халықтың сан ғасырлар бойы жинақтап, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтасып келе жатқан асыл қазынасы, бітім – болмысы, жалпы халықтың дамуының іргетасы.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдер қатарынан көрініп, ғасырлар бойғы арманына жетті. Тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында тоталитарлық кезеңде бұрмаланып келген Отан тарихы жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң баға беру жүзеге асуда. Алайда, ғылымның бұл саласында зерттелмей жатқан тың және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер баршылық.
1977 жылдан Қызылорда қаласында
тұңғыш музыкалық училище
Әдепкі кезде Шымкент
Ал 1997 жылы жоғарыда тілге тиек етілген арнаулы орта оқу орындарының бірқатары уақыт талабына сай бір жерге топтасып, Қызылорда агротехникалық колледжі деген атау алды. Сондай-ақ, соңғы жылдары нарықтық қатынастар кезеңінде арнаулы орта және жоғары білім беретін коммерциялық бағыттағы оқу орындары көптеп ашылуда.
Қорыта айтқанда, соғыстан кейінгі кезеңде облыстың жоғары және орта дәрежелі оқу орындарының дамуында оң өзгерістер болды. Маман кадрлардың білім сапасы артты, оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайды, студенттер контингенті жылдан-жылға өсіп отырды. Оқу орындарының қарышты қадамдары облыстың әлеуметтік-мәдени дамуына зор серпін берді.
Жұмыста облыста ғылыми мекемелердің дамуы мамандардың қызметін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыра жүргізу тәжірибесі кеңінен баяндалған.
Облыстағы іргелі ғылыми мекемелердің
бірі Қызылорда ауыл шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты
Институт ғалымдары күріш
Арал аймағында өзендер мен көлдердегі балықты қорғауда және әр түрінің тез өніп-өсіп көбеюіне Аралда көп жылдар бойы Р.В.Володкин басқарған балық қорғау мен өсіру станциясының ғылыми ұжымы жемісті жұмыс атқарды. Арал ауданындағы Аманөткел, Қосжар, Тастақ балық өсіру мекемелері балық ұрығын қолдан өсіру барысындағы өздерінің ғылыми жұмыстарын одан әрі жетілдіру болды. Экологиялық апат жағдайында олардың осы саладағы қызметінің рөлі ерекше.
Жұмыста республика ғылымының дамуына үлес қосқан Сыр өңірінен шыққан ғалымдардың, атап айтқанда академиктер Ш.Есеновтың, М.Алиевтің, К.Ормантаевтың және т.б. ғылыми еңбектерінің маңызы жан-жақты көрсетілген. Сонымен қатар диссертацияда жергілікті институт ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарының ізденістерінің нәтижелері, олардың қол жеткен табыстары баяндалған.
1970-1980 жылдары институт оқытушыларының 950-ден астам ғылыми еңбектері, оның ішінде 30-дан аса монографиялары мен оқулықтары көршілес республикалар мен шетел баспаларында жарық көрді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қоңыратбаевтың, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Р.Күнхожаевтың, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор М.Эвербухтың есімдері Қазақ Кеңес энциклопедиясына енгізілді.
Жаратылыстану факультетінің 35 түлегі аспирантурада оқып, ішінде бүгінгі академик, профессор Н.Нәдіров, Қазақ мұнай институтының директоры қызметін атқарған профессор Е.М.Бородин, Новосібір пединститутының факультет деканы болған ғылым кандидаты Ю.Б.Филиппова, Қазақ КСР ҒА-ның боынша институтының ғалым хатшысы Л.Османова т.б. болды.
1980 жылдары институтта барлығы 226 профессор оқытушылар қызмет етті, оның 3-еуі ғылым докторы, профессор, 66 ғылым кандидаты, доценттер, 49 әкімшілік басқарма қызметкерлері болды.
1988 жылы КСРО Министрлер
Жалпы институт республиканың сол кездегі 18 облысындағы жоғары оқу орындарымен, одақтық көлемдегі Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Ташкент және т.б. қалалардағы жоқ, ғылыми-зерттеу институттарымен әртүрлі салада тығыз байланыс орнатты.
Облыс ғылымының дамуына Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалының профессор-оқытушылары да өздерінің үлесін қосты. Филиал бірнеше ғылыми бағытта жұмыс істеді. У.Бишімбаев жетекшілік еткен ғылыми ізденістердің нәтижесінде автокөлік жолдарын салуда мұнай-битумды жыныстарды және Атырау полипропилен химия заводының қалдықтарын пайдалану жолдары ұсынылды. Ғалым ұсынған ғылыми негізде жобаланған жол құрылысы Құлсары, Теңіз, Қызылорда бағытында салынып, бүгінде ел игілігі үшін пайдаланылуда. Сонымен қатар мұнай-битумды жыныстарды керамзит өндірісінде пайдалану оның сапасын арттырып, жаңа тұрғыдағы кеуекті бетондар алуға мүмкіндік тудырды.
1990 жылдары ғылыми-техникалық
Қорыта айтқанда, облыста ғылымның дамуы соғыстан кейінгі жылдары қиындықпен алға басты. Арал аймағының көп жылдар бойы бір жақты аграрлы даму салдарынан, ірі өнеркәсіптің жоқтығынан, ғылымның көпсалалы дамуынан кенже қалып қойды. Институт ғалымдары педагогикалық бағыттағы ғылымдар дамуына айтарлықтай үлес қосты. Десек те техника саласынан ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі, облыстағы табиғи ресурстар көздерінің зерттелмеуі, қаражат тапшылығы, материалдық техникалық базаның жеткіліксіздігі ғылымның дамуына зор кедергі келтірді. Сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына республика тарапынан көп уақытқа дейін назар аударылмауы да ғылымның дамуына зор кедергі болды.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қызылорда облысында мәдениет пен өнердің жағдайы (1946-1991 жж.)" атты екінші тарауда Қызылорда облысындағы мәдени ағарту мекемелерінің қызметі, мәдениет пен өнердің даму жағдайы зерделенген.
Мәдениет орындары – идеологиялық жұмыстың маңызды саласы, халыққа идеялық және мәдени-тәрбие берудің қуатты құралы. Сондықтан соғыстан кейінгі жылдары облыс партия, Совет ұйымдары мәдениет орындарының рөлін көтеруге, жұмысын жақсарта беруге үнемі қамқорлық жасады.
1945 жылғы 24 қыркүйектегі №578 Қаулыға
сәйкес Қызылорда облыстық
1951 жылдың 2 қарашасында өткен Қызылорда
қалалық партия активінің
Облыстағы мәдени-ағарту жұмысының қол жеткен табыстарына клуб мекемелерінің қосқан үлесі зор болды. Өйткені, бұл клубтар кейіннен пайда болған ірі мәдениет үйлерінің алғашқы бастаулары еді. Яғни, Қызылорда облысының өнері мен мәдениеті тарихы осы клуб жұмысының жолға қойылуынан басталды. Сондықтан, бұл істің құлаш жаюы осы қарастырылып отырған жылдардың өне бойына ерекше қарқынмен жүріп жатты. 1946 жылы Қызылорда облысында 105 клуб, 60 автокөлік, 250 кітапхана, облыстық театр, 6 халық университеттері тағы басқа көптеген мәдени мекемелер жұмыс істеді [34.2]. Клуб үйлерінде мәдени-көпшілік жұмыстарының үнемі ұйымдастырылуы халықтың эстетикалық талғамдарын жетілдіруге зор үлес қосты. Клубтар жанында драмалық, музыкалық үйірмелер жұмыс істеді. Мәселен, 1955 жылы осындай клубтарға көркемөнерпаздар үйірмесіне 1500 адам қатысып, көрермендерге 250 концерттер мен 12 спектакльдерін көрсетті.
Облысымыздың партия ұйымдары мәдени-ағарту орындарының жұмысын жақсарту, оқу үйлерінің, клубтардың, кітапханаларының, көркемөнер, үйірмелерінің жұмысын жоғары дәрежеге көтеру үшін маңызды жұмыстар атқарды. Клубтық мекемелер саны жыл өткен сайын артып отырды. 1940 жылы олардың саны 169 болса, 1979 жылы 300-ге жетті.
Облыстағы халықтық шығармашылықты дамытып, жетілдіруде көркемөнерпаздар ұжымының маңызы зор болды. 1980 жылы облыста 750-ден астам көркемөнерпаздар коллективі өнер көрсетті. Олардың құрамында 15 мың өнерпаздар өз шеберліктерін елге танытты. Озат көркемөнерпаздар топтарының іс-тәжірибелері насихатталды. Атап айтқанда, 1959 жылдан бастап үздік көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халық театры» деген атақ бере бастады. Халық арасынан шыққан шынайы өнерпаз таланттарының арқасында мұндай атаққа 1971 жылы 5 ұжым ие болса, 1976 жылы олардың саны – 13-ке жеткен екен .
1980 жылы облысымызда 588 кітапхана,
255 мәдени мекемелер және 400-ге
жуық кинотеатрлар жұмыс
Еңбекшілерге мәдени қызмет көрсетуде Жалағаш ауданының «Алтын арай» ән-би ансамблі, Қазанғап атындағы Арал аудандық халық аспаптары оркестрі мен Жаңақорған ауданындағы «Бірлік» совхозының халық театры да едәуір жұмыстарды атқарды. Бұл коллективтердегі әр түрі мамандықтың адамдарын – мұғалімдер мен жұмысшыларды, дәрігерлер мен инженерлерді ортақ мақсат біріктірген. Ол мақсат – өнерге деген шексіз құштарлық пен жұртшылыққа мәдени қызмет көрсету болып табылады. Сондықтан да олар аудандық, облыстық өнер байқауларында үнемі жүлделі орындарға ие болады, мәдени қызмет көрсету саласында жұртшылықтың алғыс-құрметіне бөленді.
Облыс тұрғындарының сауатын ашу мен білімін тереңдетуде облыс, қала кітапханаларының атқаратын қызметі орасан зор болды. Елдің бейбіт өмірге көшу жағдайында адамдардың ақыл ойларын одан әрі кеңейту әрі олардың саяси саналылығын дамыту талаптары кітапхана саны мен ондағы кітап қорының молаюын қажет етті.
Облыстың бас кітапханасы
Облыс тұрғындарының ұлттық санасын қалыптастыруда, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қаладағы тарих-өлкетану музейі мен аудандардағы музейлердің атқарған рөлі зор болды. 1946-1990 жылдар аралығында музей ісіне алға басушылық байқалды. Тарихи-өлкетану, мелиориалдық, көркемдік бағытта жаңа музейлер ашылып, бұқаралық деңгейде қызмет атқарды. Музей мамандарын дайындауға мүмкіндік туып, қаржы мәселесін шешуге де мүмкіндіктер табылғандай болды. Бірақ, қоғамда қалыптасқан сыңаржақ саясат музейлердің бар мүмкіндіктерін көрсетуге дес бермеді. Нәтижесінде музейлер өздерінің ғылыми-зерттеу экспозициясын құру мүмкіндіктерінен айрылып, «қосымша» мәдени ағарту мекеме ретінде қалып қойды. Облыс өмірінде 1938 жылы құрылған мұрағаттың орны зор болды. Өйткені, мұрағат - халықтың тарихи-мәдени мұрасы. Облыстық мұрағат қорында соғыстан кейінгі облыстың экономикасына, мәдени-рухани дамуына, халық шаруашылығының салаларына байланысты материалдар сақталуда. Сонымен қатар көптеген ғалымдардың, жазушы-ақындардың, Сыр сүлейлерінің, өнер адамдары мен Еңбек ерлерінің, зиялы адамдардың өмір тарихы мен қызметі жөнінде құнды мәліметтер ретінде сақталды.
1992 жылы облыстық партия архиві
мен мемлекеттік архив қосылып,
Информация о работе Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)