Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:03, реферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Қызылорда облысының 1946-1991 жылдар аралығында мәдени даму жолдарының өзіндік ерекшеліктері жаңа тарихи тұрғыдан талданып, жан-жақты ғылыми негізде қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет – халықтың сан ғасырлар бойы жинақтап, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтасып келе жатқан асыл қазынасы, бітім – болмысы, жалпы халықтың дамуының іргетасы.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдер қатарынан көрініп, ғасырлар бойғы арманына жетті. Тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында тоталитарлық кезеңде бұрмаланып келген Отан тарихы жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң баға беру жүзеге асуда. Алайда, ғылымның бұл саласында зерттелмей жатқан тың және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер баршылық.
Осыған орай, облыс халық ағарту ісін онан әрі жақсарта түсуде партиямыз белгілеп берген міндеттерді орындау мақсатында бесжылдық жоспарлар жасалып, бірқатар шаралар іс жүзіне асырыла бастады. 1966-67 оқу жылының яғни бесжылдықтың алғашқы жылының өзінде облыста 79 орта мектеп жұмыс істеді. Кейінгі бесжылдықта мектеп құрылысының қарқыны бұрынғыдан да үдетіле түскен.
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1977 жылғы «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеу процесін онан әрі жетілдіру туралы» қаулысы облыс кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға кең мүмкіндік берді. Бұған сай 11 училище жастарға кәсіби мамандықпен қатар, орта білім беретін оқу орнына айналды. Сол таңда олардан 4300-ге тарта оқушы білім алды.
Диссертациялық жұмыста облыс мектептерінде оқушылармен жүргізілген тәрбие жұмыстарының мазмұнына талдау жасалған.
КПСС программасына жазылған коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексін кеңес мектебі оқушы жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негізі деп қабылдады. 70-жылдары мектептерде оқушыларды В.И.Лениннің өмірі мен қызметі өнегесінде тәрбиелеу маңызды орын алды [8, 368].
Мектептерде лениндік оқулар, оқушылардың теориялық семинарлары мен конференциялары тыңғылықты өткізілді. Облысымыздың барлық мектептерінде дерлік Ленин бұрыштары, бөлмелері, залдары мен музейлері болды.
Шәкірттерге әскери-патриоттық, интернационалдық және эстетикалық тәрбие беруде, өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда, мектептен тыс балалар мекемелерінің жұмысын жақсартуда айтарлықтай табыстарға қол жетті. Облысымыздың 168 орта, 65 сегізжылдық мектептерінде жауынгерлік және еңбек даңқы залдары мен бұрыштары, интернационалдық достық клубтары жұмыс істеді.
Тұтастай алғанда, тәрбие жұмысының
формасы сан алуан болып
Ол жас ұрпақтың өз ықыласымен белсенділік көрсетуіне, шектеулі шеңберден шығуына, қасан қағидаларға күдікпен қарауына мүмкіндік бермеді.
Магистрлік жұмыста соғыстан кейінгі жылдардағы облыстағы жоғарғы оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарының құрылу тарихы мен қызметі жан-жақты талданған.
Сыр өңірі мен Арал аймағындағы
бірден-бір жоғары оқу орны Қызылорда
педагогикалық институты
1948-49 оқу жылында институттағы оқытушылар саны 52-ге жетті. 1950-51 оқу жылында институтта қызмет істеген ғылым кандидаттары мен доценттердің саны 11-ге көбейді. Осы жылдары институттың профессор оқытушылар құрамының саны 64-ке жетті. Ал студенттер контингентіне келсек, 1948-1949 оқу жылында күндізгі бөлімде 417 студент оқыса, 1949-1950 оқу жылында олардың саны 669-ға жетті. Ал 1950-1951 оқу жылында 848-ге дейін көбейді [24. 2].
Сырттай оқу бөлімінің өзінде 1948-49 оқу жылдарында 249 студент оқыса, 1949-50 оқу жылында 740 студент, 1950-51 оқу жылында 941 студент білім алған. Бұл сандық көрсеткіштер білім алушылардың жылдан жылға өсіп, көбейе түскендігін байқатады [25. 13].
1950-1951 оқу жылында институт
1952 жылдың ақпан-наурыз айларында
Қазақ КСР Министрлер
Бұл жылдары институт қабырғасында Белорус КСР ҒА академигі Е.И.Ривлин, Қазақ КСР ҒА академигі І.К.Кеңесбаев, Қазақ КСР ҒА академигі А.Д.Тайманов, Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшелері Енгван Ким, В.М.Боровский, профессорлар А.И.Соколовский, В.Е.Иллерецкий, И.Б.Волганецкий, М.Т.Кенжебаев, Ю.Т.Кадькалов, Э.П.Козлов және т.б. ғалымдар еңбек етіп, оқу орнындағы ғылыми кадрлардың көптеп өсуіне ерекше ықпал етті.
Институтты 1960-70 жылдарда 4447 жоғары білімді мамандар бітіріп шықты. Институттың 4 факультетінде 16 кафедра болды. Сол кездегі профессор-оқытушылар құрамының 23-нің ғылыми дәрежесі болды. Оның ішінде 12 доцент, 2 тарих ғылымдарының кандидаты, 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 6 филология ғылымдарының кандидаты, 1 биология ғылымдарының кандидаты болды [27. 6].
Қызылорда педагогикалық институтында 1970-1980 жылдары 10 мамандық бойынша орта мектеп мұғалімдері дайындалды. Институт құрамындағы 4 факультетте 3200-ден аса студент білім алды, оның 1800-і күндізгі бөлімде, 1400-і сырттай оқу бөлімінде оқыды.
Осы жылдары институт басшылығы
жоғары оқу орнының материалдық-
Институттың 1400-ден астам студенттері тұратын 3 студенттік жатақханасы болды. Сонымен бірге институт оқытушылары мен студенттерінің еңбек және тұрмыс жағдайларына баса назар аударылды. Мәселен, оқытушыларға, қызметкерлерге демалыс үйлеріне, курорттарға, санаторийлерге жолдамалар беріліп отырды.
Сырдария өзені жағалауынан 1973
жылы ашылған институттың спорттық-
1976 жылы 13 шілдеде КСРО Ауылшаруашылығы
министрлігінің №136 бұйрығына сәйкес
Жамбыл гидромелиоративтік-
Сыр елінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалының ашылуын облыс жұртшылығы қуанышпен қарсы алды. Оны басқаруға Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының сол кездегі ректоры М.Ф.Үркімбаев жасы 30-ға әлі толмаған т.ғ.кғ, доцент У.Қ.Бишімбаевты тағайындады. Әуелде оқу орны бұрынғы политехникумның жөндеу жұмыстары жүргізілмеген ескі үйіне орналастырылды. Оның дәрісханалары көне үстел, орындықтармен жабдықталған еді. Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев бастаған тарих, химия, педагогика, техника ғылымдарының кандидаттары бар 11 адамнан құралған топ барлық жұмыстарды жаңадан бастап кетті.
Институт филиалы бастапқы ашылған уақытта 3 бағытта мамандар даярлады, филиалдың құрамында 3 факультет болды. Филиалдың дара жоғары оқу орны болып қалыптасуына 1976 жылы ашылған алғашқы қоғамдық пәндер, жоғары математика және физика, жалпы техникалық пәндер кафедраларының үлесі мол болды. Алғашқы жылы филиалға 150 студент қабылданды. 1981 жылы күндізгі бөлімде 702 студент, сырттай бөлімде 450 студент оқыды. Сол кезеңде ғылым кандидаттарының үлесі 21,4% болса, 3 оқытушы аспирантурада оқып жатты. 1976-1977 жылдары үлгірім - 81%, 1980 жылы 90% болды. 1976-80 жылдары жарияланған ғылыми еңбектер саны – 40, көлемі – 12,5 б.т. Әдістемелік оқу құралдары – 155. Жыл сайын сәуірде «Студент және ғылыми техникалық прогресс» атты олимпиада өткізіліп тұрды. 1981 жылы Қызылорда филиалында алғашқы инженерлердің 126 жас мамандардан тұратын тобы дайын болды. Гидромелиорация мамандығын 45 студент, гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру мамандығын 43, ауылшаруашылығы құрылысы 38 студент бітірді. 1981 жылы оқу жүйесінде 4 оқу ғимараты қызмет еткен, аумағы 2045 шаршы метр, 280 орындық жатақхана қызмет көрсетті. 22 оқу-лабораториялық, 13 оқу кабинеті болып, 4 лабораториялық қондырғы Мәскеу мен Одессадан алдырылған. 1981-82 оқу жылында институтта 10 кафедра оқу-тәрбие жұмысын жүргізді. Студент жастардан құралған «Тың» мәдени-үгіт бригадасы облыстың аудандарында өнерлерін көрсетті. Жамбыл мелиоративтік құрылыс институтындағы конкурсқа қатысып, лауреат болды. 1979 жылдың желтоқсанында «Комсомольская правда» газеті үгіт тобының құрамында «Байкал-Амур» теміржол құрылысына арнайы шақырылды. Олар Пермь Жастар театрының «Арлекино» мәдени-үгіт бригадасымен БАМ құрылыс алаңдарында қызықты кездесулер өткізіп, өнерлерін көрсетті. Бригада құрамында болған жеке дауыстағы әнші Б.Тайлақбаев бүгінде елімізге еңбек сіңірген танымал әнші, 2005 жылы Қызылорда облыстық мәдениет департаментін басқарды.
Арал экономикалық дағдарысы жағдайында өнеркәсіпті дамыту, оның әлеуметтік саласына баса назар аудару, облыстың экономикалық құрылымын қайта құру үшін, бұл аймаққа инженер кадрлар дайындау, техникалық ғылымдарды дамыту міндеттері жүктелген жаңа жоғары оқу орнын ашу керек болды.
1990 жылдың 15 қарашасында КСРО Министрлер Кеңесінің Сату және Сатып алу жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес және №178 бұйрығымен облыстағы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы негізінде жаңа техникалық жоғары оқу орны Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты дүниеге келді. Бұл жаңа ғылым ордасына 1991 жылы 30 тамызда Қызылорда облыстық атқару комитеті №211 шешімімен күріш өсіруден дүние жүзілік рекорд жасап, Еңбек Ері атағын екі рет алған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ы.Жақаевтың есімі берілді. Аталмыш институтта экология, экономика салалар бойынша және мұнай кен орындарын игеруге бағытталған жаңа мамандықтар ашылып, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды кең көлемде даярлау қолға алынды.
Алғашқы түлектер шыққан 1981 жылдан бері 4 мыңға жуық ел экономкасына аса қажет кәсіби білікті инженер мамандар даярланды [28. 55].
1935 жылы құрылып, әуелі
1952 жылдың қыркүйек айында бұл оқу орны Кеңес Одағының батыры М.Маметова атындағы педагогикалық училищесі болып қайта құрылды.
1950-1951 оқу жылында училищеде 20 мұғалім болған, оның 17-і жоғары білімді, 7-еуі орта білімді, 5-еуі аяқталмаған орта білімді еді [29.1].
1952-1953 оқу жылында педучилищеде 305 оқушы, 13 класс болған. 1953-1955 жылдары педучилищеге арналып 100 орындық жатақхана салынған.
Педагогикалық училищенің 1960-1970 жылдардағы тарихы жаңа мамандықтардың ашылуымен, оқу-тәрбие жұмыстарының сапалық деңгейінің көтерілуімен, кәсіби даярлықтың өнермен ұштастырылып, жан-жақты маман кадрлар даярлауға ат салысумен ерекшеленді.
1960-1970 жылдары педагогикалық
1972 жылы училищеде 577 адам оқыған, жатақханада 551 адам тұрған, 180 орындық асхана, 1 оқу залы, 5 демалыс бөлмесі, 10 тұрмыстық бөлме болған [30. 49].
1980-1990 жылдары оқу орынының керегесі кеңейіп, жаңа мамандықтармен толыққан жылдар болды. Негізінен бастауыш мектеп, мектепке дейінгі тәрбие, музыка мамандықтары бойынша кадрлар дайындап жатқан білім ордасы негізгі мектептерде оқытылатын арнайы пәндердің мұғалімдерін даярлауға кірісті. Бұған жоғарғы оқу орындарының интеграцияланып біріктірілуі, жоғары білім беру ұйымы - университтердің көптеп құрылуы, бірыңғайланған жалғастырмалы оқу жоспарларымен оқытатын көпсатылы білім беру жүйесінің қалыптастырылуы әсер етті.
Соғыстан кейінгі кезеңде 1927 жылы құрылған Қызылорда медициналық училищесі облыста медицина кадрларды даярлауға зор үлесін қосты.
1952 жылы мектеп директоры болып
келген София Өтегенқызы
Алпысыншы жылдардың орта кезеңінен бері қарай елдің жағдайы қалыпқа түсе бастауына орай оқу орындарындағы ахуал да едәуір алға басты.
Соғыстан кейінгі жылдары еліміздегі өндіріс жетекшілерінің ордасына айналған арнаулы оқу орындарының бірі Қазалы ауылшаруашылығы техникумы болатын.
1959 жылдан бастап техникум «
Бұл техникум Республиканың
1971 жылы техникум Қызылорда
Соғыстан кейінгі ауыр жылдары арнаулы мелиорация мамандарының тапшылығына байланысты, 1947 жылы Қызылорда қаласында гидромелиоративтік техникум ашылды. Кейін ол политехникумга айналды. Әкімшілік пен оқытушылар ұжымы оқу орнының оқу материалдық базасын одан әрі жетілдіруге тырысып, техникум директорлары В.Н.Цой, А.Садықов бұл игілікті бастамаларға білікті басшылық жасап, дер кезінде қолдай білді [31.2]. Арнаулы орта білім беретін оқу орны қабырғасы қаланған 50 жыл ішінде халық шаруашылығына 20 мың су мен құрылыс, техника мамандарын даярлап шықты. Алғашқы ашылғанда 24 оқушы ғана қабылданған техникумда қазір күндізгі бөлімінде 1300, сырттай бөлімінде 900 оқушы оқып, білім алуда. Облыста мұнай мен газ кенінің мол қорының табылып, игеріле бастауына байланысты 1992 жылы техникумда мұнай және газ кендерін бұрғылаушыларды даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. Оқу орны халық шаруашылығына қажетті су мен құрылыс, техника мамандарын даярлап шығарды.
Информация о работе Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)